Кодексі анықтамалығы тәуелсіздіктің халықаралық Стандарттарын қоса алғанда


R400.88 R400.80 - R400.87 параграфтарының талаптарына сәйкес фирма  құжаттауы керек:  (а)  Бұзушылықты; (b)



Pdf көрінісі
бет85/207
Дата08.03.2023
өлшемі2.52 Mb.
#470518
түріКодекс
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   207
IESBA Kazakh 2020кодекс15.02.22.

R400.88
R400.80 - R400.87 параграфтарының талаптарына сәйкес фирма 
құжаттауы керек: 
(а) 
Бұзушылықты;
(b) 
Жасалған әрекеттерді;
(c) 
Қабылданған негізгі шешімдерді;
(d) 
Корпоративтік басқаруға жауапты тұлғалармен талқыланатын 
барлық мәселелерді; сондай-ақ
(е) 
Кәсіби немесе реттеуші органмен немесе қадағалау органымен 
кез-келген талқылауды. 
R400.89
Егер фирма аудиторлық тапсырманы орындауды жалғастырса, ол 
құжаттауы керек: 
а) 
Фирманың кәсіби пайымына сәйкес объективтілік бұзылмады 
деген қорытындыны; сондай-ақ
(b) 
Фирманың аудиторлық есеп шығаруы үшін жасалған іс-


142 
әрекеттері неліктен бұзушылықтың салдарын қанағаттанарлық 
түрде жойғанын негіздеуді. 


143 
410-БӨЛІМ 
АЛЫМДАР
Кіріспе 
410.1 
Фирмалардан тәуелсіздік қауіптерін анықтау, бағалау және жою үшін 
іргелі қағидаларды сақтау, тәуелсіз болу және 120-бөлімде 
баяндалған тұжырымдамалық негізді қолдану талап етіледі. 
410.2 
Қаламақылардың немесе сыйақының басқа түрлерінің сипаты мен 
деңгейі жеке қызығушылық немесе қорқыту қаупін төндіруі мүмкін. 
Бұл бөлімде осындай жағдайларда тұжырымдамалық негізді 
қолдануға қатысты нақты талаптар мен қолданбалы материалдар 
баяндалған. 
Талаптар және қолданбалы материал 
Төлемдер-салыстырмалы мөлшер
Аудиттің барлық клиенттері
410.3 A1 
Аудиторлық пікірді білдіретін фирма аудиторлық клиенттен алған 
жалпы қаламақылары осы фирманың жалпы қаламақыларының 
едәуір бөлігін құраса, сол клиентке тәуелділік пен клиентті жоғалтуға 
алаңдаушылық жеке қызығушылық немесе қорқыту қаупін 
тудырады. 
410.3 A2 
Мұндай қауіптердің деңгейін бағалауға қатысы бар факторларға 
жататындар: 
• 
Фирманың әрекет етуші құрылымы. 
• 
Компания танымал ма немесе жаңа ма. 
• 
Клиенттің фирма үшін маңыздылығы сапалы және / немесе 
сандық. 
410.3 A3 
Жеке қызығушылықтың немесе қорқытудың осындай қаупінен 
қорғай алатын әрекеттің мысалы аудит клиентіне тәуелділікті азайту 
үшін фирмадағы клиенттік базаны ұлғайту болып табылады. 
410.3 A4 
Жеке қызығушылық немесе қорқыту қаупі фирманың аудит 
клиентінен алатын қаламақысы фирманың бір серіктесінің немесе бір 
кеңсесінің кірісінің едәуір бөлігін құраған кезде де пайда болады. 
410.3 A5 
Мұндай қауіптердің деңгейін бағалауға қатысы бар факторларға 
жататындар: 
• 
Серіктес немесе кеңсе үшін клиенттің сапалы және / немесе 
сандық маңыздылығы. 


144 
• 
Кеңседегі серіктестің немесе серіктестердің сыйақысы 
клиенттен алынған комиссиялықтарға байланысты болу 
деңгейі. 
410.3 A6 
Жеке қызығушылықтың немесе қорқытудың осындай қауіптерінен 
қорғайтын әрекеттердің мысалдарына жататындар: 
• 
Аудит клиентіне тәуелділікті азайту үшін серіктестің немесе 
кеңсенің клиенттік базасын ұлғайту. 
• 
Аудиторлық тапсырмаға қатыспаған, жұмысты тексеретін 
тиісті тексерушінің болуы. 
Қоғамдық мүдделерді білдіретін клиенттердің аудиті
R410.4 
Егер аудитке тапсырыс беруші қоғамдық мүддені білдіретін ұйым 
болып табылса және екі жыл қатарынан клиенттен және онымен 
байланысты ұйымдардан алынатын қаламақылардың жалпы сомасы 
клиенттің қаржылық есептілігі туралы пікір білдіретін фирма алған 
қаламақылардың жалпы сомасының 15%-ынан астамын құраса, 
фирма міндетті: 
(а) 
Корпоративтік басқаруға жауапты тұлғаларға аудитке 
тапсырыс берген клиентті, осындай қаламақылардың жалпы 
сомасы фирма алған қаламақылардың жалпы сомасының 15%-
ынан астамын құрайтынын ашуға; сондай-ақ
(b) 
Келесі әрекеттердің қандай да бірі фирмамен клиенттен алған 
жиынтық қаламақыларымен жасалатын қауіптен қорғау бола 
алатындығын талқылау, егер болатын болса, оны қолдану: 
(i) 
Екінші жылға қаржылық есептілік бойынша аудиторлық 
қорытынды берілгенге дейін қаржылық есептілік туралы 
пікір білдіретін фирманың мүшесі болып табылмайтын 
кәсіби бухгалтер осы тапсырманың орындалу сапасын 
тексеруді орындайды; немесе кәсіби орган тапсырманың 
сапасын бақылауды тексеруге балама болатын осы 
тапсырманы 
тексеруді 
орындайды 
(«алдын 
ала 
тексеру»); немесе 
(ii) 
Екінші жылға қаржылық есептілік бойынша аудиторлық 
қорытынды шығарылғаннан кейін және үшінші жылға 
қаржылық есептілік бойынша аудиторлық қорытынды 
шығарылғанға дейін, қаржылық есептілік бойынша пікір 
білдіретін фирманың мүшесі болып табылмайтын кәсіби 


145 
бухгалтер немесе кәсіби орган тапсырма орындау 
сапасын бақылауды тексеруге ұқсас, екінші жылдың 
аудитін тексереді («шығарылғаннан кейінгі тексеру»). 
R410.5 
R410.4 параграфында сипатталған жалпы алымдар 15%-дан едәуір 
асқанда, фирма қауіптің деңгейі шығарылғаннан кейінгі тексеру 
қауіпті қолайлы деңгейге дейін төмендетпейтіндігін анықтауы керек. 
Бұл жағдайда фирма алдын-ала тексеруді жүргізу керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   207




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет