«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы Басқарма шешімімен
бекітілген
«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы Басқармасының күндізгі отырысы хаттамасына
№2 қосымша
22.10.2015 жыл №31/15
«Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» Ипотекалық ұйымы» акционерлік қоғамының корпоративтік басқару
КОДЕКСІ
Алматы қаласы, 2015 жыл
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 4
ҚОҒАМ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ 6
1-тарау. КОРПОРАТИВТІК БАСҚАРУ ҚАҒИДАТТАРЫНА
БЕЙІМДІЛІК 7
-
Анықтамалар мен қағидаттар 7
-
Жалғыз акционердің құқықтары мен мүдделерін қорғау
қағидаты 8
-
Директорлар кеңесі мен Басқарманың Қоғамды тиімді басқару қағидаты 8
-
Директорлар кеңесі қызметінің қағидаттары 8
-
Басқарма қызметінің қағидаттары 9
1.1.3. Қоғамның дербес қызметі қағидаты 10
1.1.4. Қоғам қызметі туралы ақпараттың ашықтығы мен
оны ашудың объективтілігі қағидаты 10
1.1.5. Заңдылық пен этика қағидаттары 10
1.1.6. Тиімді дивидендтік саясат қағидаттары 10
1.1.7. Тиімді кадр саясатының қағидаттары 11
1.1.8. Қоршаған ортаны қорғау қағидаты 11
1.1.9. Корпоративтік қақтығыстар мен мүдделер қақтығысын әділ реттеу
1.1.9.1. Корпоративтік қақтығыстарды әділ реттеу 12
1.1.9.2. Мүдделер қақтығысын әділ реттеу 12
1.1.10. Жауапкершілік қағидаты 13
1.2. Қоғамның ішкі құжаттары 13
1.3. Корпоративтік басқарудың жалпы құрылымы 13
2-тарау. ЖАЛҒЫЗ АКЦИОНЕРМЕН ӨЗАРА ІС-ҚИМЫЛ 14
2.1. Жалғыз акционердің құқығын қамтамасыз ету 14
2.2. Дивидендтік саясат 15
2.3. Жасалуына мүдделілік бар мәмілелер 16
2.4. Қоғамды тарату және қайта ұйымдастыру 16
3-тарау. ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСІ МЕН БАСҚАРМАНЫҢ ТИІСТІ ЖҰМЫС ТӘЖІРИБЕСІ 16
3.1. Директорлар кеңесі 16
3.1.1. Директорлар кеңесінің функциялары 16
3.1.2. Директорлар кеңесін қалыптастыру 17
3.1.3. Директорлар кеңесінің құрылымы және оның комитетері 18
3.1.4. Директорлар кеңесінің қызметін ұйымдастыру 18
3.1.5. Директорлар кеңесінің қызметін бағалау 19
3.1.6. Директорлар кеңесіне ақпарат беру және оның біліктілігін
арттыру 20
3.1.7. Сыйақы 20
3.2. Басқарма 21
3.2.1. Басқарма туралы жалпы ереже 21
3.2.2. Басқарманы қалыптастыру 21
3.2.3. Басқарма жұмысының тәртібі 22
3.2.4. Басқарма жұмысының нәтижелері бойынша сыйақы 22
3.3. Корпоративтік хатшы 22
4-тарау. КОРПОРАТИВТІК ОҚИҒАЛАР 23
5-тарау. ҚОҒАМ ТУРАЛЫ АҚПАРАТТЫ АШУ 23
5.1. Жалпы ереже 23
5.2. Құпия ақпараттарды қорғау 24
6-тарау. ҚАРЖЫ-ШАРУАШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІ БАҚЫЛАУ 25
6.1. Қаржы-шаруашылық қызметті бақылау жүйесі 25
6.2. Ішкі бақылау және ішкі аудит 25
6.3. Сыртқы аудит 26
7-тарау. ІСКЕРЛІК ӘРІПТЕСТЕРМЕН ӨЗАРА ІС-ҚИМЫЛ ЖАСАУ ПРАКТИКАСЫ 26
8-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕ 27
КІРІСПЕ -
«Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» Ипотекалық ұйымы» акционерлік қоғамының (бұдан әрі – Қоғам) корпоративтік басқару кодексі (бұдан әрі – Кодекс) Қоғам ішіндегі және нарықтың басқа қатысушылармен қатынастар кезінде корпоративтік басқарудың жоғары деңгейін қамтамасыз ету үшін Қоғам өз қызметі барысында ұстанатын ережелер мен ұстанымдардың жиынтығы болып табылады.
-
Осы Кодекстің мақсаттары Қоғамның корпоративтік басқаруды жетілдіру және жүйелендіру, Қоғамды басқарудың барынша ашықтығын қамтамасыз ету және Қоғамның тиісті корпоративтік басқару стандарттарын басшылыққа алуға үнемі дайын болуын растау болып табылады, атап айтқанда:
1) Қоғамды басқару Қоғамның құндылығын және Жалғыз акционердің басқа да пайдаларын барынша арттыру үшін жауапкершіліктің, есеп берушіліктің және тиімділіктің тиісті деңгейімен жүзеге асырылуға тиіс;
2) ақпаратты ашу, оның ашықтығы, сондай-ақ тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жүйелерінің тиімді жұмысы тиісті түрде қамтамасыз етілуі тиіс.
-
Кодекс Қазақстан Республикасының заңнамалар ережелеріне сәйкес, сондай-ақ Қазақстанда дамып келе жатқан корпоративтік басқару практикасы, этика нормалары, қажеттіліктері және халықаралық практикасында танылған корпоративтік басқару қағидаттары ескеріліп әзірленді.
-
Қоғам корпоративтік басқару практика статикалық сипатта емес екендігін растайды. Директорлар кеңесі Қазақстан Республикасының заңнамаларының, қазақстандық және халықаралық компанияларға қатысты корпоративтік басқаруға қолданылатын ұсынымдар мен үздік практика тұрғысынан Кодекстің шарттарын оқтын-оқтын қайта қарастырып тұратын болады.
-
Қоғамның лауазымды тұлғалары мен қызметкерлері Қоғаммен жасалған тиісті шарттардың негізінде осы Кодексте көзделген міндеттемелерді өзіне қабылдайды және оның ережелерін Қоғамда және оның еншілес және тәуелді ұйымдармен өзара қарым-қатынастарда сақтауға міндеттенеді.
-
Кодексте келесі терминдер мен анықтамалар қолданылады:
Лауазымды тұлға
|
Қоғамның Директорлар кеңесінің мүшесі, Қоғамның Басқарма мүшесі
|
Жалғыз акционер
|
«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы
|
Мүдделі тұлға
|
Қоғам қабылдайтын шешімдерге айтарлықтай ықпалы бар немесе осы шешімдердің ықпалында болатын тұлғалар, топтар немесе ұйымдар (мысалы, Қоғам қызметкерлері, клиенттер, контрагенттер және т.б.)
|
Заңнама
|
Белгіленген тәртіппен қабылданған Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің жиынтығы
|
Комитет/тер
Ішкі аудит комитеті
Кадрлар және сыйақы жөніндегі комитет
Стратегиялық жоспарлау жөніндегі комитет
Әлеуметтік мәселелер жөніндегі комитет
|
Қоғам Директорлар кеңесінің комитет(тер)і
Қоғам Директорлар кеңесінің ішкі аудит комитеті
Қоғам Директорлар кеңесінің кадрлар және сыйақы жөніндегі комитет
Қоғам Директорлар кеңесінің Стратегиялық жоспарлау жөніндегі комитет
Қоғам Директорлар кеңесінің Әлеуметтік мәселелер жөніндегі комитет
|
Корпоративтік хатшы
|
Қоғамның корпоративтік хатшысы
|
Корпоративтік қақтығыс
|
Мыналардың:
-
Жалғыз акционер мен Қоғамның қандай да бір органы; не
-
Қоғамның органдары немесе олардың мүшелері/қызметкерлері; не
-
Қоғам органы (немесе оның мүшесі/қызметкері) мен Қоғамның мүдделі тұлғалары арасындағы Жалғыз акционердің мүдделеріне жағымсыз әсер ететін Қоғамның корпоративтік басқару мәселелері бойынша келіспеушіліктер немесе дау
|
Тәуелсіз
директорлар
|
Заңнамаға сәйкес тәуелсіз ретінде айқындалған директорлар
|
Басқарма
|
Қоғамның атқарушы органы
|
Директорлар кеңесі
Елеулі корпоративті оқиғалар
|
Қоғамның басқару органы
Қоғам қызметіндегі түбегейлі өзгерістерге әкелетіп соқтыруы мүмкін оқиғалар және (немесе) мәмілелер қатары
|
Қоғам Жарғысы
|
«Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» Ипотекалық ұйымы» акционерлік қоғамының Жарғысы
| -
Осы Кодексте қолданылатын, бірақ анықталмаған терминдер Жарғы мен Заңнамада пайдаланылатын мағынада қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |