2016 жылғы 04 наурыздағы «Қызылжар ауданы әкімінің аппараты» ММ интернет-ресурсында жалпы конкурс туралы хабарландыру орналастырылды
«Қызылжар ауданы әкімінің аппараты» ММ
«Б» корпусы бос мемлекеттік әкімшілік төменгі лауазымына орналасу үшін жалпы конкурс жариялайды:
1. «Қызылжар аудандық экономика және қаржы бөлімі» ММ экономика және бюджеттік жоспарлау секторының жетекші маман, «Е-R-5» санаты, 1 бірлік.
Жалақысының мөлшері қызмет атқарған жылдарына байланысты 64960 теңгеден 88279 теңгеге дейін.
Негізгі функционалдық міндеттері:
Штаттық кестенің дұрыс құрылуын және бекітілуін бақылауды ұйымдастырады. Бюджеттік тапсырысқа енгізілген әр бюджеттік бағдарламаның (бағдарлама астындағы бағдарламаны) жобасын қабылдайды және тексереді. Бюджеттік тапсырысқа енгізілген, ерекшеліктер шегіндегі әр бюджеттік бағдарлама (бағдарлама астындағы бағдарлама) бойынша шығыстардың есептерін қабылдайды және тексереді, бөлім басшысының атына талдау жазба даярлайды. Бюджеттік бағдарламалардың (бағдарлама астындағы бағдарлама) қаржыландыру жоспарының дұрыс құрылуына, олардың мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік кәсіпорындар бойынша ерекшеліктер шегінде есептерге бақылау жасайды. Бюджеттік комиссияда қарастыру үшін бағдарламалар әкімгерлері бойынша бюджеттік тапсырыстар жөніндегі қорытындыларды даярлайды. Мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік кәсіпорындар бойынша жүйе, штаттар және контингенттер бойынша жоспарлы көрсеткіштерді қабылдайды, салалар бойынша тұтас түсіндірмелі жазбаны даярлайды. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің және ұйымдардың хаттарына жауап береді. Мемлекеттік басқару органдарымен қаржыландырылатын жоспарлардың орындалуын, оларға бөлінген бюджеттік қаражатты уақытында және толық игеруді, оларды мақсатты және тиімді пайдалануды бақылауды жүзеге асырады. Қаржыландыру жоспарының орындалуы туралы айлық есептерді және торлар, штаттар және контингенттер бойынша тоқсандық есептерді қабылдайды. Қызметтік автокөлік және белгіленген штаттық сан лимиттерін қадағалауды бақылауды жүзеге асырады. Мемлекеттік мекемелерде және мемлекеттік кәсіпорындарда шығындарды қысқарту және тиімді пайдалану бойынша шығыстар талдауын және ұсыныстарын даярлайды:
Ай сайынғы есептілікті жүргізеді:
- ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуын сипаттайтын күтілетін көрсеткіштері бойынша;
- әлеуметтік-экономикалық дамуы негізгі көрсеткіштерінің мониторингі бойынша;
- экономикалық қызмет түрлері бойынша орташа еңбекақы мониторингі бойынша.
Ауылдық елді мекендерге жұмысқа және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария саласының мамандарына әлеуметтік қолдау шараларды жүзеге асыру бойынша жұмысты өз құзырлылығы шегінде ұйымдастыру. Бөлім басшысының нұсқауы бойынша басқа да өкілеттерді жүзеге асырады.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:
Жоғары: «әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» (экономика, есеп және аудит, қаржы, менеджмент, мемлекеттік және жергілікті басқару, маркетинг) бейіні бойынша,
немесе ортадан кейінгі білім: «сервис, экономика және басқару» (экономика (салалар бойынша) немесе есеп және аудит (салалар бойынша), немесе қаржы (салалар бойынша), менеджмент (салалар және қолдану аясы бойынша), маркетинг (салалар бойынша)) бейіні бойынша.
2. «Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Бескөл ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ құқық мәселелері бойынша бас маман, «Е-G-3» санаты, 1 бірлік (уақытша, бала күтімі бойынша демалыс кезіне).
Жалақысының мөлшері қызмет атқарған жылдарына байланысты 69957 теңгеден 94109 теңгеге дейін.
Негізгі функционалдық міндеттері:
Құқықтық сипаттағы құжаттарды дайындауға қатысады. Кінә қоюдың қаралуына қатысады, кінә қоюдың қаралу тәжірибесін қорытындылауды жүзеге асырады, істердің сотта қаралуы кезінде мекеменің мүдделерін жүзеге асыруға өкілдік жасайды. Жылына 2 рет өткізілетін шаруашылық есеп жүргізу жұмыстарына көмек көрсетеді. Мемлекеттік мекеме қызметінің барысында туындаған құқықтық мәселелер бойынша қорытынды береді. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы және ондағы өзгерістер туралы ауылдық округ қызметкерлерін ақпараттандырады, лауазымды тұлғаларды олардың қызметтеріне қатысты нормативтік құқықтық актілермен таныстырады. Мекеме басшылығының тапсырмасы бойынша басқа да әрекеттерді жүзеге асырады. Ауылдық округ әкімінің құзыреттігіндегі жер телімдерін беру, ықтиярсыз алу мәселелерін қарастыруға дайындайды. Ауылдық округ әкімінің құзыреттігіндегі жерлер бойынша азаматтар, кәсіпорындар, мекемелердің жер дауларын қарастыруға қатысады. Ауыл шаруашылық мәселелері. Құжаттарды орыс тілінен мемлекеттік тілге және мемлекеттік тілден орыс тіліне аудару.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:
Жоғары: «құқық» бейіні бойынша.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы талаптар:
Осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.
Осы санаттың лауазымдары бойынша функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.
«Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттарға тестілеу бағдарламасындағы «Е-R-5», «Е-G-3» санаттары үшін: мемлекеттік тілді білуге, Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын білуге және бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;деңгейін анықтауға арналған тестілер белгіленеді.
Конкурс Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №12 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу Қағидалары негізінде өткізіледі.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
-
белгіленген нысандағы өтініш;
-
белгіленген нысанда 3x4 мөлшерінде фотосуретпен толтырылған сауалнама;
3) бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;
4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;
5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;
6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
7) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
8) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).
Осы Қағидалардың 85-тармағының 3), 4), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі.
Бұл ретте, персоналды басқару қызмет (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.
Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайларда еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсыну талап етілмейді.
Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір сағат бұрын кешіктерілмей береді. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.
Әңгімелесуге жіберілген үміткерлер одан мемлекеттік органда әңгімелесуге жіберу туралы хабарлама алған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде өтеді. Әңгімелесу өткізу кезінде кандидаттардың конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыпқа эссе жазуларына жол беріледі.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар және сарапшылар шақырылады. Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, Қағидаларының 30- тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.
Конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде («Қызылжар ауданы әкімінің аппараты» ММ, ҚР Мемлекеттік қызмет істері Министірлігінің интернет-ресурстарында) қолма-қол, пошта арқылы мына мекен-жайға ұсынылуы тиіс: 150700, Солтүстік Қазақстан облысы, Қызылжар ауданы, Бескөл ауылы Гагарин көшесі, 11, «Қызылжар ауданы әкімінің аппараты» ММ немесе kyzylzhar-akimat@sko.kz электрондық пошта арқылы немесе «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде. Анықтамаларды 8(71538)21346, факс 8(71538)21201 арқылы алуға болады.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.
Достарыңызбен бөлісу: |