Пуансонды көкөніс турағыш машиналарда өнімді ұсақтау оларды қозғалмайтын пышақ торлары арқылы піспекпен басу жолымен іске асады. Құрамдастырылған көкөніс турағыш машиналарда турау айналмалы көлдеңең тура пышақтар мен тік турау пышақтары бар қозғалмайтын пышақ торлары көмегімен жүргізіледі. - Үстел үсті типті машина шикі көкөністерді шеңберлер, тілімдер, кесектер, ұзынша ету және қырыққабатты ұсақтап турау үшін пайдаланылады. Машина корпустан, белдіктен, тиеу камерасы мен ауысымды жұмыс құралдарынан тұрады. Машина корпусы ішінде электр қозғалтқыш пен сына-белдікті берілістен тұратын белдік орнатылған. Жұмыс камерасы цилиндр түрінде жасалынған, оның үстіне көкөніс тиеуге арналған терезелері бар алмалы тиегіш ыдыс бекітілген. Машина жиынтығына дискілі пышақ, екі үккішті диск пен екі құрамдастырылған пышақтар енеді. Дискілі пышақ көкөністерді тілімдеп турауға және қырыққабатты ұсақтауға арналған. Құрамдастырылған пышақтарды көкөністерді 3 х 3 және 10 х 10 мм көлдеңең қимамен тілімдеуге қолданады. Бұл пышақтар дискіге қозғалмайтындай етіп бекітілген, сондықтан тураудың қалыңдығы реттелмейді. Пышағы бар дискілер біліктерге бұрамамен бекітіледі. Корпуста машинаның жерге орнығуы үшін бұрандалы қосылыстары бар. Алдыңғы қабырғада машинаны қосып және сөндіру үшін «Қосу» және «Тоқтату» түймелері бар.
Машина әрекетінің принципі. - Машинаны қауіпсіздік техникасы мен еңбек қауіпсіздігі ережелерін сақтай отыра қосады, көкөністерді тиеу құрылғысына салып, итергіш арқылы айналмалы тірек дискісіне жабыстырады, ол өз кезегінде көкөністерді пышақпен біртіңдеп қабаттай отыра тілімдерге, кесектерге немесе ұзынша турайды. Өнімнің туралған бөлшектері пышақтар астында орналасқан тірек дискісінің саңылауына түсіп, айналмалы түсіргішке алынып, тиегіш құтыға жетеді, ол арқылы астына қойылған ыдысқа түседі.
- Көптеген мекемелердегі қазіргі кезде тараған көкөніс турағыш машиналардың техникалық сипаттамалары 3.3 кестеде көрсетілген
Достарыңызбен бөлісу: |