Птерин n-Аминобензой қышқылды Глутамин қышқылы
Фолий қышқылы – ақшыл-сары түсті ұнтақ, жапырақшаланып, үшкiрлене кристалданады. Сілтілік ерітінділерде жəне қышқыл су
ерітінділерінде жақсы ериді, бейтарап суда еруі шамалы. Табиғи өнімдерде фолий қышқылы жарықтың əсеріне төзімді келеді.
Фолий қышқылына тотығу-тотықсыздану реакциясы тəн, фермент əсері ар- қылы сутегі атомдарымен тотықсыздандырған кезде ең алдымен дигидрофолий қышқылына
айналады, одан кейін тетрагидрофолий қышқылына (ТГФК) айналады, ол қышқыл ауадағы оттегімен оңай тотығaды.