БЕКІТЕМІН: КЕЛІСЕМІН: ӘБ ОТЫРЫСЫНДА ҚАРАЛДЫ:
«К.Тоқаев атындағы орта мектеп»КММ директоры Оқу ісінің орынбасары ӘБ жетекшісі _____ Мешитбаева Р.О.. _________ Л.С.Испанова ________ И.М.Ақылбаев.. Хаттама № _____ « » «___» ________2023 жыл « ___» _______2023 жыл « __ » _______ 2023 жыл
ТҮСІНІК ХАТ 2023-2024 оқу жылының күнтізбелік-тақырыптық жоспарлауы (ұзақ мерзімді жоспар) төмендегі нормативтік-құқықтық актілер негізінде жасалынды: Жоспар «ФИЗИКА» пәнінен 7-9 және 10- 11 (ЖМБ)- сыныптарға жаңартылған бағдарлама бойынша жасалған. Физика 7-11 сыныптарға арналған (аптасына 2 сағат, оқу жылына 68 сағатты құрайды) Тақырыптық - күнтізбелік жоспарды дайындауда 2023-2024 оқу жылында білім беру ұйымдары білім беру процесін іске асыру кезінде Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңын, Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын, «Педагог мәртебесі туралы», «Қазақстан Республикасындағы Баланың құқықтары туралы», «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы» Заңдарды және басқа да заңнама актілерін басшылыққа алуы және оқыту процесін келесі нормативтік құжаттар негізінде жүзеге асыруы тиіс: – «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы» (бұдан әрі – МЖМБС) (ҚР Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығы, ҚР Оқу-ағарту министрінің 23.09.2022 ж. № 406 бұйрығымен енгізілген өзгерістерімен https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2200029031);
– «Қазақстан Республикасында бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» (ҚР Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен, ҚР Оқу-ағарту министрінің 12.08.2022 ж. № 365 бұйрығымен https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2200029136, 30.09.2022 ж. №412 бұйрығымен енгізілген өзгерістерімен https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2200029916);
– «Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндер, таңдау курстары мен факультативтер бойынша үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» (ҚР Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 16 қыркүйекте гі №399 бұйрығы
https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2200029136,
ҚР Оқу-ағарту министрінің 21.11.2022 ж. № 467 бұйрығымен енгізілген өзгерістерімен https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2200030654);