интернет-ресурсында орналыстырған 24.02.2016 г.
«Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы
мәслихатының аппараты» ММ
«Б» корпусы бос мемлекеттік әкімшілік төменгі лауазымына орналасу үшін жалпы конкурс жариялайды:
1. «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының аппараты» ММ-нің бақылау мәселелері бойынша бас маманы, «Е-4» санаты, 1 бірлік.
Жалақысының мөлшері қызмет атқарған жылдарына байланысты 77452 теңгеден 104935 теңгеге дейін.
Негізгі функционалдық міндеттері:
Әлеуметтік саласын дамыту, заңдылықты бұзбау сұрақтары және азаматтардың құқықтары бойынша аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиясының жұмысын бағыттау, оның жұмысын жоспарлауға жәрдемдесу, ауданның мемлекеттік басқару органдары мен тұрақты комиссияны бағыттайтын депутаттардың өзара іс-қимылдарын ұйымдастыру.
Тұрақты комиссияны бағыттайтын депутаттардың берген сауалдарының мониторингін жүзеге асыру.
Тұрақты комиссиялардың отырыстарының қарауына енгізілетін мәселелерді әзірлеуге және материалдарды ресімдеуге көмектесу.
Мәслихат сессиясының қарауына енгізілетін құжаттардың жобаларын әзірлеуге қатысуға, жұмыс топтарының және тұрақты комиссиялардың материалдарын жинауға, басым салалар бойынша бекітілген мерзімде құжаттардың ақырғы жобаларының ұсынылуына жауап беру.
Шешімдердің жобаларын әзірлеу және ауылдық аумақтардың дамуына, елді мекендерді көркейтуіне және көгалдандыруына, сондай-ақ ауыл шаруашылық маңызы бар жерлерді тиімді және нәтижелі пайдалануына қатысты сұрақтарды мәслихат сессиясына дайындау.
Қабылданған іс-шаралар жоспары мен ауданның әлеуметтік-экономикалық даму Бағдарламасының орындалуын бақылау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру. ақпараттық-талдаушы және құжаттамалық қамтамасыз етуді ұйымдастыру, депутаттық сауалдарды әзірлеу, бақылау карточкалары мен бақылау тақтасын толтыру, аудандық бағдарламалар мен іс-шаралар жоспарын бақылаудан алып тастау немесе орындау мерзімдерін ұзартуға құжаттардың жобаларын енгізу.
Өз округіндегі әрбір депутаттың қызметін ажырататын материалдарды жинауды жүзеге асыруға, депутаттарға бұқаралық ақпарат құралдарда жариялау үшін олардың депутаттық жұмысы туралы материалдар әзірлеуге жәрдемдесу.
Сессияны әзірлеген кезеңде шақырылған лауазымды тұлғалардың тізімін даярлайды, оларға хабарлау мен олардың тіркелуін қамтамасыз етеді, сессия президиумының жұмысына жәрдемдеседі, (шақыру және залға отырғызу, басшылықтың тапсырмаларын жылдам орындау) сессия жұмысының Регламентін сақтауды бақылау.
Мемлекеттік сатып алуларды жүзеге асыру және жүргізу.
Мәслихат аппаратының жұмысын ұйымдастыруға байланысты мәслихат хатшысы мен құрылымдық бөлімше басшысының басқа да тапсырмаларын орындау.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:
білімі жоғары: «Білім», «Гуманитарлық ғылымдар» (халықаралық қатынастар, тарих, филология), «Құқық» (заңтану, халықаралық құқық), «Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» (экономика, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, мұрағаттану, құжаттану, құжаттамамен қамтамасыз ету), «Ауыл шаруашылық ғылымдар» (агрономия) бейіндері бойынша.
Осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін: «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының заңын, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.
Осы санаттың лауазымдары бойынша функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.
«Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттарға тестілеу бағдарламасындағы «Е-4» санаты үшін: Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілін білуге, Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын білуге және бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік деңгейін анықтауға арналған тестілер белгіленеді.
Конкурс Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №12 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Қағидалары негізінде өткізіледі.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
-
белгіленген нысандағы өтініш;
-
3х4 үлгідегі суретпен белгіленген нысанда толтырылған сауалнама;
3) бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;
4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;
5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;
6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
7) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
8) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).
Осы Қағидалардың 85-тармағының 3), 4), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі.
Бұл ретте, кадр қызметі құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.
Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайларда еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсыну талап етілмейді.
Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір сағат бұрын кешіктерілмей береді. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.
Әңгімелесуге жіберілген үміткерлер одан мемлекеттік органда әңгімелесуге жіберу туралы хабарлама алған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде өтеді. Әңгімелесу өткізу кезінде кандидаттардың конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыпқа эссе жазуларына жол беріледі.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар және сарапшылар шақырылады. Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей кадр қызметіне тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар кадр қызметіне жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, Қағидаларының 30- тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.
Конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде (жариялаған «СҚО Есіл ауданы мәслихатының аппараты» ММ, ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің интернет-ресурсында) қолма-қол, пошта арқылы мына мекен-жайға ұсынылуы тиіс: 150500, Солтүстік Қазақстан облысы, Есіл ауданы, Явленка с. Ленин көш. 10, «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі немесе esil-maslihat@sko.kz электрондық пошта арқылы немесе «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде. Анықтамаларды 8(71543) 2-15-19, 2-26-07, факс 8(71543) 2-26-07 арқылы алуға болады.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.
Достарыңызбен бөлісу: |