Кодексіне түсіндірме жалпы және Ерекше бөліктер алматы «жеті жарғЫ» 2015


-  6 а п. Жазаның өтелмеген бөлігін негурлым жеңіл жаза түрімен ауыстыру не тагайын-



Pdf көрінісі
бет119/678
Дата21.02.2024
өлшемі7.26 Mb.
#492628
түріКодекс
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   678
Ағыбаев қылмыстық

73- 
6 а п. Жазаның өтелмеген бөлігін негурлым жеңіл жаза түрімен ауыстыру не тагайын- 
далган жаза мерзімін қысқарту 
Жазаның өтелмеген бөлігін жеңілірек жазамен ауыстырудың жазадан шартты түрде мерзімінен 
бүрын босатудың айырмашылығы оның шартсыз, түпкілікті босатылуында бо- лып табылады. 
Жазаның өтелмеген бөлігін жеңілірек жазамен ауыстырудың негізі болып жазадан шарггы түрде 
мерзімінен бүрын босатудагы сияқты сотталған адамның үлгілі мінез-кұлкы және еңбекке, оқуга 
деген адал көзкарасы есепкеалынады. Соттәжірибесінде түзелу жолына нақты түскен адамдарға ғана 
жазаны ауыстыру қолданылады. Мүндай жағдайда жазаның алға қойган мақсатына түпкілікті жету 
жеңілірек жазаны өтеу арқылы- ак жүзеге асырылады. Жазаның өтелмеген бөлігін жеңілірек 
жазамен ауыстыру кыскарту немесе тағайындалған жазаның мерзімін қысқарту сотталған адамға 
мына негіздерде қолданылуы мүмкін: 
1. Онша ауыр емес, ауырлығы орташа немесе ауыр қылмыс үшін бас бостандығынан айыруды 
өтеп жатқан адамға, ол кылмыспен келтірілген залалды толық өтеген не жаза- ны өтеудін 
белгіленген тэртібін қаскөйлікпен бұзбаған жағдайда, сот жазаның калған өтелмеген бөлігін 
неғұрлым жеңіл жаза түрімен ауыстыруы мүмкін. Бүл ретте адам, өмір бойына тағайындалган 
жазаларды қоспаганда, жазаның қосымша түрін өтеуден толык немесе ішінара босатылуы мүмкін. 
2. Жазаның өтелмеген бөлігі, сотталған адам онша ауыр емес жэне ауырлығы орташа қылмыс 
жасағаны үшін жаза мерзімінің кемінде төрттен бірін, ауыр қылмысы үшін не- месе бас 
бостандыгынан айыру түріндегі жазаны өтеуден бүрын шартты түрде мерзімі- нен бүрын босатылған 
және жазаның қалған өтелмеген бөлігі кезеңінде жаңа қылмыстар жасаган адам жаза мерзімінің 
үштен бірін іс жүзінде өтегеннен кейін негұрлым жеңіл жаза түрімен ауыстырылуы мүмкін. 
Жазаның өтелмеген бөлігін негұрлым жеңіл жаза түрімен ауыстыру адамдардың қаза табуына 
әкеп соққан не аса ауыр қылмыс жасаумен үштасқан террористік немесе экстремистік қылмыс, 


224 
сондай-ак кылмыстық топтың кұрамында жасалган қылмыс, жас балаларға жыныстық 
тиіспеушілікке қарсы жасалган қылмыс үшін сотталған адамдарға қатысты қолданылмайды. 
3. Жазаның өтелмеген бөлігін ауыстыру кезінде сот бас бостандыгынан айырудың төрт күніне 
бір айлық есептік көрсеткіш есебімен айыппүлды не бас бостандығынан айырудың бір күніне бас 
бостандыгын шектеудің бір күні есебімен бас бостандығын шектеуді таңдауы мүмкін. Айыппұлға 
ауыстырудың шарты қылмыспен келтірілген за- лалды толық өтеу болып табылады. 
4. Онша ауыр емес, ауырлығы орташа, ауыр қылмыстар немесе аса ауыр қылмыстар үшін бас 
бостандығынан айыруды өтеп жатқан адамга, егер ол жазаны өтеу кезеңінде қылмыстық топ жасаган 
қылмыстарды ашуга жэне тергеп-тексеруге ықпал еткен не процестік келісімнің барлық талаптарын 
орындаган жағдайда, сот қалган өтелмеген жазасының жартысынан аспайтын бөлігін қысқарта 
алады (ҚК-тің 73-бабы). 
Жазаның өтелмеген бөлігі жеңілірек жазамен ауыстырылу қолданылған сотталган адамды сот 
қосымша жазадан толық немесе ішінара босатуы да, босатпауы да мүмкін. Бүл мәселе накты 
жагдайларга қарап шешіледі. Егер жеңілірек жазамен ауыстырылған ретте, қосымша жаза одан гөрі 
қатаңырақ болса, мүндай ретте сотталған адам мін- детті түрде қосымша жазадан да босатылуы 
қажет. Жаза жеңілірек жазамен ауысты- рылу қолданылған адам жазаның өтелмеген бөлігі ішінде 
қылмыс істесе, сот мүндай жагдайда кінәлі адамға ҚК-нің 60-бабына сәйкес, үкімдердің жиынтыгы 
бойынша жаза тағайындайды да, бірінші үкім бойынша өтелмей қалған жазаны соңғы жазага қосады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   678




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет