Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білімі-жоғары педагогикалық, спорттық



Дата01.07.2016
өлшемі18.9 Kb.
#169701
түріКонкурс
Атырау облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 қарашадағы «Азаматтық қызметке кіру және азаматтық қызметшінің бос лауазымына орналасыға конкурс өткізу ережесін бекіту туралы» №1353 қаулысы негізінде «Атырау» облыстық волейбол командасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын директоры лауазымына орналасуға конкурс жариялайды

Кәсіпорынның мекен-жайы: Атырау облысы, Атырау қаласы Смағұлов көшесі, 5 «а»
Қызмет түрі :Өңірде волейболды дамыту және насихаттау, спорт саласындағы өндірістік-шаруашылық қызметті іске асыру.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі-жоғары педагогикалық, спорттық.

Мамандығы- Дене тәрбиесі, Дене шынықтыру және спорт.

Мекемелерде спорт саласы бойынша бес жылдан кем емес басшылық қызметте болуы тиіс.

Конкурса қатысушы Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Дене шынықтыру және спорт туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Мемлекеттік тіл туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын, «Бюджеттік кодексті» білуге тиіс.

Конкурсқа тапсыруға қажетті құжаттар:

1)Қоса берілген құжаттардың тізбесі көрсетілген конкурсқа қатушының өтініші;

2) Конкурсқа қатысышының жеке басының куәлігінің көшірмесі;

3) Қзақ және орыс тілдерінде түйіндеме;

4)Өмірбаян (еркін түрде жазылған);

5)Білім туралы құжаттардың көшірмелері;

6)Еңбек кітапшасының көшірмесі немесе еңбек өтілін растап куәландырылған құжаттардың көшірмесі;

7) алдын ала медициналық куәландырудан өткені туралы анықтама;

8) Соттылығы бар немесе жоқтығы туралы анықтама;

-)Мекен-жайы туралы анықтама;

10)Әскери есеп құжаттарыныңкөшірмесі.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар ресми республикалық бұқаралық ақпарат құралдарының басылымдарында («Егемен Қазақстан», «Казахстанская правда» газеттері) және Интернет ресурстарында жарияланған күннен бастап, 15 күнтізбелік күн ішінде мына мекен-жайға тапсырылуы тиіс:



Атырау қаласы. Абай көшесі 10 «а», 14 бөлме. Атырау облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасы,Анықтам телефоны: 8(7122) 320524.

Құжаттардың тапсыру мерзімі аяқталғаннан кейін 5 жұмыс күні ішінде конкурстық комиссия конкурсқа жіберу туралы шешім қабылдап, үміткерлердің тізімін бекітеді және 10 күнтізбелік күн ішінде үміткерлермен әңгімелесуді өткізеді.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет