Источник: ИС ПАРАГРАФ, 11.11.2010 10:55:15
Көктемгі кезеңде Қазақстан Республикасының республикалық маңызы бар жалпы
пайдалымдағы автомобиль жолдары бойынша автокөлік құралдарының қозғалысын
ұйымдастыру туралы Көлік және коммуникациялар министрінің 2004 жылғы 19 сәуірдегі № 165-І бұйрығы
«Автомобиль жолдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабына және «Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлік құралдарының жүріп өтуін реттейтін кейбір мәселелер» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 19 қаңтардағы № 62 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының автомобиль жолдары бойынша жүруге арналған автокөлік құралдарының рұқсат етілген өлшемдерінің 16-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасының республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының алып жүру қабілетін жоғалтуына байланысты бұйырамын:
1. Халықаралық келісімдерге сәйкес жүктер мен жолаушылардың халықаралық тасымалдарын жүзеге асыратын тасымалдаушылардың автокөлік құралдарын, төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі іс-шараларға тартылған, тез бұзылатын жүктерді тасымалдайтын және қайта жаңарту жұмыстарын жүргізу үшін мердігер ұйымдарға берілген учаскелердегі қолданыстағы жамылғы бойынша жол-құрылыс жұмыстарына тікелей тартылған көлік құралдарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарында білікке түсетін жүктемесі 8 тоннаға дейінгі автокөлік құралдарының қозғалысын уақытша шектеулер енгізілсін.
2. Қозғалысты уақытша шектеулердің қолданылу мерзімі жыл сайын IV жол-климаттық аймаққа - 23 наурыздан бастап 15 мамырды қоса алғандағы тиісті жылға, V жол-климаттық аймаққа - 1 наурыздан бастап 20 сәуірді қоса алғандағы тиісті жылға белгіленсін (1-қосымша).
3. Қоса беріліп отырған қозғалысты уақытша шектеу кезеңінде Қазақстан Республикасының республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары бойынша жүрген кезде рұқсат етілетін автокөлік құралдары ось салмағының ең жоғарғы жиынтығы (2-қосымша) бекітілсін.
4. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті:
1) Қазақстан Республикасының аумағы арқылы тиісті жылдың көктемгі кезеңінде автокөлік құралдарының қозғалысын ұйымдастыру туралы, Қазақстан Республикасының республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын пайдаланушылардың назарына, соның ішінде ақпарат құралдары арқылы жеткізуді;
2) жолдардағы енгізілетін шектеулерге сәйкес уақытша жол белгілерін орнатуды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге ұсынуды қамтамасыз етсін.
5. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Көліктік бақылау комитеті оське жүктемесі осы бұйрықтың 1-тармағында белгіленген параметрлерден асатын Қазақстан Республикасының республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарымен бөлінбейтін жүктерді тасымалдайтын ауыр салмақты және (немесе) ірі көлемді автокөлік құралдарының жүріп өтуіне заңнамада белгіленген тәртіппен рұқсаттар беруді қамтамасыз етсін.
6. Бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар вице-министрі Д.Қ.Көтербековке жүктелсін.
7. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
|
|
|
Қазақстан Республикасының
|
Ішкі істер министрі
|
|
|
|
төтенше жағдайлар жөніндегі
|
_________________________
|
|
|
|
агенттігінің төрағасы
|
2004 жылғы 17 сәуір
|
|
|
|
|
|
_________________________
|
2004 жылғы 15 сәуір
«Көктемгі кезеңде Қазақстан
Республикасының республикалық
маңызы бар жалпы пайдаланымдағы
автомобиль жолдары бойынша
автокөлік құралдарының
қозғалысын ұйымдастыру туралы»
Қазақстан Республикасы Көлік
және коммуникациялар министрінің
2004 жылғы 19 сәуірдегі
№ 165-І бұйрығына
1-қосымша
ІV жол-климаттық аумақта орналасқан облыстар тізбесі
1. Ақмола облысы
2. Ақтөбе облысы
3. Шығыс Қазақстан облысы
4. Батыс Қазақстан облысы
5. Қарағанды облысы (Қарағанды өңірі)
6. Қостанай облысы
7. Павлодар облысы
8. Солтүстік Қазақстан облысы
V жол-климаттық аумақта орналасқан облыстар тізбесі
1. Алматы облысы
2. Атырау облысы
3. Жамбыл облысы
4. Қарағанды облысы (Жезқазған өңірі)
5. Қызылорда облысы
6. Маңғыстау облысы
7. Оңтүстік Қазақстан облысы
«Көктемгі кезеңде Қазақстан
Республикасының республикалық
маңызы бар жалпы пайдаланымдағы
автомобиль жолдары бойынша
автокөлік құралдарының қозғалысын
ұйымдастыру туралы»
Қазақстан Республикасы Көлік
және коммуникациялар министрінің
2004 жылғы 19 сәуірдегі
№ 165-І бұйрығына 2-қосымша
Қозғалысты уақытша шектеу кезеңінде Қазақстан Республикасының республикалық маңызы бар жалпы
пайдаланымдағы автомобиль жолдары бойынша жүріп өткен кезде рұқсат етілетін автокөлік құралдарының осьтік
салмағының ең жоғары жиынтығы
Жеке
осьтің
жүктемесі,
тонна
|
Осьтер арасындағы
қашықтық, м
|
Тіркемелер мен жартылай тіркемелердің
осьтік салмағының ең үлкен жиынтығы, тонна
|
Жүк автомобильдерінің
осьтік салмағының ең үлкен жиынтығы, тонна
|
Екі қосарланған осьтің
|
Үш қосарланған осьтің
|
Екі қосарланған осьтің
|
Екі қатарлы доңғалақтар
|
Бір қатарлы
доңғалақтар
|
Екі қатарлы доңғалақтар
|
Бір қатарлы доңғалақтар
|
Екі қатарлы
доңғалақтар
|
Бір қатарлы доңғалақтар
|
10
|
До 1,0
|
12,5
|
12,0
|
17,5
|
16,5
|
12,0
|
11,0
|
1,0-1,3
|
15,0
|
14,0
|
21,0
|
19,5
|
14,0
|
13,0
|
1,3-1,8
|
16,5
|
16,0
|
24,0
|
22,5
|
16,0
|
15,0
|
1,8-2,5
|
18,0
|
17,5
|
26,5
|
24,5
|
18,0
|
17,0
|
|
8
|
До 1,0
|
10
|
9,0
|
14,0
|
13,2
|
9,6
|
8,8
|
1,0-1,3
|
12,0
|
11,2
|
16,8
|
15,6
|
11,2
|
10,4
|
1,3-1,8
|
13,2
|
12,8
|
19,2
|
18,0
|
12,8
|
12,0
|
1,8-2,5
|
14,4
|
14,0
|
21,2
|
19,6
|
14,4
|
13,6
|
Ескерту: Автокөлік құралдарының рұқсат етілетін жалпы салмағы осы бұйрықпен белгіленген көлік құралдарының осьтік жүктемелерін жинақтау жолымен анықталады.
Достарыңызбен бөлісу: |