Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасы «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының бос орындарына конкурс жариялайды:
-
Персоналды басқару қызметі бөлімнің бас маманы, лауазымдық жалақысы еңбек өтіліне қарай 64063 теңгеден 86485 теңгеге дейін (D-О-4 санаты, 1 бірлік).
Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:
Білім немесе гуманитарлық немесе заң саласында жоғары білімі. Мемлекеттiк қызмет өтiлi бiр жылдан кем емес немесе осы санаттың нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екi жылдан кем емес жұмыс өтiлi бар болған жағдайда ортадан кейінгі білім немесе гуманитарлық немесе заң саласындағы білімі барларға рұқсат етіледі. Microsoft Office бағдарламаларының стандартты пакетімен компьютерде жұмыс істей білуі.
Қызметтік міндеттері:
Мемлекеттік органның персоналды басқару стратегияларын әзірлеу және іске асыру, мемлекеттік органның кадрларға қажеттілігін, сондай-ақ мамандық және біліктілік бойынша қажеттілігін талдау және жоспарлау, мемлекеттік органның кадрлық құрамын қалыптастыру және конкурстық іріктеу жұмысын ұйымдастыру, соның ішінде «е-қызмет» персоналды басқару ақпараттық жүйесі арқылы кадрлық іс жүргізу. Мемлекеттік органда кәсіби бейімделу мен тәлімгерлікті ұйымдастыру. Мемлекеттік орган кадрларының кәсіби дамуын қамтамасыз ету, соның ішінде оларды қайта даярлау, біліктілігін жоғарылату, машықтау, конкурстық аттестациялау ұйымдастырып, өткізу арқылы, кадр мәселесі бойынша тәртіптік және басқа да комиссияларды өткізу, мемлекеттік қызметке түсу, өту, тоқтату шараларының сақталуын қамтамасыз ету, мемлекеттік қызметкерлердің қызметіне бағалау жүргізуді ұйымдастыру, олардың аттестаттаудан өтуіне бақылау жасау, мемлекеттік органда еңбек заңнамасының және мемлекеттік қызмет туралы заңның, еңбек режимі мен талаптардың сақталуын қамтамасыз ету, сондай-ақ мемлекеттік қызметке келуге байланысты шектеулер мен қызметтік міндеттер мен лауазымдық нұсқаулықтардың орындалуын бақылау. Мемлекеттік қызметкерлердің әлеуметтік және құқықтық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, мемлекеттік орган басшысына сыйақы бреу мәселесі туралы ұсыныс енгізеді. Мемлекеттік қызмет саласында персоналды басқару бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасымен анықталатын басқа да міндеттер мен қызметтерді іске асырады. Денсаулық сақтау басқармасында жұмысс орындарды ұйымдастыру мәселесін шешеді. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет Агенттігі департаментіне, қала әкімдігіне айлық, тоқсандық, жылдық есептер ұсыну. Денсаулық сақтау басқармасы қызметкерлерінің және атаулы қызметкерлердің (бірінші басшылардың және олардың орынбасарларының) жеке-есептік құжаттамалары жағдайларын бақылау. Басқарма қызметкерлерінің уақытша еңбекке жарамсыздығы туралы парақтарын тіркеу және бухгалтерияға беру. Қызметкерлерге анықтама беру. Кадр жөніндегі материалдарды дайындап Басқарма мұрағатына тапсыру. Кадр жөніндегі бұйрықтардың, өкімдердің жобаларын әзірлеуге қатысу. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі, әкімдік және Денсаулық сақтау басқармасы үшін марапаттау құжаттарын әзірлеуге қатысу. Денсаулық сақтау басқармасында әкімшілік мемлекеттік бос лауазымдарға және мемлекеттік медициналық ұйымдардың басшылары бос лауазымдарына тағайындауға конкурс өткізуге, денсаулық сақтау басқармасындағы әкімшілік мемлекеттік қызметшілер мен мемлекеттік медициналық ұйым басшыларын аттестаттауға құжаттарды әзірлеуге қатысу. Қала медициналық ұйымының кадрлық қызметі бойынша ДСБ алқа кеңесіне материалдарды әзірлеуге қатысу. Басқарма басшылығына қол қойғызуға құжаттарды әзірлеу. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің, Әкімдіктің, Басқарманың бұйрықтарын және басқа да нормативтік-құқықтық құжаттарын қаланың МҰ-на жіберу. Сұрауларға жауап әзірлеу. Компьютерде Word, Excel, E-mail, Internet бағдарламаларымен жұмыс істей білуі.
-
Персоналды басқару қызметі бөлімнің бас маманы, лауазымдық жалақысы еңбек өтіліне қарай 64063 теңгеден 86485 теңгеге дейін (D-О-4 санаты, 1 бірлік).
Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:
Заң саласында жоғары білімі. Мемлекеттiк қызмет өтiлi бiр жылдан кем емес немесе осы санаттың нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екi жылдан кем емес жұмыс өтiлi бар болған жағдайда ортадан кейінгі заң саласындағы білімі барларға рұқсат етіледі. Microsoft Office бағдарламаларының стандартты пакетімен компьютерде жұмыс істей білуі.
Қызметтік міндеттері:
Денсаулық сақтау басқармасының бұйрықтарын, Алматы қаласы әкімдігінің өкімдері мен қаулыларының жобаларын және басқарманың басқа да нормативтік-құқықтық актілерін әзірлеуге қатысу. Келісім-шарттық және ұйымдастырушылық-құқықтық мәселелерге қатысты ДСБ басшылығының бұйрықтары мен өкімдерінің дер кезінде орындалуын бақылау. Басқармада дайындалатын бұйрықтар мен басқа да нормативтік актілердің Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамалары талаптарына сәйкес келуін бақылау. Қандай да бір кемшіліктері бар құжаттарды өзгерту немесе жою туралы ұсыныстар енгізу. Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік денсаулық сақтау кәсіпорындарында Бақылау кеңесін ұйымдастыруда конкурс ұйымдастыру және өткізу. Басқарманың «Б» корпусындағы әкімшілік мемлекеттік қызметкерлердің, Басқарма басшысы тағайындайтын лауазымды тұлғалар мен штаттан тыс мамандарды тәртіптік жауапкершілігіне жұмылдыру, сыйақы беру жөнінде ұсыныстар енгізуге қатысу. Арнайы тексеру қорытындысын алғанға дейін мемлекеттік қызметкерлермен, штаттан тыс мамандармен, медициналық ұйымдардың қайта тағайындалған басшыларымен еңбек шарттарын даярлауға қатысу. Денсаулық сақтау ұйымдары басшыларының лауазымдық нұсқауларын әзірлеуге қатысу. Денсаулық сақтау басқармасының кадрлық және құқықтық жұмысын қамтамасыз ету. Мемлекеттік орган құратын комиссиялардың құрамына қатысу. Сұраулар бойынша құжаттар дайындау. Компьютерде Word, Excel, E-mail, Internet бағдарламаларымен жұмыс істей білуі.
-
Денсаулық сақтау саласын дамыту бағдарламаларының жоспарлау, талдау және мониторинг бөлімінің бас маманы, лауазымдық жалақысы еңбек өтіліне қарай 64063 теңгеден 86485 теңгеге дейін (D-О-4 санаты, 2 бірлік).
Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:
Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамту (медицина) саласындағы жоғары білімі. Мемлекеттiк қызмет өтiлi бiр жылдан кем емес немесе осы санаттың нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екi жылдан кем емес жұмыс өтiлi бар болған жағдайда ортадан кейінгі денсаулық сақтау және әлеуметтік қамту (медицина) саласындағы білімі барларға рұқсат етіледі. Microsoft Office бағдарламаларының стандартты пакетімен компьютерде жұмыс істей білуі.
Қызметтік міндеттері:
Денсаулық сақтау бойынша мемлекеттік бағдарламаларды, Денсаулық сақтау басқармасының стратегиялық жоспарын, Алматы қаласын дамыту бағдарламаларын іске асыру барысына мониторинг жүргізу мен әзірлеуге қатысу, жоспарлы индикаторлар мен көрсеткіштер жетістігін бағалауға, динамикасын болжауға қатысу, келісу мен бекітуді қамтамасыз ету. Денсаулық сақтау бойынша заңнамалық және нормативтік-құқықтық акті жобаларымен жұмыс жасау, келісуге әзірлеу, өзгерістер мен толықтырулар енгізу. Әкімдіктің, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің бақылаудағы құжаттарын орындау бойынша жұмысқа қатысу. Медициналық мекеме қызметіне жүргізілетін тексеруге қатысу. Бөлім құзыреті шегінде алқа, комиссия, жұмыс тобы отырыстарына қатысу. Өз құзыреті шегінде денсаулық сақтау басқармасы бұйрықтарын дайындау, орындалуын бақылау және келісу. Жоғары тұрған ұйымдарға, басқа ведомстволарға есептер, талдау анықтамаларын және ақпараттарды жасап, тапсыру. Компьютерде Word, Excel, E-mail, Internet бағдарламаларымен жұмыс істей білуі.
-
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет бөлімінің бас маманы, лауазымдық жалақысы еңбек өтіліне қарай 64063 теңгеден 86485 теңгеге дейін (D-О-4 санаты, 1 бірлік).
Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:
Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамту (медицина) саласындағы жоғары білімі. Мемлекеттiк қызмет өтiлi бiр жылдан кем емес немесе осы санаттың нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екi жылдан кем емес жұмыс өтiлi бар болған жағдайда ортадан кейінгі денсаулық сақтау және әлеуметтік қамту (медицина) саласындағы білімі барларға рұқсат етіледі. Microsoft Office бағдарламаларының стандартты пакетімен компьютерде жұмыс істей білуі.
Қызметтік міндеттері:
Денсаулық сақтау ұйымдары көрсететін мемлекеттік қызмет стандарттары мен регламенттерінің жобаларын әзірлеуге қатысу және ұйымдастыру. Денсаулық сақтау ұйымдарында мемлекеттік қызмет көрсету сапасы мен тәртібін бақылауға қатысу. Есептік мәліметтерді ұсыну дұрыстығын бақылау. Қала денсаулық сақтау ұйымдары көрсететін мемлекеттік қызмет көлемі мен сапасы бойынша айлық, тоқсандық есептерді жинауды қамтамасыз ету. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет мәселелері бойынша Әкімдіктің, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің бақылау құжаттарын орындау бойынша жұмыстарға қатысу. Тоқсан сайын, жыл бойы тұрғындарға мемлекеттік қызмет көрсету бойынша қала денсаулық сақтау жүйесі қызметінің қорытындылары туралы аналитикалық материалдарды дайындауды ұйымдастыру. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет ұйымдастыру және көрсету мәселелері бойынша денсаулық сақтау ұйымдарының басшыларына ұйымдастыру-әдістемелік көмек көрсету. Жетекшілік ететін мәселелері бойынша денсаулық сақтау ұйымдарының қызметін тексерулерге қатысу. Бөлім жұмысының келешек және ағымды жоспарларын әзірлеуге қатысу. Басқарма жүргізетін қоғамдық шараларға қатысу. Word, Excel, E-mail, Internet бағдарламаларымен компьютерде жұмыс істей білу.
-
Емдеу-профилактикалық қызмет бөлімінің бас маманы, лауазымдық жалақысы еңбек өтіліне қарай 64063 теңгеден 86485 теңгеге дейін (D-О-4 санаты, 1 бірлік).
Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:
Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамту (медицина) саласындағы жоғары білімі. Мемлекеттiк қызмет өтiлi бiр жылдан кем емес немесе осы санаттың нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екi жылдан кем емес жұмыс өтiлi бар болған жағдайда ортадан кейінгі денсаулық сақтау және әлеуметтік қамту (медицина) саласындағы білімі барларға рұқсат етіледі. Microsoft Office бағдарламаларының стандартты пакетімен компьютерде жұмыс істей білуі.
Қызметтік міндеттері:
Бекітілуге берілетін жұмыстардың тоқсан сайынғы және ай сайынғы жеке жоспарларын жасау. Қолданыстағы заңнамаларға, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі және басқарманың бұйрықтары мен нұсқаулықтарына, сондай-ақ жоғары тұрған органдардың өкімдері мен нұсқауларына сәйкес терапевтік қызмет жұмыстарын ұйымдастыру, штаттан тыс бас мамандардың жұмыстарын бақылау жасау, оларға қажетті әдістемелік және ұйымдастырушылық көмек көрсету. Алдын алуға, тұрғындардың ауруы мен мүгедектігін емдеуге және төмендетуге, сонымен қатар терапиялық науқастардың ауырып өлуі мен жалпы өлімді төмендетуге бағытталған іс-шараларды үйлестіреді және бақылайды, Емдеуге жатқызу порталына бақылау жүргізеді. Медицина мекемелерінің басқармаға тапсыратын талдау материалдарының сапасы мен дұрыстығына бақылау жасайды. Жоғары тұрған органдарға, басқа мекемелерге және БАҚ-қа есептер, талдау анықтамаларын және ақпараттарды жасап, тапсыру. Терапия тарауы бойынша жұмыс жоспарын жинақтау үшін жасау және тапсыру және жоспардың орындалуы үшін жауаптылық, бас маман жұмысына қатысты мәселелер бойынша алқаның, комиссияның, жұмыс тобының жұмыстарына, бөлім басшысының келісімі бойынша әр түрлі комиссиялардың, басқа ұйымдардың кеңесіне, бөлім және Басқарма өткізетін қоғамдық іс-шараларға қатысу. Медициналық көмек көрсету мәселелері бойынша азаматтарды жеке қабылдауды, хаттарды, өтініштер мен шағымдарды қарауды жүзеге асыру. Компьютерде Word, Excel, E-mail, Internet бағдарламаларымен жұмыс істей білуі.
-
Медициналық-санитариялық алғашқы көмек бөлімінің бас маманы, лауазымдық жалақысы еңбек өтіліне қарай 64063 теңгеден 86485 теңгеге дейін (D-О-4 санаты, 1 бірлік).
Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:
Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамту (медицина) саласындағы жоғары білімі. Мемлекеттiк қызмет өтiлi бiр жылдан кем емес немесе осы санаттың нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екi жылдан кем емес жұмыс өтiлi бар болған жағдайда ортадан кейінгі денсаулық сақтау және әлеуметтік қамту (медицина) саласындағы білімі барларға рұқсат етіледі. Microsoft Office бағдарламаларының стандартты пакетімен компьютерде жұмыс істей білуі.
Қызметтік міндеттері:
Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің бұйрықтары мен нұсқауларына, қолданыстағы заңнамаларға, сондай-ақ жоғары тұрған органдардың өкімдері мен нұсқауларына сәйкес алғашқы медициналық-санитарлық жұмысты ұйымдастыру, жетекшілк ету бойынша штаттан тыс бас мамандардың қызметіне бақылау жүргізу, оларға қажетті әдістемелік және ұйымдастыру көмектерін көрсету. Үйде қан айналу жүйесі ауруларынан болатын өлімнің, амбулаторлық деңгейдегі жалпы өлімнің, тұрғындар мүгедектігі мен аурулардың алдын алу және емдеуге бағытталған шараларды бақылауды жүзеге асыру және үйлестіру, бекітілген халық тіркелімі және тұрғындардың нысаналы тобына скринингтік тексерулерге. Комиссия хатшысы ретінде МСАК ұйымдары үшін қосымша ынталандыру компоненттерін бөлу комиссиясына қатысу. Медициналық ұйымдардың денсаулық сақтау басқармасына ұсынатын аналитикалық материалдарының сапасын бақылау. БАҚ, жоғары тұрған ұйымдарға, басқа да ведомстволарға есептер, аналитикалық анықтамалар, ақпараттар әзірлеу және ұсыну. Жинақтау үшін терапия бөлімі бойынша жұмыс жоспарын әзірлеу және ұсыну. Алқа кеңесінің, комиссияның, жұмыс топтарының бас маман құзыретіне кіретін мәселелері бойынша жұмысына, әр түрлі комиссия жұмыстарына, бөлім басшысымен келісіп, басқа ұйымдардың кеңестеріне, Басқарма және бөлім жүргізген қоғамдық шараларға қатысу. Медициналық көмек көрсету мәселелері бойынша азаматтарды қабылдау, хаттарды, өтінішетр мен шағымдарды қарауды жүзеге асыру. Word, Excel, E-mail, Internet бағдарламаларымен компьютерде жұмыс істей білу.
-
Ана мен бала денсаулығын қорғау бөлімінің бас маманы, лауазымдық жалақысы еңбек өтіліне қарай 64063 теңгеден 86485 теңгеге дейін (D-О-4 санаты, 1 бірлік).
Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:
Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамту (медицина) саласындағы жоғары білімі. Мемлекеттiк қызмет өтiлi бiр жылдан кем емес немесе осы санаттың нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екi жылдан кем емес жұмыс өтiлi бар болған жағдайда ортадан кейінгі денсаулық сақтау және әлеуметтік қамту (медицина) саласындағы білімі барларға рұқсат етіледі. Microsoft Office бағдарламаларының стандартты пакетімен компьютерде жұмыс істей білуі.
Қызметтік міндеттері:
Бөлімнің жұмыс жоспарларын жасауға қатысу, кейіннен бекітілуге берілетін жұмыстардың тоқсан сайынғы және ай сайынғы жеке жоспарларын жасау. Қолданыстағы заңнамаларға, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі және басқарманың бұйрықтары мен нұсқаулықтарына, сондай-ақ жоғары тұрған органдардың өкімдері мен нұсқауларына сәйкес педиатрия қызметі жұмыстарын ұйымдастыру, жетекші маман-педиатрдің және мекемеге қарасты бөлімшелердің штаттан тыс бас мамандарының жұмыстарына бақылау жасау, оларға қажетті әдістемелік және ұйымдастырушылық көмек көрсету. МСАК дамытудың басымдылығын есепке ала отырып, педиатрия қызметін жоспарлау және үйлестіру, бала өлімі деңгейін ай сайын талдау, өлім көрсеткішіне әсер ететін факторларды анықтау және жою, жаңадан туылған сәбилерге медициналық көмек беру көлемі мен сапасына бақылау жасауды сараптау, неонатологиялық бөлімшелерінің жұмыстарын ұйымдастырудың алдыңғы қатарлы әдістерін енгізу, балаларға алдын алу, диагностикалық және емдеу-оңалту көмек беру сапасын бақылау, тегін медициналық көмектің кепілденген көлемін сақтау, балаларға арналған және емдік тағамдарды жоспарлау және тарату, 5 жасқа дейінгі және күндізгі стационарлардағы балаларды тегін тізім бойынша дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілуіне бақылау жасау, балаларды, бірінше кезекте мүгедек балаларды жоспарланған көлемге сәйкес жоғары мамандандырылған көмекпен және шипажайлық сауықтырумен қамтамасыз ету, кезеңдік алдын алу тексерулерінің жүргізілуіне, декреттелген жастағы балалардың динамикалық қадағалануына және сауықтырылуына бақылау жасау, жазғы кезеңдегі мектеп және қала сырты лагерлеріндегі медициналық қызмет көрсету сапасын бақылау. Ұлттық және аумақтық бағдарламалардың жүзеге асырылуына сараптамалық баға беру. Жоғары тұрған органдарға, басқа мекемелерге және БАҚ-қа есептер, талдау анықтамаларын және ақпараттарды жасап, тапсыру. Педиатрия тарауы бойынша жұмыс жоспарын жинақтау үшін жасау және тапсыру және жоспардың орындалуы үшін жауаптылық, бас маман жұмысына қатысты мәселелер бойынша алқаның, комиссияның, жұмыс тобының жұмыстарына қатысу және тәжірибелік дәрігерлердің медициналық конгресстерге, форумдерге, съездерге, семинарларға қатысуын ұйымдастыру және қамтамасыз ету, ғылым жетістігінің денсаулық сақтау тәжірибесіне ендірілуіне бақылау жасау, балалардың науқастануы мен мүгедектенуін алдын алу, емдеу және төмендету, сонымен қатар ауруханадағы өлім мен балалар өлімін төмендету іс-шараларын үйлестіру мен бақылау, ММ Басқармаға тапсырылатын талдау материалдарының сапасы мен дұрыстығына бақылау жасау, Бөлім мен Басқарма өткізетін қоғамдық іс-шараларға қатысу. Медициналық көмек көрсету мәселелері бойынша азаматтарды жеке қабылдауды, хаттарды, өтініштер мен шағымдарды қарауды жүзеге асыру. Компьютерде Word, Excel, E-mail, Internet бағдарламаларымен жұмыс істей білуі.
-
Ана мен бала денсаулығын қорғау бөлімінің бас маманы, лауазымдық жалақысы еңбек өтіліне қарай 64063 теңгеден 86485 теңгеге дейін (D-О-4 санаты, 1 бірлік).
Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:
Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамту (медицина) саласындағы жоғары білімі. Мемлекеттiк қызмет өтiлi бiр жылдан кем емес немесе осы санаттың нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екi жылдан кем емес жұмыс өтiлi бар болған жағдайда ортадан кейінгі денсаулық сақтау және әлеуметтік қамту (медицина) саласындағы білімі барларға рұқсат етіледі. Microsoft Office бағдарламаларының стандартты пакетімен компьютерде жұмыс істей білуі.
Қызметтік міндеттері:
Бөлімнің жұмыс жоспарларын жасауға қатысу, кейіннен бекітілуге берілетін жұмыстардың тоқсан сайынғы және ай сайынғы жеке жоспарларын жасау. Қолданыстағы заңнамаларға, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі және басқарманың бұйрықтары мен нұсқаулықтарына, сондай-ақ жоғары тұрған органдардың өкімдері мен нұсқауларына сәйкес акушерия және педиатрия қызметі жұмыстарын ұйымдастыру. Ведомстволық бағынысты бөлімшенің штаттан тыс бас мамандарының жұмыстарына бақылау жасау, оларға қажетті әдістемелік және ұйымдастырушылық көмек көрсету. МСАК дамытудың басымдылығын есепке ала отырып, педиатрия қызметін жоспарлау және үйлестіру: бала өлімі деңгейін ай сайын талдау, өлім көрсеткішіне әсер ететін факторларды анықтау және жою, жаңадан туылған сәбилерге, жүкті, босанушы, босанатын, босанған әйелдерге медициналық көмек беру көлемі мен сапасына бақылау жасауды сараптау. Неонатологиялық бөлімшелерінің жұмыстарын ұйымдастырудың алдыңғы қатарлы әдістерін енгізу, балаларға алдын алу, диагностикалық және емдеу-оңалту көмек беру сапасын бақылау, тегін медициналық көмектің кепілденген көлемін сақтау, балаларға арналған және емдік тағамдарды жоспарлау және тарату, 5 жасқа дейінгі және күндізгі стационарлардағы балаларды тегін тізім бойынша дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілуіне бақылау жасау, балаларды, бірінше кезекте мүгедек балаларды жоспарланған көлемге сәйкес жоғары мамандандырылған көмекпен және шипажайлық сауықтырумен қамтамасыз ету, кезеңдік алдын алу тексерулерінің жүргізілуіне, декреттелген жастағы балалардың динамикалық қадағалануына және сауықтырылуына бақылау жасау, жазғы кезеңдегі мектеп және қала сырты лагерлеріндегі медициналық қызмет көрсету сапасын бақылау. Балалардың науқастануы мен мүгедектенуін алдын алу, емдеу және төмендету, сонымен қатар ауруханадағы өлім мен балалар өлімін төмендету іс-шараларын үйлестіру мен бақылау, ММ Басқармаға тапсырылатын талдау материалдарының сапасы мен дұрыстығына бақылау жасау. Ұлттық және аумақтық бағдарламалардың жүзеге асырылуына сараптамалық баға беру. Жоғары тұрған органдарға, басқа мекемелерге және БАҚ-қа есептер, талдау анықтамаларын және ақпараттарды жасап, тапсыру. «Ана мен бала денсаулығын қорғау» тарауы бойынша жұмыс жоспарын жинақтау үшін жасау және тапсыру және жоспардың орындалуы үшін жауаптылық, бас маман жұмысына қатысты мәселелер бойынша алқаның, комиссияның, жұмыс тобының жұмыстарына қатысу және тәжірибелік дәрігерлердің медициналық конгресстерге, форумдерге, съездерге, семинарларға қатысуын ұйымдастыру және қамтамасыз ету, ғылым жетістігінің денсаулық сақтау тәжірибесіне ендірілуіне бақылау жасау. Бөлім мен Басқарма өткізетін қоғамдық іс-шараларға қатысу. Медициналық көмек көрсету мәселелері бойынша азаматтарды жеке қабылдауды, хаттарды, өтініштер мен шағымдарды қарауды жүзеге асыру. Компьютерде Word, Excel, E-mail, Internet бағдарламаларымен жұмыс істей білуі
-
Бухгалтерлік есеп, қаржыландыру және жиынтық талдау бөлімінің бас маманы, лауазымдық жалақысы еңбек өтіліне қарай 64063 теңгеден 86485 теңгеге дейін (D-О-4 санаты, 1 бірлік).
Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:
Экономика және бизнес саласындағы жоғары білімі. Мемлекеттiк қызмет өтiлi бiр жылдан кем емес немесе осы санаттың нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екi жылдан кем емес жұмыс өтiлi бар болған жағдайда ортадан кейінгі экономика және бизнес саласындағы білімі барларға рұқсат етіледі. Microsoft Office бағдарламаларының стандартты пакетімен компьютерде жұмыс істей білуі.
Қызметтік міндеттері:
Бекітілген есептік-есеп беру құжаттарының аясында қалалық денсаулық сақтау басқармасының қызметін есепке алу және есептеуді ұйымдастыру. Денсаулық сақтау басқармасы бухгалтерлік есеп және есеп беру құжаттамаларын жүргізуді жетілдіру. Есептеу үшін есепке алудың тиістілігіне қарай деректерді дайындау, бухгалтерлік құжаттардың сақталуын қадағалау (орталықтандырылған жабдықтау бойынша жабдықтаушылардың есептерін тексеру). Негізгі қаражаттарды, тауарлық-материалдық қорды, жабдықтаушылар есебін, есепке алу құжаттарын әзірлеу және бақылау. Келісім-шарттық міндеттемелер бойынша жабдықтардың, медикаменттердің және олардың кірісінің орталықтандырылып жабдықталуын бақылау (авизо бойынша есептерді тексеру). Электронды өңдеу талаптарын (салық комитеттеріне берілетін тоқсандық есептер) қанағаттандыру үшін құжаттарды дұрыстауға қатысу. Қазынашылық департаментіне төлем міндеттемелерін, есептерін тіркеу үшін тапсырыстарды дайындауға қатысу. Бұрыштама, келісулер, қажетті құжаттардың өсуін жинақтау, денсаулық сақтау ұйымдарына дейін жеткізу. Бөлімдегі құжат айналымы тәртібін қамтамасыз ету. ММ әдістемелік көмек көрсету. Хат-хабарлармен жұмыс істеу. Сұраныстар бойынша құжаттар дайындау. Компьютерде Word, Excel, E-mail, Internet бағдарламаларымен жұмыс істей білуі.
-
Бухгалтерлік есеп, қаржыландыру және жиынтық талдау бөлімінің бас маманы, лауазымдық жалақысы еңбек өтіліне қарай 64063 теңгеден 86485 теңгеге дейін (D-О-4 санаты, 1 бірлік).
Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:
Экономика және бизнес саласындағы жоғары білімі. Мемлекеттiк қызмет өтiлi бiр жылдан кем емес немесе осы санаттың нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екi жылдан кем емес жұмыс өтiлi бар болған жағдайда ортадан кейінгі экономика және бизнес саласындағы білімі барларға рұқсат етіледі. Microsoft Office бағдарламаларының стандартты пакетімен компьютерде жұмыс істей білуі.
Қызметтік міндеттері:
Бөлім жұмыстарының жоспарларын жасауға, жеке тоқсандық және айлық жұмыс жоспарларын құруға қатысу. Бекітілген есептік-есеп беру құжаттарының аясында қалалық ММ қызметтерін есепке алу және есептеуді ұйымдастыру. Қалалық ММ бухгалтерлік есеп және есеп беру құжаттамаларын жүргізуді жетілдіру. Бухгалтерлік есеп және есеп беру құжаттамаларын оңтайландыру жөнінде бөлім басшысына ұсыныстар беру. ММ қызметі туралы бухгалтерлік есептерді ұйымдастыру, қабылдау, талдау және жинақтау, Алматы қаласы Қаржы басқармасына жинақтық есептерді дайындау. Бухгалтерлік есеп бойынша ақпараттардың ММ-ге жіберілуін бақылау. Бухгалтерлік есеп және есеп беруді ұйымдастыруға қатысты мәселелер, қызметтік жалақыларын белгілеу, уақытша жұмысқа жарамсыздығына жәрдемақы аудару мәселелері бойынша ММ-ге кеңес беру. Электронды өңдеу талаптарын (салық комитеттеріне берілетін тоқсандық есептер) қанағаттандыру үшін құжаттарды дұрыстауға қатысу. Қазынашылық департаментіне төлем міндеттемелерін, есептерін тіркеу үшін тапсырыстарды дайындауға қатысу. Сұраулар бойынша құжаттар дайындау. Компьютерде Word, Excel, E-mail, Internet бағдарламаларымен жұмыс істей білуі.
11.Экономика және жоспарлау бөлімінің бас маманы (уақытша, негізгі қызметкер бала күту демалысында болған кезеңіне), лауазымдық жалақысы еңбек өтіліне қарай 64063 теңгеден 86485 теңгеге дейін (D-О-4 санаты, 1 бірлік).
Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:
Экономика және бизнес саласындағы жоғары білімі. Мемлекеттiк қызмет өтiлi бiр жылдан кем емес немесе осы санаттың нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екi жылдан кем емес жұмыс өтiлi бар болған жағдайда ортадан кейінгі экономика және бизнес саласындағы білімі барларға рұқсат етіледі. Microsoft Office бағдарламаларының стандартты пакетімен компьютерде жұмыс істей білуі.
Қызметтік міндеттері:
Мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын және есептерінің бюджеттік экономикалық классификациялар шығындарының спецификасына сәйкес болуын тексеру. Медициналық қызметтерді сатып алуда медициналық қызмет тарифтерін әзірлеуге қатысу. Бекітілген типтік штаттық нормативтерге сәйкес ММ штаттық кестелерін тексеру. МКҚК көрсететін ақылы медициналық және басқа қызметтерге бағалар прейскурантының есептік материалдарын тексеру және бекітуге дайындау. ММ шығындар сметасының орындалуын талдау. ММ даму жоспарларының орындалуын талдау. ММ №30 үлгідегі жылдық статистикалық есептерін тексеру (медицина мекемелері штаттық санының штаттық кестеге және дәрігерлік, медициналық және басқа мамандар атауларының желілік есептерге сәйкес келуі). ММ бюджетінің өтінімдерін және бюджеттік экономикалық классификация спецификациясына сәйкес олардың есептерін тексеру. Медициналық және шеттегі ұйымдармен хат жазысу. Алқа отырыстарының, шұғыл және жұмыс мәжілістерінің материалдарын дайындауға қатысу, Басқарма мен ММ жоғары тұрған органдарына талдау және жедел ақпараттарын жасауға қатысу. ММ-ның жылдық және тоқсандық қаржы есептерін қабылдау. АЕК шеңберінде медициналық мекемелер көрсететін консультациялық-диагностикалық қызметтерге мониторинг жасау. ММ ЖНЫК төлеу мен қайта бөлу бойынша ақпараттарды жинау. Бекітілген үлгіге сәйкес ММ-ден 1-т үлгісіндегі еңбек жөніндегі есепті жинау, жинақтау және талдау (тоқсан сайын, жылдық) және жоғары тұрған органдарға ұсыну. Жергілікті және республикалық бюджет есебінен (ММ дерегі бойынша) еңбек ақы төлеуге қаражаттардың пайдаланылуын жинақтау және талдау. Желілер, штат және контингент бойынша (тоқсандық және жылдық) ММ-ден есептер қабылдау және жинақтау. Медициналық мекемелер бюджетінің келешектік жоспарлары жобасын қалыптастыруға және салалық құзыретті органда қорғауға қатысу. Басқарма ұйымдастыратын ММ кешенді тексеруге қатысу. Өз құзыреті шеңберінде ММ ұйымдастырушылық-әдістемелік көмек көрсету. Компьютерде Word, Excel, E-mail, Internet бағдарламаларымен жұмыс істей білуі.
12.Экономика және жоспарлау бөлімінің бас маманы, лауазымдық жалақысы еңбек өтіліне қарай 64063 теңгеден 86485 теңгеге дейін (D-О-4 санаты, 1 бірлік).

Ішкі бақылау қызметінің бас маманы лауазымдық жалақысы еңбек өтіліне қарай 64063 теңгеден 86485 теңгеге дейін (D-О-4 санаты, 1 бірлік).
Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:
Экономика және бизнес саласындағы жоғары білімі. Мемлекеттiк қызмет өтiлi бiр жылдан кем емес немесе осы санаттың нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екi жылдан кем емес жұмыс өтiлi бар болған жағдайда ортадан кейінгі экономика және бизнес саласындағы білімі барларға рұқсат етіледі. Microsoft Office бағдарламаларының стандартты пакетімен компьютерде жұмыс істей білуі.
Қызметтік міндеттері:
Медициналық көмек көрсету сапасы мен тиімділігін жоғарлату мақсатында денсаулық сақтау ұйымдарында медициналық көмек көрсету сапасын басқару бойынша ішкі бақылауды жүзеге асырады, басқару жүйесі мен ведомстволық бағынысты мекемелердің қызметін бағалайды, мемлекеттік органның бірінші басшысына жетілдіру жөнінде ұсыныстар жасайды, ҚР бюджеттік және басқа да заңнамаларының сақталуына тексеру жасайды, стратегиялық және операциялық жоспарлардың іске асуына бақылау жүргізеді, мемлекеттік органның есепке алу және есеп берудің дұрыс және нақты жүргізілуіне бақылау жасайды, ҚР заңнамасына сәйкес республикалық және (немесе) жергілікті бюджет қаражаттарын пайдалану кезінде кемшіліктер мен бұзушылықтарды анықтау бойынша шаралар қабылдайды, бақылау нәтижесі бойынша қабылданған шешімдер және бақылау нысандарымен жолданған ұсынымдардың орындалуына бақылау жүргізеді, бақылау нысандарынан белгіленген мерзімде қажет құжаттарды, анықтамаларды, сұрақтары бойынша түсініктемелер сұратып ала алады, қызметтік, коммерциялық құпияны және заңмен қорғалатын құпияның сақталуын ескере отырып, бақылау шараларының мәселесіне жататын бақылау нысанының құжатымен еш кедергісіз танысуға, мемлекеттік орган басшысымен анықталатын басқа да өкілеттікті жүзеге асырады. Мемлекеттік орган басшысына жұмыс нәтижесіне жету және тиімділігін арттыру мақсатында ішкі шаралары, үрдістері, ережелерін жақсарту бойынша ұсынымдар мен бақылау нәтижесі туралы есеп ұсыну. Тек бірінші басшыға бағынысты және есеп береді. Word, Excel, E-mail, Internet бағдарламаларымен жұмыс істей білу.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы талаптар: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», «Қазақстан Республикасының Парламенті және депутаттарының мәртебесі туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» конституциялық заңдары, «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Әкімшілік шаралар туралы», «Заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» заңдарын, ҚР «ҚР денсаулық сақтау жүйесі және халық денсаулығы туралы» Кодексін, Денсаулық сақтау жүйесіндегі қатынастарды реттейтін ҚР нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан -2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты. Отандық және шетелдік денсаулық сақтау жүйесінде тәжірибие алу. Осы санаттағы лауазымдар бойынша қызметтік міндеттерін орындау үшін қажет міндетті білімдерінің болуы.
Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттік Төрағасының 2013 жылғы 19 наурыздағы №06-7/32 бұйрығымен бекітілген Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға конкурс өткізу және конкурстық комиссияны құру Ережесі негізінде өткізіледі.
Конкурсқа қатысу құжаттары: 1) нысанға сәйкес өтініш; 2) 3х4 үлгідегі суретпен нысанға сәйкес толтырылған сауалнама; 3) бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi; 4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi; 5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілердің тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама; 6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі; 7) құжаттарды тапсыру сәтінде шекті мәннен төмен емес нәтижемен тестілеуден өткені туралы қолданыстағы сертификат (немесе нотариатты куәландырылған көшірмесі).
Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайларда 4) тармақшасында көрсетілген құжатты ұсыну талап етілмейді. Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады. Мемлекеттік қызметшілермен тапсырылатын 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды олар жұмыс істейтін мемлекеттік органдардың персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) куәландыра алады.
Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби шеберлiгiне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады. Азаматтар жоғарыда аталған құжат тігілетін мұқабада орналастырылған құжаттарды қолма-қол тәртіпте немесе почта арқылы құжаттарды қабылдау мерзiмiнде бере алады.
Азаматтар жоғарыда аталған құжаттарды хабарламада көрсетілген электрондық почта мекен-жайына электронды түрде бере алады. Конкурсқа қатысу үшін жоғарыда көрсетілген құжаттарды электрондық почта арқылы берген азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күн бұрын кешіктірілмей береді. Жоғарыда аталған құжаттардың түпнұсқасы берілмеген жағдайда тұлға әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.
Қабылдау мерзiмi конкурс өткiзу туралы хабарландыру ресми бұқаралық ақпарат құралдары бетінде («Вечерний Алматы», «Алматы ақшамы» газеттері), сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің интернет-ресурсында www.kyzmet.gov.kz және Алматы қаласы денсаулық сақтау басқармасының ресми сайтында www.almatyzdrav.kz, соңғы жарияланған күнінен бастап 10 жұмыс күннің ішінде мына мекенжайға тапсырылуы тиіс: 050040, Алматы қаласы, Жандосов көшесі, 6, № 305 бөлме.
Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап бес жұмыс күнінің ішінде оны Алматы қаласы денсаулық сақтау басқармасында өтеді.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушыларды қатыстыруға жол беріледі.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі маслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.
Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталуына 1 жұмыс күні қалғанға дейін кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, жоғарыда аталған ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынуы қажет.
«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына үміткерлер Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Астана, Алматы, Атырау, Көкшетау, Павлодар, Тараз, Өскемен, Орал, Петропавл, Қостанай, Қызылорда, Қарағанды, Талдықорған, Ақтөбе, Ақтау және Шымкент қалаларындағы аймақтық тестілеу орталықтарында белгіленген тәртіппен өтеді.
D-O-4 cанаты үшін тестілеу бағдарламасы: мемлекеттік тілді білуге тест (20 тапсырма); логикалық тест (10 тапсырма); Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестке Қазақстан Республикасының Конституциясы (15 сұрақ); «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының конституциялық заңы; «Мемлекеттік қызмет туралы» (15 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» (15 сұрақ), «Әкімшілік рәсімдер туралы» (15 сұрақ), «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» (15 сұрақ), «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын бiлуге арналған тест сұрақтары кiредi.
Анықтама телефоны: 2755703, 2744586
Факс: 2744602
Электрондық мекенжайы: urist@dzalmaty.kz, gulbanu@dzalmaty.kz
Достарыңызбен бөлісу: |