«Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімінің аппараты» ММ «Б» корпусы бос мемлекеттік төменгі әкімшілік лауазымдарына орналасу үшін жалпы конкурс жариялайды: -
«Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының экономика және қаржы бөлімі» ММ мемлекеттік сатып алулар жөніндегі бас маманы, 1 бірлік.
Әкiмшiлiк мемлекеттiк қызметкер санаты Е-R-4.
Лауазымдық айлықақысы еңбек еткен жылына қарай 73288 теңгеден 99105 теңгеге дейiн.
Негізгі функционалдық міндеттері:
Ауданда мемлекеттік сатып алуды жүргізу мәселелері бойынша есептілікті құру және мониторингті іске асыру. Бөлімнің аппарат басқармасының мемлекеттік сатып алуын іске асыру. Басқару аппараты бойынша бухгалтерлік есеп және есептілікті толық көлемде жүргізу. Басқарма аппаратын ұстауға, олардың есептеріне және міндеттемелері мен төлемдері бойынша толық қаржыландыру жоспарларын құрастыру. Басқару аппараты бойынша қаржыландыру жоспарын орындау, балансты тапсыру және құрастыру. Міндетті төлемдер мен салықтар бойынша айлық есептерді және декларацияларды құрастыру және тапсыру. Бөлімнің кадрлар мәселелері бойынша жұмыстарды орындау және ұйымдастыру. Басшылықтың тапсырмасы бойынша басқа да өкілеттіктерді жүзеге асыру.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негiзгi талаптар:
Бiлiмi жоғары: Әлеуметтік ғылымдар немесе экономика және бизнес (экономика, менеджмент немесе есеп және аудит немесе қаржы немесе мемлекеттік және жергілікті басқару) бейіні бойынша. -
«Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ кадрлар жұмысы жөніндегі бас маманы, 1 бірлік – негізгі қызметкердің бала күті бойынша демалыс уақытына.
Әкiмшiлiк мемлекеттiк қызметкер санаты Е-R-4.
Лауазымдық айлықақысы еңбек еткен жылына қарай 73288 теңгеден 99105 теңгеге дейiн.
Негiзгi функциялық мiндеттерi:
Әдістемелік басшылықты және бөлімнің секторларында іс жүргізуді ұйымдастыруды бақылау. Істер номенклатурасын құрастыру және оны секторларға жеткізу. Құжаттардың қабылдауды, есепке алуды, тіркеуді, бақылауды, іске асырылуды қамтамасыз ету. Мұрағаттық ақпаратты басқару, олардың сақталу тәртібін қадағалау. Басшылық тапсырмалары мен құжаттардың іске асырылуын бақылауды жүзеге асыру. Мекеме кадрлық жұмыстарын құжаттамалармен қамтамасыз ету жұмыстарын орындайды: жеке құрам бойынша бұйрықтарды толтыру; жеке карта формалары мен жеке істерді толтыру; еңбек кітапшаларын толтыру; еңбек келісімдерін (шарттарын) толтыру мен басқару; іс-сапар қағаздарын толтыру; жұмыс уақытын есептеу табелін басқару; еңбек стажы туралы анықтама беру. Қызметкерлердің жұмысын бағалау бойынша мониторинг жүргізеді еңбек стажын анықтау бойынша комиссия жұмысын ұйымдастырады. Бөлімдегі әскери міндеттілердің есебін жүргізеді. Бөлімнің мемлекеттік қызметкерлері мен азаматтық қызметкерлерінің қабілеттіліктілігін арттыру мен аттестациялау бойынша жұмысты ұйымдастыру мен бақылау. Азаматтардың өтініштері бойынша іс жүргізуді жүргізу. (заңды және жеке тұлғалар, 1-ТӨ нысаны бойынша ай сайынғы есептер).
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негiзгi талаптар:
Бiлiмi жоғары: Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (іс қағаздар жүргізу және мұрағат ісі, есеп және аудит, қаржы) немесе Құқық бейіндері бойынша.
-
«Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының ветеринария бөлімі» ММ жетекші маманы - ветеринариялық дәрігер, 1 бірлік.
Әкiмшiлiк мемлекеттiк қызметкер санаты Е-R-5.
Лауазымдық айлықақысы еңбек еткен жылына қарай 64960 теңгеден 88279 теңгеге дейiн.
Негiзгi функциялық мiндеттерi:
Ауданда малдың ауруы және өлуін алдын алу жөніндегі ветеринариялық алдын алу жоспарын құрастырады. Зоогигиеналық және ветеринариялық ережелерді малды ұстау, жемдеу, күтуде орындалуын тексеру. Мал фермаларында, мал базаларында, аумақтарда және бөлмелерде мал өнімін және шикізатын өңдеу, сақтау үшін дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау және дерактивтендіру жұмысын ұйымдастыру. Қазақстан Республикасы заңнамаларының және Кедендік одағының ветеринария саласындағы, ветеринариялық-санитарлық ережелердің және адам мен малға ортақ аурулардан халықты қорғау жөніндегі ережелердің талаптарын орындауды қамтамасыз ету. Ветеринария бойынша белгіленген есептілікті жүргізуді қамтамасыз етеді. Қаңғырған иттер мен мысықтарды аулауды ұйымдастырады. Бюджет қаражаты есебінен алдын алу, емдеу және жою жүргізілетін малдың энзоотиялық аурулар тізбесін әзірлеу. Ауылшаруашылық малды идентификациялауды және олар бойынша компьютерлік мәліметтер базасын жүргізуді, сонымен қатар мал соятын орындарда (ауылшаруашылық малды соятын алаңдарда) малды сояр алдында және сойғанан кейін тексеруді ұйымдастырады. Қаңғырған иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды ұйымдастырады. «Айқын «Е-Қызмет» ақпараттық аналитикалық базасында жұмыс.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негiзгi талаптар:
Бiлiмi жоғары: Ветеринария бейіні бойынша немесе ортадан кейінгі білім: Ауыл шаруашылығы, ветеринария және экология (ветеринария) бейіні бойынша.
-
«Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Белое ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ бас маманы – бухгалтер, 1 бірлік.
Әкiмшiлiк мемлекеттiк қызметкер санаты Е-G-3.
Лауазымдық айлықақысы еңбек еткен жылына қарай 69956 теңгеден 94108 теңгеге дейiн.
Негiзгi функциялық мiндеттерi:
Негізгі қаражаттарды және тауарлы-материалдық құндылықтарда және ақша қаражаттарды толық есептеу жүргізу негізінде бухгалтерлік есепті ұйымдастыры жүзеге асырады. Олардың қозғалысымен байланысты операцияларды бухгалтерлік есепте көрсету. Ауылдық округ әкімі аппаратының шығын сметаларын орындау бойынша дұрыстық есеп жүргізеді. Бюджетке төлемдерді, әлеуметтік сақтандыруға жарналарды, бюджетке төлемдерді аударады және есептеуді дер кезінде жүзеге асырайды. Штаттық, қаржылық және кассалық тәртіпті, лауазымдық жалақыны орнатуды, еңбекақы қорын дұрыс шығындауды, бухгалтерлік құжаттардың сақтауын және мұрағатқа тапсыруды, дұрыстық бухгалтерлік есепті құруды жүзеге асырайды. Ауылдық округ Әкім аппараты үшін мемлекеттік сатып алуларды өткізуді жүзеге асырайды. Жер, мүлік салықтарын жинауды және есептеуді жүзеге асыру. Заңмен белгіленген мерзімдерде салықтарды жинау және тапсыру. Ауылдық округ әкімінің басқа тапсырмаларын орындайды.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негiзгi талаптар:
Бiлiмi жоғары: Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, қаржы, есеп және аудит, мемлекеттік және жергілікті басқару) бейіні бойынша.
-
«Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Ленин ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ басі маманы – бухгалтер, 1 бірлік.
Әкiмшiлiк мемлекеттiк қызметкер санаты Е-G-3.
Лауазымдық айлықақысы еңбек еткен жылына қарай 69956 теңгеден 94108 теңгеге дейiн.
Негiзгi функциялық мiндеттерi:
Ақша қаражаттарына және тауарлы-материалдық кұндылықтарға, негізгі құралдарға толық есеп жүргізу негізінде бухгалтерлік және салық есепті ұйымдастыру, ақша айналымына байланысты операцияларды бухгалтерлік есепте көрсету. Ауылдық округі әкім аппаратының шығыстар сметасын орындау бойынша нақты есеп жүргізеді. Әлеуметтік сақтандыруға жарналарды, бюджетке төлемдерді өз уақытында есептейді, аударады. Нақты бухгалтерлік есептілікті құрастыруды, бухгалтерлік құжаттарды сақтауды және мұрағатқа тапсыруды, бухгалтерлік құжаттардың сақталуын және оларды мұрағатқа тапсыруды, тауарлы-материалдық құндылықтарды қабылдау, жіберу ережелерінің сақталуын, ақша қаражатын, тауарлы- материалдық құндылықтардың, негізгі құралдардың түгендеуін жүргізуді, жалақы қорының дұрыс шығындануды, лауазымды айлықақыларды, штаттық, қаржылық және кассалық тәртіпті белгілеуді қамтамасыз етеді. Ауылдық округі әкімінің аппараты үшін мемлекеттік сатып алуды өткізуді жүзеге асырады. Ауылдық округ әкімінің басқа тапсырмаларын орындайды. Мүлік, жер салықтарын есептеуді жүзеге асыру. ҚР заңнамасымен қарастырылған құзырға сәйкес қызеттерді көрсету.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негiзгi талаптар:
Бiлiмi жоғары:Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес бейіні бойынша.
«Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттарға тестілеу бағдарламасындағы «Е-R-4», «Е-R-5», «Е-G-3» санаты үшін: мемлекеттік тілді білуге, Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын білуге және бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;деңгейін анықтауға арналған тестілер белгіленеді.
Конкурс Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №12 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу Қағидалары негізінде өткізіледі.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
-
осы Қағидаларға белгіленген нысандағы өтініш;
-
3х4 үлгідегі суретпен белгіленген нысанда толтырылған сауалнама;
3) бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;
4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;
5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;
6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
7) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
8) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).
Осы Қағидалардың 85-тармағының 3), 4), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі.
Бұл ретте, персоналды басқару қызмет (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.
Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайларда еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсыну талап етілмейді.
Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір сағат бұрын кешіктерілмей береді. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.
Әңгімелесуге жіберілген үміткерлер одан мемлекеттік органда әңгімелесуге жіберу туралы хабарлама алған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде өтеді. Әңгімелесу өткізу кезінде кандидаттардың конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыпқа эссе жазуларына жол беріледі.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар және сарапшылар шақырылады. Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, Қағидаларының 30- тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.
Конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру Солтүстiк Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкiмi аппаратының және мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi уәкiлеттi органының интернет-ресурстарында соңғы жарияланған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде қолма-қол, пошта арқылы мына мекен-жайға ұсынылуы тиіс: 150900, СҚО, Мамлютка қаласы, Сәбит Мұқанов көшесi, 12, 3-кабинет, Солтүстiк Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкiмiнiң аппараты немесе maml-akimat@sko.gov.kz. электрондық пошта арқылы немесе «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде. Анықтамаларды мына телефон 8(71541)22927, факс 8(71541)21788 арқылы алуға болады.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.
Достарыңызбен бөлісу: |