Кодексi Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 5-6, 24-құжат; "Егемен Қазақстан"



бет25/48
Дата15.06.2016
өлшемі3.69 Mb.
#136952
түріКодекс
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   48

               жасау

      1. Журналистiң заңды кәсiби қызметiн орындауына кедергi келтiретiн не оны бұл мүмкiндiктен толық айыратын жағдайлар туғызу, -


      айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Журналист сұратқан ақпаратты беруден негiзсiз бас тарту не заңдарда белгiленген мерзiмде табыс етпеу, -
      лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 352-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2003.12.05. N 506 Заңымен.

24-тарау. БАСҚАРУДЫҢ БЕЛГIЛЕНГЕН ТӘРТIБIНЕ ҚОЛ СҰҒАТЫН
ӘКIМШIЛIК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ

      353-бап. Заңсыз нормативтiк құқықтық акт шығару


               және оны қолдану

      1. Мемлекеттiк органның лауазымды адамының Конституцияға не өзге де заң актiлерiне қайшы келетiн, жеке тұлғалардың құқықтарын, бостандықтарын және мiндеттерiн, шаруашылық жүргiзушi субъектiлер мен мемлекеттiң заңды мүдделерiн қозғайтын көрiнеу заңсыз нормативтiк құқықтық акт шығаруы, -


      айлық есептiк көрсеткiштiң он беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Белгiленген тәртiппен күшi жойылған, сот күшi жоқ деп таныған, белгiленген тәртiппен ресми жарияланбаған не қолданылу күшiн уәкiлеттi органдар тоқтата тұрған, сондай-ақ әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркеуден өтпеген нормативтiк құқықтық актiлердi орталық атқарушы және өзге де мемлекеттiк органдардың, сондай-ақ жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың лауазымды адамдарының көрiнеу заңсыз қолдануы, -
      айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 353-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап  қолданысқа енгiзiлдi), 2007.07.27. N 314 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

       354-бап. Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк


               тiркеудiң ережелерiн бұзу

      1. Жалпыға мiндеттi маңызы бар, жеке тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен мiндеттерiн қозғайтын нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеудiң заңдармен белгiленген ережелерiн лауазымды адамдардың бұзуы, -


      айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер, -
      айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 354-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап  қолданысқа енгiзiлдi), 2007.07.27. N 314 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      354-1-бап. Мемлекеттiк нышандарды пайдалану тәртiбiн


                бұзу

      1. Жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының мемлекеттiк нышандарын заңсыз пайдалануы, -


      ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Мемлекеттiк нышандарды пайдалану мiндеттi болып табылатын жағдайларда оларды пайдаланбау, -
      ескерту жасауға немесе лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 354-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2003.12.05. N 506 Заңымен.

      354-2-бап. Нормативтiк құқықтық актiлердiң мәтiндерiн


                 кейiннен ресми жариялау тәртiбiн бұзу

      Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген нормативтiк құқықтық актiлердiң мәтiндерiн кейiннен ресми жариялау тәртiбiн бұзу -


      өнiм таралымы тәркiлене отырып не онсыз жеке кәсiпкерлерге айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан отызға дейiнгi мөлшерiнде және заңды тұлғаларға - елуден жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 354-2-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының  2005.10.21. N 80 Заңымен.

      354-3-бап. Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттiк


                  тiркеуге құжаттарды беру мерзiмiн бұзу

      Ескерту. 354-3-баптың тақырыбына өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2011.03.25 N 421-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      Жеке және (немесе) заңды тұлғалардың жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттiк тiркеуге құжаттарды берудiң "Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және олармен мәмiлелердi мемлекеттiк тiркеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген мерзiмiн бұзуы, -
      жеке тұлғаларға он, заңды тұлғалар үшiн - жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 354-3-баппен толықтырылды - ҚР 2007.07.26 N 311 Заңымен, өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2011.03.25 N 421-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      355-бап. Прокуратура, iшкi iстер (полиция), ұлттық


                қауiпсiздiк органдарының, Қазақстан Республикасы
                Президентiнiң Күзет қызметiнiң, қаржы және
                әскери полициясының, кеден органының, шекара
                қызметiнiң , мемлекеттiк өртке қарсы қызмет
                органдары мен өнеркәсiп қауiпсiздiгi саласындағы
                уәкiлеттi орган қызметкерiнiң нұсқауларын
                орындамау немесе заңды өкiмiне немесе талабына
                қасақана бағынбау

      1. Прокуратура, iшкi iстер (полиция), ұлттық қауiпсiздiк органдарының, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметiнiң, қаржы және әскери полицияның, кеден органының, шекара қызметiнiң, мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдары мен өнеркәсiп қауiпсiздiгi саласындағы уәкiлеттi орган қызметкерiнiң нұсқауларын және басқа заңды талаптарын орындамау, -


      лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге - айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - жүзден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға екi жүзден бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Прокуратура, iшкi iстер (полиция), ұлттық қауiпсiздiк, қаржы және әскери полиция органдарының, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметiнiң, кеден органының, шекара қызметiнiң, мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдары мен өнеркәсiп қауiпсiздiгi саласындағы уәкiлеттi орган қызметкерiнiң өздерiнiң қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде заңды өкiмiне немесе талабына қасақана бағынбау, сол сияқты тiл тигiзу не зорлық iс-әрекет жасау қатерiн төндiру, -
      айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға немесе он бес тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамауға алуға әкеп соғады.
      Ескерту. 355-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2001.07.12 N 240, 2002.08.09 N 346, 2006.01.20 N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi), 2008.05.26 N 34 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      355-1-бап. Қорғау нұсқамасын бұзу

      Iшкi iстер органы шығарған қорғау нұсқамасын бұзу,- бес айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. Кодекс 355-1-баппен толықтырылды - ҚР 2010.04.29 № 272-IV Заңымен.

       356-бап. Мемлекеттiк инспекторға өзiнiң қызметтiк


                 мiндеттерiн орындауына кедергi келтiру,
                 қаулыларын, нұсқауларын және өзге де
                 талаптарын орындамау

      1. Мемлекеттiк инспекциялар мен мемлекеттiк бақылау және қадағалау органдарының лауазымды адамдарына өз құзыретiне сәйкес қызметтiк мiндеттерiн орындауына қызмет туралы, кiрiстер туралы, сақтандыру жарналарын есептеу және төлеу туралы қажеттi құжаттарды, материалдарды, ақпаратты, атом энергиясын пайдалану туралы статистикалық (алғашқы статистикалық деректердi қоспағанда) және басқа мәлiметтердi беруден бас тарту арқылы, уәкiлеттi органның қаулысы бойынша ревизия, тексеру, түгендеу, сараптама және заңдармен көзделген басқа да әрекеттердi жүргiзуге жiберуден бас тарту арқылы кедергi келтiру немесе оларды жүзеге асыруға өзге де кедергiлер келтiру не жалған ақпарат беру, -


      жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң үшке дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер, -
      жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң жетiге дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Осы Кодекстiң 130, 147-9, 168, 173, 216, 219, 305, 313-баптарында, 317-баптың екiншi бөлiгiнде, 317-1, 362, 381, 474, 486, 522, 528-баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттiк бақылау мен қадағалау органдары (лауазымды адамдар), мемлекеттiк органдардың лауазымды адамдары өз құзыретi шегiнде берген заңды талаптарын немесе нұсқауларды, ұсынымдарын, қаулыларды орындамау немесе тиiсiнше орындамау, -
      жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң беске дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдар мен жеке кәсiпкерлерге он беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      4. Осы Кодекстiң 481-бабының екiншi бөлiгiнде, 482-бабының бiрiншi бөлiгiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, уәкiлеттi органның лауазымды адамы салған мөрiн (пломбасын) жұлып тастау, -
      жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң беске дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 356-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2003.12.05 N 506, 2004.12.09 N 10, 2006.01.20 N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi), 2007.07.27 N 314 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2008.12.29 N 116-IV (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2010.03.19 № 258-IV Заңдарымен.

       356-1-бап. Бақылау және қадағалау функцияларын заңсыз


                  беру

      Мемлекеттiк органдардың лауазымды адамдарының бақылау және қадағалау функцияларын уәкiлеттi емес тұлғаларға заңсыз беруi, -


      айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 356-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) Заңымен.

       356-2-бап. Билiк өкiлiнiң немесе мемлекеттiк қызмет


                  атқаратын лауазымды адамның атағын өз
                  бетiмен иелену
 
       1. Билiк өкiлеттiктерiн алу мақсатында билiк өкiлiнiң немесе мемлекеттiк қызмет атқаратын лауазымды адамның атағын өз бетiмен иелену, егер бұл әрекетте қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса, -
      жеке тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң отыздан елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекет, -
      жеке тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң елуден жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 356-2-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2007.07.27. N 314 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

       357-бап. Озбырлық

      Озбырлық, яғни бiр адамның заңдармен белгiленген тәртiпке қарамастан, заңсыз жасаған, заңдылығы екiншi бiр адам немесе ұйым тарапынан дау туғызатын iс-әрекетi, егер бұл iс-әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса, -
      ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң беске дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 357-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап  қолданысқа енгiзiлдi) Заңымен.

       357-1-бап. Тиiстi тiркеусiз немесе лицензиясыз, арнайы


                  рұқсатсыз, бiлiктiлiк аттестатынсыз
                  (куәлiгiнсiз) кәсiпкерлiк немесе өзге
                  қызметпен айналысу, сондай-ақ iс-әрекеттердi
                  (операцияларды) жүзеге асыру

       1. Рұқсат, лицензия, бiлiктiлiк аттестаты (куәлiгi) мiндеттi болған жағдайларда, тiркеусiз немесе лицензиясыз, арнайы рұқсатсыз, бiлiктiлiк аттестатынсыз (куәлiгiнсiз) кәсiпкерлiк немесе өзге қызметпен айналысу, сондай-ақ iс-әрекеттердi (операцияларды) жүзеге асыру, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса, -


      әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаудың нысанасы және (немесе) құралы тәркiленiп не онсыз, жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - отыздан қырыққа дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - жүзден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады, ал кәсiпкерлiк немесе өзге қызметпен лицензиясыз айналысу әкiмшiлiк құқық бұзушылық салдарынан алынған кiрiстi (дивидендтердi), ақшаны, бағалы қағаздарды қосымша тәркiлеуге әкеп соғады.
      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер, -
      әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаудың нысанасы және (немесе) құралы тәркiленiп, жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - елуден жүзге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға үш жүзден жетi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады, ал кәсiпкерлiк немесе өзге қызметпен лицензиясыз айналысу әкiмшiлiк құқық бұзушылық салдарынан алынған кiрiстi (дивидендтердi), ақшаны, бағалы қағаздарды қосымша тәркiлеуге әкеп соғады.
      Ескерту. 357-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi), өзгерту енгiзiлдi - 2007.07.27. N 314 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

       357-2-бап. Лицензиялау ережелерi мен нормаларын бұзу

      РҚАО-ның ескертпесi!
      357-2-бапқа өзгерту енгiзу көзделген - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (2012.01.30 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

       1. Заңнамада белгiленген лицензиялық ережелер мен нормаларды бұзу, соның iшiнде лицензияланатын қызмет түрлерiне қойылатын бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келмеу, -


      белгiлi бiр қызмет түрiне лицензияның қолданылуы тоқтатыла тұрып немесе онсыз, жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - елуден жүзге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жүзден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Лицензиаттың лицензия алған кезде көрiнеу дұрыс емес ақпарат беруi, сол сияқты осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер (әрекетсiздiк), сондай-ақ лицензияның қолданылуын тоқтата тұру мерзiмi аяқталғаннан кейiн әкiмшiлiк жауаптылыққа әкеп соққан лицензиялық ережелер мен нормалардың бұзылуын жоймау, -
      белгiлi бiр қызмет түрiне берiлген лицензиядан айыра отырып, жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан қырыққа дейiнгi мөлшерiнде, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жүзден жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға екi жүзден үш жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 357-2-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi), өзгерту енгiзiлдi - 2007.07.27. N 320 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2007.07.27. N 314 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

       357-3-бап. Кәсiпкерлiк қызметпен айналысуға лицензия,


                  арнайы рұқсат, бiлiктiлiк аттестатын
                  (куәлiгiн) беру тәртiбi мен мерзiмiн бұзу

      1. Кәсiпкерлiк қызметтiң белгiлi бiр түрiмен айналысуға лицензия, арнайы рұқсат, бiлiктiлiк аттестатын (куәлiгiн) беру мерзiмiн бұзу, -


      лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Лицензияны, арнайы рұқсатты, бiлiктiлiк аттестатын (куәлiгiн) заңнамада белгiленген тәртiптi бұза отырып беру, -
      лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер, -
      лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң алпыстан жетпiске дейiнгi дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 357-3-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi), өзгерту енгiзiлдi - 2007.01.12. N 222 (жарияланған күнiнен бастап алты ай өткеннен кейiн қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      357-4-бап. Заңды тұлғаларды, филиалдарды, өкiлдiктердi


                  мемлекеттiк тiркеу туралы заңнаманы бұзу

      1. Заңнамада көзделген жағдайларда заңды тұлғаны, филиалды, өкiлдiктi қайта тiркемей, қызметтi жүзеге асыру, -


      шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға қырыққа дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Тiркеушi органға заңды тұлғаның тұратын жерiнiң өзгергенi туралы уақытында хабарламау, -
      шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - он, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 357-4-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2007.01.12. N 222 (жарияланған күнiнен бастап алты ай өткеннен кейiн қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      357-5-бап. Лицензиарға лицензияны және (немесе)


                  лицензияға қосымшаны қайтармау

      Лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның қолданылуы тоқтатылған кезде лицензиаттың он жұмыс күнi iшiнде лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны лицензиарға қайтармауы -


      жеке тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi, лауазымды адамдарға - жиырмаға дейiнгi, заңды тұлғаларға - екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 357-5-баппен толықтырылды - ҚР 2007.01.12 N 222 (ресми жарияланған күнiнен бастап алты ай өткеннен кейiн қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      РҚАО-ның ескертпесi!


      357-6-бап 2012.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi.

      357-6-бап. Қазақстан Республикасының сәйкестендiру


                 нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерi туралы
                 заңнамасын бұзу

      Ескерту. Тақырыпқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2007.07.27 N 314 (2008.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      1. Жария етуге жатпайтын сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерiнде қамтылған мәлiметтердi жария ету, сол сияқты Қазақстан Республикасының сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерi заңнамасын өзге де бұзу, -
      лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген әрекет, -
      лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан отызға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. Кодекс 357-6-баппен толықтырылды - ҚР 2007.01.12 N 224 (2012.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2007.07.27 N 314 (2008.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

       358-бап. Жергiлiктi атқарушы органдар мен өзге де


               уәкiлеттi органдардың салық заңнамасында
               белгiленген мiндеттердi орындамауы

      1. Салық заңнамасына сәйкес осы бөлiкте көрсетiлген органдар бюджетке аударуға тиiс салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер сомаларын жергiлiктi атқарушы органдардың немесе уәкiлеттi органдардың аудармауы, уақтылы немесе толық аудармауы -


      лауазымды адамдарға отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Салық заңнамасында салық қызметi органдарына табыс ету үшiн айқындалған мәлiметтердi жергiлiктi атқарушы органдардың және өзге де уәкiлеттi органдардың табыс етпеуi, уақтылы, дұрыс немесе толық ұсынбауы -
      лауазымды адамдарға отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Жергiлiктi атқарушы органдардың немесе уәкiлеттi органдардың бiржолғы талондарды бермеуi және (немесе) белгiленген құннан аз беруi, сол сияқты салық заңнамасында бiржолғы талондарды беру жөнiндегi жұмысты ұйымдастыруға қойылатын талаптарды сақтамауы, -
      лауазымды адамдарға отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      4. Осы баптың бiрiншi, екiншi және үшiншi бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер (әрекетсiздiк), -
      алпыс айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 358-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2004.12.13. N 11 (күшiне ену тәртiбiн 2-баптан қараңыз), өзгерту  енгiзiлдi - 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап  қолданысқа енгiзiлдi), 2006.12.11. N 201 (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi), 2007.07.27. N 314 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

       358-1-бап. Заң актiлерiнде көзделген жағдайларда


                 жекелеген негiздер бойынша мемлекет
                 меншiгiне түскен мүлiктi есепке алу мен одан
                 әрi пайдалану ережелерiн бұзу

      1. Заң актiлерiнде көзделген жағдайларда жекелеген негiздер бойынша мемлекет меншiгiне түскен мүлiктi уәкiлеттi органға толық және (немесе) дер кезiнде тапсырмау, -


      жеке тұлғаларға - сегiз, лауазымды адамдарға - он бес, заңды тұлғаларға - қырық бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Заң актiлерiнде көзделген жағдайларда жекелеген негiздер бойынша мемлекет меншiгiне түскен мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау және сату тәртiбiн сақтамау, сондай-ақ осындай мүлiктi сатудан түскен соманы мемлекеттiк бюджетке дер кезiнде аудармау, -
      лауазымды адамдарға - он бес, заңды тұлғаларға - қырық бес айлық есептiк көрсеткiш айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 358-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2003.12.05. N 506 , өзгерту енгiзiлдi - 2006.12.11. N 201 (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) Заңдарымен.

       359-бап. Салық құпиясын құрайтын мәлiметтердi жария ету

      Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгiленген тәртiппен салық құпиясы болып табылатын мәлiметтердi осындай мәлiметтер туралы өзiне белгiлi болған адамдардың кәсiптiк немесе қызметтiк қажеттiлiксiз жария етуi, —
      айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан қырыққа дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 359-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2001.07.12 N 240 , 2008.12.10 N 101-IV (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

       360-бап. Мемлекет уәкiлеттiк берген органдардың



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   48




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет