Кодексіне түсіндірме жалпы және Ерекше бөліктер алматы «жеті жарғЫ» 2015


-  6 а п. Хат жазысу, телефонмен сөйлесу, пошта, телеграф хабарлары немесе өзге де



Pdf көрінісі
бет229/678
Дата21.02.2024
өлшемі7.26 Mb.
#492628
түріКодекс
1   ...   225   226   227   228   229   230   231   232   ...   678
Ағыбаев қылмыстық

148- 
6 а п. Хат жазысу, телефонмен сөйлесу, пошта, телеграф хабарлары немесе өзге де 
хабарлар қүпиясын заңсыз бузу 
1. 
Жеке тұлгалардың хат жазысу, телефонмен сөйлесу, пошта, телеграф хабарлары 
немесе өзге де хабарлар құпиясын заңсыз бұзу - 
екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуга не сол мөлшерде 
түзеу жұмыстарына не екі жылга дейінгі мерзімге бас бостандыгын шектеуге не сол
 
мер- 
зімге бас бостандыгынан айыруга жазаланады. 
2. 
Адам өзінің қызмет бабын немесе ақпаратты жасырын алуга арналган арнайы 
техникалық құралдарды пайдалана отырып жасаган не электрондық ақпараттық 
ресурстарга, ақпараттық жүйеге заңсыз кіру немесе ақпараттық-коммуникациялық желі 
бойынша берілетін ақпаратты заңсыз ұстап қалу жолымен жасалган дәл сол іс-әрекет
 -
 
белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқыгынан екі 
жылдан бес жылга дейінгі мерзімге айыра отырып, бес жылга дейінгі мерзімге бас 
бостандыгынан айыруга жазаланады. 
Конституцияның 18-бабының І-тармагына сәйкес азаматтың жеке өміріне қол сұгуга болмайды. 
Азаматтардың хат-хабар жазуы, телефонмен сойлесуі, телеграф арқылы ха- барлауы олардың жеке 
өмірлік құқыктары болып табылады және мұндай хабарлаудың кұпиялылығы сақталады (18-баптың 
2-тармағы). Байланыс мекемелері азаматтардың осындай құқықтарын мүлтіксіз қоргауға міндетті. 


329
 
Азаматтардың хат-хабар жазысу, те- лефонмен сөйлесу, телеграф аркылы хабарласу құпиясын 
бұзған адамдар тәртіпке, әкімшілік немесе кылмыстық жауаптылыққатартылады. Тек кана бір 
жагдайда Қазакстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің арнайы баптарында 
көрсетілген не- гіздер бойынша гана хат жазысу, телефонмен сөйлесу, почта-телеграф 
жөнелтілімдерін немесе өзге хабарларды тұтқындау, оларды тексеру мен алу, жол жөнекей ұстау, 
тыңдау мен жазу әрекеттері жүзеге асырылады. Бұл әрекеттерді жүзеге асыру тергеуші мен 
прокурордың құзыретіне жатады. Басқа негіздермен мұндай әрекеттерді жүзеге асыруга ешкім де 
құқылы емес, мұндай ретте кінәлі адам Қылмыстық кодекстің 148-бабы бойын- ша жауапқа 
тартылады. 
Қылмыстық құқық бұзушылықтың тікелей объектісі хат жазысу, телефонмен сөйлесу, почта, 
телеграф хабарларының немесе өзге хабарлар құпиясын реттейтін қогамдык қатынастар. 
Қылмыстық құкык бұзушылық объективтік жағынан азаматтардың хат жазысу, те- лефонмен 
сөйлесу, почта, телеграф немесе өзге хабарларының құпиясын заңсыз бұзу арқылы көрініс табады. 
Құпиялылықты бұзуға заңсыз телефонмен сөйлесуді тыңдау, почта-телеграф мэліметтерімен 
жәбірленушінің келісімінсіз танысу, біреудің хат-хабарын ашып окып, соның мазмұнын жұртқа 
жария ету әрекеттері жатады. Қылмыс құқық бұзушылыктын формальдык кұрамга жатады және ол 
осы көрсетілген әрекеітердің біреуі орын алганда аяқталган деп танылады. 
Субъективтік жағынан қылмыстық кұкық бұзушылыктың тек қана тікелей қасақаналыкпен 
істеледі. Кінәлі адам хат жазысу, телефонмен сөйлесу, почта, телеграф хабарлары немесе өзге де 
хабарлар құпиясын зансыз бұзатынын сезеді жэне осыны істеу- ді тілейді. 
Қылмыстык құкық бұзушылыктың субъектісі - 16-ға толған есі дұрыс, кез келген адам. 
Осы баптың (148-бап) екінші тармағында осы қылмыс құрамының арнайы ауырлата- тын түрі 
көрсетілген: 
Адам өзінің кызмет бабын немесе ақпаратты жасырын алуға арналған арнайы техникалық 
құралдарды пайдалана отырып жасаган не электрондык акпараттык ресурстарға, акпараттық жүйеге 
заңсыз кіру немесе акпараттык-коммуникациялык желі бойынша берілетін ақпаратты заңсыз ұстап 
калу жолымен жасалган дәл сол іс-әрекет - 
1) Адам өзінің қызмет бабын пайдаланып жоғарыда көрсетілген әрекеттерді істеуі. Бұл ретте 
кылмыстың субъектісі арнаулы - почта, телеграф, баскадай байланыс мекемелерінің лауазымды 
адамдары болады. Лауазымдық жағдайы олардың осы қылмысты істеуін анағұрлым жеңілдетеді. 
2) Ақпаратты жасырын алуга арналған құралдарды пайдаланып жасалған нак сол әрекеттер. 
Мұндай құралдарға жасырын хабарлар алуға, ондағы бағдарламаларды ашуға арналган арнаулы 
кұралдар, аппараттар жатады. 
Қылмыстық кодекстің 148-бабының 3-тармагында акпаратты жасырын алуға арналған арнаулы 
техникалық құралдарды өткізу максатында заңсыз жасау, өткізу немесе алу үшін жауаптылықты 
көздейтін жеке кылмыс құрамы үшін жауаптылық белгіленген. 
Осы қылмыс құрамын аныктау үшін біріншіден көрсетілген заттарды: 1) өндіру; 2) өткізу; 3) 
өткізу мақсатында алуды аныктау кажет. Мұндай техникалык кұралдарды жасаудың максаты - осы 
кұралдар арқылы ақпаратты жасырын алу болып табылады. Бұл әрекеттер заңсыз жүзеге асырылады. 
ҚК-тің 148-бабының 3-тармағының диспози- циясында көрсетілген балама әрекеттердің біреуін 
жасаудың өзі-ақ кінэліні осы құрам бойынша жауапқа тартуға негіз болады. Қылмыс субъектісі -16-
ға толған кез келген есі дұрыс адам. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   225   226   227   228   229   230   231   232   ...   678




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет