Күні: Тобы: Оқытушы



бет1/2
Дата04.10.2022
өлшемі1.33 Mb.
#461879
  1   2
14.09.22 пед.шеберлік


Күні:
Тобы:
Оқытушы: Жакашева Г.З.
Пәні: Педагогикалық шеберлік негіздері
Тақырыбы: Мұғалім қиялының кәсіби-педагогикалық ерекшеліктері


Жоспары:
Қиял туралы түсінік. Қиял түрлері.
Шығармашылық үрдістегі қиялдың рөлі.

1.Адам бұрын өзі көріп білмеген нәрселердің бейнесін көз алдына елестетіп, олардан жаңа бейне жасайды. Немесе бұрынғы қабылданған, жиналған бейнелерге сүйене отырып, өз басында тың, жаңа елестер мен идеалар туады. Осындай жаңа бейнелер мен идеаларды қиял деп атайды. Қиял адамның еңбек әрекетімен дамитын психикалық қызмет. Қиял арқылы пайда болып отыратын жаңа бейнелер адамның білім қорына, нақты образдарға, тұрақты елестерге негізделеді. Қиял дегеніміз – бізді қоршаған сыртқы дүниедегі заттар мен құбылыстардың образдарын жаңғыртып, оларды өңдеп бейнелеуден тұратын адамға тән психикалық процесс. Адам қиялынан ерекшеліктерді былай топтастыруға болады:


а) әрбір адамның қиялы оның жеке басының қызығуы мен ерекшелігіне, алдына қойған мақсат- мүдделеріне байланысты.
ә) қиялдың мазмұн- мәнісі, түр-сипаты адамның жас ерекшелігіне, білім дәрежесі мен өмір тәжірибесіне, дара басының ерекшеліктеріне байланысты.
б) қиял адамның барлық психикалық құбылыстарымен тығыз ұштасып жатады.
в) адамның қиялы еңбек процесінде іс-әрекет үстінде де дамып отырады.
Өзіндік ерекшеліктерімен олардан туындайтын себептерге қарай, қиял ырықсыз, ырықты болып екіге бөлінеді.
Ырықсыз қиял адам алдына мақсат қоймай-ақ пайда болады. Мысалы: адам ұйқылы ояу кезіндегі сөзі немесе түс көру.
Ырықты қиял. Адамның алдына саналы түрде мақсат қоя отырып, қажетті бейнелер мен образдар жасау.
Ырықты қиял түрлері қайта жасау қиялы және шығармашылық қиял. Қайта жасау қиялы адамның өмір тәжірибесінде кездескен, бұрын болған бейнелерді қайта жаңғыртады.
Қиялдың ең жоғары түрі – шығармашылық қиял немесе жасампаздық қиял. Қиялдың бұл түрі арқылы жаңа бейнелер мен образдар жасалады. Творчестволық қиял бейнелері түрлі тәсілдер арқылы жасалады.
Қиыстыру-белгілі элементтердің қосындысы ғана емес, творчестволық синтез.
Аглютинация түрлі объектіге тән бөлшектерді (жинастыру немесе) жинақтау.
Объектінің кейбір сапасын немесе басқаларға қатынасын алға шығара, күшейте көрсетуден байқалатын акцент жасау.Әсірелеу және кеміте көрсету әдістері акцент жасау тәсіліне жатады.
Әдеби, мүсін және сурет арқылы бейне жасаудың кең тараған тәсілі-типтік бейне жасау тәсілі.
Творчестволық қиял бейнелерінің бір түрі фантастикалық бейнелер. Бұларға діни- мистикалық, ертегі – фантастикалық, ғылыми – фантастикалық бейнелер жатады.
Армандар мен мұраттар қиялдың ерекше формалары.
Творчество, қажырлы еңбек, сонымен бірге адамның барлық дене және рухани күшін жұмсауды қажет ететін шабытты еңбек болып табылады.
Творчестволық процесс кезінде адамның психикалық әрекеті жоғары деңгейде өтеді. Бұл жеке адамның интелектуальдық эмоциялық, еріктік күйіне жатады.
2. Көп уақыттар ғылымдар шығармашылық процесті заңдастырып, оны үйретіп болмайды деген тұжырым сақталып келді. Алайда мұндай көзқарас уақыт өте шайқала бастады. Шығармашылық іс кездейсоқ жаңалықтар ашудан саналы ойлап табу жолына түсті, жаңа міндетттерді шешу жоспарлы қалыпқа келді. Ағылшын ғалымы Г. Уоллес шығармашылық еңбегінің төрт кезеңін бөліп, ұсынады:
1. Дайындық – идеяның пайда болуы;
2. Ой жетілуі – қойылған проблемаға орай білімдердің жинақталуы, жетіспеген деректерді іздеу, топтау;
3.Аян болу – діттелген нәтижені сезіммен қауып түсу;
4. Тексеру
Г.С.Альтшулер шығармашылық еңбектің біртұтас теориясын нақтылап, бұл процестің бес деңгейін айырады:
1. Нақты нысана байланысты бір сұрақ төңірегіндегі мәселені шешу;
2. Сұрақ бір мәселе төңірегінде, бірақ нысан өзгертілген, шешімі көп вариантты;
3. Нысан күрделі өзгеріске түседі, осыған байланысты дұрыс шешім жүздеген қателіктердің арасынан табылу қажет, қосымша білімдерді қажет етеді.
4. Нысан түгелдей өзгереді. Проблема шешімі терең ғылымдық дайындықты талап етеді әрі сирек кездесетін құбылыстар арасынан іздестіріледі;
5. Нысанды қамтыған бүкіл жүйе өзгеріске түседі: шешім іздеу барысындағы тәуекел мен қателіктер саны шексіз.
Шығармашылық мәселенің шешімін табудың ең маңызды тәсілдерінің бірі – мәселе қандай күрделі қиындықта болмасын, оны қарапайым түрге келтіру, яғни 4,5 деңгейдегі проблемаларды арнайы әдістермен 1,2, деңгейге түсіру керек.
Жаңа елестер талдау және біріктіру әрекеттерінің арқасында пайда болды. Қиял процестері, ақырында, бастапқы елестердің ойда бөлшектеніп, кейін олардың жаңа тізбектерге бірігуінен құралады, яғни аналетик – синтетикалық сипат алады.
Қиялдың аналитик – синтетикалық сиапты агглютинатив тәсілінде анық көрінеді. Агглютинация дегеніміз бірнеше заттардың жеке элементтері мен бөліктерінің бір бейнеде қосылуы. Агглютинация техникалық жаңалықтар табуда кеңінен қолданады.
Бейне жасау талдау процесінде қолдануы және бір әдіс – бұл акценттеу яғни түзіліп жатқан бейнедегі қандай да бір элементтің қалыптан тыс кейпімен көзге түсуі. Көбіне акценттеу әдісін әзіл – сықақ суреткерлер жиі қолданады: нұсқаның бір белгілерін шындыққа лайық сақтап отырып, басқа белгілерін қиялды идеяға ұштастырып, өзгеріске ендіреді, мысалы: бөспе адамның бейнесі шұбалған сөз тілімен көзге түссе, ашқарақ – мес қарнымен танылады.
Қиял елестерін жасау біріктіру жолымен де іске асады. Фантатикалық бейнеге негіз болған елестер бірігіп айырмашылықтары көмескіленіп, ұқсас тараптары алға тартылатын болса, онда схематизация әдісінің қолданылғаны. Бұның мысалы ретінде қоршаған орта бедерлеріне ұқсас жасалған ұлттық оюлар мен өрнектерді келтіруге болады. Осы ою - өрнектерді саралай отырып, заты қазақ қолындағы бұйымның айсысы адайдікі немесе ұлы жүздікі екенін айырып бере алады. Ал енді осы заттардың айырмашылығы неде екенін сұрасаңыз, жауабын таба алмай қиналады , себебі ою - өрнек бейнелері әр қазақтың қиял санасында жалпыланған схема күйінде орын тепкен.
Бастауыш сынып мұғалімі-бастауыш сыныпта жүргізілетін пәндерде балаларға берілетін барлық білімді жетік білуі, материалды түсінікті жеткізуі, оқушылардың білімін дұрыс бағалай білуі, оқуға деген қызығушылықтарын ояту, оларды өздігінен білімдерін жетілдіруге дағдыландыру болып табылады.
Оқушылардың танымдық іскерліктерін дамыту, оларды өзбетінше ойлана білуге дағдыландыру, ой түюге, қорытынды жасай білуге, машықтандыру-қазіргі кезеңдегі оқыту процесісіндегі ең өзекті мәселелер.
Қиыны мен жеңілі, қызығы мен қуанышы қатар жүретін ұзақ еңбек жолындағы ұстанымым-әрқашан ізденісте, ой қозғалысында болу. Мұндай ұстаным мұғалімде болмаса ол жай мұғалім атын жамылып жүргендер. Білім есігін жаңадан ашқан жас бүлдіршіндердің білім негізін қалыптастыруда бастауыш білім сатысының орны ерекше. Қазіргі кезде баланың ақыл-ойы мен қабілетіне қойылатын талаптар күн өткен сайын күшейе түсуде. Сондықтан баланың қабілетін ерте танып, әр алуан жұмыстар жүргізе отырып, шығармашылыққа баулу керек. Шығармашылық-жаңалық ойлап табуға бағытталған қабілеттер деңгейі. Шығармашылық-өте күрделі психологиялық процесс. Мұғалімдерге қойылатын талаптардың бірі-шығармашылық. Мұғалім өз шығармашылығын арқылы оқушы шығармашылығын ұйымдастырады. Мұғалім сабақта әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, балалардың ұсыныс пікірлерін еркін айтқызып, ойларын ұштауға және өздеріне деген сенімін арттыруға мүмкіндік туғызып отыруы қажет. Әдіс-тәсілдер арқылы өткізген әрбір сабақ оқушылардың ойлануына және қиялына негізделіп келеді, баланың тереңде жатқан ойын дамытып, оларды сөйлетуге үйретеді. Түрлі әдістемелік тәсілдер пайдалану арқылы қабілеті әртүрлі балалардың ортасынан қабілеті жоғары баланы іздеп тауып, онымен жұмыс жасау, оны жан-жақты тануды ойлап, оқушылардың шығармашылық деңгейінбақылап тұру әрбір мұғалімнің міндеті. Бала не нәрсені болсада білуге құштар, қолымен ұстап көзбен көргенді жақсы көреді. Оқушылардың қызығушылығын арттыру жақсы ұйымдастырылған сабаққа байланысты. Сондықтан әрбір сабақта бұрыннан белгілі мәліметтерді қайталай бермей, оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін іздестіру қажет. К.Д.Ушинский оқушыларды сабаққа тарта білу, оқуға қызығушылығын арттырып, білімге құмарту керектігіне баса көңіл бөледі. Оның пайымдауынша, қызығушылық сапалы оқудың негізгі жолы, ешбір қызығусыз қана зорлық күшімен жүргізілген оқу оқушы бойындағы білім алуға деген құштарлықты жояды. Тапсырмалар оқушылардың қызығушылығын оятып, белсенділігін арттырады, оқыту мақсатында іріктеліп алынған нақты мазмұнмен анықталады. Әр пәнді оқытуда берілетін тапсырмалар, өзіндік жұмыстар оқушы білімінің нақты көрсеткішін береді. Әр сабақта өтілген тақырыпқа байланысты түрлі әдіс-тәсілдер, тапсырмалар, өзіндік жұмыстар, ойындар дайындау арқылы оқушылардың танымдық, іздену әрекеті дамиды. Берілген тапсырмаларды шешуде баланың ақыл-ой белсенділігі күшейеді, өз беттерімен жұмпыс істеуге дағдыланады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет