Конкурстық ҚҰжаттамасы тапсырыс беруші


Тараптардың құқықтары мен міндеттері



бет4/4
Дата14.06.2016
өлшемі0.6 Mb.
#135911
түріКонкурс
1   2   3   4

2. Тараптардың құқықтары мен міндеттері

2.1. Тапсырыс берушінің құқықтары мен міндеттері:

2.1.1. Тапсырыс беруші Мердігерге Жұмыстарды орындауға барлық қажетті ақпаратты беруге міндеттенеді;

2.1.2. Тапсырыс беруші Шартқа сәйкес Жұмыстар нәтижесін қабылдауға және төлем жасауға міндеттенеді;

2.1.3. Тапсырыс беруші осы Шарттың 10-бөліміне сәйкес осы Шартты бұзуға құқылы.

2.2. Мердігердің құқықтары мен міндеттері:

2.2.1. Мердігер осы Шартқа, Тапсырыс берушінің конкурстық құжаттамасының техникалық ерекшелігіне және Мердігердің конкурстық тапсырысына сәйкес Жұмыстарды орындауға міндеттенеді;

2.2.2. Дайын ЖСҚ-ны Тапсырыс берушімен келіседі;

2.2.3. Мердігер Жұмыстарды орындаған кезде толық құпиялылықты сақтауға міндеттенеді, сондай-ақ орындауға қатыстырған қызметкерлерден өзгелерге Тапсырыс берушінің алдын ала жазбаша келісімінсіз Шарттың мазмұнын немесе оның қандай да бір ережесін, сондай-ақ Тапсырыс беруші немесе оның атынан басқа да тұлғалар берген Мердігер осы Шартты техникалық құжаттаманы, жоспарларды, сызбаларды, модельдерді, үлгілерді немесе ақпаратты жария етуге. Көрсетілген ақпарат ондай қызметшілерге құпия түрде және шарттық міндеттемелерді орындауға қажетті мөлшерде ғана берілуі тиіс.

2.2.4. Мердігер шарттың қазақстандық қамтуын есептеу мақсатында осы шарт орындалған күнінен бастап екі күнтізбелік күн ішінде Тапсырыс берушіге мынадай ақпаратты жазбаша түрде беруге міндеттенеді:

- Мердігер мен қосалқы мердігерлер осы Шартты орындау мақсатында сатып алатын тауарлардың шығарылған жері туралы ақпаратты растайтын құжаттарымен (CT-KZ куәліктері және т.б.);

- Мердігер мен қосалқы мердігерлер осы Шарт бойынша Жұмыстарды орындау мақсатында жасаған шарттардың жалпы саны мен жиынтық құнын;

- Мердігер немесе қосалқы мердігерлер осы Шартты орындау мақсатында сатып алған тауарлардың жиынтық құнын;

- Мердігердің немесе қосалқы мердігерлердің қызметкерлерінің жалпы санындағы қазақстандық кадрларға еңбекақы төлеу қорының үлесі.

2.2.5. Мердігер біліктілік туралы мәліметтерде көрсетілген қызметкерлерді басты лауазымдарға жалдауға міндеттенеді. Ондай тұлғаларды басқа тұлғаларға ауыстырған кезде Мердігер ондай ауыстыруға Тапсырыс берушіден келісім алуы тиіс. Жаңадан қабылданған қызметкерлердің біліктілігі біліктілік туралы мәліметтерде көрсетілген қызметкерлердің біліктілігіне тең немесе жоғары болуы тиіс.

2.2.6. Мердігер қосалқы мердігер ұйымдарымен Жұмыстардың жалпы көлемінің (Шарттың жалпы сомасының) 2/3-нен аспайтын шарт жасай алады, бірақ Тапсырыс берушінің жазбаша рұқсатынсыз Шартты үшінші тұлғаға бере алмайды. Қосалқы мердігерлердің болуы Тапсырыс беруші мен Мердігер арасындағы Шарттың талаптарын өзгертпейді;

2.2.7. Техникалық ерекшелікте көзделген Жұмыстар көлемі ЖСҚ-дағы қателер (кемшіліктер) салдарынан ұлғайған жағдайда Мердігер аталған Жұмыстар үшін өз есебінен төлем жасауға міндетті;

2.2.8. Мердігер Тапсырыс берушінің негізделген ескертулері және келісуші сараптама органдарының ескертулері бойынша уақтылы және өз есебінен ЖСҚ кемшіліктерін жоюға міндеттенеді.


3. Шарттың жалпы сомасы және айырсу тәртібі

3.1. Шарттың жалпы сомасы _________________________________________ теңгені құрайды және оған осы шарт бойынша барлық жұмыстардың құны, ҚҚСС және бюджетке төленетін өзге де міндетті төлемдер кіреді.

3.2. Орындалған жұмыстарға төлем жасау 2011 жылға арналған республикалық бюджеттің 008 «Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының объектілерін салу және қайта жаңарту» бағдарламасының 421 «Ғимараттар мен құрылыстарды салу» ерекшелігінде көзделген қаражат есебінен жүзеге асырылады.

3.3. 2011 жылға арналған төлемдерді қаржыландыру жоспарына сәйкес Тапсырыс беруші аумақтық қазынашылық органында шартты тіркеген күнінен бастап 10 (он) банктік күн ішінде Шарттың жалпы құнының 30% көлемінде алдын ала төлемді Мердігердің банк шотына аударады.

3.4. Тапсырыс беруші қалған төлемдерді Қазақстан Республикасында құрылыстың сметалық құнын белгілеу тәртібіне және № КС-3 нысаны бойынша орындалған жұмыстардың құны мен шығындары туралы анықтамаға сәйкес Тараптар шығындарды ашып көрсетіп, орындалған жұмыстарды қабылдау актісіне қол қойғаннан кейін 10 (он) банктік күн ішінде Мердігерге төлейді.

3.5. Тапсырыс беруші осы шарт бойынша ақы төлеуді Мердігердің есеп шотына ақшалай қаражатты аудару арқылы жүзеге асырады.

3.6. Төлем теңгеде жүргізіледі.
4. Жұмыстарды беру-қабылдау мерзімі, тәртібі

4.1. Мердігердің конкурстық тапсырысын Жұмыстарды орындау кестесіне сәйкес Жұмыстар 2011 жылғы «___» ____________ дейінгі мерзімде орындалуы тиіс.

4.2. Жұмыстардың орындалуы аяқталған кезде Мердігер Тапсырыс берушіге ЖСҚ-ны қабылдау актісін техникалық құжаттаманың жиынтығымен қоса береді. ЖСҚ Қазақстан Республикасының құрылыс нормалары мен ережелеріне, мемлекеттік стандарттарына, «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасының нормативтік құжаттарына сәйкес болуы тиіс.

4.3. Шартта ескерілген барлық Жұмыстар орындалған кезде Мердігер Тапсырыс берушіге Жұмыстардың аяқталуы туралы хабарлама жолдайды. Шартқа сәйкес Тапсырыс беруші 2-күндік мерзімнен кешіктірмей ЖСҚ-ны қабылдау жөнінде комиссия тағайындайды.

4.4. Тапсырыс беруші ЖСҚ-ны қабылдауды 10 жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.

4.5. Тапсырыс беруші қабылдаудан бас тартқан жағдайда Тараптар бір апталық мерзімде екі жақты актіні қажетті түзетулер мен олардың орындалу мерзімдерінің тізбесімен бірге жасайды.

4.6. Жұмыстарды орындау барысында теріс нәтиженің болуы немесе Жұмыстарды одан әрі орындау қажет емес деп анықталса, Мердігер Тапсырыс берушіге ол туралы 2-күндік мерзімде хабарлауы тиіс. Тараптар Жұмыстарды орындаудың орынсыз екендігі туралы мәселені бірлесіп шешеді.

4.7. Мердігер Тапсырыс берушіге ЖСҚ-ның 4 (төрт) данасын қағаз тасымалдағышта және бір данасын электрондық түрде береді.


5. Тараптар жауапкершілігі және даулардың шешілуі

5.1. Тапсырыс беруші мен Мердігер Шарт бойынша немесе оған байланысты туындаған барлық дауларды тікелей кіліссөз барысында шешуге барлық күшін салуға тиіс.

5.2. Егер Тапсырыс беруші мен Мердігер ондай бейресми келіссөздер басталғаннан бері 21 (жиырма бір) күн ішінде Шарт бойынша дауды бітім жолымен шеше алмаса, тараптың әрқайсысы осы мәселенің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешілуін талап ете алады.

5.3. Мердігер Тапсырыс берушіге Жұмыстарды сапасыз орындағаны немесе орындалу мерзімін бұзғаны үшін келтірген зиянды толық көлемде өтейді.

5.4. Мердігер Жұмыстарды белгіленген мерзімде орындамаған жағдайда Тапсырыс беруші Шарт шеңберіндегі өзінің өзге де құқықтарына зиянсыз Мердігерге кешіктірілген әр күн үшін Шарттың жалпы сомасының 0,1% көлеміндегі сомаға өсім ақы есептейді.

5.5. Егер Мердігер Шартқа сәйкес Жұмыстарды орындау бойынша өзінің міндеттемелерін тиісті дәрежеде (сапасыз) орындамаса, онда ол Тапсырыс берушіге Шарттың құнының 10% көлемінде айыппұл, сондай-ақ осы Шарттың 5.4-тармағында көзделген өсімдік ақыны төлеуге міндеттенеді.

5.6. Мердігер өзінің қызметкерлерінің, қосалқы мердігер(лер)інің, қосалқы мердігер(лер) қызметкерлері мен сенімді тұлғаларының, сондай-ақ Мердігермен жасалған шарттың шеңберінде Жұмыстардың бөлігін істеп жатқан өзге де тұлғалардың іс-әрекеттері мен қателіктері үшін Тапсырыс берушінің алдында жауап береді.

5.7. Өсім ақы мен айыппұл төлеу Тараптарды Шарт бойынша міндеттемелерін орындаудан босатпайды.

5.8. Осы Шартта көзделген барлық басқа да жағдайларда осы Шарт бойынша міндеттемелерін орындамағаны немесе тиісті дәрежеде орындамағаны үшін Тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бір-бірінің алдында жауап береді.
6. Төтенше жағдайлар

6.1. Тараптар осы Шарт бойынша міндеттемелерін орындамағаны немесе тиісті дәрежеде орындамағаны үшін жауап бермейді, егер ондай орындамау Тараптардың еркінен тыс, болдырмауға күші жеткіліксіз еңсерілмейтін күш (форс-мажор) салдарынан пайда болса, оған табиғи апаттар, табиғи және техногендік сипаттағы апаттар жатады. Сонымен бірге, осы шарт бойынша міндеттемелерді орындау мерзімі сондай жағдайдың болуы уақытына ұзартылуы мүмкін.

6.2. Еңсерілмейтін күшке сілтеме жасаған Тарап сондай жағдай басталған күнінен бастап үш күнтізбелік күн ішінде екінші тарапқа ол туралы хабарлауы және Қазақстан Республикасы құзыретті мемлекеттік органының тиісті құжатын ұсынуы тиіс.

6.3. Егер төтенше жағдайлар 30 күнтізбелік күннен астам уақытқа созылса, Тараптар нақты орындалған Жұмыстар үшін есеп-айырысып, осы Шартты бұзуға құқылы.


7. Сапа

7.1. Мердігер орындалған Жұмыстардың сапасын «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкестендіруге кепілдік береді.

7.2. Мердігер осы Шарт бойынша жұмыстарды сапасыз орындағаны нәтижесінде келтірілген зиян үшін Тапсырыс берушінің алдында осы шартқа және қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауап береді.

7.3. Жұмыстар орындалғанда Мердігер мемлекеттік сараптамаға ұсынғанға дейін ЖСҚ бөлімдерін Тапсырыс берушіге танысу үшін береді.

7.4. Осындай хабарлама алғаннан кейін Мердігер кысқа мерзімде орындалған жұмыстардың немесе оның бөлігінің кемшіліктерін Тапсырыс берушінің тарапынан ешбір шығынсыз жоюға тиіс.

7.5. Егер Мердігер хабарламаны алып, Тапсырыс беруші талап еткен мерзімде кемшіліктерді жоймаса, Тапсырыс беруші кемшіліктерді Мердігер есебінен жоюға қажетті санкциялар мен шараларды Тапсырыс берушінің шарт бойынша Мердігерге қатысты басқа құқықтарына зиянсыз қолдана алады.


8. Өзге де талаптар

8.1. Тапсырыс беруші осы шарт бойынша Жұмыстарға қатысты барлық мәселелерді Мердігермен шешеді.

8.2. Тапсырыс беруші мен Мердігер осы шарт шегінде олардың атынан әрекет етуге құқығы бар уәкілетті өкілдерін тағайындауға міндеттенеді.

8.3. Жеткізушіні таңдауға негіз болған сапа мен өзге де талаптар өзгермесе, осы Шартқа өзгеріс енгізу Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда рұқсат етіледі.

8.4. Осы шартта көзделмеген басқа жағдайларда Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормалары қолданылады.
9. Хабарламалар

9.1. Шартқа сәйкес бір тараптан екінші тарапқа жолданған кез келген хабарлама хат, жеделхат, телекс немесе факс арқылы кейн түпнұсқасын үсыну арқылы жіберіледі.

9.2. Хабарлама жеткізілген күні немесе күшіне енген күні көрсетілген күні, ең соңғы күн деп есептелуіне байланысты күшіне енеді.
10. Шарттың бұзылуы

10.1. Егер Мердігер міндеттермелерін осы шартта көзделген мерзімде орындамаса, Тапсырыс беруші осы Шарттың 5-тарауында көзделген айыппұл санкцияларын төлетуді талап ету құқығы арқылы міндеттемелерді орындамағаны туралы жазбаша хабарламаны Мердігерге жолдайды және осы Шартты толық немесе ішінара бұзуға құқылы.

10.2 Егер құзыретті органның күшіне енген шешімі бойынша Мердігер банкрот немесе төлеуге қабілетсіз болып танылса, Тапсырыс беруші Мердігерге тиісті жазбаша хабарлама жолдап, Шартты кез келген уақытта бұза алады.

10.3. Тапсырыс беруші Шартты одан әрі орындауды орынсыз деп есептесе, Мердігерге тиісті жазбаша хабарлама жолдап, Шартты кез келген уақытта бұза алады. Хабарламада Шартты бұзу себептері көрсетілуі тиіс, күші жойылған шарттық міндеттемелердің көлемі ескерілуі тиіс, сондай-ақ Шарттың бұзылуы күшіне енген күні көрсетілуі тиіс.

10.4. Мынадай фактілердің бірі анықталған жағдайда Тапсырыс беруші Шартты кез келген кезеңде бұзуы мүмкін:

10.4.1. Мердігер Заңның 6-бабында көзделген шектеулерді бұзса;

10.4.2. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы Мердігерге Заңда көзделмеген көмек көрсетсе.

10.5. Шарт бұзылғанда Жұмыстардың нәтижесі Тапсырыс берушіге қабылдау-беру актісі бойынша беріледі, сонымен бірге орындалған жұмыстардың пайызы мен төлеуге жататын соманы белгілеу үшін Мердігердің салымының құны жөнінде акт жасалады. Бұл жағдайда Тараптар арасындағы барлық өзара есептесу жасалған актіге сәйкес және оған қол қойылған күнінен бастап 5 (бес) банктік күн ішінде жүргізіледі.


11. Қорытынды ережелер

11.1. Шартқа енгізілетін барлық түзетулер мен толықтырулар жазбаша түрде жасалса, екі тараптың қолы қойылса және олардың мөрлері басылса ғана олардың заңдық күші болады.

11.2. Осы шарттың тең заңдық күші бар орыс және қазақ тілдерінде екі дана болып әзірленген.

11.3. Осы Шарт Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық органында тіркелгеннен кейін күшіне енеді және 2012 жылғы 31 желтоқсанға дейін жарамды.


12. Тараптардың мекен-жайы мен деректемелері

 Тапсырыс беруші

_____________________________

(толық атауы)

_____________________________

_____________________________

(мекен-жайы)

_____________________________

(телефоны, факсы)

_____________________________

(Т.А.Ә.)


_____________________________

(қолы)


________ж. «__»__________

М.О.


Өнім беруші

_____________________________

(толық атауы)

_____________________________

_____________________________

(мекен-жайы)

_____________________________

(телефоны, факсы)

_____________________________

(Т.А.Ә.)


_____________________________

(қолы)


________ж. «__»__________

М.О.


 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет