66. Білім беру үдерісінің негізгі қатысушылары: ЖЖОКБҰ-ның басшысы (ректоры), ЖЖОКБҰ басшысының орынбасары (проректор), оқытушы, білім алушылар, білім алушылардың ата-аналары (заңды өкілдері).
67. Білім беру үдерісінің әрбір қатысушысы өз рөлі мен функцияларын орындайды. Көлеммен анықталатын оның өкілдіктері мен құзыреттері:
1) ЖЖОКБҰ-ның басшысы (ректоры): қашықтықтан білім беру технологияларын қолданып оқу үдерісін ұйымдастыру бойынша тиісті ішкі нормативтік актілерді қабылдайды; келесі қызметкерлер тобын анықтау бойынша жұмыс берушінің тиісті нормативтік актілерін қабылдайды: жалақыны сақтап қашықтықтан режимде қашықтықтан оқыту технологиялары негізінде білім беру үдерісін қамтамасыз ету бойынша еңбек функцияларын жүзеге асыратын қызметкерлер; ЖЖОКБҰ-ның тіршілік әрекетін және жұмыс істеуін қамтамасыз ететін қызметкерлер (әкімшілік, техникалық персонал); жұмыс сапасын арттыруға бағытталған басқарушылық шешімдерді қабылдайды; оқытушылармен, білім алушылармен және олардың ата-аналарымен (заңды өкілдерімен) қажеттілігі бойынша кері байланысты жүзеге асырады; жеке қорғаныш құралдарын пайдалану бойынша талаптардың қатаң сақталуын қамтамасыз етеді; білім алушылардың, оқытушылар мен басқа қызметкерлердің санитариялық-эпидемиологиялық әл-ауқатын қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдайды; есеп құжаттамасында қарастырылмағандарды сұратуға жол берілмейді;
2) ЖЖОКБҰ басшысының орынбасары (проректор): қашықтықтан білім беру технологияларын қолданып оқу үдерісін ұйымдастыру бойынша жұмысты үйлестіреді және ұйымдастырады; оқу материалдарын, оның ішінде электронды оқу-әдістемелік кешендерін, электронды білім беру ресурстарын құрастыру бойынша жұмыстарды ұйымдастырады; ЖЖОКБҰ-ның интернет-ресурстарында (сайтында) орналасатын академиялық күнтізбелерді және сабақ кестелерін жасау бойынша жұмыстарды ұйымдастырады; оқытушылармен бірлесіп оқыту әдістері мен технологияларын, білім алушыларға тапсырмаларды алу және олардың орындалған жұмыстарын ұсыну мерзімдерін, білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау критерийлерін анықтайды; білім алушылардың білім беру қызметінің ұйымдастырылуын анықтайды: білім беру үдерісінің барлық қатысушыларын (оқытушылар мен білім алушыларды) оқу жұмыстарын ұйымдастыру және оқу нәтижелері туралы ақпараттандырады; ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданып білім беру үдерісін ұйымдастыру барысында әдістемелік қолдауды жүзеге асырады; бекітілген кестеге сәйкес оқытушының қызметін және олармен кері байланысты ұйымдастырады; оқытушылармен кері байланыс арқылы білім беру үдерісін өткізу барысын бақылайды; педагогтардың оқу жүктемесін орындау бойынша жұмысын үйлестіреді;
3) ЖЖОКБҰ-ның оқытушысы: бағалаудың айқын саясатымен оқу пәнінің силлабусын әзірлейді. Силлабус педагог пен білім алушылар арасындағы келісім болып табылады, осыған орай ЖЖОКБҰ-да силлабусты бекіту және оған өзгерістер енгізу процесі регламенттейді; электронды оқу материалдарын, электронды курстарды әзірлейді; білім алушылардың назарына оқу сабақтарының форматы туралы ақпаратты жеткізеді; электронды ресурстарда білім алушылардың алуан түрлі жұмыстарын, қолжетімді ақпараттық-коммуникациялық технологияларын қолданып білім алушылар арасында интерактивті өзара әрекетті қамтамасыз етеді; сабақтар кестесіне сәйкес оффлайн және онлайн-сабақтар, білім алушылардың өз бетімен жұмыстарына бақылау өткізеді; білім алушылар үшін, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушылар үшін жеке кеңес берулер өткізеді; белгілі бағалау саясатына сәйкес бекітілген силлабус мерзімінде білім алушылардың бағасын қояды; тапсырмалардың орындалуын бақылайды;
4) білім алушылар: бекітілген сабақ кестелері бойынша оқытушылармен байланыста табылады; ЖЖОКБҰ-ның академиялық саясатымен, ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау, кәсіби тәжірибені ұйымдастыру бойынша ішкі ережелермен, оқу жетістіктерін бағалау критерийлерімен, қолжетімді байланыс құралдары арқылы оқу пәндерінің силлабустарымен танысады; сабақ кестесіне сәйкес электронды немесе онлайн платформалардағы және өз бетімен оқу мақсатымен оқу материалын алу үшін басқа да байланыс жүйелеріндегі оқу сабақтарына қатысады; тапсырмаларды өз бетімен орындайды, орындалған тапсырмаларды қолжетімді байланыс құралдары (платформа, электронды пошта, мессенджерлер) арқылы оқытушыға бағыттайды; тапсырмаларды орындау кезінде академиялық адалдық қағидаларын сақтайды; тұрғылықты орнында ғаламтордың болмауы немесе жеткіліксіз жылдамдығы кезінде қажетті ғаламтор байланысымен және СЭР қамтамасыз етілетін ЖЖОКБҰ-ның жатақханасына тұруға келе (мүмкіндік болғанда) алады;
5) білім алушылардың ата-аналары (заңды өкілдері): білім алушыларға оқу үшін жағдай жасайды; мүмкіндігінше білім алушылардың оқу пәндерінің тапсырмаларын немесе өз бетімен тапсырмалардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады; ғаламтор болмаған немесе жеткіліксіз жылдамдық кезінде студентті қажетті ғаламтор байланысымен және СЭР қамтамасыз етілетін ЖЖОКБҰ-ның жатақханасына немесе өзге жерге тұруға бағыттайды.
Ұсыныстар:
68. Қашықтықтан оқытуды ұйымдастырудың бақылау нәтижелері қашықтықтан білім беру технологиялары ҚР ЖЖОКБҰ-на енгізілуі және қолданылуы мүмкін екендігін көрсетті.
69. ЖЖОКБҰ-да қашықтықтан білім беру технологияларын тиімді енгізу мақсатында ұсынылады:
1) жаңа оқыту әдістемесін енгізу мәселесін қарастыру: Blended Learning, төңкерілген сынып, онлайн-курс, аралас курс (белсенді емес), аралас (интерактивті), төңкерілген сынып, интерактивті онлайн курс;
2) теоретикалық оқу кезеңінде тәжірибенің барлық түрлерін біріктіруге мүмкіндік беретін білім беру бағдарламаларын құрудың модульдік жүйесін кеңінен қолдану;
3) дәріс сабақтарын онлайн режимде немесе видеожазбаларды дайындау арқылы, ал семинарлық және зертханалық сабақтарды - 15 адамға дейін шағын академиялық топтарда өткізу;
4) аралық және қорытынды аттестаттау процедурасын (ҚО үшін), сондай-ақ барлық жазбаша жұмыстардың бірегейлігін антиплагиат жүйесі арқылы тексеруді прокторинг жүйесімен қамтамасыз ету;
5) ЖЖОКБҰ-ның корпустарында, жатақханалары мен аумақтарында СЭР қамтамасыз ету.
70. ЖЖОКБҰ келесі оқу жылында үш сценарий бойынша оқу үдерісін ұйымдастыруға дайын болуы тиіс.
71. ЖЖОКБҰ-на келесі қадамдарды жүзеге асыру ұсынылады:
Қашықтықтан оқыту форматын қарастыратын академиялық саясатты қайта қарау.
ПОҚ және білім алушылар үшін қашықтықтан білім беру технологияларын қолдану жөніндегі нұсқаулықты әзірлеу.
Инновациялық білім беру технологияларын қолдану бойынша жеке платформалар мен тренингтерде ПОҚ оқуын ұйымдастыру.
Курстардың 5 типін әзірлеу: онлайн-курс, аралас курс (белсенді емес), аралас (интерактивті), төңкерілген сынып, интерактивті онлайн курс.
Қашықтықтан оқыту технологияларын қолданып қолданбалы сипаттағы оқу пәндерін өткізудің тәсілдемелерін жасау.
Сапаны ішкі қамтамасыз ету саясатына сәйкес оқу сапасының тұрақты мониторингін қамтамасыз ету.
Аралық және қорытынды аттестаттау (ҚО үшін) процедурасын прокторинг жүйесімен қамтамасыз ету.
Санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды ескере отырып отырыстарды ұйымдастыру және өткізу регламентін енгізу (видео-конференц байланыс құралдарын қолданып әлеуметтік қашықтандыруды сақтау).
Барлық оқу сабақтары қашықтықтан оқыту форматында өтеді (40-тармаққа сәйкес кампуста ішінара оқу мүмкіндігі қарастырылған даярлық бағыттары кірмейді).
СЭР сақтап кампуста белгілі даярлық бағыттары бойынша зертханалық және практикалық сабақтар ұйымдастыру.
Зерттеу кеңістігі шегінде төмен жұмысбастылық пен екі метрлік физикалық қашықтық талаптарының сақталуын қамтамасыз ететін кестені әзірлеу және кестеге сәйкес бақылау.
1 ш.м. 1 адам (1 партада 1 адамнан) – әлеуметтік қашықтандыруды ескере отырып аудиторияның толымдылығын қамтамасыз ету және 1 білім алушыға кемінде 5 ш.м. қамтамасыз етумен зертхана сабақтарын өткізу.
Университет аудииторияларында және корпустарында, оның ішінде спорт кешенінде және Әскери кафедрада білім алушылардың жиналуын топтарға бөліп азайту. 30 адамнан асатын топтарға жол бермеу немесе аудитория толымдылығы жобалау қуатының 40%-нан аспайтындай академиялық топтарды ұйымдастыру.
Білім алушыларға тұрғылықты орындарында ғаламтордың болмауы немесе жеткіліксіз жылдамдығы кезінде ЖОО-ның жатақханаларында тұру мүмкіндігін беру.
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2020 жылғы «13» тамызда
№ 345 бұйрығына 5-қосымша
Достарыңызбен бөлісу: |