Конкурс жариялайды



Дата01.07.2016
өлшемі23.97 Kb.
#170207
түріКонкурс
Сайрам аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 ақпандағы №70 «Мемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау және аттестаттау, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы негізінде Сайрам ауданы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Ақсу» мемлекеттік кәсіпорнының директоры лауазымына орналасуға

КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ

Конкурс өтетін күні мен орны: 2016 жыл 20 сәуір, «Сайрам аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі, орналасқан жері: ОҚО, Сайрам ауданы, Ақсу ауылы, Абылайхан көшесі н/з, индексі 160800, телефоны: 8(72531) 20269.

Кәсіпорын атауы, орналасқан жері, телефоны: Сайрам ауданы әкімдігінің ШЖҚ «Ақсу» МКК, ОҚО, Сайрам ауданы, Ақсу ауылы, Б.Қыстаубаев көшесі н/з, индексі 160800, телефоны: (872531) 24759

Кәсіпорынның негізгі қызметі: ағын сумен қамтамасыз ету.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:

  1. қажетті бейіні бойынша жоғары білімінің (су шаруашылығы немесе экономика салалары бойынша) және тиісті саланың уәкілетті органы (жергілікті атқарушы орган) бекіткен біліктілік талаптарына сәйкес келетін кәсіби даярлық деңгейінің болуы;

  2. кәсіпорынның қажетті бейініне сәйкес мамандығы бойынша басшы қызметтерде кемінде 5 жыл қызмет өтілінің болуы.

Конкурсқа қатысуға ұсынылатын құжаттар:

  1. конкурсқа қатысу туралы өтініш;

  2. мемлекеттік және орыс тілдерінде түйіндеме;

  3. еркін нысанда жазылған өмірбаян;

  4. білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

  5. еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі не соңғы жұмыс орнынан жұмысқа қабылданғаны және еңбек шартының тоқтатылғаны туралы бұйрықтардың көшірмелері;

  6. «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6697 болып тіркелді) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.с.) бере алады.

Конкурсқа мынадай тұлғалар қатыса алмайды:



  1. он сегіз жасқа толмаған;

  2. бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған;

  3. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар;

  4. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де жағдайлар.

Конкурсқа құжаттар мына мекенжай бойынша тапсырылуы тиіс: Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданы, Ақсу ауылы, Абылайхан көшесі н/з, «Сайрам аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі, индексі 160800, телефоны: 8(72531)20269.

Конкурсқа қатысуға үміткерлер тұлғалардың өтініштері мен құжаттарын қабылдау бұқаралық ақпарат құралдарында конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен басталып, күнтізбелік он бес күн өткеннен кейін аяқталады.

«Сайрам аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет