Конкурсқа қатысушыларға арналған ортақ біліктілік талаптары



Дата26.06.2016
өлшемі81.89 Kb.
#159676
түріКонкурс
Бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға

орналастыру үшін жалпы конкурс туралы хабарландыру
Конкурсқа қатысушыларға арналған ортақ біліктілік талаптары:

Д-О-2 санаты үшін: жоғары білім; жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:     мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-3, C-3, C-O-3, C-R-1, D-3, D-O-3, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес; мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың орта басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес; жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-3, C-3, C-O-3, C-R-1, D-3, D-O-3, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес немесе ғылыми дәрежесінің болуы; осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес.


Санаты

Мемлекеттік қызметтегі еңбек өтіліне қарай

min

max

Д-О-2

163 232

217 366

«Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасы» КММ, 050040, Алматы қаласы, Жандосов көшесі, 6, анықтама телефондары: 2744586, 2755703, е-mail: bekseitova@dzalmaty.kz, Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасы «Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс жариялайды:



Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары, D-О-2 санаты, 1 бірлік.

Қызметтік міндеттері: жетекшілік ететін бөлімдері: әкімшілік бөлімі, персоналды басқару қызметі бөлімі, денсаулық сақтауды дамыту бағдарламаларын жоспарлау, талдау және мониторингі бөлімі, денсаулық сақтау нысандарының құрылысы, күрделі жөндеу және сейсмикалық нығайту бөлімі, қалалық салауатты өмір салты орталығы, туберкулезге қарсы, онкологиялық, наркологиялық, тері-венерологиялық қызметтер, ЖИТС орталығы, қан орталығы, психикалық сауықтыру орталығы және мемлекеттік емес денсаулық сақтау секторы. Медицина мекемелерінің қызметіне жетекшілік ету мәселелері, 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» Қазақстан Республикасының Мемлекеттік бағдарламасын, «Денсаулық сақтау» тарауы бойынша 2011-2015 жылдарға арналған Алматы қаласын дамыту бағдарламалары, денсаулық сақтау басқармасының Стратегиялық және Операциялық жоспарлары, ТМККК шеңберінде мемқызмет көрсету, денсаулық сақтаудағы ақпараттық және коммуникациялық жүйе, құқықтық түсіндіру жұмыстары және сыбайлас жемқорлықпен күрес, қалалық медицина мекемелерінің жұмылдыру даярлығы мен өрт қауіпсіздігі мәселелері, медицина мекемелерін қысқы жағдайларға дайындау, кәсіби кадрларды даярлау, мемлекеттік тілді енгізу, ДСБ жұмысының тиімділігін бағалау, үкіметтік емес ұйымдармен, әкім аппаратының құрылымдық бөлімшелерімен, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің департаментімен, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Республикалық денсаулық сақтауды дамыту орталығы Алматы қалалық филиалымен, мәселелері, ғылыми-зерттеу институттарымен және ғылыми орталықтармен, медицина университеттерімен, дәрігерлердің білімін жетілдіру институтымен, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебімен, Апат медицинасы орталықтарымен, қоғамдық ұйымдармен, бұқаралық ақпарат құралдарымен серіктестік байланыстар орнату, азаматтардың жүгінулерімен, басқарманың қызу желісімен, медициналық ұйымдардың сенім телефондарымен жұмыс істеу. Алматы қаласы әкімдігі жанындағы Пациенттердің құқығын қорғау жөніндегі қоғамдық кеңесі, Қоғамдық кеңес жанындағы азаматтардың өтініштерін қарау комиссиясы, медициналық ұйым басшыларымен жалпықалалық жұмыс мәжілісі, дәрі-дәрмектерді, медициналық құралдарды мемлекеттік сатып алу комиссиясы, дәрі-дәрмектерді дұрыс тағайындау және тиімді пайдалануды бақылау комиссиясының жұмысын ұйымдастырады. Компьютерде Word, Excel, E-mail, Internet бағдарламаларымен жұмыс істей білу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету саласында (медицина) жоғары білімі. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер. Келесі құзыреттер болуы тиіс: бастамашылдық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлауы, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

  1. «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына
    орналасуға конкурс өткізу қағидаларының 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;
          2) 3х4 үлгідегі суретпен «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына
    орналасуға конкурс өткізу қағидаларының 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған сауалнама;

      3) бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;
     4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;
      5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;

      6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;


      7) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі;

      8) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының  нотариалдық куәландырылған көшірмесі;

Осы Қағидалардың 85-тармағының 3), 4), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі.  Бұл ретте, персоналды басқару қызмет (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін  түпнұсқамен салыстырып тексереді.  Азамат жұмыс істемеген немесе конкурс жарияланған бос лауазымға еңбек өтілі талап етілмеген жағдайда еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі талап етілмейді. Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Жалпы конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 10 жұмыс күннің ішінде мына мекенжайға тапсырылуы тиіс: 050040, Алматы қаласы, Жандосов көшесі, 6, № 302 бөлме.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға үміткерлерді тестілеу А-1, А-2, А-3, А-4, В-1, В-2, В-3, В-4, С-1, С-2, С-3, С-О-1, С-О-2, С-R-1, D-1, D-2, D-3, D-O-1, D-O-2, E-1, E-2 санаттарына арналған және келесіні қамтиды:  Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілін білуге арналған тест (20 сұрақ), ұзақтығы 20 минут; Қазақстан Республикасының Конституциясы (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының конституциялық заңдары, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» (15 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» (15 сұрақ), «Әкімшілік рәсімдер туралы» (15 сұрақ), «Нормативтік құқықтық актілер туралы» (15 сұрақ), «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» (15 сұрақ), «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» (15 сұрақ).

     Бірінші бағдарлама бойынша тестілеуді өту мәндері барлық нормативтік құқықтық актілер бойынша сұрақтардың жалпы санынан (135 сұрақ) кем дегенде 95 дұрыс жауапты және әрбір нормативтік құқықтық актілер бойынша кем дегенде 5 дұрыс жауапты құрайды.     Бірінші бағдарлама бойынша Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге арналған тесттерді орындау үшін жалпы уақыт 110 минутты құрайды.

«Б» корпусының лауазымына үміткерлердің жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу А-1, А-2, А-3, А-4, В-1, В-2, В-3, В-4, С-1, С-2, С-3, С-О-1, С-О-2, С-R-1, D-1, D-2, D-3, D-O-1, D-O-2, E-1, E-2 санаттарына арналған және келесіні қамтиды:   бастамашылдық (12 тапсырма), адамдармен тіл табысуы (12 тапсырма), аналитикалық (12 тапсырма), ұйымдастырушылық (12 тапсырма), стратегиялық ойлауы (12 тапсырма), көшбасшылық (12 тапсырма), әдептілік (12 тапсырма), сапаға бағдарлану (12 тапсырма), тұтынушыға бағдарлану (12 тапсырма), жемқорлыққа төзбеу (12 тапсырма) деңгейін анықтауға арналған тесттер. Бірінші бағдарлама бойынша тесттерді орындау үшін жалпы уақыт  90 минутты құрайды.   Бірінші бағдарлама үшін мүмкін болатын 4 (төрт) балдан қатерлі аймақ: бастамашылдық – 1,5 балл, адамдармен тіл табысуы – 2 балл, аналитикалық – 2,5 балл, ұйымдастырушылық – 1,5 балл,стратегиялық ойлауы – 1,5 балл, көшбасшылық – 1,5 балл, әдептілік – 1,5 балл, сапаға бағдарлану – 1,5 балл, тұтынушыға бағдарлану – 1 балл, жемқорлыққа төзбеу – 2 балл.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап бес жұмыс күнінің ішінде оны Алматы қаласы денсаулық сақтау басқармасында өтеді.

Әңгімелесу өткізу кезінде кандидаттардың конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыпқа эссе жазуларына жол беріледі.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.


Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.
Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, осы тілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.

Денсаулық сақтау басқармасы басшысының келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады. Сарапшы ретінде Денсаулық сақтау басқармасының қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және маслихат депутаттары қатыса алады.


Әңгімелесуге жіберілген үміткерлердің тізімі Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасының @dzalmaty.kz интернет-ресурсында, сондай-ақ ғимаратында көпшілікке көрінетін жерлерде орналастырылады.

Конкурс өткізу қағидалары және құжаттардың үлгілері Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығымен бекітілген және kyzmet.gov.kz. ресми сайтында жарияланған.

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар Денсаулық басқармасына құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.


Құжаттарды электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берген азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір сағат бұрын кешіктірмей берулері тиіс. Олар берілмеген жағдайда тұлға әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.


Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебінен жүргізеді.

Алматы қаласы, 2016 жылғы 21 сәуір.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет