Конкурс жариялайды: Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру бөлімінің бас маманы (1 бірлік)



Дата17.07.2016
өлшемі87.63 Kb.
#204648

2016 ж. 04.03.


«Солтүстік Қазақстан облысының қаржы басқармасы» ММ

«Б» корпусы бос мемлекеттік әкімшілік төменгі лауазымына орналасу үшін жалпы конкурс жариялайды:



  1. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру бөлімінің бас маманы (1 бірлік).

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілер санаты D-О-4

Жалақысының мөлшері қызмет атқарған жылдарына байланысты 83282,08 теңгеден 112430,81 теңгеге дейін.



Негізгі функционалдық міндеттері:

мемлекеттік сатып алуды өткізу қағидаларымен белгіленген құжаттарға ие мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізуге тапсырыс берушілерден келіп түскен тапсырмаларды қабылдау және қарастыру; мемлекеттік сатып алуды өткізу қағидаларымен белгіленген құжаттарға ие тапсырыс берушімен ұсынылған тапсырмалардың негізінде конкурстық құжаттамаларды әзірлеу және бекіту; конкурс комиссиясының құрамын айқындау және бекіту; қажет болған жағдайда конкурстық құжаттамаға мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушымен өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу; мемлекеттік сатып алу өткізу туралы хабарландыру орналастыру; конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу жеңімпазын айқындау; веб-порталда өткізілген мемлекеттік сатып алу туралы жиынтық есептілікті құрастыру, мемлекеттік сатып алу жүйесінің субъектілерімен ұсынылған есепті мәліметтерді талдау. Мемлекет саясатын іске асыру бойынша мемлекеттік және лауазымды тұлғалардың жұмысын үйлестіру.



Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:

Жоғары: құқық (заңтану, құқық қорғау қызметі) немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару) бейіндері бойынша

Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға тиісті санаттар үшін үміткерлерді тестілеу бағдарламасында көзделген Қазақстан Республикасының заңнамасын білу.

«Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі; ҚР Бюджет кодексі, «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңы, Мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер үшін бюджеттің атқарылуы және есептілік нысандарын жүргізу жөніндегі қаржылық рәсімдердің ережесі, Электрондық мемлекеттік сатып алуды жүргізу қағидалары.



  1. Денсаулық сақтау бөлімінің бас маманы негізгі қызметкердің бала күту жөніндегі демалыс уақытына (2 бірлік) .

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілер санаты D-О-4
Жалақысының мөлшері қызмет атқарған жылдарына байланысты 83282,08 теңгеден 112430,81 теңгеге дейін.

Негізгі функционалдық міндеттері:

желілік көрсеткіштермен байланыстыра отырып (тиісті кезеңге аумақты дамытудың әлеуметтік-экономикалық бағдарламалары, сондай-ақ жергілікті бюджеттер қаражатын жұмсаудың басым бағыттары негізінде) кезекті жоспарлы кезеңге арналған бюджет жобасына, бюджеттік бағдарламалар, кіші бағдарламалар бойынша бюджетті нақтылауға үстіміздегі жылғы 15 мамырға дейін ұсынылған шығыстар есептерімен бюджеттік өтінімдерді тексеру; бюджеттік бағдарламалар әкімшісі – денсаулық сақтау басқармасының бюджеттік өтінімдері бойынша тұжырымдамалар құрастыру; денсаулық сақтау саласы бойынша бюджет қаражаты жөнінде қаржыландыру жоспары атқарылуының күн сайынғы мониторингі; бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің саланың біріктірілген бюджеті бойынша жартыжылдық және жылдық есептерін қабылдау және тексеруді жүзеге асыру; тиісті қаржы жылына республикалық бюджеттен бөлінген нысаналы ағымдағы трансферттерді іске асыру мониторингісінің нәтижелері туралы есептерді құру; бюджеттік бағдарламалар бойынша шығыстар есептерімен бюджеттік өтінімдерді тексеру.


Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:

Жоғары: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару) немесе білім (құқық және экономика негіздері) бейіндері бойынша

Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға тиісті санаттар үшін үміткерлерді тестілеу бағдарламасында көзделген Қазақстан Республикасының заңнамасын білу.

«Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, осы санаттағы нақты лауазымды мамандандыруға сәйкес келетін саладағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілерін; ҚР Бюджет кодексін, «ҚР азаматтардың денсаулығын сақтау туралы», «Мемлекеттік атаулы көмек туралы» ҚР заңдарын, «Мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер үшін бюджеттің атқарылуы және есептілік нысандарын жүргізу жөніндегі қаржылық рәсімдердің ережесін» білу.



  1. Нақты сектор бөлімінің бас маманы (1 бірлік) .

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілер санаты D-О-4

Жалақысының мөлшері қызмет атқарған жылдарына байланысты 83282,08 теңгеден 112430,81 теңгеге дейін.



Негізгі функционалдық міндеттері:

жергілікті бюджеттерді жоспарлауға қатысу, бюджетті бекітуге және нақтылауға материалдар дайындау; облыстық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері ұсынған бюджеттік өтінімдерді қарау, облыстың энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы бойынша бюджеттік өтінімдерді тексеру жөнінде қорытындылар дайындау; жоғарыда көрсетілген басқарманың қаржыландыру жоспарларын қарау және келісу; республикалық бюджеттен тиісті қаржы жылына бөлінген ағымдағы нысаналы трансферттерді, нысаналы даму трансферттері мен кредиттерді іске асыру мониторингісінің нәтижелері туралы есептер құру, бюджеттік мониторинг жүргізу; бюджеттің мониторинг нәтижелері бойынша жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы аналитикалық есеп құру, оларды жергілікті бюджет шығыстарын талдау бөліміне ұсыну.



Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:

Жоғары: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару) немесе білім (құқық және экономика негіздері) бейіндері бойынша.


Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға тиісті санаттар үшін үміткерлерді тестілеу бағдарламасында көзделген Қазақстан Республикасының заңнамасын білу.


«Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, осы санаттағы нақты лауазымды мамандандыруға сәйкес келетін саладағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік-құқықтық актілерін; ҚР Бюджет кодексін, ҚР Салық кодексін, ҚР Экология кодексін, «Мемлекеттiк және мемлекет кепiлдiк берген қарыз алу мен борыш туралы» ҚР Заңдарын, «Мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер үшін бюджеттің атқарылуы және есептілік нысандарын жүргізу жөніндегі қаржылық рәсімдердің ережесін» білу.

3.Мәдениет және өзге де сала мекемелерінің бас маманы (1 бірлік)

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілер санаты D-О-4

Жалақысының мөлшері қызмет атқарған жылдарына байланысты 83282,08 теңгеден 112430,81 теңгеге дейін.



Негізгі функционалдық міндеттері:

облыстық бюджеттік комиссия мен мәслихат сессиясына, облыс әкімдігінің отырыстарына облыстық бюджетті бекіту, нақтылау және түзету бойынша материалдарды дайындау; облыстық бюджетті бекіту, оны нақтылау және түзету бойынша облыс әкімдігі қаулыларының жобаларына материалдар дайындау; облыстық бюджетті бекіту және оны нақтылау бойынша мәслихат шешімдерінің жобаларына материалдар дайындау; облыстық бюджет туралы мәслихаттың шешімдерін іске асыру туралы облыс қаулылары жобаларына материалдар дайындау.



Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:

Жоғары: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару) немесе білім (құқық және экономика негіздері) бейіндері бойынша.


Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға тиісті санаттар үшін үміткерлерді тестілеу бағдарламасында көзделген Қазақстан Республикасының заңнамасын білу.


«Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, осы санаттағы нақты лауазымды мамандандыруға сәйкес келетін саладағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік-құқықтық актілерін; ҚР Бюджет кодексін, «Білім туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы», «Мәдениет туралы» ҚР Заңдарын, Мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер үшін бюджеттің атқарылуы және есептілік нысандарын жүргізу жөніндегі қаржылық рәсімдердің ережесін, «Мемлекеттік мекемелердің қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» ҚР Үкіметінің қаулысын білу.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттарға тестілеу бағдарламасындағы «D-О-4» санаты үшін: мемлекеттік тілді білуге, Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын білуге және бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік деңгейін анықтауға арналған тестілер белгіленеді.

Конкурс Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №12 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына


орналасуға конкурс өткізу Қағидалары негізінде өткізіледі.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

  1. белгіленген нысандағы өтініш;

  2. 3х4 үлгідегі суретпен белгіленген нысанда толтырылған сауалнама;

3) бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;
4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;
5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;
      6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

7) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

8) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

      Осы Қағидалардың 85-тармағының 3), 4), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі.


      Бұл ретте, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді. Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайларда еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсыну талап етілмейді.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір сағат бұрын кешіктерілмей береді. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Әңгімелесуге жіберілген үміткерлер одан   мемлекеттік органда әңгімелесуге жіберу туралы хабарлама алған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде өтеді. Әңгімелесу өткізу кезінде кандидаттардың конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыпқа эссе жазуларына жол беріледі.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар және сарапшылар шақырылады. Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, Қағидаларының 30- тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.

Конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде (мемлекеттік органның және ҚР мемлекеттік қызмет істері министрлігі СҚО бойынша департаментінің интернет-ресурсында немесе мерзімді баспасөз басылымдарында) қолма-қол, пошта арқылы мына мекен-жайға ұсынылуы тиіс: (150011, Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесі, 58, 614-каб. «Солтүстік Қазақстан облысының қаржы басқармасы» ММ) немесе (depfin@sko.kz электрондық пошта арқылы немесе «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде. Анықтамаларды 8(7152) 46-94-07, факс 8(7152) 46-30-93 арқылы алуға болады.



Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет