Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға
орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру
Махамбет ауданы әкімі аппараты, 060700, Атырау облысы, Махамбет ауданы, Махамбет ауылы, Абай көшесі №16, аудан әкімдігінің ғимараты, №15 кабинет, анықтама телефондары 8 (71236) 2-12-42, 2-22-58, электронды почтаның адресі: apparat-mahambet@mail.ru,
Аудандық құрылыс, сәулет және қалақұрылысы бөлімінің бас маман-есепшісі, санаты Е-R-4;
Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 73288 теңгеден 99105 теңгеге дейін;
Есбол ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы, санаты Е-G-4;
Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 62461.0 теңгеден 84115.0 теңгеге дейін;
Лауазымдардың функционалдық міндеттері:
Аудандық құрылыс, сәулет және қалақұрылысы бөлімінің бас маман-есепшісі үшін:
Бөлімінің есеп жұмысын жүргізу, қаржы, салық жөнінде айлық, тоқсандық, жылдық есептер тапсыру; ақша қаражатының мақсатты жұмсалуын қамтамасыз ету, материалдық құндылықтарды инвентаризация жасау;еңбек ақыны мезгілінде есептеп және беруді қамтамасыз ету; Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңына сәйкес Веб-порталға бөлімінің сатып алатын заңдарына конкурс жариялау және оны ұйымдастыру; бөлімдегі құжаттардың сақталуын, дайындалуын және белгіленген тіртіпке сәйкес мұрағатқа өткізілуін қамту; бөлімнің құзіретіне жататын түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне жауаптар дайындау; Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес бөлім басшысының тапсырмасымен өзге де жұмыстарды атқарады.
Есбол ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы үшін:
Ауылдық округ әкімінің нұсқаулары мен тапсырмаларын орындауды қамтамасыз ету;
арыз-шағымдарды ЕСЭДО –ға тіркеу; балаларға берілетін мемлекеттік жәрдемақы мен атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылармен және аз қамтылған отбасылармен жұмысты ұйымдастыру; автоматтандырылған сайлау жүйесі бағдарламасы бойынша сайлаушылардың тізімін қалыптастыру, мезгілді уақытында жоғары органдарға есепті тапсырады; округтегі жастармен жұмыс жүргізеді; ауылдық округ көлеміндегі шараларды ұйымдастырады; аудандық мекемелерден және ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінен келген құжаттармен және баспасөзге жаздыру жөніндегі ұйымдастыру жұмыстарына жауап беру; апталық шаралардың мәліметін беру; округ әкімі аппаратының мәжілістерінің хаттамаларын толтырады; ауыл мәжілісін өткізуді ұйымдастырады, хаттамаларды толтырады; әскери міндеттілер мен әскерге шақырылғандарды алғашқы есепке алу және олардың қорғаныс істері жөніндегі бөлімге уақытылы баруын ұйымдастыру; ауылдық округі әкімі аппаратына келген құжаттардың кіріс және шығыстарының тіркелуін қамтамасыз ету.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Аудандық аудандық құрылыс, сәулет және қалақұрылысы бөлімінің бас маман-есепшісі үшін- жоғары білім; есепші, қаржыгер және экономист мамандықтары.
Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Есбол ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы үшін- жоғары немесе ортадан кейінгі білім не орта техникалық немесе кәсіптік білім; педагогикалық, экономикалық, техникалық, заңгерлік мамандықтары.
Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңдарын білуі. «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі.Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі:
-
«Б»корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;
-
3х4 үлгідегі суретпен «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған сауалнама;
-
білімі туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшірмелері;
-
еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі;
-
Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігінің 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен беітілген (ҚР Нормативтік құқытық актілердің тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсандағы денсаулығы туралы анықтама);
-
Қазақстан Республикасы азаматтығын растайтын құжаттың көшірмесі;
-
құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органмен белгіленген шектік мәннен төмен емес нәтижемен заңдылықты білу жөніндегі тестілеуден өткені туралы қолданыстағы сертификат (немесе оның нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
-
конкурсқа қатысуға құжат тапсырған мезгілде жарамды болып саналатын уәкілетті органда жеке сапасын бағалауды өткендігі туралы қорытынды.
3), 4), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі.
Бұл ретте, персоналды басқару қызмет (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.
Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Құжаттар конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 10 жұмыс күннің ішінде тапсырылуы тиіс.
Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде Махамбет ауданы әкімі аппараты өтеді.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.
Байқаушылар әңгімелесу процесінде кандидаттарға сұрақтар қоймайды. Байқаушыларға конкурс комиссиясының жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасауға, кандидаттардың жеке басы деректеріне қатысты мәліметтерді жариялауға, кандидаттар қатысатын конкурс рәсімдерінде олардың техникалық жазба құралдарын қолдануға жол берілмейді.
Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.
Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күнненкешіктірмей уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне конкурс комиссиясының шешіміне шағым беру, уәкiлеттi органның немесе оның аумақтық бөлiмшесiнiң келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдауына дейін конкурс комиссиясының шешімінің қолданылуын тоқтата тұруға негіз болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |