Көркемдік әдіс және бағЫТ. Әдеби бағыт


Әдебиет теориясы мен эстетика мәселелерінің даму тарихы



бет16/43
Дата20.05.2024
өлшемі98.92 Kb.
#501579
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   43
stud.kz-73494

26.Әдебиет теориясы мен эстетика мәселелерінің даму тарихы.
Ғылми социализмнің ірге тасын қалаған Карл Маркс пен Фридрих Энгельс материалистік зстетиканы да бүтіндей жаңа сапаға көшіріп, шын мәніндегі әдебиет тану ғылымының даңғыл жолын салып берді. Энгельстің эстетикалық көзқарастары өзінің мектептес жолдастарына жазған хаттарында (1838—1841) немістің кертартпа романтиктерінің “қыз мінез” қылтың стилін сынаудан басталады да, “Англиядағы жұмысшы табының жағдайы” (1845) атты кітабында пролетариаттың әлеуметтік-экономикалық және саяси хал-күйін жан-жақты зерттей келіп, капитал үстемдігі мен таптық қанауды ғана жойып қоймай, қоғамның бүкіл рухани тұт қасын өз қолына ала алатын бірден-бір құдіретті күш иесі — жұмысшы табы екенін пайымдаған даналық тұжырымдарына ұласады. Маркспен бірге маркстік эстетиканың іргесін қаласуға Энгельс өзінің осындай мығым дайындырымен, мықты көзқарасымен келген болатын. Өздері қалыптастырған осынау материалистік эстетиканың өзекті мәселелерінің бірі ретінде Маркс пен Энгельс көркем әдебиет пен өнердегі реализмге айрықша мән беріп, жазушыны “мінсіздіктің арғы жағындағы шыншылдықты, Шиллердін, тасасындағы Шекспирді ұмытпауға” * шақырса, суретшіден тек қана “риясыз Рембрандт бояуын”** талап етті. Осының бәрі, қала берсе олардың “Адам әжуасындағы” Бальзакқа тән ащы шындық жайлы пікірлері, ақыр аяғында Энгельстің, жалпы шыншылдық пен шынайылық туралы ережеге айналған әйгілі қағидалары — біздің, бүгінгі реализм теориясына ірге тас болып қаланды. Қазақ ақын-жазушыларының арасынан белгілі эстет ретінде Абайды білеміз. Абай Құнанбаевтың арнайы эстетикалық трактаттар жазбағаны белгілі. Әйтсе де, данышпан ақын-композитордың шығармаларынан әсемдікке, сұлулыққа деген эстетик. талап-талғамын айқын аңғарамыз. Поэзияның сұлулығы, құндылығы үшін қажетті алғы шарттарды белгілеп береді. «Ақындары ақылсыз, надан келіп, Көр-жерді елең қыпты жоқтан қармап…» деп, не болса соны өлең қылып, парасатты өлең айту қолынан келмейтін, елеңді дұрыстап жазуға талаптанбайтын, ізденбейтін ақындарды сынға алады. Тыңдаушыны да елеңнің жақсысы мен жаманын айыра білуге, талғампаз болуға шақырады. Табиғатты суреттесін, қыз-келіншек пен жігіттерге мінездеме берсін, өлең мен әнді жыр етсін, ылғи да жоғары көркемдік пен шынайы әсемдік тұрғысынан сөз етеді. Ақын шығармаларындағы эстетик. мәселелер ұшан-теңіз, олар абайтану ғылымының маңызды бір тарауы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   43




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет