Коммерциялық емес акционерлік қоғам Еңбек қауіпсіздігі және инженерлік экология кафедрасы экологиялық ЖӘне техногендік қауіпсіздік


дәріс. Биосфера және оның тұрақтылығы. Биосфераның



Pdf көрінісі
бет7/31
Дата06.09.2022
өлшемі0.59 Mb.
#460344
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   31
FLNOckVYufmqTEhMDn4dHgICwiSKat

3 дәріс. Биосфера және оның тұрақтылығы. Биосфераның
энергетикалық тепе-теңдігі
Дәрістің мазмұны. Биосфера, оның негізгі құрамдары туралы білім беру.
Биосфера және оның тұрақтылығы. Биосфераның энергетикалық тепе-теңдігі,
организмдер арасындағы қатынастардың түрлері қарастырылады.
Дәрістің мақсаты. Биосфераның құрылысымен және экологиялық жүйедегі
адамның орнымен таныстыру. Биогеоценоз және организмдер арасындағы
қатынастардың типтері туралы түсініктер беру.
Биосфераның тірі заты ең қарапайым және космоста көп таралған
атомдардан тұрады. Тірі заттың орташа элементтік құрамы жер қыртысының
құрамынан қарағанда көміртегінің көптігімен ерекшеленеді. Басқа элементтердің
құрамы жағынан тірі организмдер өзінің өмір сүру ортасының құрамын
қайталамайды. Олар өздерінің тіндерін құруға керек элементтерді іріктеп қана
сіңіреді.
Биосфераның бізді қоршаған тірі организмдерр әлемі әртүрлі құрылымдық
түрде реттелген және әртүрлі ұйымдастырылу дәрежесіндегі биологиялық
жүйелердің үйлесімі ретінде болып келеді. Осыған байланысты, тірі заттардың
14


өмір сүруін - ірі молекулалардан бастап, әртүрлі дәрежеде жаратылған өсімдіктер
мен жануарларға дейін әртүрлі сатыларға бөлуге болады.
Қазіргі кезде, әлемдік тәжірибеде, биосфераның ластануының барлық
түрлерінің 80 % отын-энергетика комплексіндегі органикалық (көмір, мұнай,
газ) және ядролық (уран және т. б. бөлінгіш заттар) отындарды өндіру, өңдеу
және тасымалдау процестерін қамтитын электр және жылу энергиясын
электрстанцияларда өндіру кезінде болады.
Тіршіліктің ерекше қасиеттері тек өзі тектестердің өмірге қайтара
жаратылуын (тұқым қуалаушылық) қамтамасыз етіп қана қоймай, өздігінен
қайта жаратылатын құрылымдардың өрбуіне қажетті өзгерістерді де
(құбылмалылық) қамтамасыз етеді. Организмдердің тіршілік ететін ортасы
мен жағдайы деген түсініктер бөлек қарастырылады. Биосфераның шектері ең
алдымен өмірдің тіршілік ету алаңына байланысты (В. И. Вернадский, 1926 ж.).
Вернадский тірі зат деп планетадағы организмдердің барлық қауымдастығын
атаған және олардың жалпы массасын, химиялық құрамын және энергиясын,
оның негізгі сипаттамасы ретінде қарастырған.
Орта – тірі организмдерді қоршаған және оларға тікелей де, жанама да
әсер ететін табиғаттың бір бөлігі. Организмдер ортадан өмірге қажеттінің
бәрін алады және оған өзінің зат алмасуының қалдықтарын бөліп шығарады.
Әр организм өз ортасы адамның өндірістік әрекетінен туындайтын көптеген
элементтерден тұрады. Соның өзінде, кейбір элементтер организмге толықтай
немесе жартылай бейтарап күйде болса, екінші біреулері қажетті, ал үшінші
біреулері оған кері әсер етеді.
Өмір сүру немесе тіршілік ету жағдайлары – ортаның организмге қажетті,
оларсыз тіршілік ете алмайтын және олармен үздіксіз бірлікте болатын,
элементтерінің қауымдастығы. Организмнің ортаға бейімделуі қалыптасушылық
деп аталады. Қалыптасушылық қаблеті - тегі өмірдің тіршілік етуін мүмкін
ететін, организмдердің тірі қалуын және көбеюін мүмкін ететін ең негізгі
қасиеттерінің бірі.
Жер бетіндегі ірі экожүйелерді биомалар деп атайды. Мысалы, дәрежеге
бөлудің бір түрі экожүйелерді жер бетіндегі және судағы деп екіге бөледі. Жер
беті биомалары өсімдіктердің табиғи немесе әу баста берілген ерекшеліктеріне
қарай, ал су экожүйелерінің түрлері - геологиялық және физикалық ерекшелік-
теріне қарай бөлінген. Осындай дәрежелеу бойынша экожүйе дегеніміз, ол
Жердегі өмірді қамтамасыз етіп отырған адам баласының өркениеті дамыған
негізгі биотикалық қоғамдастық.
Биосфера туралы ілім. Биосфера – Жердің тірі организмдерінің барша
қауымдастықтарының және планетаның олармен үздіксіз алмасуда болатын
бөлігінен тұратын ерекше қабығы. Биосфера ғаламат экожүйе болып табылады, ол
геобиосфераға, гидробиосфераға және аэробиосфераға жіктеледі.
«Биосфера» терминін 1875 жылы Жердің тірі организмін құрайтын
қабығы ретінде австралиялық геолог Э. Зюсс ұсынған еді және ол биосфераның
биологиялық концепциясының ауқымына сияды. Биосфера эволюциясының
негізінде ғаламшарда өмірдің пайда болуы мен өркендеуі жатыр. Органикалық
15


заттардың эволюциясы бірнеше кезеңнен өтті. Олардың біріншісі - биологиялық
зат айналымы бар алғашқы биосфераның пайда болуы, екіншісі – көп жасушалы
организмдердің пайда болуына байланысты биосфераның биотикалық компоненті
құрылымының күрделене түсуі. Өмір сүру мен өркендеудің таза биологиялық
заңдылықтарына сәйкес іске асып жататын осы екі кезең биогенез дәуіріне
біріктірілуі мүмкін. Үшінші кезең – адамзат қоғамының пайда болуына
байланысты. Адамдардың өз өлшемі бойынша биосфера деңгейдегі саналы
тіршілігі ноосфераға айналуына септігін тигізеді. Осы кезеңде эволюция
адамдардың саналы адамгершілік шешуші әсерімен өтеді, мұның өзі
биосфераны эволюцияның жаңа кезеңі – неогенез дәуіріне өткізеді. 
Сонымен, табиғи өзін-өзі реттеу процестеріне негізделген бей-берекет
өзіндік өркендеу табиғи өркендеу процестерінің болжамалы-жоспарлы
бастамаларына негізделген саналы стратегиясымен алмастырылуға тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   31




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет