Конкурс туралы хабарландыруы Барлық конкурс қатысушыларына



Дата03.07.2016
өлшемі56.67 Kb.
#175594
Маңғыстау облысы Ақтау қаласы әкімдігінің мемлекттік қызметшілері арасында бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс туралы хабарландыруы

Барлық конкурс қатысушыларына

арналған ортақ біліктілік талаптар
Е-2 санаты үшін: жоғары білім;   мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

      жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;

      2) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың орта басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес;



3) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы.


Әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық жалақысы:

Санаты

Еңбек сiңiрген жылдарына байланысты

Е-2

min

max

134 917

182 387


Маңғыстау облысы «Ақтау қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің персоналды басқару қызметі, 130000, Ақтау қ., 4 шағын аудан, № 72 ғимарат, 3-қабат, 315 бөлме, анықтама алу телефондары:8 (7292) 33-65-13, тел/факс: 33-65-12, e-mail: Aktau.gov.kz «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды:
Ақтау қаласы әкімінің аппарат басшысы (ұзақ мерзіміндегі оқу демалысындағы қызметкердің орны), Е-2 санаты, 1 бірлік.

Функционалдық міндеттері: Қала әкімінің қызметiн ақпараттық-талдау тұрғысынан, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етудi жүзеге асырады; қала әкімі аппаратының жұмысын үйлестіреді; орындау тәртібінің сақталуын, мемлекеттік құпияларды қорғау және ақпараттық қауіпсіздікті, хаттамалық тапсырмалардың орындалысына бақылауды ұйымдастырып, қамтамасыз етеді; қала әкімінің тапсырмасымен кадр мәселелерін ұйымдастыру, «Ақтау қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бағдарламасының әкімшісі арқылы ақша қаражатының жұмсалуы туралы қаржы және төлеу құжаттарына қолын қояды; қала әкімінің халықпен кездесу жиындарын өткізуді ұйымдастырады; қала әкімі аппаратының ішкі жұмысын үйлестіру, регламентінің сақталуына басшылық және бақылау жасау, аппараттың қызметкерлерін іссапарға жіберу, еңбек демалысын беру жөнінде бұйрықтар шығарады; қала әкімінің аппаратына келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарауды және уақытылы жабылуын қамтамасыз етеді; қала әкімі аппаратының құрылымдық бөлімдерін, қала әкімдігіне қарасты мекемелерді ашу, жабу, қосу және қайта құруға ұсыныстарды енгізеді; қала әкімі аппаратының конкурстық комиссиясына, мемлекеттік қызметшілерді аттестаттау комиссиясына, Ақтау қаласы әкімі аппаратының тұрғын-үй комиссиясына төрағалық етеді; қала әкімінің қабылдау жұмысын ұйымдастырады; қала әкімдігінің қызметкерлеріне қатысты түскен арыз-шағымдарға байланысты, қызметтік тексерулер жүргізуге және оның нәтижесін тәртіптік комиссиясының қарауына ұсынуға құқылы.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім – Білім саласы (педагогика және психология, тарих, география, құқық және экономика негіздері). Гуманитарлық ғылымдар (халықаралық қатынастар, философия, аударма ісі). Құқық саласы (құқықтану, халықаралық құқық). Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласы (әлеуметтану, саясаттану, аймақтану, экономика, менеджмент, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, маркетинг, әлемдік экономика, қоғамдық байланыс, мұрағаттану, құжаттар жүргізу және құжаттамалық қамтамасыз ету). Техникалық ғылымдар және технологиялар (автоматтандыру және басқару, геология және пайдалы қазбалар кен орнын барлау, тау-кен ісі, мұнай газ ісі, машина жасау, құрылыс, қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі, көлік құрылысы).

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

  1. уәкілетті орган белгіленген нысандағы өтініш;

  2. тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім

Құжаттар Ақтау қаласы әкімі аппаратының және мемлекеттік қызмет істері бойынша уәкілетті органның интернет-ресурстарында ішкі конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 5 жұмыс күннің ішінде тапсырылуы тиіс.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар құжаттарын қолма-қол тәртіпте не электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы не «e-қызмет» кіріктірілген ақпараттық жүйесі арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір сағат бұрын кешіктірілмей береді.Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде Ақтау қаласы әкімінің аппаратында өтеді. Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар, сондай-ақ Ақтау қаласы әкімінің аппараты басшысының келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады. 



Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.



Шағым жасау тәртiбi:

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күннен кешіктірмей уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне конкурс комиссиясының шешіміне шағым беру, уәкiлеттi органның немесе оның аумақтық бөлiмшесiнiң келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдауына дейін конкурс комиссиясының шешімінің қолданылуын тоқтата тұруға негіз болып табылады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет