Кіріспе теориялық БӨлім



бет1/8
Дата05.03.2020
өлшемі2.08 Mb.
#448094
  1   2   3   4   5   6   7   8
сбербанк

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ...................................................................................................................3
ТЕОРИЯЛЫҚ БӨЛІМ.........................................................................................4

1.1«Сбербанк» АҚ міндеттері мен құндылықтары. ҚР макроэкономикасы мен банктік секторлары.....................................................................................4


1.2«Сбербанк» АҚ–ның корпоративтік басқару құрылымына сипаттама..9
1.3«Сбербанк» АҚ қаржылық қызмет нәтижелеріне шолу..........................12
1.4«СБЕРБАНК» АҚ – ның қызметтерінің негізгі бағыттары ...................15
1.5«Сбербанк» АҚ-ның маркетингтік саясаты және стратегиялық жоспарлары................................................................................................22

ТӘЖІРИБЕЛІК БӨЛІМ....................................................................................28

ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................31


ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...........................................................32

КІРІСПЕ

Мен Ақжігіт Балгерім Ерғалиқызы Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті «Экономика және құқық» институты МЕН-13-01 тобының студенті 04.07.2016ж – 06.08.2016ж уақыт аралығында Маңғыстау облысы, Ақтау қаласында, «Сбербанк» АҚ ЕБ «Звезда Актау»-да өндірістік тәжірибесінен өттім.

Өндірістік тәжірибе өтудегі мақсатым:


  • алған теориялық білімді шыңдап және де сол ұйым деңгейінде талдау және басқару істерін жүзеге асыру;

  • есептеме жазуға қажет ақпараттарды жинақтау және талдау;

  • алдағы уақытта жұмысқа орналасу мақсатында өзімді жақсы қырларымнан таныту.

Өндірістік тәжірибенің негізгі міндеттері болып табылады:



  • ұйымның жалпы ережесімен, лауазымдық нұсқаулар және күн тәртібімен танысу;

  • ұйым деңгейінде ұйымның құрылымы және басқарудың функцияларымен танысу;

  • нарықтық қатынастарды қалыптастыруда ұйымның экономикалық істерінің мазмұнын тереңірек үйрену;

  • стратегиялық және тактикалық жоспарлау тәжірибесін зерттеу;

  • соңғы жылдардағы басқарудың өнеркәсіптік, қаржылық, маркетингтік қызметтерінің динамикасына талдау жүргізу;

  • ұйым жұмысының сапасы мен тиімділігін арттыруда нарықтық механизм жолдары мен әдістерін үйрену;

  • басқару ұйымының стилін үйрену, жиналыстар мен кездесулер өткізуде, келісімшарттар жасақтауда тәжірибе жинақтау;

  • толық есептеме жазуға керекті құжаттарды жинақтап талдау.


ТЕОРИЯЛЫҚ БӨЛІМ


  1. «СБЕРБАНК» АҚ міндеттері мен құндылықтары. ҚР макроэкономикасы мен банктік секторлары

Қазақстандағы Ресей Сбербанкінің тарихы 2006 жылдың аяғынан, яғни



ресейлік қаржы жүйесінің флагманы Ресей Сбербанкі Орталық және Шығыс Еуропаның ірі қаржы институты National Business журналы клиенттерге қызмет көрсету деңгейі жоғары банк деп таныған Тексака Банктің 99,99% акцияларын сатып алған сәттен басталады. 2007 жылы Банк ұлттық және шетел валютасында жүргізілетін банктік және өзге де операцияларды жүргізуге лицензия алды. Дәл осы жылы Банктің жарғылық капиталы 15 есе ұлғайып, 29 млрд. теңгені (240 млн. доллардан астам) құрады, бұл Сбербанкке жарғылық капиталының көлемі бойынша Қазақстан Республикасындағы 10 ең ірі банктердің қатарына кіруіне мүмкіндік берді. Сбербанк әлемнің ірі банктерімен кең байланыс жасайды, сондай-ақ клиенттермен және экономиканың түрлі салаларында қызмет атқаратын серіктестерімен жұмыс жасауда мол тәжірибесі бар. Бүгінгі таңда Сбербанктің 117 құрылымдық бөлімшеден тұратын филиалдық желісі бар, оның 16-і – филиалдар. Банктің Орталық офисі Алматы қаласында орналасқан.

Қазақстандағы Сбербанк жұмыс жасағанына 10 жыл уақыт болды және Қазақстандағы банктер арасында 4-ші орында келеді. Сбербанк әлемдік банктермен қарым – қатынаста болып, көптеген тәжірибелер алмасуда. Бұл банкке 22 елден 122млн тұтынушылар сенім білдіреді.

Сбербанк экономиканың түрлі саласындағы ірі компаниялармен жұмыс істей бастады:



  • «Магнум компаниясы» ЖШС- «Магнум» дүкендер желісі, көтерме және бөлшек сауда;

  • «Гефест» КӨКА» ЗТБ  - көмір өнеркәсібі кәсіпорны;

  • «Қарағанды асбестоцемент бұйымдар зауыты» АҚ – цементті өндіру және қайта өңдеу;

  • «Ақтөбе мыс компаниясы» ЖШС – мысты шығару және өңдеу,«SM Market retail» ЖШС- «SM Market» дүкендер желісі;

  • «СевКазЭнерго Петропавловск» ЖШС- Петропавл қаласының ірі энергетикалық компаниясы.

2008 жылдың қорытындысы бойынша жоғары маңызды мәмілелер: Сбербанк және Талдықорған қорғасын аккумуляторлар зауыты - «Қайнар АКБ» ЖШС арасында ынтымақтастық туралы келісімнің және  Сбербанк пен Атырау облысындағы ірі ритейлердің бірі «Дана» Компаниялар тобы арасында ынтымақтастық туралы келісімі жасалды.

2009 жыл Қазақстандағы Ресей Сбербанкі «Күрделі серіктес» номинациясында халықаралық құрметті «Бәйтерек» іскерлік сыйлығының лауреаты атануымен ерекшеленді;



  • Сбербанк және «Air Astana» әуекомпаниясы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды, мұның арқасында билеттің құнын банктің Қазақстан аумағындағы барлық бөлімшелерінде төлеу мүмкіндігі пайда болды;

  • Сбербанк Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігімен қазақстандық «Инвесторлар мен кредиторлар клубын» құру туралы меморандумға қол қойған Қазақстанның жетекші қаржы институттарының қатарына кірді.

2010 жылдың қаңтар айында Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласында Сбербанктің Қазақстан аумағындағы он екінші филиалы ашылды;

  • Сбербанк микрочипі бар Visa төлем карталарын шығара бастады;

  • Сбербанк «Магнум компаниясы» ЖШС-мен ынтымақтастық туралы келісім жасасты. Осы келісім аясында тараптар инвестициялық  қаржыландыру саласында,  атап айтқанда 2010 жылы Алматы қаласында 2 жаңа «Магнум» дүкенін салу жөніндегі ынтымақтастықты дамытпақ

  • Сбербанк «Бизнестің жол картасы 2020» атты мемлекеттік бағдарламасының белсенді қатысушысы болды;

2011 жыл Сбербанк үшін 5-мерейтойы болды, бұл республикамыздың ірі қалаларымыздың бірі Шымкент қ. банктің жаңа филиалының Орталық офисі ашылуымен мерекеленді. Сбербанк және Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі өзара ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. 2011 жылдың ақпан айында Fitch Ratings Сбербанктің рейтингтерін растады: эмитенттің ұзақ мерзімді дефолт рейтингі («ЭДР») шетел және ұлттық валютада «BBB-», қысқа мерзімді ЭДР «F3», жеке рейтинг «D/E», қолдау рейтингі «2» және ұлттық ұзақ мерзімді рейтинг «AA(kaz)». Ұзақ мерзімді ЭДР және ұлттық ұзақ мерзімді рейтинг бойынша болжам – «Тұрақты». Реттелген облигациялар рейтингтері «BB+» и «AA-(Kaz)» деңгейде расталды.

• 2011 жылдың маусым айында Сбербанк және Атырау облысының әкімдігі стратегиялық серіктестік меморандумға қол қойды

• Сбербанк «Тараз металлургиялық зауыты» ЖШС-ның 2 пешінің құрылысын қаржыландырды

• Сбербанк «SONIK» компаниясы» ЖШС-ның бейінді құбырларды өндіру зауытының құрылысын қаржыландырды

• 2011 жылдың шілде айында «Кең дала» БО жаңа пішіміндегі Сбербанк Операциялық залының салтанатты ашылуы өтті.

  • Сбербанк қос мерейтойын атап өтті: Ресей Сбербанктің 170 жылдығы және Қазақстанда 5 жыл қатысуы;

  • Сбербанк «АСТАНА» ЖЗҚ АҚ-мен айрықша стратегиялық серіктестік туралы келісім жасады

2012 жылы Сбербанктің 2015 жылға дейін даму стратегиясы мерзімінен бұрын орындалды. Банк нарықтың  5% астам үлесіне қол жеткізді және Қазақстандағы екінші деңгейдегі банктердің арасында активтер мөлшері бойынша алтыншы орынға ие болды (2011 жылы ҚР ЕДБ арасында активтер мөлшері бойынша 7 орында болды).

  • 2012 жылдың шілде айының соңында 2 миллион жай акцияларын сәтті орналастыру нәтижесінде Сбербанктің меншікті капиталы рекордтық 15 млрд. теңгеге ұлғайды.

  • 2012 жылғы желтоқсан айында Сбербанк Азия даму банкімен (АДБ) сауда қаржыландыру туралы келісімге қол қойды.

  • Сбербанктің алтыншы бөлімшесі Атырау қаласында 2012 жылғы 23 ақпанда ашылды.

  • 2012 жылғы 24 мамырда Астанада астананың іскерлік орталығында «Санкт-Петербург» жаңа флагмандық бөлімшесі ашылды. 

  • 2012 жылғы 7 қыркүйекте Семей қаласында Сбербанк Өскемен қ. қалалық филиалының «Семей» жаңа бөлімшесінің ашылуының салтанатты рәсімі өтті.

  • 18 қыркүйекте Павлодар қаласында Сбербанк филиалының жаңа офисі ашылды.

  • 14 желтоқсанда Алматыда жаңа пішіміндегі Алматы қ. «Жетісу-4» Сбербанк филиалының ФҚБ жаңа бөлімшесі ашылды.

2013 жылдың қаңтар айында Ресей Сбербанкінің Еншілес банкіне бағалы қағаздар нарығында кастодиалдық қызметін қоса 18.01.2013 ж. № 1.2.199/93/31 бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға банктік және өзге операцияларды жүргізуге лицензия берілді;

•2013 жылғы наурыз айында «Қазақстан қор биржасы» АҚ Алматы қаласында 2012 жылғы биржаның ең үздік мүшелерін анықтады. Сбербанк жоғары сыйлықақы – алтын диплом мен «Мемлекеттік бағалы қағаздардың биржа нарығының көшбасшысы» дәрежесіне ие болды;

•Сбербанк Қазақстан аумағында төртінші ұрпағындағы байланысты енгізу бойынша «Алтел» АҚ ALTEL4G («Қазақтелеком» АҚ еншілес ұйымы) жобасын қаржыландыруға қатысты. Қаржыландыру компанияға құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізуге, Қазақстанда 4G/LTE жобасын дамыту аясында жабдықты сатып алуға мүмкіндік берді.

2014 жылғы ақпан айында Астана қаласында Сбербанк және Еуропа инвестициялық банк арасында заем туралы өтінішке қол қойылды. Аталған жоба аясында ЕИБ Сбербанкке Қазақстандағы ШОБ дамуына жалпы сомасы 100 миллион еуроға кредит берді.



  • 2014 жылғы 4 наурызда Алматы қаласы әкімі  Ахметжан Есимов және Сбербанктің Басқарма Төрағасы Александр Камаловтың кездесуі өтті. Кездесу аясында ынтымақтастықтың жаңа бағыттары белгіленді.

  • 2014 жылғы 18 сәуірде Сбербанк және «Даму» КДҚ ШОБ субъектілерін қаржыландыру үшін 6 млрд. теңгеге кредиттік келісімге қол қойды.

  • 2014 жылғы 31 шілдеде Сбербанк 15,7 миллиард теңгеге еліміздің индустриалдық-инновациялық жобаларын қаржыландырды.

  • Машина жасау, металлургия, химия, мұнай химия, тамақ өнеркәсібі салаларындағы жобалар қаржыландырылды.

«СБЕРБАНК» АҚ – ның міндеттері мен құндылықтары

Сбербанк АҚ – ның негізгі міндеті:


Құндылықтары:



  • Өмір мен еңбекке деген қарым-қатынас негізі, күрделі жағдайларда шешім қабылдауға көмек көрсететін ішкі компас, және барлық жерлерде сақтайтын қағидалар мен адалдық. Банкке кез келген жағдайда дұрыс шешім қабылдауға көмектесетін бағыттар:

2015 жылдағы Қазақстанның экономикасы


Сыртқы нарықтағы құбылмалы жағдайлар мен мұнайға бағаның түсуіне байланысты 2015 жылы Қазақстанның ЖІӨ өсуі 1,2% құрады. Дамушы елдердің ұлттық валюталарының девольвациясы кезеңінде теңге тіркелімді бағам саясатының нәтижесінде 2015 жылдың бірінші жартыжылдығында 30-60%-ға қайта бағаланған болып қала берді. Бұл экономиканың бәсекеге қабілеттілігіне теріс әсерін тигізді. 2015 жылғы тамызда ҚРҰБ инфляциялық таргеттеу және құбылмалы бағам режиміне көшті. Нәтижесінде теңге АҚШ доллары үшін 2015 жылғы тамызда 187 теңгеден желтоқсанда АҚШ доллары үшін 340 теңгеге дейін әлсіреді. Девальвация қазыналық кірістерге қолдау көр- сетті және қайта бағаланған бағамның проблемасын шешті.

1-кесте. Мұнай кірістері ескерілген бюджеттік баланс, % ЖІӨ



Елімізде экономикалық жағдайдың күрт нашарлауына байланысты күн тәртібіне негізгі элементі жекешелендіру болып табылатын құрылымдық реформаларды күшейту мәселесі шықты. 2015 жылғы желтоқсанның аяғында Үкімет 2016–2020 жылдарына жекешелендірудің жаңа кешенді жоспарын бекітті. 2015 жылғы сәуірде экономикаға инвестициялардың едәуір сомаларын қарастыратын және индустриалды даму мен ІЖӨ өсуіне бағытталған, 2015–2019 жылдарға «Нұрлы жол» бағдарламасы бекітілді.

Банктік сектор

2015 жылы банктік сектордың негізгі қиыншылығы ішінара БҰЗҚ-нан қаржы бөлу арқылы шешіліп отырған (депозиттерді орналастыру және банктер шығаратын облигацияларды сатып алу) теңгелік өтімділік дефициті болды. Ақша нарығындағы жоғары мөлшерлемелердің ұзақ кезеңі қорландыру құнының өсіміне әкеліп соқты. Кредиттеу сұраныстың төмендеуінің, өтімділіктің жетіспеуінің және теңгемен ұзақмерзімді қорландырудың аясында сабырлы болып қала берді. Кредиттеуге жұмыс істемейтін заемдарды қайта қаржыландыру мен ШОБ қолдау бойынша мемлекеттік бағдарламалар едәуір қолдау көрсетті. Жеке тұлғаларды кредиттеудің өсімі 2014 жылғы 12,5%-бен салыстырғанда 2015 жылы 4,1%-ға дейін төмендеді. Заңды тұлғалардың кредиттік портфелінің өсімі 2014 жылғы 6,1%-ға төмендеуге қарағанда 2015 жылы 4,1%-ды құрады.

Теңгенің құнсыздануы 2016 жылдың басына жұмыс істемейтін заемдардың үлесін кредиттің жалпы көлемінің 10%-на дейін төмендету, сон- дай-ақ шетел валютасындағы берешек деңгейін төмендету бойынша реттеуші талапты орындауға бағытталған шараларға орай активтердің сапасына әсерін тигізбеді. Бірақ экономиканың өсім қарқынының төмендеуі болашақта заемшылардың кредит төлемділігіне қысым жасауы мүмкін. Теңгедегі депозиттердің көлемі бір жылдың ішінде 4,8%-ға 5,0 трлн теңгеге дейін төмен- деді, ал валютада қайта бағалаудың есебінен 69,7%-ға 11,0 трлн теңгеге дейін ұлғайды. Доллар түріндегі валютадағы депозиттердің көлемі бір жылдың ішінде 9,2%-ға 32,4 млрд. АҚШ долларына дейін төмендеді. Қайта бағалаудың нәтижесінде валюталық депозиттердің үлесі рекордтық мәнге ие болды: 79%-ы бөлшек және 62%-ы корпоративтік секторда.



1.2«Сбербанк» АҚ–ның корпоративтік басқару құрылымына сипаттама
Жоғары сапалы корпоративтік басқару Банктің еркін және бәсекелі нарықтағы табысты қызметі үшін қажетті талап болып табылады. Банкке Директорлар кеңесі, Басқарма мен акционерлер арасындағы қарым-қатынастарды орнататын тиімді корпоративтік басқару жүйесі қажет. Мұндай жүйе компания құнының өсуіне қолдау салып, инвесторларға олардың ақшасы тиімді пайдаланатынына кепілдік береді. Банктің корпоративтік басқару жүйесін одан әрі дамыту мен жетілдіру қажеттілігі мыналармен ескеріледі:

  • екінші деңгейдегі банктерде тәуекелдерді басқару жүйесінің жұмыс істеуіне қатысты ҚР заңнамасының жаңа талаптарымен;

  • ҚР сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақ бойынша серіктес-елдердің экономикаларының өсуі бәсеңдегеніне байланысты қаржы ұйымдары ағымдағы кезеңде өз қызметінің шеңберінде кездестіретін жаңа тәуекелдермен;

  • ЭСДҰ-на кіретін мемлекеттер аумағында қабылданған корпоративтік басқарудың ең үздік тәжірибелер мен стандарттарды өз жұмысында қолданатын тиімді, ашық, тұрақты және инновациялық институтты құру жұмысын жалғастыру бойынша банктің ұмтылысымен.

Банктің Корпоративтік басқару кодексі ҚР заңнамасының ережелеріне, уәкілетті органның нұсқамаларына, үлгілі кодекске сәйкес, және де акциялары халықаралық қор биржаларында бағаланатын компаниялардың корпора- тивтік тәжірибесін, этика қағидаларын, банктің ағымдағы даму кезеңіндегі нақты шарттарын есепке ала отырып, әзірленген. Банк өзінің корпоративтік басқару жүйесін қалыптастыру, оның жұмыс істеуі мен оны жетілдіру барысында басшылыққа алатын негізгі бағдарларды айқындау мақсатында, банктің корпоративтік басқару кодексінде корпоративтік басқарудың келесідей қағидалары бекітілген:

  • акционерлерге олардың Банкті басқару құқығын іске асыру үшін нақты мүмкіндікті қамтамасыз ету;

  • Банк акционерлерінің барлық санаттарына бірдей қарауды қамтамасыз ету;

  • Банктің лауазымды тұлғалары қызметінің барынша ашықтығын қамтамасыз ету;

  • Банк акционерлеріне этикалық қағидаларды белгілеу;

  • Банктің тиімді ішкі бақылау жүйесінің жұмыс істеуін және оның әділ бағалауын қамтамасыз ету, т.б

Корпоративтік басқару құрылымы.

Банктің Директорлар кеңесінің жанында мынадай консультациялық-кеңесу органдары құрылған және жұмыс атқарады:



  • Стратегиялық жоспарлау жөніндегі комитет,

  • Аудит жөніндегі комитет,

  • Кадрлар және сыйақы жөніндегі комитет,

  • Әлеуметтік мәселелер жөніндегі комитет.

Төмендегі диаграммада корпоративтік басқару деңгейлерінің есеп беру құрылымы көрсетілген. (2-кесте)

2-кесте. Корпоративтік басқару деңгейлерінің есеп беру құрылымы




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет