Көкпекті ауданның әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және селолық округ әкімдерінің рейтингі туралы Жалпы аймақтық өнімінің көлемі



Дата23.02.2016
өлшемі50.73 Kb.
#10808
2013 жылдың ІІІ тоқсанындағы

Көкпекті ауданның әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және селолық округ әкімдерінің рейтингі туралы
Жалпы аймақтық өнімінің көлемі - 2013 жылдың қаңтар-қыркүйек қортындысы бойынша – 12175,8 млн. теңге нақты көлем жоғары 2012 жылмен салыстырғанда 99,8 % млн. теңгені құрады.

Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі –10309,4 млн. теңгені құрады, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 4,3 %-ға өскен. Нақты көлем индексі 102,8 %.

Тірі салмақтағы ет өнімі - 7959,4 тоннаны құрады ( өсім 100,0 %-ға), сүт өнімі – 45146,6 мың тонна (өсім 100,0 %-ға), жұмыртқа өнімі –10926,1 мың дана ( өсім 2,1 %-ға).

Мал басы 2013 жылдың 9 айдын қортындысы бойынша 66 214 мың бас, өткен жылмен салыстырғанда. Жылқы басы – 13,4 мың бас, шошқа саны – 2298 бас және 1408 бас (62,0 % төмен), құс – 89,8 мың басты (0,1 % өсіммен ) құрады.



Өнеркәсіп өнімінің көлемі – 1866,4 млн. теңгеге нақты көлем 19,7 % , бұл өткен жылмен салыстырғанда жоғары. Нақты көлем индексі 78,7 %. (НКИ 2012 жыл-120,3 %).

Тау-кен өндірісінде – қаңтар – қыркүйек айына 268,7 млн. теңгеге өнім өндірілген,өткен 2012 жылмен осы кезеңімен салыстырғанда 70,0 %(2012ж-383,5 мың теңге) ,нақты көлем индексі 57,5 %

Қаржылық дағдарысқа сәйкес ильменит шоғыры өнімнің негізгі тұтынушысы ТМК өзінің қажеттіліктерін төмендетті, бұл "STM LTD" ЖШС-нің метал рудаларын өндіруіне септігін тигізеді.

Ауданның өңдеу өнеркәсіп өнімінің көлемі – 1472,3 млн. теңге, былтырғы жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 79,7 % (2012ж-1846,5) нақты көлем индексі 95,7 %.

Өңдеу өнеркәсібі өнімінің төмендеуі қыс кезіндегі ауа райы жағдайына сәйкес балық аулау шаруашылықтарының «Рыбпром» ЖШС-не шикізат жеткізуінің төмендеуіне байланыфсты.

2012 жылы 373 тонна табиғи өнім, 422 420,0 мың теңге ақшалай өнім өндірілді, 2013 жылы 268 тонна табиғи өнім, 329 888,0 ақшалай өнім өндірілді, ақшалай өнімнің өсу қарқыны 78,0 пайыз немесе табиғи өнім 105 тоннаға аз өндірілген.



Негізгі капитал инвестиция көлемі – 1800,9 млн.теңге, өсу қарқыны 68,7 %. Нақты көлем индексі – 67,9 % құрады.

Тұрғын үйді іске қосу – 2012 жылдың қаңтар-қыркүйек айымен салыстырғанда 187,7 % төмен 1883,0 шаршы метр көлемінде қамтамасыз етілген.

Құрылыс жұмыстарының көлемі – жалпы аудан бойынша қаңтар-қыркүйек айы 935,2 млн.теңгені құрады, өсу қарқыны өткен жылмен салыстырғанда 5,2 % құрады,нақты көлем индексі 101,6 %.

Белсенді шағын бизнес субъектілері 9,8 % төмен (2012 жылы-82 бірлік, 2013 жылы-74 бірлік), қолданыстағы кәсіпорын саны -12,1% төмен(2012 жылы-62 бірлік, 2013 жылы-58 бірлік).

Шағын бизнес тіркелген кәсіпорын саны-55 % бірлік төмен, 11,3 % (2012 жылы -62 бірлік).

Шағын бизнес субъектілерінің – 2564,4 млн.теңге. Шағын бизнес субъектілерінің өсу қарқыны өткен жылмен салыстырғанда 114,9 %, нақты көлем индексі 111,2 %.

Аудан бюджетінің барлық кірісі – 3595,6 млн. теңге, оның ішінде орындалуы 110,9 %, өсу қарқыны өткен жылмен салыстырғанда 121,6 % құрады.

Алгоритм іс-шаралар бойынша қосымша кіріс көздерін 9 ай атқарған жұмыстардың нәтижесінде 24 380,0 мың теңге соммасында қосымша кіріс көзі анықталды.



Орташа ақшалай нақты жалақы – 2013 жылыдың қаңтар- қыркүйек айы бойынша 62894 теңгені немесе 8,4 % өскен.

Әлеуметтік қорғау - өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда жұмыссыздар саны 125 тен 93-ға дейін 32 немесе 25,6 % адам, сонымен қатар атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны – 1435 –дан 1423-ға дейін 12 адам немесе 0,8 % төмендеген өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда.

Ауданда жалпы мектеп жасына дейінгі біліммен қамту жұмыстары - 100 % құрады, өсім 1,6 %, 2013 жылдың қаңтар-қыркүйек айы бойынша мектеп жасына дейінгі біліммен қамту 1922, балаға және өткен жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда 1891 % -ға өскен.



Денсаулық сақтау саласында әлеуметтік-маңызды көрсеткіштердің реттелуі байқалады. Туберкулезбен ауырғандар бойынша жаңадан анықталғандар 16 адамды құрайды. (2012 жылы -31 адам) өсу қарқыны 51,6 % төмендегідей анықталды, туберкулезбен ауыру деңгейі 100,0 мың тұрғынға шаққанда 52,6 %-ды құрайды.

Ағымдағы жылдың 9 айының қорытындысы бойынша әлеуметтік-экономикалық даму қарқыны бойынша ішкі облыстық рейтингте аудан 17 орынға ие болды (дамуы төмен қарқынды аудан).

2013 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша рейтинг көрсеткіштері бойынша:

Өткен айлармен салыстырғанда 7 көрсеткіш өз жайғасымын (позициясын) сақтады:

- мемлекеттік бюджетке салықтық және салықтық емес түсімдердің өсу қарқыны 18 орында;

- халықтың жалпы өсімі коэффициентінің өзгеруі 16 орында;

- 1000 адамға шаққандағы ауданаралық көшіп келу қарқындылығы коэффициентінің өзгеруі 18 орында;

- 1000 адамға шаққандағы ауданаралық кету қарқындылығы коэффициентінің өзгеруі 6 орында;

- туылу деңгейінің өзгеруі 14 орында;

- өлім деңгейінің өзгеруі 18 орында;

Қылмыстың ашылу деңгейінің өзгеруі 1 орында.



Өткен аймен салысьтырғанда 5 көрсеткіш жайғасымы төмендеді:

- негізгі капиталға жеке инвестициялардың нақты көлем индексі 18 орыннан 19 орынға бір жайғасымға төмендеді;

- шағын бизнестің белсенді кәсіпорындары санының өсу қарқыны 12 орыннан 16 орынға төрт жайғасымға төмендеді;

- құрылыс жұмыстарының нақты көлем индексі 10 орыннан 11 орынға 1 жайғасымға төмендеді;

- мектепке дейінгі оқыту және тәрбилеумен қамтылған балалар санының өсу қарқыны 13 орыннан 15 орынған 2 жайғасымға төмендеді.

7 көрсеткіш бойынша өткен аймен салыстырғанда рейтингтегі жайғасымдарының жақсаруы байқалады:

- өнеркәсіп өнімінің нақты көлем индексі 15 орыннан 14 орынға бір жайғасымға;

- бөлшекті тауар айналымының нақты көлем индексі 14 орыннан 13 орынға бір жайғасымға;

- ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің өсу қарқыны 12 орыннан 10 орынға екі жайғасымға;

- қауіпсіз ауыз суымен қамтылған халық санының өсу қарқыны 15 орыннан 3 орынға он екі жайғасымға;

- жүйелі түрде дене шынықтыру және спортпен айналысатын азаматтар санының өсу қарқыны 14 орыннан 9 орынға бес жайғасымға;

- 100 мың тұрғынға шаққандағы туберкулезбен ауыру деңгейінің өзгеруі 3 орыннан 2 орынға бір жайғасымға;

- қылмыс деңгейінің өзгеруі (10 мың халыққа шаққандағы қылмыс жағдайы санының азаюы немесе өсуі) 5 орыннын 4 орынғы бір жайғасымға көтерілді.


Аудан әкімдігінің 2012 жылғы 20 ақпандағы № 75 «2012 жылға ауылдық округтардың әлеуметтік-экономикалық дамуын бағалаудың рейтингілік жүйесі туралы» қаулысы негізінде құрылған жұмыс тобы 33 көрсеткіш бойынша 2013 жылдың 9 айындағы ауылдық округтардың әлеуметтік-экономикалық дамуының ішкі аудандық рейтингін қорытындылады.

Кейбір негізгі көрсеткіштерді қарастырсақ:

- «Жан басына шаққандағы негізгі капиталға инвестиция» көрсеткіші бойынша жөғары көрсеткіштер Көкжайық ауылдық округры бойынша анықталды, ең төмен көрсеткіш Сарыбел ауылдық округы бойынша.

- «Мал басының өсу қарқыны» көрсеткіші бойынша Палатсы және Биғаш ауылдық округтары көш басында, ең төменгі көрсеткіш Көкпекті ауылдық округы бойынша.

- «Құрылыс жұмыстарының көлемі» көрсеткіші бойынша жоғары көрсеткіштер Көкжайык және Самар ауылдық округтары бойынша, Теректі, Шұғылбай, Үлгілімалшы, Үлкенбөкен, Биғаш, Палатцы, Миролюбовка және Құлынжон ауылдық округтарында құрылыс жұмыстарының көлемі жоқ.

- «Туберкулезбен ауыру (жаңа жағдай)» көрсеткіші бойынша аудан бойынша барлығы 16 жағдай тіркелген, соның ішінде Самар ауылдық округы бойынша 4 жағдай, Үлкенбөкен, Аухадиев, Үлгілімалшы және Палатцы ауылдық округтары бойынша 2 жағдайдан, Көкпекті, Көкжайық, Тассай, Белое ауылдық округтарында 1 жағдайдан тіркелген.

- «Ашылған қылмыстардың үлес салмағы» көрсеткіші бойынша аусайдерлер – Сарыбел, Көкпекті және Биғаш ауылдық округтары.

- «Аудан әкімінің тапсырмаларының орындалуы» көрсеткіші бойынша алдыңғы қатарда Шұғылбай, Аухадиев және Үлкенбөкен ауылдық округтары.



Көкпекті ауданының

экономика және бюджетті

жоспарлау бөлімінің басшысы А. Тасқайратова

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет