Конкурстық ҚҰжаттамасы тапсырыс беруші


Конкурсқа қатысуға жіберілген әлеуетті өнім берушілердің конкурстық баға ұсыныстарын ресімдеуі



бет2/4
Дата11.07.2016
өлшемі427.5 Kb.
#190697
түріКонкурс
1   2   3   4

6. Конкурсқа қатысуға жіберілген әлеуетті өнім берушілердің конкурстық баға ұсыныстарын ресімдеуі

 

38. Конкурсқа қатысуға жіберілген әлеуетті өнім берушілер (конкурсқа қатысушылар) ұсынатын конкурстық баға ұсыныстары мынадай түрде ресімделеді:



1) конкурстық баға ұсынысының нысаны басылуы немесе өшірілмейтін сиямен жазылуы және оған әлеуетті өнім беруші қол қоюы  және оның мөрімен (жеке тұлға үшін ондай бар болса) бекітілуі тиіс;

2) конкурстық баға ұсынысында әлеуетті өнім берушінің грамматикалық қателерді түзетуі қажет болатын жағдайларды қоспағанда, жолдар арасында ешқандай өндірме, өшірілген сөздер немесе толықтырулар болмауға тиіс;

3) отандық әлеуетті өнім берушілердің конкурстық баға ұсыныстары теңгемен берілуге тиіс.

39. Әлеуетті өнім беруші конкурстық баға ұсынысын конвертке желімдейді, оның беткі жағында әлеуетті өнім берушінің толық атауы, сондай-ақ мынадай мазмұндағы мәтін көрсетілуге тиіс: «АСТАНА ҚАЛАСЫНДАҒЫ Б .МОМЫШҰЛЫ ДАҢҒЫЛЫНДАҒЫ КӨП ПӘТЕРЛІ ТҰРҒЫН ҮЙ» ОБЪЕКТІСІНІҢ ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫН САТЫП АЛУ ЖӨНІНДЕГІ КОНКУРС»- (конкурстық баға ұсыныстарын ашатын күні мен уақытын көрсету қажет) ДЕЙІН АШУҒА БОЛМАЙДЫ».

Конкурсқа қатысушының конкурстық баға ұсынысын қайтарып алу не өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізуі сияқты, бірден артық конкурстық баға ұсынысын беруіне жол берілмейді.
7. Конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарын конкурстық

комиссияның бағалауы мен салыстыруы және конкурс жеңімпазын анықтау
40. Конкурсқа қатысуға жіберу туралы хаттамада белгіленген күні, уақытта және орында конкурстық комиссия конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру бойынша отырыс өткізеді.

Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға жіберу туралы хаттамада белгіленген мерзім аяқталғанға дейін конкурстық баға ұсыныстары бар конверттер ұсынған конкурсқа қатысушылар туралы мәліметтерді конкурстық баға ұсыныстарын тіркеу журналына хронологиялық тәртіппен енгізеді.

Конкурстық комиссия отырысында конкурстық комиссия төрағасы не төраға конкурстық комиссия мүшелерінің қатарынан белгілеген тұлға:

конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстары бар конверттерді оларды тіркеудің хронология тәртібімен ашады;

конкурстық баға ұсыныстарын ұсынған конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарын хронологиялық тәртібімен жария етеді;

конкурстық комиссияның хатшысына ашылған конкурстық баға ұсыныстары салынған конверттерді береді.

41. Конкурсқа қатысушылар және (немесе) олардың уәкілетті өкілдері конкурстық баға ұсыныстары бар конверттердің мазмұнымен танысуға құқылы.

42. Конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру жөніндегі конкурстық комиссия отырысына конкурсқа қатысушылар және (немесе) олардың уәкілетті өкілдері аудио және бейне түсірілімдер жүргізу құқығымен қатысуға құқылы. Бұл ретте конкурсқа қатысушылар және (немесе) олардың уәкілетті өкілдері конкурстық комиссияны көрсетілген техникалық құралдарды қолдану туралы хабардар етуге тиіс.

43. Конкурстық баға ұсыныстарын бағалау мен салыстыру рәсімін жеңілдету үшін конкурстық комиссия әр түрлі валютада берілген конкурстық баға ұсыныстарының барлық бағаларын Қазақстан Республикасының валютасына - конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру жөніндегі конкурстық комиссияның отырысы болатын күнге Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі белгілеген ресми бағам бойынша теңгеге аударады.

44. Конкурстық комиссия:

1) конкурсқа қатысушылардың конкурс тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді осы мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру үшін бөлінген сомадан асатын конкурстық баға ұсыныстарын кері қайтарады;

2) егер оның бағасы демпингтік болып табылса, конкурсқа қатысушының конкурстық баға ұсынысын кері қайтарады;

3) егер осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген негіздемелер бойынша конкурстық баға ұсыныстары кері қайтарылғаннан кейін конкурсқа қатысушылардың екі және одан көп конкурстық баға ұсыныстары конкурсқа қатысатын болса, конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамада белгіленген өлшемдердің проценттік мәнінің олардың конкурстық баға ұсыныстарына қатысты қолдану арқылы осы конкурсқа қатысушылардың шартты бағасын айқындайды;

4) ең төмен шартты төмен шартты баға негізінде конкурстың жеңімпазын анықтайды.

45. Конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарын бағалау мен салыстыру және конкурс жеңімпазын анықтау нәтижелері бойынша конкурстық комиссия конкурс тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді мемлекеттік сатып алу нәтижелері туралы хаттама ресімдейді. Тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді мемлекеттік сатып алу нәтижелері туралы хаттаманың әрбір бетіне конкурстық комиссияның төрағасы және отырысқа қатысқан барлық мүшелері, сондай-ақ хатшысы қол қояды.

46. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы ол туралы мәліметтер конкурсқа қатысуға өтінімдерді тіркеу журналына енгізілген әлеуетті өнім берушінің жазбаша сұрау салуын алған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей оған конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу нәтижелері туралы хаттаманың көшірмесін қайтарусыз негізде ұсынуға міндетті.


8. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қамтамасыз етуді қайтару

 

47. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы әлеуетті өнім берушіге енгізілген конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді мынадай жағдайлардың бірі туындаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қайтарып береді:



1) осы әлеуетті өнім беруші өзінің конкурсқа қатысуға өтінімін конкурсқа қатысуға өтінімдерді ұсынудың түпкілікті мерзімі өткенге дейін кері қайтарып алған;

2) конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға қол қойылған. Аталған жағдай конкурсқа қатысушылар деп танылған әлеуетті өнім берушілерге қолданылмайды;

3) конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың нәтижелері туралы хаттамаға қол қойылған. Аталған жағдай конкурс жеңімпазы деп айқындалған конкурсқа қатысушыға қолданылмайды;

4) мемлекеттік сатып алу туралы шарт күшіне енген және конкурс жеңімпазы конкурстық құжаттамада көзделген мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізген;

5) әлеуетті өнім берушінің конкурсқа қатысуға өтінімінің қолданылу мерзімі өткен.

48. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді мынадай жағдайларда:

1) әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтінімдерді табыс етудің түпкілікті мерзімі өткеннен кейін конкурсқа қатысуға өтінімді кері қайтарып алса не өзгертсе және (немесе) толықтырса;

2) конкурсқа қатысушы деп танылған әлеуетті өнім беруші өзінің конкурстық баға ұсынысын белгіленген мерзімде табыс етпесе не кері қайтарып алса;

3) конкурстың жеңімпазы деп айқындалған әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарса;

4) конкурстың жеңімпазы мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасып, конкурстық құжаттамада белгіленген, мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу және (немесе) енгізу мерзімдері туралы талаптарды орындамаса не уақтылы орындамаса қайтармайды.


9. Конкурс қорытындылары бойынша мемлекеттік сатып алу туралы шарт

 

49. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Заңның талаптарына сәйкес Жұмыстарды (тауарларды/көрсетілетін қызметтерді) мемлекеттік сатып алу туралы үлгі шарт негізінде, №11 Қосымшаға сәйкес, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалады.



50. Мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу мерзімі мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасын әлеуетті өнім берушіге жіберген күннен бастап, күнтізбелік отыз күннен аспауға тиіс.

51. Өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасқан күннен бастап он жұмыс күні ішінде мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізуге тиіс.

52. Тапсырыс беруші енгізілген мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді шартта көрсетілген мерзімде немесе өнім беруші шарт бойынша өз міндеттемелерін толық және тиісінше орындаған сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде өнім берушіге қайтарады.

53. Егер әлеуетті өнім беруші Заңда белгіленген мерзімде мемлекеттік сатып алу туралы шартты тапсырыс берушіге ұсынбаса немесе мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасып, конкурстық құжаттамада көзделген жағдайларда мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындауды қамтамасыз етуді енгізбеген жағдайда мұндай әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шартты жасасудан жалтарған болып саналады.



54. Әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған деп танылған жағдайда тапсырыс беруші:

1) ол конкурсқа қатысуға енгізген өтінімді қамтамасыз етуді ұстап қалады және тиісті мәліметтерді уәкілетті органға ұсынады және мұндай әлеуетті өнім берушіні мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тану туралы талап-арызбен сотқа жүгінеді;

2) мұндай әлеуетті өнім берушіні мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуға мәжбүрлеу туралы, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтаруымен келтірілген шығындарды өтеу туралы талап-арызбен сотқа жүгінуге құқылы.

Конкурстық құжаттамаға

1-қосымша

«Астана қаласының Б. Момышұлы даңғылындағы көп пәтерлі тұрғын үй»

объектісінің құрылыс жұмыстарын сатып алу жөніндегі конкурс бойынша сатып алынатын жұмыстардың тізбесі





Лот



Тапсырыс

берушінің

атауы

Жұмыстың

атауы

Өлшем

бірлігі

Саны,

көлемі

Жеткізу шарттары

(ИНК ОТЕРМС

2000 сәйкес)

Жұмыстарды

орындау

мерзімі

Жұмыстарды

орындау

орны

Аванстық

төлем мөлшері,

%

Конкурс

тәсілімен

мемлекеттік

сатып алу

үшін бөлін-

ген сома,

теңге




1

2

3

4

5

6

7

8

9

10




1

Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы ММ

Астана

қаласының

Б. Момышұлы даңғылындағы көп пәтерлі тұрғын үй»

объектісінің құрылыс жұмыстары



Жұмыстар

1

-

2013 жылғы

25 қараша



Астана

30 %

1 581 963 600




* Жұмыстардың толық сипаты мен сипаттамасы техникалық ерекшеліктерде көрсетілген.



Қазақстан Республикасы

Президенті Іс басқарушысының

міндетін атқарушы



___________________________



А. Бисембаев





Күрделі құрылыс бөлімінің меңгерушісі


_____________________


Ғ. Малғаздаров







М.П 2011 ж. «___»_____.






Конкурстық құжаттамаға

2-қосымша



«Астана қаласында Б. Момышұлы даңғылы бойындағы көппәтерлі тұрғын үй» объектісінің құрылысын жүргізу жұмыстарын мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурстық құжаттамаға техникалық ерекшелік


  1. Жалпы бөлім

Осы конкурс арқылы «ПСК «ППК» ЖШС әзірлеген, «Мемсараптама» РМК 2011 жылғы 14 қаңтарда №01-003/11қорытындысын берген жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес «Астана қаласында Б. Момышұлы даңғылы бойындағы көппәтерлі тұрғын үй» объектісі бойынша мердігерлік жұмыстар көлемін орындау ұмынылып отыр.

Осы мердігерлік жұмыстарды орындауға арналған конкурс құрамына мынадай жұмыстар түрін орындау кіреді:


  • Б. Момышұлы даңғылы бойында көппәтерлі тұрғын үй салу

  • Электр энергиясымен жабдықтаудың 0,4 кВ сыртқы желілері

  • 10 кВ кабель желілерін салу

  • Байланыстың сыртқы желілері

  • Су құбыры және кәріздің сыртқы желілері

  • Сыртқы жылу желілері

  • Аумақты абаттандыру мен көгалдандыру




  1. Қысқаша сипаттама, объектіні салудың сәулет – жоспарлау

және конструктивтік шешімі
2.1. Объект орналасқан жер

Тұрғын үй салынатын жер учаскесі Астана қаласында, Б. Момышұлы даңғылы мен Қарқабат көшесі арасында, №53 орта мектеп ауданында орналасқан.



2.2. Құрылыс жүретін ауданның табиғи – климаттық жағдайлары

- климаттық кіші аудан – I В;

- қардың нормативтік салмағы – 100 кг/м2;

- нормативтік жел қысымы – 38 кг/м2;

- ең суық бескүндікте сырттағы ауаның есепті қысқы температурасы – минус 350С;

- балшықты жер қатуының нормативтік тереңдігі – 2,05 м.


2.3. Құрылыс жүретін алаңның инженерлік-геологиялық жағдайлары

«АстанақалажерҒӨО» ЕМК 2009 жылы орындаған инженерлік-геологиялық іздестірулер туралы техникалық есепке сәйкес тұрғын үйді салу алаңы мынадай жер қабатымен (үстінен астына) және қабаттар қуаттылығымен салынған:

- үйінді жер – ұсақтас пен қиыршықтаспен, құрылыс қоқысымен саздақ – 0,4÷1,1 м;

- саздақ QII-III – ашық қоңыр, қатты, жартылай қатты, қатты икемді учаскелермен, суға толы, балшық және орташа ірі құм қабаттарымен, 0,7÷1,1 м тереңдігінде қазылған;

- малтатас топырақ – қызылқай - қоңыр, жасыл-қоңыр, полимикті, суға толы, қабаттармен, 30%-ға дейін саздақты толықтырғышпен, малтатасты құм және саздақ қабаттарымен, 2,0÷9,2 м тереңдігінде 2 ұңғымамен қазылды;

- малтатасты топырақ – қоңырқай сұр, полимикті, суға толы, 30%-ға дейін құмды толықтырғышпен, 10,8 м тереңдігінде бір ұңғымамен қазылды;

- балшық еМz – ашық сұр, қызылқай сары, сұр күрең, қатты, жартылай қатты, жарықшалы, орташа ірі құм «қалталарымен», 0,5÷3,2 м тереңдігінде қазылды;

- саздақ еМz – жасыл күрең, сұр күрең, қызыл кірпішті, жартылай қатты және қатты, ұсақтасты топырақ қабаттарымен, 2,5÷12,0 м тереңдігінде қазылды;

- ұсақтасты топырақ – жасыл күрең, құмтастың ұсақ шіріген қалдықтарымен, 30%-ға дейін саздақты толтырғышпен, 18,0 м тереңдігінде бір ұңғымамен қазылды.

Алаң үсті айтарлықтай тегіс және 351,4÷352,1 м шегінде абсолютты белгілердің ауытқуымен сипатталады.

Алаңдағы жерасты сулары 0,4÷1,0 м қазылды, бұл 350,6÷351,1 абсолютты белгіге сәйкес келеді. Деңгей ауытқуының амплитудасы - 1,0÷3,0 м.

W4 маркалы бетонға қатысты портландцементтегі жерасты сулары қатты ағынмен, ал темірбетонды конструкцияларға қатысты – орташа ағынмен сипатталады.

W4 маркалы бетонға қатысты сульфатты қатты портландцементтегі топырақ жылжу дәрежесі қатты, ал темірбетонды конструкцияларға қатысты – орташа дәрежемен сипатталады.
2.4. Жобалық шешімдер

2.4.1. Бас жоспар

Жобаланудағы көппәтерлі тұрғын үйді салу алаңы Астана қаласындағы Б. Момышұлы даңғылында орналасқан.

Көппәтерлі тұрғын үй 9, 10 және 12 қабатты үш секциядан, ересектер демалатын, балалар ойнайтын және дене шынықтырумен айналысуға арналған алаңшалар бар ауладан және 23 автомашинаны қоюға ашық алаңшалардан тұрады.

Өрт қызметі машиналарының өтуі үшін ғимараттың автокөлік кіреберіс жлдары болады. Аула кеңістігінде қажетті алаңшалар мен жаяу жүргіншілер жолы, сондай-ақ шағын сәулет нысандары да көзделген. Өту жолдары мен жаяу жүргіншілер жолдарына асфальтбетон төселген, ал алаңшаларға – мақсатына сәйкес.

Құрылыстардан, өту жолдарынан, жаяу жүргіншілер жолдары мен алаңшалардан бос барлық аумаққа гүлзарлар егіліп, ағаштар мен талдар отырғызылатын болады.

Учаскеде кейінінен арнайы автокөлікпен шығарылатын тұрмыстық қоқыс пен тағам қалдықтарын жинау үшін алаңша жайғастырылатын болады.

Бас жоспар бойынша техникалық көрсеткіштер


р/с



Көрсеткіш атауы

Өлшем бірлігі

Бөлінген жер учаскесі шекарасындағы көрсеткіштер

1

Учаске ауданы

га

0,666

2

Құрылыс ауданы

м2

1 832,0

3

Көгалдандыру ауданы

м2

1 451,0

4

Төсемелер ауданы, барлығы, соның ішінде:

- өту жолдары, жаяу жүргіншілер жолдары мен автотұрақ жабындысы

- ересектер демалатын алаңша

- спорт және балалар ойнайтын алаңшалардың құмды жабындысы



м2

3 377,0
2 917,46
56,54

403,0


2.4.2. Сәулет-жоспарлау шешімдері

Б. Момышұлы даңғылы бойындағы көппәтерлі тұрғын үй 3 секциядан тұрады.

1-ші секция – жоспардағы 29,2х14,3 м мөлшерімен «1-8», «А-Л» осьтерінде, қабат саны – 12; 2-ші секция - жоспардағы 33,3х17,8 м мөлшерімен «9-12», «А-И» осьтерінде, қабат саны – 10; 3-ші секция - жоспардағы 18,7х24,3 м мөлшерімен «13-17», «А-Л» осьтерінде, қабат саны – 9.

Қабат биіктігі – 3,0 м. Тұрғын үйде бастапқы қабат болады, оның биіктігі 2,3 м және техникалық қабат – 2,0 м.

Тұрғын бөлмелерде, ас бөлмесінде, қосалқы бөлмеде, дәлізде еденге линолеум төселеді; санитарлық торап бөлмелерінде, баспалдақ бар орындарда, балконда, лоджияда, қосалқы орын-жайлар мен өзге де жалпы пайдаланымдағы орын-жайларда – қыш плиткасы, керамогранит.

Терезе – үш қабатты айнекпен жеке металлды пластикалық.

Сыртқы есік – металлды, қапталған, ішкі есік - ағаштан жасалған.

Төбе – электр жылытқышпен ішкі су құбыры бар шатыр.

Шатыр – екіқабатты орама.

Сыртқы қаптау – қаптау кірпіші, бастапқы қабат - сплитерлік блоктар.

Ішкі өңдеу – кейінінен сулы эмульсиямен сырлаумен жетілдірілген сылақ, қыш плиткасы, кейінінен сулы эмульсиямен сырлаумен левкас.

Жобада балкондарда авариялық люктер мен шатыр орын-жайынан есік арқылы шатырға шығу көзделген.

Тұрғын үй кешенінің ғимараттары аясында қалындығы 100 мм қиыршықтасты негіз бойынша қалындығы 750 мм асфальт жолы көзделген.

Техникалық көрсеткіштер



р/с



Көрсеткіш атауы

Өлшем бірлігі

Көрсеткіштер

1

Ғимарат қабаттары

қабат

9, 10, 12

2

Құрылыс ауданы

м2

1 832,00

3

Тұрғын ғимараттың ауданы

м2

17 866,20

4

Пәтерлердің жалпы ауданы

м2

6 622,10

5

Жатақхананың жалпы ауданы

м2

3 551,10

6

Ғимараттардың құрылыс көлемі

м3

67 814,00

7

Пәтерлер саны, барлығы, соның ішінде:

- 1 бөлмелі

- 2 бөлмелі

жатақхана бөлмелерінің саны



дана

108
42

66

110




2.4.3. Конструктивтік шешімдер

Жауапкершілік деңгейі – II.

Отқа қарсы болу дәрежесі – II.

Конструктивтік сызба – кірпіштен жасалған негізгі қабырғалар.

Іргетас – құрама, қадалы плиталық ростверкпен.

Қада – ҚР МемСТ 939-92 бойынша сульфатты қатты цементтегі W6, F75 бетонынан С11-30 маркалы қағылмалы темірбетонды.

Ростверк – монолиттік темірбетонды плита, қалындығы 1000 мм, монолиттік темірбетонды плиталық, қалындығы 900 мм сульфатты қатты цементтегі В25, W6, F75 бетонынан.

Бастапқы қабаттың қабырғасы – 13579-78*СТ бойынша құрама бетон блоктарынан, қаптау – сплиттерлік плита. 2 және 3-ші секцияның бастапқы қабатының сыртқы қабырғасы қалындығы 90 мм пенополистиролмен қапталған.

1-ші қабаттың сыртқы қабырғалары - 530-2007 МеМСТ бойынша қалыңдығы 640 мм қыш кірпіштен жасалған кірпіш қалау, қаптауыш – қалындығы 90 мм минплитасы, сыртқы қаптау – сплиттерлік плита.

1-ші секцияның 2÷12 қабаттарының сыртқы қабырғалары - 530-2007 МеМСТ бойынша қалыңдығы 640 мм қыш кірпіштен жасалған кірпіш қалау, сыртқы жақ бойынша қаптауыш – қалындығы 90 мм минплитасы, сыртқы қаптау – сыртқы қыш кірпіш. 2, 3-ші секциялардың 2÷10 (2÷9) қабаттарының сыртқы қабырғалары – 2.130-8 сериялы Д-69 үлгісіндегі жеңілдетілген қалау, 1-ші орынд., қалындығы 690 мм, 530-2007 МеМСТ бойынша қалыңдығы 510 мм қыш кірпіштен жасалған негізгі қабат, қаптауыш – сыртқы жақ бойынша қалындығы 60 мм минплита, ішкі жағы бойынша – 30 мм, сыртқы қаптау – 530-2007 МеМСТ бойынша сыртқы кірпіш.

Көтергіш ішкі қабырғалар – 530-2007 МемСТ бойынша қалыңдығы 640, 510 және 380 мм қыш кірпіштен жасалған кірпіш қалау.

Арақабырғалар – газбетонды блоктардан қалау, пәтераралық – қалындығы 200 мм, бөлмеаралық – қалындығы 100 мм желім қоспасында.

Аражабын плиталары мен жабындылар – 1.141-1 сериясы бойынша құрама темірбетонды қуысты панельдер, 60, 64-ші орынд.

Маңдайшалар – 1.038.1-1сериясы бойынша құрама темірбетонды, 1-ші орынд.

Баспалдақтар – тор үстінен сыланған металлды көлбеу арқалық бойынша темірбетонды жинақтық баспалдақтар.

Төбе – техникалық қабатпен, құрама темірбетонды плиталардан жабындымен, шатыр – орама жабындымен, су ағыны – ішкі, ұйымдастырылған.

Жабынды қаптауышы – қалыңдығы 200 мм минплита.

Лифт шахтасы – М100 қоспасында М150 қыш кірпіштен қалыңдығы 380 мм қалау.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет