Өздерінің тікелей қызметтеріндегі міндеттерін орындай жүре медицина қызметкерлері салауатты өмір салтының принциптерін жүзеге асырады.мұның өзі олардың жұмыстарының ажыратылмас бір бөлігі болып қарастырылады. Әр түрлі мекемелердегі шараларды өткізу әдістемесі, мазмұны,ұйымдастыру қалпы,жұмыстарының ерекшеліктерімен шарттас келеді,бірақ барлығы үшін СӨС принциптерін насихаттау, тұрғындарда денсаулыққа деген табынушылықты тудыру міндет болып саналады.
Салауатты өмір салтын қалыптастыру жолдары
Салауатты өмір салтын қалыптастыру-көп секторлы үрдіс. СӨС-ын қалыптастыруға қатысатындар:
Отбасы:
-нәрестеге деген қамқорлықты талап етеді
-баламен тығыз қарым-қатынасты дамытады
-күйзелісті өзгерте біледі
-білімді
бағалайды қадірлейді
-балалармен жеткілікті деңгейде уақыт өткереді
-тәрбиелеу үрдісінде беделге жүгінбей,жанға жәйлы атмосфера және жеңіл сынды өзектейді
-қорғайды және сақтандырады
-ересектер мен Қарым-қатынаста өзара түсінікті қолдайды
-отбасы міндеттерін бөліседі.
Мектеп:
-жеке бас гигиенасының ғылыми негіздеріне және СӨС-на үйретеді
-мақсат қоюды және табысқа жетуді,сондай-ақ шеберлікті дәріптейді
-Әлеуметтік даму қалпын,көпшілікті, бірлікті,жекелікті т.б қолдайды
-жетекші болуға,ақылды,байыпты шешім қабылдауға мүмкіндік береді
-белсенді өмірлік позицияны,оқушылардың өміріміздегі қызметтің барлық салаларына қатысуын қоштайды.
-Оқытушыларды және оқушыларды дамудың әлеуметтік сипатына баулиды,өзара сыйластыққа ыңғайлап үйретеді
-өскелең ұрпақ тәрбиесінің әр түрлеріне ата-аналарды қатыстырады
-алкоголь мен есірткіден аластатуды мақсат еткен шараларды өткізуді ұсынады
-оқытушылар қолайлы атмосфераның болуына жағдай туғызады.
Мемлекеттік және қоғамдық ұйымдар:
-Тұрғындардың барлық топтарының заң және өмір қағидалары тұрғысындағы білімін жетілдіреді.
-жастардың түрлі есірткілерді қолдануына тыйым салады.
-қорларды(тұрғын үй,медициналық қызмет,
балалар бақшасы,жұмысқа дайындау, жұмысқа орналастыру, демалыс) пайдалануғапайдалануға мүмкіндік береді;
-"қамқорлық тораптарын" ,әлеуметтік байланыстарды игілікке жаратады;
-қоғамдық жұмыстарға жастарды таратады;
Достар:
-есірткісіз шараларға араластырады
-сый және бедел
-топтың әр мүшесінің сирек кездесетін талантын бағалайды.