Кодексі Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы



бет59/78
Дата26.02.2016
өлшемі7.92 Mb.
#27583
түріКодекс
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   78
Ескерту:

* банк операцияларына байланысты қызметті лицензиялау үшін лицензиялық алым ставкалары:

екінші деңгейдегі банктер үшін - АЕК-тің 80 еселенген мөлшері;

банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар үшін АЕК-тің 40 еселенген мөлшері.

 

472-бап. Есептеу мен төлеу тәртібі



2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Алым сомасы белгiленген мөлшерлемелер бойынша есептеледi және дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар - өздерінің орналасқан жері бойынша және жеке тұлғалар - тұрғылықты жерi бойынша тиiстi құжаттарды лицензиарға бергенге дейiн бюджетке төленедi.

2. Ойын бизнесі саласындағы қызметті жүзеге асырудың бірінші жылында лицензия алатын төлеушілер алым сомасын лицензиарға тиісті құжаттарды бергенге дейін төлейді.

3. Ойын бизнесі саласындағы қызметті жүзеге асыруға лицензия алған төлеушілер алым сомасын жыл сайын ағымдағы жылдың 20 қаңтарына дейін төлейді.

2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



4. Алым төлеген тұлғалар лицензиарға тиісті құжаттарды тапсырғанға дейін лицензия алудан бас тартқан жағдайларды қоспағанда, төленген алымның сомаларын қайтару немесе есепке жатқызу жүргізілмейді.

Бұл ретте төленген алым сомаларын қайтаруды немесе есепке жатқызуды алым төлеушінің салықтық өтініші бойынша лицензия алуға арналған құжаттарды аталған тұлғаның тапсырмағанын растайтын, лицензиар берген құжатты ол тапсырғаннан кейін осы Кодекстің 599 және 602-баптарында белгіленген тәртіппен олардың төленген жері бойынша салық органы жүргізеді.

 

 



68-тарау. ТЕЛЕВИЗИЯ ЖӘНЕ РАДИО ХАБАРЛАРЫН ТАРАТУ ҰЙЫМДАРЫНА РАДИОЖИІЛІК СПЕКТРІН  ПАЙДАЛАНУҒА РҰҚСАТ БЕРГЕНІ ҮШІН АЛЫМ

 

473-бап. Жалпы ережелер

2012.18.01. № 546-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Байланыс саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган Қазақстан Республикасының телевизия және радио хабарларын тарату ұйымдарына радиожиiлiк спектрiн пайдалануға рұқсат (рұқсат телнұсқасын) (бұдан әрi - рұқсат) берген кезде ұқсас сигнал арқылы қызметті жүзеге асыратын телевизия және радио хабарларын тарату ұйымдарына радиожиiлiк спектрiн пайдалануға рұқсат бергенi үшiн алым (бұдан әрi - алым) алынады.

Осы тараудың ережелері бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган берген лицензияның негізінде жұмыс істейтін Қазақстан Республикасының телевизия және радио хабарларын тарату ұйымдарына қолданылады.

2. Рұқсат беру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.

2012.18.01. № 546-ІV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. Радиожиілік спектрінің белдеулерін (номиналдарын) бөлу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес конкурстық негізде жүргізілуі мүмкін.

Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында еркін қолжетімді теле-, радиоарналарды трансляциялауды қамтамасыз ету мақсатында ұлттық телерадио хабарларын тарату операторына радиожиілік спектрінің белдеулері (номиналдары) конкурс өткізбей бөлінеді.

Радиожиілік спектрінің белдеулерін (номиналдарын) конкурс өткізу арқылы бөлу кезінде алынатын бір жолғы сомалар осы тарауға сәйкес төленуге жататын алымның есебіне жатқызылмайды.

4. Байланыс саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдар телевизия және радио хабарларын тарату ұйымдарының орналасқан жері бойынша салық органдарына уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша алым төлеушілер мен салық салу объектілері туралы ақпаратты тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15-інен кешіктірмей табыс етеді.

 

474-бап. Алым төлеушілер



1. Осы Кодекстің 473-бабының 1-тармағында аталған телевизия және радио хабарларын тарату ұйымдары алым төлеушілер болып табылады.

2. Өздеріне жүктелген функционалдық міндеттерін орындау үшін радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат алатын мемлекеттік мекемелер алым төлеушілер болып табылмайды.

 

475-бап. Алым ставкалары



2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 475-бап өзгертілді (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)

Алым ставкалары тиісті республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған айлық есептiк көрсеткiш (бұдан әрi осы баптың мәтiнi бойынша - АЕК) мөлшерін негізге ала отырып, аумағында телевизия және радио хабарларын тарату қызметтері көрсетілетін елді мекенде тұратын халық санына, хабар таратқыш құралдың қуаты мен телевизия және (немесе) радио хабарларын тарату арналарының санына байланысты белгіленеді және мынаны құрайды:

 


Рет №

Қолдану/радиожиілік өрісі

Халық саны

(мың адам)

Хабар таратқыш құралдың қуаты (Вт)

Бір арна үшін алым ставкасы (АЕК)

1

2

3

4

5

1.

Радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат бергені үшін:

 

 

 

1.1.

Телевизия/метрлiк

 

 

 

1.1.2.

 

10-ға дейiн қоса алғанда

100-гe дейiн қоса алғанда

 

20

1.1.3.

 

10-нан 50-ге дейiн қоса алғанда

500-ге дейiн қоса алғанда

 

41

1.1.4.

 

10-нан 50-ге дейiн қоса алғанда

500-ден астам

 

 

83



1.1.5.

 

50-ден 100-ге дейiн қоса алғанда

1000-ғa дейiн қоса алғанда

 

124

1.1.6.

 

50-ден 100-ге дейiн қоса алғанда

1000-нан астам

 

 

249



1.1.7.

 

100-ден 200-гe дейiн қоса алғанда

1000-ғa дейiн қоса алғанда

 

290

1.1.8.

 

100-ден 200-гe дейiн қоса алғанда

1000-нан астам

 

435

1.1.9.

 

200-ден 500-гe дейiн қоса алғанда

2000-ғa дейiн қоса алғанда

 

828

1.1.10.

 

200-ден 500-гe дейiн қоса алғанда

2000-нан астам

 

 

1243



1.1.11.

 

500-ден астам

5000-ға дейін қоса алғанда

 

2367

1.1.12.

 

500-ден астам

5000-нан астам

3550

1.2.

Телевизия/

дециметрлiк

 

 

 

1.2.1.

 

10-ға дейiн қоса алғанда

100-гe дейiн қоса алғанда

 

13

1.2.2.

 

10-нан 50-ге дейiн қоса алғанда

500-ге дейiн қоса алғанда

 

 

26



1.2.3.

 

10-нан 50-ге дейiн қоса алғанда

500-ден астам

 

 

52



1.2.4.

 

50-ден 100-ге дейiн қоса алғанда

1000-ғa дейiн қоса алғанда

 

 

78



1.2.5.

 

50-ден 100-ге дейiн қоса алғанда

1000-нан астам

 

 

155



1.2.6.

 

100-ден 200-гe дейiн қоса алғанда

1000-ғa дейiн қоса алғанда

 

 

181



1.2.7.

 

100-ден 200-гe дейiн қоса алғанда

1000-нан астам

 

 

272



1.2.8.

 

200-ден 500-гe дейiн қоса алғанда

2000-ғa дейiн қоса алғанда

 

 

518



1.2.9.

 

200-ден 500-гe дейiн қоса алғанда

2000-нан астам

 

 

777



1.2.10.

 

500-ден астам

5000-ға дейін қоса алғанда

 

1479

1.2.11.

 

500-ден астам

5000-нан астам

2219

1.3.

Радио хабарларын тарату/УҚT

 ЧМ(FМ)



 

 

 

1.3.1.

 

10-ға дейiн қоса алғанда

100-гe дейiн

 

5

1.3.2.

 

10-нан 50-ге дейiн қоса алғанда

500-ге дейiн қоса алғанда

 

9

1.3.3.

 

10-нан 50-ге дейiн қоса алғанда

500-ден астам

 

 

18



1.3.4.

 

50-ден 100-ге дейiн қоса алғанда

1000-ғa дейiн қоса алғанда

 

27

1.3.5.

 

50-ден 100-ге дейiн қоса алғанда

1000-нан астам

 

53

1.3.6.

 

100-ден 200-гe дейiн қоса алғанда

1000-ғa дейiн қоса алғанда

 

62

1.3.7.

 

100-ден 200-гe дейiн қоса алғанда

1000-нан астам

 

93

1.3.8.

 

200-ден 500-гe дейiн қоса алғанда

2000-ғa дейiн қоса алғанда

 

 

178



1.3.9.

 

200-ден 500-гe дейiн қоса алғанда

2000-нан астам

 

266

1.3.10.

 

500-ден астам

5000-ға дейін қоса алғанда

 

488

1.3.11.

 

500-ден астам

5000-нан астам

 

732

1.4.

Радио хабарларын тарату/ҚТ, ОТ, ҰТ

 

 

 

1.4.1.

 

500-ден астам

100-гe дейiн қоса алғанда

 

5

1.4.2.

 

500-ден астам

100-ден 1000-ға дейін қоса алғанда

 

15

1.4.3.

 

500-ден астам

1000-нан 10000-ға дейін қоса алғанда

 

30

1.4.4.

 

500-ден астам

10000-нан 100000-ға дейін қоса алғанда

 

45

1.4.5.

 

500-ден астам

100000-нан бастап

 

89

2.

Рұқсаттың телнұсқасын бергені үшін алым ставкасы

 

 

 

2

 

476-бап. Есептеу мен төлеу тәртібі

1. Алым сомасы белгіленген ставкалар бойынша есептеледі және байланыс саласындағы уәкілетті мемлекеттік органнан рұқсат алғанға дейін телевизия және радио хабарларын тарату ұйымдарының орналасқан жері бойынша бюджетке төленеді.

2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



2. Алым төлеген тұлғалар байланыс саласындағы мемлекеттік уәкілетті органға тиісті құжаттарды тапсырғанға дейін рұқсатты (рұқсаттың телнұсқасын) алудан бас тартқан жағдайларды қоспағанда, төленген алым сомаларын қайтару немесе есепке жатқызу жүргізілмейді.

Бұл ретте бюджетке төленген алым сомаларын қайтаруды немесе есепке жатқызуды алым төлеушінің салықтық өтініші бойынша рұқсат алуға арналған құжаттарды аталған тұлғаның тапсырмағанын растайтын, байланыс саласындағы мемлекеттік уәкілетті орган берген құжатты ол тапсырғаннан кейін осы Кодекстің 599 және 602-баптарында белгіленген тәртіппен олардың төленген жері бойынша салық органы жүргізеді.

 

 



69-тарау. ЖЕР УЧАСКЕЛЕРІН ПАЙДАЛАНҒАНЫ ҮШІН ТӨЛЕМАҚЫ

 

477-бап. Жалпы ережелер



1. Жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы (бұдан әрі - төлемақы) мемлекеттің жер учаскелерін өтемін төлеп уақытша жер пайдалануға (жалға) бергені үшін алынады.

2. Жер учаскелерін өтемін төлеп уақытша жер пайдалануға (жалға) беру тәртібі Қазақстан Республикасының Жер кодексінде белгіленеді.

3. Жер қатынастары жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органдар, ал арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарында жергілікті атқарушы органдар немесе арнайы экономикалық аймақтардың әкімшіліктері тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15-інен кешіктірмей өзінің орналасқан жері бойынша салық органдарына уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша төлемақы төлеушілер мен салық салу объектілері туралы мәліметтерді табыс етеді.

 

478-бап. Төлемақы төлеушілер



1. Жер учаскесін өтемін төлеп уақытша жер пайдалануға (жалға) алған жеке және заңды тұлғалар төлемақы төлеушілер болып табылады.

2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



2. Заңды тұлға өз шешімімен өзінің құрылымдық бөлімшесін осындай құрылымдық бөлімшенің орналасқан жері бойынша орналасқан салық салу объектілері жөніндегі төлемақыны дербес төлеуші ретінде тануға құқылы.

Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, заңды тұлғаның осындай тану немесе осындай тануды тоқтату туралы шешімі мұндай шешім қабылданған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

Егер жаңадан құрылған құрылымдық бөлімше төлемақыны дербес төлеуші ретінде танылған жағдайда, заңды тұлғаның осындай тану туралы шешімі осы құрылымдық бөлімше құрылған күннен бастап немесе осы құрылымдық бөлімше құрылған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

3. Мыналар:



шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимі қолданылатын қызметте пайдаланылатын жер учаскелері бойынша бірыңғай жер салығын төлеушілер;

концессия шартында көрсетілген, бірақ өтемін төлеп уақытша жер пайдалану құқығын беру туралы шешім қабылданған күннен бастап бес жылдан аспайтын мерзімге Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жасалған концессия шартын іске асыру мақсатында берілген жер учаскелері бойынша концессионер төлемақы төлеушілер болып табылмайды.

 

479-бап. Салық салу объектісі



Мемлекет өтемін төлеп уақытша жер пайдалануға беретін жер учаскесі салық салу объектісі болып табылады.

 

480-бап. Төлемақы ставкалары



Төлемақы ставкалары Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес айқындалады. Бұл ретте осы Кодекстің 387-бабының 2, 5-тармақтарында көзделген ережелерді есептемегенде, төлемақы ставкалары жер салығы ставкаларының мөлшерінен кем белгіленбейді.

 

481-бап. Есептеу мен төлеу тәртібі



1. Төлемақы сомасы жер қатынастары жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен, ал арнайы экономикалық аймақтар аумағында жергілікті атқарушы органмен немесе арнайы экономикалық аймақтың әкімшілігімен жасалған өтемін төлеп уақытша жер пайдалану шарттарының негізінде есептеледі.

Төлемақының жыл сайынғы сомасы - жер қатынастары жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органдар, ал арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарында жергілікті атқарушы органдар немесе арнайы экономикалық аймақтардың әкімшіліктері жасаған есеп-қисаптарда белгіленеді.

Шарттардың талаптары, сондай-ақ осы Кодексте белгіленген жер салығын есептеудің тәртібі өзгерген жағдайларда - жер қатынастары жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органдар, ал арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарында жергілікті атқарушы органдар немесе арнайы экономикалық аймақтардың әкімшіліктері төлемақы сомасының есеп-қисаптарын қайта қарайды.

2. Салық кезеңінде төленуге жататын төлемақы мөлшері есеп-қисаптарда көрсетілген төлемақы ставкаларына және салық кезеңінде жер учаскесін пайдалану кезеңін негізге ала отырып айқындалады.

3. Төлемақы мөлшері осы Кодекске сәйкес осы жер учаскесі бойынша есептелген жер салығы сомаларының мөлшерінен кем белгіленбейді.

2010.21.01. № 242-IV Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



4. Ауыл шаруашылығы өнімдерін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндіруші заңды тұлғалар мен селолық тұтыну кооперативтеріне арналған арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер төлемақыны есептеуді осы Кодекстің 451-бабында белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып жүргізеді.

5. Осы баптың 6-тармағында аталған төлеушілерді қоспағанда, төлемақы төлеушілер ағымдағы төлемақы сомаларын бюджетке ағымдағы жылдың 25 ақпанынан, 25 мамырынан, 25 тамызынан және 25 қарашасынан кешіктірмей тең үлестермен төлейді.



Мемлекет жер учаскелерін өтемін төлеп уақытша жер пайдалануға төлемақы төлеудің жоғарыда санамаланған мерзімдерінен кейін берген жағдайларда, төлемақы төлеудің келесі (кезекті) мерзімі төлемақыны бюджетке енгізудің алғашқы мерзімі болып табылады.

Мемлекет жер учаскелерін өтемін төлеп уақытша жер пайдалануға төлемақы төлеудің соңғы мерзімінен кейін берген жағдайларда, жер учаскесі берілген айдан кейінгі айдың 25-і бюджетке төлеу мерзімі болып есептеледі.

6. Дара кәсіпкерлер болып табылмайтын жеке тұлғалар төлемақы сомаларын есепті салық кезеңінің 25 ақпанынан кешіктірмей төлейді.



Жер учаскесі белгіленген мерзімнен кейін алынған жағдайда, төлемақыны төлеу жер учаскесін өтемін төлеп уақытша жер пайдалануға алған айдан кейінгі айдың 25-інен кешіктірілмей жүргізіледі.

7. Өтемін төлеп уақытша жер пайдалану шартының мерзімі біткен соң немесе салық кезеңі басталғаннан кейін ол бұзылған жағдайда, қалған мерзім үшін бюджетке енгізілуге жататын төлемақы сомасы, шарттың қолданылу мерзімі аяқталған күннен бастап күнтізбелік он бес күннен кешіктірілмей төленеді.

8. Төлемақы сомасы жер учаскелерінің орналасқан жері бойынша бюджетке төленеді.

2011.21.07. № 470-ІV ҚР Заңымен 9-тармақпен толықтырылды (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)



9. Қызметін арнайы экономикалық аймақтардың аумағында жүзеге асыратын ұйымдар жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемді осы Кодекстің 151-1, 151-2, 151-3-баптарының 2-тармақтары 2) тармақшаларының үшінші абзацтарында, 151-4-баптың 3-тармағы 2) тармақшасының үшінші абзацында, 151-5 және 151-6-баптарының 2-тармақтары 2) тармақшаларының үшінші абзацтарында белгіленген ережелерді ескере отырып есептейді.

 

482-бап. Салық кезеңі



Салық кезеңі осы Кодекстің 148-бабына сәйкес айқындалады.

 

483-бап. Салық есептілігі



2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Дара кәсіпкерлер болып табылмайтын жеке тұлғаларды, сондай-ақ мүлiк салығы бойынша салық базасы осы Кодекстің 406-бабына сәйкес есептелетін салық салу объектілері орналасқан және (немесе) жеке тұрғын үй құрылысына бөлінген жер учаскелерi бойынша дара кәсiпкерлерді қоспағанда, төлемақы төлеушілер жер учаскелерінің орналасқан жері бойынша салық органдарына ағымдағы төлемдер сомаларының есеп-қисабын ұсынады.

2. Төлемақы төлеушілер ағымдағы төлемдер сомаларының есеп-қисабын есепті салық кезеңінің 20 ақпанынан кешіктірмей табыс етеді.

3. Салық кезеңі басталғаннан кейін өтемін төлеп уақытша жер пайдалану туралы шарт жасасқан тұлғалар ағымдағы төлемдер сомаларының есеп-қисабын шарт жасалған айдан кейінгі айдың 20-сынан кешіктірмей табыс етеді.

4. Бірінші салық кезеңінде ағымдағы төлемдер сомаларының есеп-қисабымен бірге жер қатынастары жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен немесе арнайы экономикалық аймақтың әкімшілігімен жасалған өтемін төлеп уақытша жер пайдалану туралы шарттың нотариат куәландырған көшірмесі табыс етіледі.



Одан кейінгі кезеңдерде шарттың нотариат куәландырған көшірмесі төлемақы сомалары немесе шарттың талаптары өзгерген кезде ғана табыс етіледі.

 5. Уақытша жер пайдалану туралы шарттың қолданылу мерзімі аяқталған соң немесе салық кезеңі басталғаннан кейін жергілікті атқарушы орган немесе арнайы экономикалық аймақтың әкімшілігі оны бұзған кезде, ағымдағы төлемдер сомаларының есеп-қисабы шарттың қолданылу мерзімі аяқталған (бұзылған) күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірілмей табыс етіледі.

 

 

70-тарау. ЖЕР ҮСТІ КӨЗДЕРІНІҢ СУ РЕСУРСТАРЫН  ПАЙДАЛАНҒАНЫ ҮШІН ТӨЛЕМАҚЫ



 

484-бап. Жалпы ережелер

1. Жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы (бұдан әрі - төлемақы) жер үсті көздерінен суды ала отырып немесе оны алмай, арнаулы су пайдаланудың барлық түрлері үшін алынады.

2. Арнаулы су пайдалану су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган беретін рұқсат беру құжатының негізінде жүзеге асырылады.

3. Ресімделген рұқсат құжатсыз арнаулы су пайдалану суды алудың нақты көлемі белгіленген лимиттерден асып түсетін су пайдалану ретінде қарастырылады.

4. Су пайдаланудың арнаулы түрлері Қазақстан Республикасының су заңнамасында белгіленеді.

2009.30.12. № 234-ІV ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2010 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)

5. Cу қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдардың өңірлік органдары өзінің орналасқан жері бойынша салық органдарына уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша төлемақы төлеушілер мен салық салу объектілері туралы мәліметтерді тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 25-інен кешіктірмей табыс етеді.

 

485-бап. Төлемақы төлеушілер



Мынадай:

1) жер үсті көздерінен және теңіз суларынан механикалық және өзі ағып жатқан суды алу жөніндегі стационарлық, жылжымалы және жүзбелі құрылғыларды пайдалана отырып;

2) гидравликалық электр станцияларын пайдалана отырып;

3) балық шаруашылығын жүргізу үшін су шаруашылығы құрылғыларын пайдалана отырып;

4) 2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5) су көлігі мұқтаждары үшін жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдалануды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі - бастапқы су пайдаланушылар) төлемақы төлеушілер болып табылады.

 

486-бап. Салық салу объектілері



1. Мыналар салық салу объектілері болып табылады:

1) мыналарды:



бөгеттерге және басқа да тірек гидротехникалық және су реттеуші құрылғыларға шоғырландырылатын су көлемін;

ағынды бассейнаралық бұруды жүзеге асыратын арналарда және ағынды реттеуді жүзеге асыратын ернеуден тыс cу қоймаларында сүзуге және булануға кететін, су шаруашылығы жүйелерінің жобалық деректері негізінде су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган растаған су шығындарын;

су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекіткен табиғат қорғау және (немесе) санитарлық-эпидемиологиялық су ағызу көлемін;

су тасқынын, су басуды және су астында қалуды болғызбау мақсатында жүзеге асырылатын, су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган растаған суару жүйелеріне мәжбүрлі түрде су жинау көлемін қоспағанда, жер үсті су көзінен алынған судың көлемі;

2) өндірілген электр энергиясының көлемі;

3) су көлігімен тасымалдау көлемі;

4) 2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Төлемақы кеме тіркемесінсіз сүректі ағызуға, рекреацияға, жер қазатын техниканы қолдануға, батпақты құрғатуға қолданылмайды.

 

487-бап. Төлемақы ставкалары



2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)

1. Төлемақы ставкаларын облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті өкілді органдары су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен төлемақы есеп-қисабының әдістемесі негізінде белгілейді.

2. Су алудың нақты көлемі cу қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген су пайдалану лимиттерінен асып кеткен жағдайда, осы баптың 1-тармағында көзделген төлемақы ставкалары осындай асып кенткен бөлігінде бес есе ұлғайтылады.

 

488-бап. Есептеу мен төлеу тәртібі



1. Төлемақы сомасын су пайдаланудың нақты көлемі мен белгіленген ставкаларды негізге ала отырып, төлеушілер дербес есептейді.

2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



2. Төлеушілер (шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілерден басқа) нақты пайдаланылған су көлемі үшін ағымдағы төлемақы сомаларын су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген ай сайынғы су пайдалану лимиттерінің негізінде есепті тоқсаннан кейін екінші айдың 25-інен кешіктірмей бюджетке төлейді.

3. Төлемақы сомасы рұқсат құжатында көрсетілген арнаулы су пайдаланылатын жер бойынша бюджетке төленеді.

 

489-бап. Салық төлеушілердің жекелеген санаттарының



төлемақыны есептеуі мен төлеуінің ерекшеліктері

1. Шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер төлемақы төлеуді осы Кодекстің 446-бабында белгіленген мерзімде жүргізеді.

2. Жеке және заңды тұлғалар тірек гидротехникалық және суды реттейтін құрылыстары бар су объектілерінде су көліктерімен тасымалдау көлеміне жүк тасымалының тонна/километрі үшін төлемақы төлейді.

3. Жылу энергетикасы кәсіпорындары тұрғын үй-пайдалану және коммуналдық қажеттеріне жылу энергиясын өндіруге жұмсалатын су үшін төлемақы мөлшерін тұрғын үй-пайдалану және коммуналдық қызмет көрсету ұйымдары үшін көзделген ставкалар бойынша айқындайды.

4. Агрегаттарды суыту (суды қайталап тұтыну) үшін технологиялық қажеттерге су алу лимиті шегінде су алатын жылу энергетикасы кәсіпорындары төлемақы мөлшерін тұрғын үй-пайдалану және коммуналдық қызмет көрсету ұйымдары үшін көзделген ставкалар бойынша айқындайды. Суды қайтарусыз тұтыну төлемақысының мөлшері өнеркәсіп кәсіпорындары үшін белгіленген ставкалар бойынша айқындалады.

 

490-бап. Салық кезеңі



Салық кезеңі осы Кодекстің 148-бабына сәйкес айқындалады.

 

491-бап. Салық есептілігі



1. Төлемақы төлеушілер арнаулы су пайдалану орны бойынша салық органдарына декларация табыс етеді.

2. Төлемақы төлеушілер, осы баптың 3-тармағында аталғандарды қоспағанда, тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірмей декларация табыс етеді.

3. Шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер төлемақы жөніндегі декларацияны табыс етпейді.

4. Декларациялар салық органына табыс етілгенге дейін cу қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның өңірлік органында куәландырылады.

 

 

71-тарау. ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ЭМИССИЯ  ҮШІН ТӨЛЕМАҚЫ



 

492-бап. Жалпы ережелер

1. Қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы (бұдан әрі - төлемақы) қоршаған ортаға эмиссия үшін арнайы табиғат пайдалану тәртібімен алынады.

2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)



2. Қозғалмалы көздерден шығатын ластағыш заттар шығарындыларын қоспағанда, арнайы табиғат пайдалану қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган немесе облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - рұқсат құжатын беретін орган) беретін экологиялық рұқсат (бұдан әрі - рұқсат құжаты) негізінде жүзеге асырылады.

3. Белгіленген тәртіппен ресімделмеген рұқсат құжатынсыз қоршаған ортаға эмиссиялар, қозғалмалы көздерден шығатын ластағыш заттар шығарындыларын қоспағанда, қоршаған ортаға белгіленген эмиссиялар нормативтерінен артық қоршаған ортаға эмиссиялар ретінде қарастырылады.

2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)

4. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның аумақтық органдары және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары өзінің орналасқан жері бойынша салық органдарына уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша төлемақы төлеушілер мен салық салу объектілері туралы мәліметтерді тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірмей табыс етеді.

 

493-бап. Төлемақы төлеушілер



1. Қазақстан Республикасының аумағында қызметін арнайы табиғат пайдалану тәртібімен жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар төлемақы төлеушілер болып табылады.

2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



2. Заңды тұлға өз шешімімен өзінің құрылымдық бөлімшесін осындай құрылымдық бөлімшенің орналасқан жері бойынша салық салу объектілері жөніндегі төлемақыны дербес төлеуші ретінде тануға құқылы.

Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, заңды тұлғаның осындай тану немесе осындай тануды тоқтату туралы шешімі мұндай шешім қабылданған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

Егер жаңадан құрылған құрылымдық бөлімше төлемақыны дербес төлеуші ретінде танылған жағдайда, заңды тұлғаның мұндай тану туралы шешімі осы құрылымдық бөлімше құрылған күннен бастап немесе осы құрылымдық бөлімше құрылған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

2011.03.12. № 505-ІV ҚР Заңымен 494-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   78




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет