Көкөніс турау машиналарының жұмысын ұйымдастыру және оларды пайдалану ережелері Көкөністер турау үдерісін механизациялау үшін көкөніс турағыш машиналары қолданылады (3.11 сур). Кішігірім мейрамханаларда немесе кафелерде жинақы үстел үсті көкөніс турағыш машиналарын пайдаланады. Өнеркәсіпте механикалық және қол белдікті көкөніс турағыштар жасап шығарылады. Шикі көкөністерді турайтын машиналар көкөністі және ыстық цехтарда орнатылады. Туралатын өнім бөлшектерінің пішіні пышақ құрылымына байланысты келеді.Олар жекелей немесе әмбебап белдіктер көмегімен қозғалады. Жұмыс принципіне сәйкес, көкөніс турағыш машиналар дискілі, роторлы, пуансонды және құрамдастырылған турағыш болып келеді. Дискілі көкөніс турағыш машиналар тік бұрышты немесе қисық сызықты жүзі бар пышақ жинағына ие машина. Жұмыстың негізгі бөлшегін ауыспалы пышақтар құрайды, олар тіреу дискілеріне бекітіледі, ол жекелей немесе әмбебап белдіктерден әсерінен қозғалады. Дискілі көкөніс турағыш машиналарында өнімді турау оны айналып тұрған дискіге тіреу арқылы жүзеге асады. Туралған қабат қалыңдығы пышақтың қалыңдығы мен диск арасындағы арақашықтықпен есептеледі. Бұл арақашықтық реттеле алады. Туралған өнім бөлшектерінің пішіні тіреу дискісіне орнатылған пышақ құрылымына байланысты. Роторлы көкөніс турағыш машиналарда камераға тиелген өнім айналмалы ротор тіліктері мен жұмыс камерасының қозғалмайтын цилиндрлік қабырғасының арасына салынады. Бұл ретте өнім ортадан тепкіш күштің әсерінен жұмыс камерасының ішкі қабырғасына жабысып, оның бойымен сырғиды. Көкөністер пышақтардың пішініне сәйкес қозғалмайтын пышақтармен туралады. Пуансонды көкөніс турағыш машиналарда өнімді ұсақтау оларды қозғалмайтын пышақ торлары арқылы піспекпен басу жолымен іске асады. Құрамдастырылған көкөніс турағыш машиналарда турау айналмалы көлдеңең тура пышақтар мен тік турау пышақтары бар қозғалмайтын пышақ торлары көмегімен жүргізіледі. Роторлы көкөніс турағыш машиналарда камераға тиелген өнім айналмалы ротор тіліктері мен жұмыс камерасының қозғалмайтын цилиндрлік қабырғасының арасына салынады. Бұл ретте өнім ортадан тепкіш күштің әсерінен жұмыс камерасының ішкі қабырғасына жабысып, оның бойымен сырғиды. Көкөністер пышақтардың пішініне сәйкес қозғалмайтын пышақтармен туралады.
Достарыңызбен бөлісу: |