4І412
Қылмыстық кұқық бұзушылықтың тікелей объектісі - экономикалық
қызмет аясындагы
қоғамдық қатынастарға кол сұғу. Қылмыстық құқық бұзушылықтың заты - шот-фактуралар, жалған
мәміле құжаттары.
Объективтік жағынан қылмыстық құқық бұзушылық белсенді эрекет арқылы жеке кәсіпкерлік
қызметті әдейі, орындамай, құкыкка қарсы эртүрлі
амалдарды қолданып, азаматқа, ұйымға немесе
мемлекетке ірі залал келтіре отырып әртүрлі заңсыз мәмілелер жасау арқылы жүзеге асырылады.
Бұл қылмыстық құқық бұзушылық көбінесе шот-фактураларды пайдалану, жалған мэміле
құжаттарын іске асыру арқылы істеледі. Яғни қылмыстық кұқык
бұзушылық ар- найы алаяқтық
құрамының бір көрінісі болып табылады. Қылмыстық кұқық бұзушылық құрамы - материалдық. Ірі
залал келтірген мәміле жасау қылмыстың аяқталғанын біл- діреді. Ірі зиянның түсінігі ҚК-тің 3-
бабының 3-тармағында айтылған. Субъективтік жағынан қылмыстық құқық бұзушылық тікелей
қасақаналықпен және пайдакүнемдік ни- етпен жүзеге асырылады. Қылмыс субъектісі - арнайы
жеке кәсіпкерлікпен шұғылдануға құқығы бар 16 жасқа толған есі дұрыс адам.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген:
1)
бірнеше рет;
2) адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен;
3) он мың айлық есегітік көрсеткіштен асатын сомаға жасалған;
4) мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адам не оған теңестірілген адам не
лауазымды адам не жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адам жасаған іс- әрекет, егер ол
өзінің қызмет
бабын пайдалануымен ұштасса;
5) жалған кәсіпорынды пайдалану арқылы жасалған іс-әрекет қылмыстың ауырлата- тын түрі
(216-бап, 2-бөлігі), ал осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, қылмыстық топ
жасаған немесе аса ірі залал келтірген іс-эрекеттер (216-бап, 3-бөлігі) кылмыстық аса ауырлататын
түрі болып табылады.
Ауырлататын, аса ауырлататын қылмыс құрамының белгілері ҚК-тің 215-
бабындағы көрсетілген осындай белгілермен бірдей.
Достарыңызбен бөлісу: