Конспект Мезолит адамдарының өміріндегі өзгерістер Конспект Неолит төңкерісі Конспект



бет13/51
Дата05.12.2022
өлшемі309.38 Kb.
#466574
түріКонспект
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   51
онлайн мектеп 1

Тезистер

  • Б.з.б. II ғасырдың екінші жартысындағы Халықтардың ұлы қоныс аударуы нәтижесінде тайпалар мен халықтардың шығыстан батысқа қарай орын ауыстыруынан Қазақстанның оңтүстігінде б.з.б. II ғасырда Қаңлы мемлекеті бой көтерді.

  • Ол қытай деректерінде Кангюй деп аталады.

  • ХХ ғасырдың ортасына қарай Қаңлы мемлекетінің орналасу мәелелері жөнінде екі көзқарас орын алды.

  • Бұл тарихи дәуірді зерттеген К. Ақышев, К. Байпақов «Кангюй мемлекетінің аумағына Сырдың төменгі ағысынан Отырарға дейінгі аймақтар енген, орталығы Отырар» деп көрсетеді.

  • Ал қытай жылнамаларына сүйенген С.П. Толстов оның шығыста Ферғана, оңтүстікте Парфия, батысында Хорезм, Бұхарамен шектесіп жатқанын айтады.

  • Айтылған аймақта археологтар кангюйлердің Қауыншы, Отырар-Қаратау, Жетіасар мәдениеті болғанын айтады.

  • Олардың орналасуының осындай геогафиялық қолайлы жағдайы Сырдария арқылы Еділ бойына қарай өтетін Ұлы Жібек жолын бақылап отыруға мүмкіндік берді.

  • Қаңлылардың солтүстүк-батысындағы көршілері – сарматтар мен аландар қаңлылар күшейіп тұрған кезде оларға тәуелді болған.

  • Қытай деректері бойынша қаңлы тайпалар одағының шамамен 600 мың адамы, 120 мыңға дейін жауынгері болған.

  • Олардың жазғы және қысқы екі астанасы болған.

  • Қытай деректері «Олардың арғы тегі юэчжиден шыққан. Ғұндар олардың тас-талқанын шығарғанда батысқа ауып, Памир асып кеткен. Содан өз мемлекетін құрған» деп көрсетеді.

  • Ауыр жеңілістерден кейін юечжилердің бір тобы Ферғананың солтүстік-батысына кетсе, екінші тобы Талас өзенінің бойында Қаңлы мемлекетінің іргесін қалады. Бұл шамамен б.з.б. 150-жыл деп көрсетіледі.

  • Қытай елшісі Чжан Чянь б.з.б. 138-125 жылдары қаңлылардың арасына келгенде олардың мемлекет ретінде толық қалыптасқан кезі болатын.

  • Қаңлы елін хан билеген. Оның үш орынбасары – уәзірі болған.

  • Елдің астанасы Битянь қаласы болған.

  • Қаңлы елі өз ішінен бес иелікке бөлініп, әр иелікті кіші хандар басқарған. Кіші хандар Ұлы ханға бағынған.

  • Кіші хандарға бағынатын ру, тайпаларды көсемдер басқарған.

  • Билік әкеден балаға мұра ретінде беріліп отырды.

  • Қаңлылар мемлекеті б.з.б. I ғасырда гүлденді.

  • Қаңлылар ғұндармен жақындасып одақ құрды.

  • Ғұндар солтүстік және оңтүстік болып бөлінгенде қаңлылар солтүстік ғұндардың билеушісі Чжи-Чжиді қолдап, оларға өз жеріне қоныстануға жағдай жасайды.

  • Чжи-Чжи Талас өзенінің жоғары ағысына қорған салдырып, оған қаңлылар, ферғаналықтар, бактриялықтарды шақырды. Қытайға қарсы күресте көмек іздестіре бастайды.

  • Жалпы саны 40 мыңдай біріккен қытай және үйсін әскері б.з.б. 36-жылы Чжи-Чжиге қарсы жорыққа шығып, Талас қорғанында екі күнге созылған шайқастан соң ғұндарды талқандайды.

  • Қаңлылар өз тарапынан Қытай басқыншылығына қарсы тұруға ұмтылды. Өз жерін қорғап, ғұндарға көмекке келгенімен, бұл ұмтылыс сәтсіз аяқталды.

  • Қаңлы мемлекеті б.з. III ғасырына дейін өмір сүрді.

  • Мемлекеттің ыдырауына оның экономикалық әлсіздігі себепші болды.

Б.з.б. III ғасырдың аяғында Қытай деректерінде «ғұн» (сюнну) атауы пайда болған. Бастапқы кезде олар Солтүстік Қытайды, Моңғолияны, Байкал өңірін мекендеген.
Б.з.б. III ғасырдың соңғы онжылдығында Қытайдың солтүстігі мен Байкалдан Ордосқа дейінгі аралықты мекендеген ғұн тайпаларының бірлестігі құрылды.
Б.з.б. IV ғасырда-ақ Қытай мемлекеті ғұндарды өздерінің «Солтүстік-батысындағы күшті бәсекелесі, жауы» деп есептеген. Ғұндардан жауынгерлік құдіретінен сескенген Цинь патшалағы өзінің шегарасын қорғау үшін Ұлы Қытай қорғанын салды.
Ғұн мемлекетін әскери басшы тәңірқұты (шаньюй) басқарды. Тұман тәңірқұтының баласы Мөде әкесімен болған күресте билікті өз қолына алды. Ғұндардың жаулап алу соғыстары дунхулардан басталады. Ол б.з.б. 203-201 жылдары Саян Алтайы мен Жоғарғы Енисей өзеніндегі ежелгі қырғыз тайпаларын бағындырып, солтүстік шегарасын кеңейтті.
Ғұндар б.з.б. II ғасырдың басында Еуразия құрлығындағы бірден-бір қуатты мемлекеттке айналды. Ғұндардың саяси күшейген кезі – құдіретті Мөденің билік жүргізген мезгілі. Халық саны 300 мыңға жетті. Ғұндар Хан әулетінің негізін қалаушы Лю-Банды б.з.б. 188-жылы жеңіп, оларды өздеріне бағынышты етті. Қытай императоры ғұндарға жыл сайын жібек маталар, мақта, күріш, әшекей заттар жіберіп, алым-салық төлеп тұруға және қытай ханшасын Мөде шаньюйге әйелдікке беруге мәжбүр болған.
Қытай деректерінде «Ғұндардың құдіреттілігі сондай, олардың елшісі қолындағы шаньюйдің сенім таңбаларымен көрші елдерге барды, ол елдер оны бір мемлекеттен екінші мемлекетке шығарып салып, азық-түлікпен қамтамасыз етіп тұрды» деп жазылған.
Бұл кезде Байкал көлінен Тибет тауына дейін және Шығыс Түркістаннан Хуанхэ өзенінің орта ағысына дейінгі аралықтағы жерлерді құдіретті Ғұн мемлекеті алып жатты.
Қытай жазбаларында ғұндарға 36-ға жуық көрші ұлыстың бағынғаны айтылған. Мөде б.з.б. 174-жылы қайтыс болды. Оның мұрагері Лаушан тәңірқұты тұсында Ғұн мемлекетінің құдіреті күшейе түсті. Ғұндардың мемлекеті әскери жүйе бойынша құрылып: сол, орталық, оң қанат болып үшке бөлінген. Мемлекеттің шаньюйден кейінгі басты тұлғалары түменбасы деп аталатын бекзадалар болған.
Ғұндар 24 руға бөлінген және оларды бекзадалар билеген. Олардың әрқайсысында 2 мыңнан 10 мыңға дейін әскері болған. Барлық бекзадалар аспанға, жерге, ата-баба аруағына және көктегі тәңірге арнап құрбандық шалу үшін жылына үш рет шаньюйдің алдында ақсақалдар кеңесіне жиналған. Жиналғандардың бәрі шаньюйдің туысқандары болатын. Олар мемлекеттік істерді талқылайтын.
Мемлекеттің ішкі-сыртқы күрделі мәселелерін шешуде олар әскер күшіне сүйенді. Әскерилер түмендерге бөлініп, әр түменде 10 мың атты әскерден болды. Әр түмен мыңдықтарға, жүздіктерге, ондықтарға бөлінді. Мемлекетте әскери шен жүйесі құрылды: бас қолбасшы, қолбасшы, түменбасы, мыңбасы, жүзбасы, онбасы, азаматтардың бәрінің бірдей әскер қатарына шақырылуы міндетті болды, шақырылғандар әскери бастықтарына сөзсіз бағынды, әскердің үнемі жауынгерлік рухта болуы үшін жүйелі әскери жаттығулар жүргізіліп тұрды. Олар соғыс кезінде тас атып дуал құлататын, от лақтырып өрт шығаратын соғыс техникаларын қолданған.
Ғұндарда үш ақсүйек тайпа болды. Соның ішінде силюань-ди тайпасынан ғана патша сайланды. Тақ мұрасы алғашында ағадан ініге, кейін әкеден балаға өтіп отырды. Елдегі үш ақсүйек тайпа тек өз арасында ғана қыз берісіп, қыз алысты. Мемлекеттік ірі қызметтерге осы үш тайпа өкілдері ғана тағайындалды.
Ғұндардан құтылу үшін қытайлар көшпелілердің арасына іріткі салу саясатына көшті. Соның салдарынан Ғұн мемлекеті б.з.б. І ғасырдың ортасында оңтүстік және солтүстік ғұндар болып екіге бөлінді.
Оңтүстік ғұндар өздерінің тәуелсіздігінен айырылып, Хан әулетінің қол астына түсті. Солтүстік ғұндар Чжи-Чжи басқаруымен жаңа елдерді бағындыру үшін батысқа қарай жылжыды. Олар оңтүстік Қазақстандағы қаңлылармен бейбіт келісімге келіп, Талас өзенінің шығыс жағында көшіп-қонуға мүмкіндік алады.
Ғұндар бұл жерде біржола тұрақтап қала алмады. Олар жылжи отырып Дунайға дейін жетіп, Ғұн деген атпен Венгрияға қоныстанды.
Жалпы ғұн тайпаларының шығыстан батысқа қарай жылжуы б.з.б. II ғасырдан басталып, б.з. IV ғасырына дейін созылған. Тарихта бұл құбылысты Халықтардың ұлы қоныс аударуы деп атайды. Аттила (Еділ) (400-453 жж.) – ғұн билеушісі. Батыс ғұн ұлысы – ғұндардың б.з.V ғасырдың ортасына қарай Еуропада құрған мемлекеті.
Еділ патшаның кезінде Ғұн империясы өз дамуының жоғарғы сатысына жетті. Еділ билігі тұсында ғұндарда әскери-демократиялық құрылыс нығайды. Батыс ғұн ұлысының негізі ІІ ғасырда Каспий теңізінің жағалауында, қазіргі қазақ жерінде қаланды.
Ғұн қоғамы ұшы-қиыры жоқ кең-байтақ жерді жайлап, көптеген тайпалардың басын біріктіріп, әскери соғыс қуаты күшті мемлекетке айналды. Ғұндар патшасы Аттила Еуропада Ғұн мемлекетін құрып, ел шегарасын кеңейту мақсатында Рим империясына қарсы күресті. Оған Днестрден Римге дейінгі, Балтық теңізінен Қара теңізге дейінгі жерлер бағынды. 451-жылы Галлиядағы Каталаун даласында Аттила жауынгерлері римдіктердің, франктердің т.б. біріккен күштерімен шайқасты. 453-жылы Аттила қайтыс болған соң Ғұн мемлекеті ыдырап кетті.
Ғұндардың тарихтағы рөлі мынандай болды: Еуропаны римдіктерден азат етіп, құлиеленушілік құрылысты құлатып, жаңа дәуірдің – орта ғасыр дәуірінің басталуына жол ашты; Еуропа халықтарының қалыптасуына ықпал етті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   51




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет