Мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілер арасындағы ішкі конкурс
Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:
С-R-1 санаты үшін: Жоғары білім; мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес; мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың орта басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес; осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес; жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы; ғылыми дәрежесінің болуы.
С-R-2 санаты үшін: Жоғары білім. Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамашылық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік. Жұмыс тәжірибесі мына талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс: мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-5, С-5, С-R-3, D-5, D-О-5, E-4, E-R-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес, мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың кіші басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес; осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес; жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы; ғылыми дәрежесінің болуы.
С-R-3 санаты үшін: Жоғары білім. Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамашылық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік. Жұмыс тәжірибесі мына талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс: мемлекеттік қызмет өтілі бір жарым жылдан немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе С-О-6, С-R-4, D-O-6, E-5, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес, мемлекеттік қызмет өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың кіші басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес; осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жарым жылдан кем емес; жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы; ғылыми дәрежесінің болуы.
С-R-4 санаты үшін: Жоғары білім. Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамашылық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік. Жұмыс тәжірибесі мына талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс: мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе С-R-5, E-R-5, E-G-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес; мемлекеттік қызмет өтілі орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың қатардағы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес; осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес; жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы; ғылыми дәрежесінің болуы.
- Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді тіркеудің мемлекеттік тізілімінде 2015 жылғы 30 желтоқсанда № 12639 болып тіркелген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын үлгі біліктілік талаптарына сәйкес.
Мемлекеттік әкімшілік қызметшінің лауазымдық жалақысы:
Санаты
|
Еңбек сіңірген жылдарына байланысты лауазымдық жалақысы
|
min
|
max
|
С-R-1
|
142400
|
192380
|
С-R-2
|
127422
|
172394
|
С-R-3
|
96607
|
129919
|
С-R-4
|
73229
|
99106
|
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономикалық министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Алматы қаласы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті, мекен-жайы: 050002, Алматы қаласы, Жібек жолы көшесі, 5, анықтама телефондары: 8 (7273)82-34-54, факс. 382-35-56, электронды мекен-жайы: dzppalmaty@mail.ru, supalm@mail.ru «Б» корпусы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға конкурс жариялайды:
1. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономикалық министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Алматы қаласының тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармаларының эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің бас маманы (С-R-4 санаты, 5 бірлік, оның ішінде):
- Алатау аудандық басқармасы - 1 бірлік (негізгі қызметкердің жалақысы сақталмайтын бала күту демалысы кезеңіне - 10.07.2018 жылға дейін);
- Алмалы аудандық басқармасы - 2 бірлік (оның ішінде 1 бірлік, негізгі қызметкердің жалақысы сақталмайтын бала күту демалысы кезеңіне - 08.09.2018 жылға дейін)
- Медеу аудандық басқармасы - 1 бірлік,
- Наурызбай аудандық басқармасы - 1 бірлік
Функционалды міндеттері: Энтомологиялық мәселелер бойынша ұйымдастыру және әдістемелік жұмыс. Өкімдер, бұйрықтар және сұраулар бойынша ақпарат дайындау. Трансмиссивтік аурулардың (безгек, кене энцефалиті және басқалар) тасымалдаушыларын энтомологиялық қадағалауды жоспарлау және ұйымдастыру. Анофелогендік су қоймаларын паспорттау бойынша жұмыс жүргізу. Ісқағаздарын және мониторингілеуді ұйымдастыру және жүргізу. Қазақстан Республикасы заңнамасының, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуын қамтамасыз ету. Энтомологиялық мәселелер бойынша мемлекеттік органдар және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасасу. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құзыретінің шегінде өзге де міндеттерді орындау.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім: денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медициналық-профилактикалық іс, қоғамдық денсаулық сақтау), жаратылыстану ғылымы (биология), білім (биология).
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономикалық министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Алматы қаласының тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармаларының ұйымдастыру-құқықтық жұмыс және мониторинг бөлімінің бас маманы (С-R-4 санаты, 2 бірлік):
- Алмалы аудандық басқармасы- 1 бірлік
- Бостандық аудандық басқармасы - 1 бірлік
Функционалды міндеттері: Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің іске асырылуын бақылау. Азаматтардан келіп түсетін арыздарының, өтініштерінің, депутаттық сауалдардың орындалу сапасын бақылау. Еңбек тәрітбін нығайту жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі іс-шаралар жоспарын бақылау және орындау. Құқықтық жалпы оқыту жүргізуді ұйымдастыру. Әкімшілік практиканы жүргізу. Әкімшілік әрекет шараларын қолдануды бақылау және талдау. Басқарманың қызметкерлеріне құқықтық мәселелер бойынша практикалық көмек көрсету. Тіл саясаты туралы заңнаманы іске асыру бойынша жұмысты жүзеге асыру. Мемлекеттік тілді дамыту және мемлекеттік тілде ісқағаздарын жүргізу. Мемлекеттік тілде дайындалған ресми құжаттарды түзету. Қазақстан Республикасы заңнамасының, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуын қамтамасыз ету. Құзыретінің шегінде мемлекеттік органдар және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасасу. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құзыретінің шегінде өзге де міндеттерді орындау.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім: құқық, техникалық ғылымдар және технологиялар (автоматтандыру және басқару, ақпараттандыру жүйесі, есептеуіш техника және бағдарламалық жасақтама, биотехнология, азық-түлік өнімдерінің технологиясы, стандарттау, сертификаттау және метрология), тағам қауіпсіздігі, әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медициналық-профилактикалық іс, қоғамдық денсаулық сақтау), жаратылыстану ғылымдары (биология), білім (қазақ тілі мен әдебиеті), гуманитарлық ғылымдар (филология, аударма ісі).
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономикалық министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Алматы қаласының тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармаларының тұтынушылардың құқықтарын қорғау бөлімінің бас маманы (С-R-4 санаты, 5 бірлік, оның ішінде):
- Әуезов аудандық басқармасы - 1 бірлік (негізгі қызметкердің жалақысы сақталмайтын бала күту демалысы кезеңіне - 16.06.2018 жылға дейін)
- Бостандық аудандық басқармасы - 2 бірлік (оның ішінде 2 бірлік, негізгі қызметкердің жалақысы сақталмайтын бала күту демалысы кезеңіне - 07.04.2017 жылға дейін және 04.01.2018 жылға дейін),
- Түрксіб аудандық басқармасы - 2 бірлік
Функционалды міндеттері: Тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру. Құзыретінің шегінде нормативтің құқықтық актілердің жобаларын қарауға қатысу. Құзыретінің шегінде басқарма алқасының талдау материалдарының, анықтамаларының, баяндамаларының, қаулыларының жобаларын дайындау. Қазақстан Республикасының заңнамасының, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуын қамтамасыз ету. Құзыретінің шегінде мемлекеттік органдар және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасасу. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құзыретінің шегінде өзге де міндеттерді орындау.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім: құқық, денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медициналық-профилактикалық іс, қоғамдық денсаулық сақтау), әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, техникалық ғылымдар және технологиялар (биотехнология, азық-түлік өнімдерінің технологиясы, стандарттау, сертификаттау және метрология), білім (құқық және экономика негіздері), гуманитарлық ғылымдар (халықаралық қатынастар, философия), тағам қауіпсіздігі.
4. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономикалық министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Алматы қаласының тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармаларының Санитариялық-гигиеналық қадағалау және техникалық регламенттер талаптарының сақталуын бақылау бөлімінің бас маманы (С-R-4 санаты, 3 бірлік, оның ішінде):
- Медеу аудандық басқармасы – 2 бірлік;
- Алмалы аудандық басқармасы – 1 бірлік.
Функционалды міндеттері: Бақылаудағы объектілерді санитариялық-гигиеналық қадағалау. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша ақпараттарды дайындау және орындау. Ұйымдастыру-әдістемелік жұмыс жоспарының орындалуының талдауын, бөлім қызметінің көрсеткіштерін дайындауға қатысу. Ісқағаздарын және санитариялық-эпидемиологиялық мониторингті жүргізу. Қазақстан Республикасының заңнамасының, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуын қамтамасыз ету. Құзыретінің шегінде мемлекеттік органдар және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасасу. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құзыретінің шегінде өзге де міндеттерді орындау.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім: денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медициналық-профилактикалық іс, қоғамдық денсаулық сақтау), тағам қауіпсіздігі, құқық (юриспруденция, халықаралық құқық), техникалық ғылымдар және технологиялар (биотехнология, стандарттау, сертификаттау және метрология, қоғамдық тамақтандыру технологиясы). 5. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономикалық министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Алматы қаласының тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті Бостандық аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасының тұтынушылардың құқықтарын қорғау бөлімінің басшысы (С-R-3 санаты, 1 бірлік).
Функционалды міндеттері: Бөлімнің жұмысына жалпы басшылық ету. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру. Құзыретінің шегінде нормативтің құқықтық актілердің жобаларын қарауға қатысу. Құзыретінің шегінде басқарма алқасының талдау материалдарының, анықтамаларының, баяндамаларының, қаулыларының жобаларын дайындау. Қазақстан Республикасының заңнамасының, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуын қамтамасыз ету. Құзыретінің шегінде мемлекеттік органдар және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасасу. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құзыретінің шегінде өзге де міндеттерді орындау.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім: құқық, денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медициналық-профилактикалық іс, қоғамдық денсаулық сақтау), тағам қауіпсіздігі, әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, қаржы, есеп және аудит, мемлекеттік және жергілікті басқару), техникалық ғылымдар және технологиялар (биотехнология, азық-түлік өнімдерінің технологиясы, стандарттау, сертификаттау және метрология).
6. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономикалық министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Алматы қаласының тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармаларының Санитариялық-гигиеналық қадағалау және техникалық регламенттер талаптарының сақталуын бақылау бөлімінің басшысы (С-R-3 санаты, 2 бірлік).
- Медеу аудандық басқармасы – 1 бірлік (негізгі қызметкердің жалақысы сақталмайтын бала күту демалысы кезеңіне - 01.06.2018 жылға дейін);
- Бостандық аудандық басқармасы – 1 бірлік.
Функционалды міндеттері: Бөлімнің жұмысына басшылық ету. Бақылаудағы объектілерді санитариялық-гигиеналық қадағалау жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша ақпараттардың дайындалуын және орындалуын бақылау. Ұйымдастыру-әдістемелік жұмыс жоспарының орындалуының талдауын, бөлім қызметінің көрсеткіштерін дайындау. Қазақстан Республикасының заңнамасының, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуын қамтамасыз ету. Құзыретінің шегінде мемлекеттік органдар және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасасу. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құзыретінің шегінде өзге де міндеттерді орындау.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім: денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медициналық-профилактикалық іс, қоғамдық денсаулық сақтау), тағам қауіпсіздігі, техникалық ғылымдар және технологиялар (биотехнология), құқық (юриспруденция, халықаралық құқық). 7. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономикалық министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Алматы қаласының тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті Наурызбай аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы басшысының орынбасары (С-R-2 санаты, 1 бірлік).
Функционалды міндеттері: Құзыретінің шегінде басқарманың жұмысына басшылық ету. Басқарманың тұтынушылардың құқықтарын қорғау және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы қызметін үйлестіру. Бекітілген аумақта тұтынушыларға өткізілетін өнімдер мен көрсетілетін қызметтер бойынша техникалық регламенттермен және нормативтік құжаттармен белгіленген талаптардың сақталуын, сондай-ақ тағам өнімдерін өткізу сатысында оның қауіпсіздігі саласын бақылауды жүзеге асыру. Қазақстан Республикасы заңнамаларының, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың, мемлекеттік қызмет туралы, тілдер туралы және жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы заңнаманың сақталуын бақылауды жүзеге асыру. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау және өңір халқының санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг және мемлекеттік қызмет мәселелері. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау және аудан халқының санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету мәселелері бойынша жұмыс және сараптау топтарына қатысу. Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарау және құзыретінің шегінде шараларды қабылдау. Құзыретінің шегінде нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу, келісу және қарау. Құзыретінің шегінде талдау материалдарының, анықтамалардың, баяндамалардың жобаларын дайындау. Құзыретінің шегінде мемлекеттік органдар және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасасу. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құзыретінің шегінде өзге де міндеттерді орындау.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім: құқық (юриспруденция, халықаралық құқық), денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медициналық-профилактикалық іс, қоғамдық денсаулық сақтау), әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, есеп және аудит, қаржы, менеджмент, мемлекеттік және жергілікті басқару)
8. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономикалық министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Алматы қаласының тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті Наурызбай аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы басшысы (С-R-1 санаты, 1 бірлік).
Функционалды міндеттері: Басқарманың жұмысына басшылық ету. Басқарманың тұтынушылардың құқықтарын қорғау және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы қызметін үйлестіру. Бекітілген аумақта тұтынушыларға өткізілетін өнімдер мен көрсетілетін қызметтер бойынша техникалық регламенттермен және нормативтік құжаттармен белгіленген талаптардың сақталуын, сондай-ақ тағам өнімдерін өткізу сатысында оның қауіпсіздігі саласын бақылауды жүзеге асыру. Қазақстан Республикасы заңнамаларының, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың, мемлекеттік қызмет туралы, тілдер туралы және жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы заңнаманың сақталуын бақылауды жүзеге асыру. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг және мемлекеттік қызмет мәселелері. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау және аудан халқының санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету мәселелері бойынша жұмыс және сараптау топтарына қатысу. Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарау және құзыретінің шегінде шараларды қабылдау. Құзыретінің шегінде талдау материалдарының, анықтамалардың, баяндамалардың жобаларын дайындау. Құзыретінің шегінде мемлекеттік органдар және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасасу. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құзыретінің шегінде өзге де міндеттерді орындау.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім: құқық (юриспруденция, халықаралық құқық), денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медициналық-профилактикалық іс, қоғамдық денсаулық сақтау), әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, есеп және аудит, қаржы, менеджмент, мемлекеттік және жергілікті басқару).
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар (уәкілетті орган белгілеген бекітілген нысан бойынша өтініш, тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім) мемлекеттік органның және мемлекеттік қызмет істері бойынша уәкілетті органның интернет-ресурсында ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған соңғы күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде ұсынылуы тиіс.
Конкурс комиссиясының қарауына құжаттарды қабылдау мерзімінде азаматтардың өздері әкеліп берген, почта бойынша немесе хабарландыруда көрсетілген электронды почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электрондық Үкімет порталы немесе «Е-қызмет» интеграцияланған ақпараттық жүйесі арқылы жіберген құжаттары қабылданады (олардың түпнұсқалары әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей ұсынылады).
Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны олардың әңгімелесуге жіберілгендігі туралы кандидаттарды хабарландыру күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономикалық министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Алматы қаласының тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті» РММ-де өтеді. Аталған лауазымға орналасқан тұлғалар үшін көтермелеу шығыстары төленбейді, тұрғын үй және жеңілдіктер берілмейді.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.
Достарыңызбен бөлісу: |