Корпоративтік табыс салығы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары (110. 00-нысан) Жалпы ережелер



бет1/3
Дата08.07.2016
өлшемі436 Kb.
#185376
  1   2   3


Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2012 жылғы «30» қарашадағы

№ 1518 қаулысымен

бекітілген 
 

Корпоративтік табыс салығы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары (110.00-нысан)

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Корпоративтік табыс салығы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары (110.00-нысан) (бұдан әрі – Қағидалар) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы»


2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық Кодексі) және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Енгізу туралы Заңы) сәйкес әзірленген және корпоративтік табыс салығын есептеуге арналған корпоративтік табыс салығы бойынша салық есептілігі нысанын (декларация) (бұдан әрі – декларация) жасау тәртібін айқындайды. Декларацияны Салық кодексінің 308-1-бабы 1-тармағына сәйкес салық режимі белгіленген жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа немесе өнімді бөлу туралы келісімшартқа (бұдан әрі – жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт) сәйкес қызметін жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар жасайды.

Декларацияны жер қойнауын пайдаланушылар, Салық кодексінің


308-1-бабы 1-тармағында көрсетілген, осындай келісімшарт жасалған кездегі қолданыста болған салық заңнамасының нормаларының және келісімшартта айқындалған салық режимінің ерекшеліктерін ескере отырып, жасауды жүзеге асырады. Осы Қағидаларда төменде көрсетілген Салық кодексінің нормаларына жасалған сілтемелер:

– келісімшарттық қызмет бойынша корпоративтік табыс салығын есептеу мақсатында 2001 жылғы 12 маусымдағы № 209-ІІ Салық кодексіне не қолданылатын салық заңнамасының немесе жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттардың тиісті ережелеріне сәйкес;

– келісімшарттан тыс қызмет бойынша корпоративтік табыс салығын есептеу мақсатында 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 99-ІV Салық кодексіне сәйкес келтірілген.

2. Декларация декларацияның өзінен (110.00-нысан) және салық міндеттемесінің есептелуі туралы ақпаратты егжей-тегжейлі көрсетуге арналған қосымшалардан (110.01-ден 110.08-ге дейінгі нысандар) тұрады.

3. Декларацияны толтыру кезінде түзетуге, өшіруге және тазалауға жол берілмейді.

4. Көрсеткіштер болмаған кезде декларацияның тиісті торкөздері толтырылмайды.

5. Декларацияға қосымшалар декларациядағы жолдар толтырылған кезде міндетті тәртіпте толтырылады.

6. Декларацияға қосымшалар оларда көрсетілуге тиіс деректер болмаған жағдайда толтырылмайды.

7. Декларацияға қосымшаның парағында бар жолдардан көрсеткіштердің саны асып кеткен жағдайда, осындай парағы қосымша толтырылады.

8. Осы Қағидаларда мынадай арифметикалық белгілер қолданылады: «+» – қосу; «–» – алу; «х» – көбейту; «/» – бөлу; «=» – тең.

9. Сомалардың теріс мәндері декларацияның тиісті жолының (бағанының) бірінші сол жақтағы торкөзінде «–» белгісімен белгіленеді.

10. Декларацияны толтыру кезінде:

1) қағаз жеткізгіште – қара не көк сиялы қаламмен немесе қаламұшпен, баспаханалық бас әріптермен немесе баспа құрылғысын пайдалана отырып толтырылады;

2) электронды жеткізгіште – Салық кодексінің 68-бабына сәйкес толтырылады.

11. Декларацияға Салық кодексінің 61-бабы 3-тармағына сәйкес салық төлеуші не оның өкілі қол қояды және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда өзінің атауы жазылған мөрі бар салық төлеушінің мөрімен не оның өкілінің мөрімен куәландырылады.

12. Декларацияны табыс ету кезінде:

1) қағаз жеткізгіште келу тәртібімен – екі данада жасалады, бір данасы салық органының белгісімен салық төлеушіге қайтарылады;

2) қағаз жеткізгіште хабарламасы бар тапсырыс хатпен пошта арқылы – салық төлеуші пошта немесе өзге байланыс ұйымының хабарламасын алады;

3) электронды түрде – салық төлеуші (салық агенті) салық қызметі органдарының салық есептілігін қабылдау жүйесінің салық есептілігінің қабылданғаны немесе қабылданбағаны туралы хабарлама алады.

13. Қосымшалардың «Салық төлеуші туралы жалпы ақпарат» деген бөлімдерінде декларацияның «Салық төлеуші туралы жалпы ақпарат» деген бөлімінде көрсетілген тиісті деректер көрсетіледі.

14. Декларацияда (110.00-нысан) жер қойнауын пайдаланушының жалпы қызметі бойынша алған немесе шеккен есепті салық кезеңіндегі барлық табыстары мен шығыстары көрсетіледі. Бұл ретте 110.00 декларациясының табыстары мен шығыстарының 110.00.001 – 110.00.058 жолдары 110.01 және 110.02-нысаны қосымшаларының осыған ұқсас жолдарының сомасы ретінде айқындалады.

Жер қойнауын пайдаланушының қызметі бойынша жалпы корпоративтік табыс салығы бойынша салық міндеттемесінің есебі келісімшарттан тыс қызмет бойынша және жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір келісімшарт бойынша есептелген корпоративтік табыс салығының сомасы ретінде айқындалады.

Жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір келісімшарт бойынша корпоративтік табыс салығының сомасы 110.01-нысанында белгіленген тәртіпте айқындалады.

Жер қойнауын пайдаланушы келісімшарттан тыс қызметі бойынша корпоративтік табыс салығының сомасын 110.02-нысанында белгіленген тәртіпте айқындайды.

15. «Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Ұлттық тізілімдер туралы Заң) сәйкес декларацияны табыс ету кезінде:

СТН – Ұлттық тізілімдер туралы Заңның 3-бабы 4-тармағының


4) тармақшасы қолданысқа енгізілгенге дейін салық төлеушінің тіркеу нөмірі;

БСН – Ұлттық тізілімдер туралы Заңның 3-бабы 4-тармағының


4) тармақшасы қолданысқа енгізілген күннен бастап бизнес-сәйкестендіру нөмірі міндетті түрде толтырылуы тиіс.

 

2. Декларацияны жасау (110.00-нысан)


16. «Салық төлеуші туралы жалпы ақпарат» деген бөлімде салық төлеуші мынадай деректерді көрсетеді:

1) СТН – салық төлеушінің тіркеу нөмірі;

2) БСН – салық төлеушінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі;

3) салық есептілігі тапсырылатын салық кезеңі – декларация табыс етілетін есепті салық кезеңі (араб сандарымен көрсетіледі);

4) салық төлеушінің атауы.

Құрылтай құжаттарына сәйкес заңды тұлғаның атауы көрсетіледі.

Салық міндеттемесін сенімгерлікпен басқарушы орындаған кезде жолда құрылтай құжаттарына сәйкес сенімгерлікпен басқарушы заңды тұлғаның атауы көрсетіледі;

5) декларация түрі.

Тиісті торкөздер декларацияны Салық кодексінің 63-бабында көрсетілген салық есептілігінің түрлеріне жатқызу ескеріле отырып белгіленеді;

6) хабарламаның нөмірі мен күні.

Жолдар Салық кодексінің 63-бабы 3-тармағы 4) тармақшасында көзделген декларация түрі табыс етілген жағдайда толтырылады;

7) салық төлеушінің санаты.

Торкөздер, егер салық төлеуші А немесе В жолдарында көрсетілген санаттардың біріне жататын жағдайда белгіленеді;

8) валюта коды.

Осы Қағидалардың 62-тармағына сәйкес валюта коды көрсетіледі;

9) ұсынылған қосымшалар.

Салық төлеуші берген декларацияға қосымшалардың нөмірі белгіленеді;

10) резиденттік белгісі.

А торкөзін Қазақстан Республикасының резидент салық төлеушісі белгілейді;

В торкөзін Қазақстан Республикасының резидент емес салық төлеушісі белгілейді;

11) резиденттік елінің коды мен салықтық тіркеу нөмірі;

Егер декларацияны Қазақстан Республикасының резидент емес салық төлеушісі жасаған жағдайда толтырылады, бұл ретте:

А жолында осы Қағидалардың 63-тармағына сәйкес резидент еместің резиденттік елінің коды көрсетіледі;

В жолында резидент еместің резиденттік еліндегі салықтық тіркеу нөмірі көрсетіледі.

12) Қазақстан Республикасы шегінен тыс жерлерде тұрақты мекемесінің бар болуы.

Торкөзді Қазақстан Республикасы шегінен тыс тұрақты мекемесі бар Қазақстан Республикасының резиденті толтырады.

17. «Жылдық жиынтық табыс» деген бөлімде:

1) 110.00.001 жолында 110.01.001 және 110.01.005 және


110.02.001 (110.01.001 + 110.01.005 + 110.02.001) жолдарының сомасы ретінде айқындалатын тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден табыс көрсетіледі;

2) 110.00.002 жолында 110.01.002 және 110.02.002 (110.01.002 + 110.02.002) жолдарының сомасы ретінде айқындалатын, құн өсімінен түсетін табыс көрсетіледі;

3) 110.00.003 жолында туынды қаржы құралдар, оның ішінде 110.02.003 жолда көрсетілген сома көшірілетін, алдыңғы салық кезеңінен көшірілген залалдар ескеріле отырып, своп бойынша табыс көрсетіледі;

4) 110.00.004 жолында 110.01.03 және 110.02.004 (110.01.003 + 110.02.004) жолдарының сомасы ретінде айқындалатын, міндеттемелерді есептен шығарудан табыс көрсетіледі;

5) 110.00.005 жолында 110.01.004 және 110.02.005 (110.01.004 + 110.02.005) жолдарының сомасы ретінде айқындалатын, күмәнді міндеттемелер бойынша табыс көрсетіледі;

6) 110.00.006 жолында 110.01.006 және 110.02.006 (110.01.006 + 110.02.006) жолдарының сомасы ретінде айқындалатын, талап ету құқығын беруден түскен табыс көрсетіледі;

7) 110.00.007 жолында 110.01.007 жолында көрсетілген сома көшірілетін, Салық кодексіне сәйкес жылдық жиынтық табысқа енгізілетін, кәсіпкерлік қызметті шектеуге немесе тоқтатуға келісім бергені үшін алынған табыс көрсетіледі;

8) 110.00.008 жолында 110.01.008 және 110.02.007 (110.01.008 + 110.02.007) жолдарының сомасы ретінде айқындалатын, Салық кодексінің


92-бабына сәйкес айқындалатын тіркелген активтерді шығарудан түскен табыс көрсетіледі;

9) 110.00.009 жолында 110.01.010 жолда көрсетілген сома көшірілетін, жалпы үлестік меншіктен табысты бөлу кезінде алынатын табыстардың сомасы көрсетіледі;

10) 110.00.010 жолында 110.01.009 жолда көрсетілген сома көшірілетін, кен орындарын әзірлеу салдарларын жою қорына аударымдар сомасының кен орындарын әзірлеу салдарларын жою бойынша нақты шығыстар сомасынан артуынан түскен табыстар көрсетіледі;

11) 110.00.011 жолында 110.01.011 және 110.02.008 жолдарының сомасы (110.01.011 + 110.02.008) ретінде айқындалатын жылдық жиынтық табысқа енгізілетін, егер бұл сомалар бұрын шегерімге жатқызылмаса, бюджеттен қайтарылған негізсіз айыппұлдардан басқа, таңылған немесе борышты деп танылған айыппұлдар, өсімпұлдар және санкциялардың басқа да түрлері көрсетіледі;



12) 110.00.012 жолында 110.01.012 жолда көрсетілген сома көшірілетін, бұрын жүргізілген шегерімдер бойынша алынған өтемақылар көрсетіледі;

13) 110.00.013 жолында 110.01.014, 110.01.016 және 110.01.018 және 110.02.009 (110.01.014 + 110.01.016 + 110.01.018 + 110.02.009) жолдарының сомасы ретінде айқындалатын, дивидендтер, депозит, борышты бағалы қағаз, вексель, исламдық жалға беру сертификаты бойынша сыйақы, ұтыстар көрсетіледі;

14) 110.00.014 жолында 110.01.013 жолда көрсетілген сома көшірілетін, өтеусіз алынған мүлік, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету түріндегі табыс көрсетіледі;

15) 110.00.015 жолында 110.01.017 және 110.02.010 (110.01.017 + 110.02.010) жолдарының сомасы ретінде айқындалатын, қаржы есептілігінің халықаралық стандарттары мен Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржы есептілігі туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалған, теріс бағамдық айырма сомасынан оң бағамдық айырма сомасының артуы көрсетіледі;

16) 110.00.016 жолында 110.01.015 жолында көрсетілген сома көшірілетін, таза табысты бөлу кезінде салық кезеңі ішінде алынған және әр құрылтайшының, қатысушының үлестерін сақтай отырып, резидент заңды тұлғаның жарғылық капиталын өсіруге бағытталған табыс көрсетіледі;

17) 110.00.017 жолында 110.01.020 жолында көрсетілген сома көшірілетін, жылдық жиынтық табысқа енгізілетін, қызметкерлерді қоғамдық тамақтандыруды, мектепке дейінгі тәрбие және оқыту, балаларды, қарттар мен мүгедектерді әлеуметтік қорғау және әлеуметтік қамтамасыз етуді ұйымдастыру бойынша қызметті жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын әлеуметтік сала объектілерін пайдаланғаннан алған табыстар көрсетіледі;

18) 110.00.018 жолында 110.01.011 жолында көрсетілген сома көшірілетін, ислам банкінде орналастырылған инвестициялық депозит бойынша табыс көрсетіледі;

19) 110.00.019 жолында 110.01.019 жолында көрсетілген сома көшірілетін, роялти түріндегі салық төлеуші алуға жататын (алған) табыс көрсетіледі;

20) 110.00.020 жолында 110.01.021 жолында көрсетілген сома көшірілетін, геологиялық зерттеуге және табиғи ресурстарды өндіруге дайындық жұмыстарына шығыстарды, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушылардың басқа да шығыстарын түзетуден түскен табыс көрсетіледі;

21) 110.00.021 жолында 110.01.022 және 110.02.012 (110.01.022 + 110.02.012) жолдарының сомасы ретінде айқындалатын, Салық кодексіне сәйкес жылдық жиынтық табысқа енгізілетін салық төлеушінің басқа да табыстары көрсетіледі;

22) 110.00.022 жолында 110.01.023 және 110.02.013 (110.01.023 + 110.02.013) жолдарын қосумен айқындалатын, жылдық жиынтық табыстың жалпы сомасы көрсетіледі;

23) 110.00.023 жолында 110.01.024 және 110.02.014 (110.01.024 + 110.02.014) жолдарының сомасы ретінде айқындалатын, жылдық жиынтық табысты түзетудің жалпы сомасы көрсетіледі;

24) 110.00.024 жолында 110.01.015 жолда көрсетілген сома көшірілетін, тауарлық-материалдық запастарды бағалаудың өзге әдісіне көшу кезінде қалыптасқан оң немесе теріс айырма көрсетіледі;

25) 110.00.025 жолында 110.01.025 және 110.02.016 (110.01.025 + 110.02.016) жолдарының сомасы ретінде айқындалатын, түзету ескеріле отырып, жылдық жиынтық табыс көрсетіледі.

18. «Шегерімдер» деген бөлімде:

1) 110.00.026 жолында 110.01.026 және 110.02.017 (110.01.026 + 110.02.017) шегерімге жатқызылатын сатылған (жұмсалған) тауарлардың, сатып алынған және өтеусіз алынған жұмыстар, қызмет көрсетулердің құны көрсетіледі;

2) 110.00.027 жолында 110.01.036 және 110.02.018 (110.01.036 + 110.02.018) жолдарының сомасы ретінде айқындалатын, шегерімге жатқызылатын айыппұлдардың, өсімпұлдардың, тұрақсыздық айыптарының жалпы сомасы көрсетіледі;

3) 110.00.028 жолында 110.01.019 жолда көрсетілген сома көшірілетін, барабар әдістің қолданылуына байланысты есепке жатқызуға жатпайтын және шегерімге жатқызылатын қосылған құн салығы көрсетіледі;

4) 110.00.029 жолында 110.01.020 жолында көрсетілген сома көшірілетін, Салық кодексінің 100-бабы 13-тармағына сәйкес 2009 жылдың


1 қаңтарына қалыптасқан және шегерімге жатқызылатын есептелген қосылған құн салығының сомасынан есепке жатқызылған қосылған құн салығы сомасының артуы көрсетіледі;

5) 110.00.030 жолында 110.01.021 жолында көрсетілген сома көшірілетін, шегерімге жатқызылатын, салық төлеушінің Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына есептелген әлеуметтік аударымдар бойынша шығыстар сомасы көрсетіледі;

6) 110.00.031 жолында 110.01.027 және 110.02.022 (110.01.027 + 110.02.022) жолдарының сомасы ретінде айқындалатын, шегерімге жатқызылатын сыйақылардың жалпы сомасы көрсетіледі;

7) 110.00.032 жолында 110.02.023 жолында көрсетілген сома көшірілетін, шегерімге жатқызылатын қызметтік іссапарлар кезіндегі өтемақы сомалары көрсетіледі;

8) 110.00.033 жолында 110.01.028 және 110.02.024 (110.01.028 + 110.02.024) жолдарының сомасы ретінде айқындалатын, шегерімге жатқызылатын төленген күмәнді міндеттемелер көрсетіледі;

9) 110.00.034 жолында 110.01.029 және 110.02.025 (110.01.029 + 110.02.025) жолдарының сомасы ретінде айқындалатын, шегерімге жатқызылатын күмәнді талаптар көрсетіледі;

10) 110.00.035 жолында 110.01.030 жолында көрсетілген сома көшірілетін, шегерімге жатқызылатын кен орындарын әзірлеу салдарларын жою қорына аударымдардың сомасы көрсетiледi;

11) 110.00.036 жолында 110.01.032 жолында көрсетілген сома көшірілетін, шегерімге жатқызылатын әлеуметтік төлемдерге шығыстардың жалпы сомасы көрсетіледі;

12) 110.00.037 жолында 110.01.033 жолында көрсетілген сома көшірілетін, шегерімге жатқызылатын геологиялық зерттеу мен табиғи ресурстарды өндіруге дайындық жұмыстарына шыққан шығыстар мен жер қойнауын пайдаланушылардың басқа да шығыстары көрсетiледi;

13) 110.00.038 жолында 110.01.031 жолында көрсетілген сома көшірілетін, шегерімге жатқызылатын ғылыми-зерттеу және ғылыми техникалық жұмыстарға шығыстар көрсетіледі;

14) 110.00.039 жолында 110.02.026 жолында көрсетілген сома көшірілетін, жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақыларын қоспағанда, Салық кодексінің 109-бабы 1-тармағына сәйкес шегерімге жатқызылатын сақтандыру шарттары бойынша төленуі тиіс немесе төленген сақтандыру сыйлықақылары көрсетіледі;

15) 110.00.040 жолында 110.01.034 және 110.02.027 (110.01.034 + 110.02.027) жолдарының сомасы ретінде айқындалатын, шегерімге

жатқызылатын оң бағамдық айырма сомасынан теріс бағамдық айырма сомасының артуы көрсетіледі;

16) 110.00.041 жолында 110.01.035 және 110.02.028 (110.01.035 + 110.02.028) жолдарының сомасы ретінде айқындалатын, шегерімге жатқызылатын салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер көрсетіледі;

17) 110.00.042 жолында 110.01.037 және 110.02.029 (110.01.037 + 110.02.029) жолдарының сомасы ретінде айқындалатын тіркелген активтер бойынша шегерімдер көрсетіледі;

18) 110.00.043 жолында 110.02.030 жолында көрсетілген сома көшірілетін, Салық кодексінің 123 – 125-баптарына, сондай-ақ Енгізу туралы Заңның 15-бабына сәйкес инвестициялық салық преференциялары бойынша шегерімдер көрсетіледі;

19) 110.00.044 жолында 110.02.031 жолында көрсетілген сома көшірілетін, Салық кодексіне сәйкес шегерімге жатқызылатын өзге де шығыстар көрсетіледі;

20) 110.00.045 жолында шегерімге жатқызуға тиіс сома көрсетіледі. 110.01.038 және 110.02.032 (110.01.038 + 110.02.032) жолдарының сомасы ретінде айқындалады;.

19. «Салық кодексіне сәйкес табыстар мен шығыстарды түзету» деген бөлімде:

1) 110.00.046 жолында Салық кодексінің 131, 132-баптарына сәйкес жүргізілетін табыстар мен шегерімдерді түзетулердің жалпы сомасы көрсетіледі. 110.00.046 I және 110.00.046 II (110.00.046 I – 110.00.046 II) жолдарының айырмасы ретінде айқындалады:



2) 110.00.046 I жолында 110.02.033 I жолының мәні көшіріледі, Салық кодексінің 131, 132-баптарына сәйкес жүргізілетін табыстарды түзету сомасы көрсетіледі;

3) 110.00.046 II жолында 110.02.033 II жолының мәні көшіріледі, Салық кодексінің 131, 132-баптарына сәйкес жүргізілетін шегерімдерді түзетулердің сомасы көрсетіледі.

20. «Трансферттік баға белгілеу туралы Заңға сәйкес табыстар мен шегерімдерді түзету» деген бөлімде:

1) 110.00.047 жолында 110.01.039 және 110.02.034 (110.01.039 + 110.02.034) жолдарының сомасы ретінде айқындалатын, «Трансферттік баға белгілеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Трансферттік баға белгілеу туралы Заң) сәйкес жүргізілетін табыстарды түзетудің сомасы көрсетіледі;

2) 110.00.048 жолында Трансферттік баға белгілеу туралы Заңға сәйкес жүргізілетін шегерімдерді түзетудің сомасы көрсетіледі. 110.01.040 және 110.02.035 (110.01.040 + 110.02.035) жолдарының сомасы ретінде айқындалады.

21. «Салық салынатын табыс есебі» бөлімінде:

1) 110.00.049 жолында салық салынатын табыс (залал) көрсетіледі. (110.01.041 + 110.02.036) жолдарының сомасы ретінде айқындалады;

2) 110.00.050 жолында 110.01.042 және 110.02.037 (110.01.042 + 110.02.037) жолдарының сомасы ретінде айқындалатын, резидент салық төлеуші Қазақстан Республикасынан тыс көздерден алған табыстар сомасы көрсетіледі;

3) 110.00.051 жолында 110.01.043 және 110.02.038 (110.01.043 + 110.02.038) жолдарының сомасы ретінде айқындалатын, Салық кодексіне сәйкес халықаралық шарттарға сәйкес салық салудан босатылуы тиіс табыс сомасы көрсетіледі;

4) 110.00.052 жолында халықаралық салық салу ерекшелігі ескеріле отырып, салық салынатын табыс (залал) сомасы көрсетіледі. 110.01.044 және 110.02.039 (110.01.044 + 110.02.039) жолдарының сомасы ретінде айқындалады;

5) 110.00.053 жолында 110.01.045 жолында көрсетілген сома көшіріледі, көшірілуге жатпайтын, алғаш рет пайдалануға енгізілген, тіркелген активтер бойынша амортизациялық аударымдарға жатқызуынан залал көрсетіледі;

6) 110.00.054 жолында көшірілуге жататын залал көрсетіледі. 110.01.046 және 110.02.040 (110.01.046 + 110.02.040) жолдарының сомасы ретінде айқындалады;

7) 110.00.055 жолында салық салу табысын кеміту сомасы көрсетіледі. 110.01.048 және 110.02.041 (110.01.048 + 110.02.041) жолдарының сомасы ретінде айқындалады;

8) 110.00.056 жолында 110.01.049 және 110.02.043 (110.01.049 + 110.02.043) жолдарының сомасы ретінде айқындалатын, Салық кодексіне сәйкес алдыңғы салық кезеңдерінен көшірілген залалдар көрсетіледі;

9) 110.00.057 жолында түзетуді және көшірілген залалдарды ескере отырып, салық салынатын табыс көрсетіледі. 110.01.050 және 110.02.044 (110.01.050 + 110.02.044) жолдарының сомасы ретінде айқындалады.

22. «Салық міндеттемесінің есебі» деген бөлімде:

1) 110.02.058 жолында корпоративтік табыс салығының есептелген сомасы көрсетіледі. 110.01.056 және 110.02.054 (110.01.056 + 110.02.054) жолдарының сомасы ретінде айқындалады.

23. «Салық төлеушiнiң жауапкершiлiгi» деген бөлімде:

1) «Басшының Т.А.Ә.» жолда құрылтай құжаттарына сәйкес басшының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) көрсетіледі;

2) декларация тапсырылған күні. Декларацияның салық органына табыс етілген күні көрсетіледі;

3) салық органының коды. Салық төлеушінің орналасқан орны бойынша салық органының коды көрсетіледі;

4) «Декларацияны қабылдаған лауазымды адамның Т.А.Ә.» деген жолда декларацияны қабылдаған салық органы қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) көрсетіледі;

5) декларация қабылданған күні.

Салық кодексінің 584-бабы 2-тармағына сәйкес декларацияны табыс ету күні көрсетіледі;

6) құжаттың кіріс нөмірі.

Салық органы беретін декларацияның тіркеу нөмірі көрсетіледі;

7) пошта штемпелінің күні.

Пошта немесе өзге байланыс ұйымы қойған пошта штемпелінің күні көрсетіледі.

 

3. Өнімді бөлу туралы жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша корпоративтік табыс салығын есептеу бойынша салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы – 110.01-нысанын жасау



 

24. «Жылдық жиынтық табыс» деген бөлімде:

1) 110.01.001 жолында есепті салық кезеңі ішінде салық төлеуші өткізген пайдалы қазбалар және тауарлар (жұмыстар, қызметтер) құнының жалпы сомасы көрсетіледі;

2) 110.01.002 жолында үй-жайларды, ғимараттарды, құрылыстарды, құрылымдарды, сондай-ақ бағалы қағаздарды қоса алғанда, амортизацияға жатпайтын активтерді сату кезінде құн өсуінен жалпы табыс сомасы көрсетіледі;

3) 110.01.003 жолында кредиторлардың салық төлеушінің міндеттемелерін есептен шығару нәтижесінде алынған табыстардың сомасы көрсетіледі. Осы жолда салық төлеушіні тарату кезінде тарату теңгерімін бекіту сәтіне кредиторлар талап етпеген міндеттемелер де көрсетіледі;

4) 110.01.004 жолында салық төлеушінің күмәнді деп таныған кредиторлық қарыздың жалпы сомасы көрсетіледі;

5) 110.01.005 жолында келісімшарт қызметін жүзеге асыру үшін бұрын пайдаланылған мүлікті жалға беруден табыстың жиынтық сомасы көрсетіледі;

6) 110.01.006 жолында берешек талабына жол беруден салық төлеуші алған және алуға жататын табыстардың сомасы көрсетіледі;

7) 110.01.007 жолында кәсіпкерлік қызметін шектеу немесе тоқтатуға келісім үшін салық төлеуші алған және алуға жататын табыстардың сомасы көрсетіледі;

8) 110.01.008 жолында 110.06.006 жолында көрсетілген сома көшірілетін, кіші топтардың құндық балансынан шығарылған тіркелген активтердің құнынан табыстың сомасы көрсетіледі;

9) 110.01.009 жолында кен орындарын әзірлеу салдарларын жою жөніндегі нақты шығыстардың сомасынан кен орнын әзірлеу салдарларын жою қорына аударымдар сомасының асуынан табыстың сомасы көрсетіледі;

10) 110.01.010 жолында жалпы үлестік меншіктен табысты бөлу кезінде алынатын табыстардың сомасы көрсетіледі;

11) 110.01.011 жолында егер бұл сома бұрын шегерімге жатқызылмаған болса, бұрын негізсіз ұсталған айыппұлдар бюджеттен қайтарылғандардан басқа, сот тағайындаған немесе борышкер таныған айыппұлдар, өсімдер мен санкциялардың басқа да түрлерінің сомасы көрсетіледі;

12) 110.01.012 жолында бұрын жүргізілген шегерімдер бойынша алынған өтемақылар түрінде алынған табыстардың сомасы көрсетіледі;

13) 110.01.013 жолында салық кезеңі ішінде салық төлеуші өтеусіз алған мүліктің (жұмыстардың, қызметтердің) жалпы құны көрсетіледі.

Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындау жағдайында ізгілік көмек түрінде алынған және мақсаты бойынша пайдаланылған мүліктің құны, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде республикалық мемлекеттік кәсіпорын мемлекеттік органнан немесе республикалық мемлекеттік кәсіпорыннан өтеусіз негізде алған негізгі құралдардың құны, егер аталғандар жер қойнауын пайдаланушы салық төлеушінің салық режимінде көзделген жағдайда 110.01.024 Е және


110.01.024 Ғ жолдары бойынша жылдық жиынтық табыстан алып тастауға жатады;

14) 110.01.014 жолында салық төлеуші алған дивидендтердің жиынтық сомасы көрсетіледі;

15) 110.01.015 жолында таза табысты бөлу кезінде салық кезеңі ішінде алынған және әр құрылтайшының, қатысушының үлестерін сақтай отырып, резидент – заңды тұлғаның жарғылық капиталын өсіруге бағытталған табыс көрсетіледі;

16) 110.01.016 жолында сыйлықақылар бойынша табыстың сомасы көрсетіледі;

17) 110.01.017 жолында оң бағамдық айырманың немесе теріс бағамдық айырмадан оң бағамдық айырманың артуының жалпы сомасы көрсетіледі;

18) 110.01.018 жолында салық төлеуші алуға жататын (алған) ұтыстардың жалпы сомасы көрсетіледі;

19) 110.01.019 жолында роялти түріндегі салық төлеуші алуға жататын (алған) табыс көрсетіледі;

20) 110.01.020 жолында әлеуметтік сала объектілерін пайдалану кезінде алынған шығыстардан табыстардың асу сомасы көрсетіледі;

21) 110.01.021 жолында егер осы жол бойынша теріс мәні болған жағдайда, 110.05.013 жолында көрсетілген геологиялық зерттеуге, барлау мен табиғи ресурстарды өндіруге дайындық жұмыстарына шығыстарын, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушылардың басқа да шығыстарын түзетуден табыстардың сомасы көрсетіледі;

22) 110.01.022 жолында 110.06.012 жолы салық төлеуші алуға тиіс (алған) декларацияның 110.01.001 бастап 110.01.021 дейінгі жолдарында көрсетілмеген басқа табыстардың жалпы сомасы көрсетіледі;

23) 110.01.023 жолында 110.01.001 – 110.01.022 (110.01.001 бастап + 110.01.022 бойынша) жолдарының сомасын қосумен айқындалатын жылдық жиынтық табыстың жалпы сомасы көрсетіледі.

25. «Жылдық жиынтық табысты түзету» деген бөлімде:

1) 110.01.024 жолында 110.01.024А – 110.01.024L (110.01.024А бастап + 110.01.024L) бойынша) жолдарының сомасын қосумен айқындалатын қолданылатын салық заңнамасының ережелеріне сәйкес жылдық жиынтық табысты түзетудің жалпы сомасы көрсетіледі;

2) 110.01.025 жолында 110.01.023 және 110.01.024 (110.01.023 – 110.01.024) жолдарының айырмасы ретінде айқындалатын түзетулерді ескере отырып жылдық жиынтық табыс сомасы көрсетіледі.

26. «Шегерімдер» деген бөлімде:

1) 110.01.026 жолында 110.04.012 жолында көрсетілген сома көшіріледі;

2) 110.01.027 жолында жолда шегерімге жатқызылатын сома көрсетіледі;

3) 110.01.028 жолында бұрын табыс деп танылған, шегерімге жатқызылатын төленген міндеттемелердің сомасы көрсетіледі;

4) 110.01.029 жолында шегерімге жатқызылатын күмәнді талаптар сомасы көрсетіледі;

5) 110.01.030 жолында шегерімге жатқызылатын кен орындарын әзірлеу салдарларын жою қорына аударымдар сомасы көрсетіледі;

6) 110.01.031 жолында жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа қол қою (жасау) күніне қолданыстағы салық заңнамасына байланысты шегерімге жатқызылуға тиіс ғылыми-зерттеу және жобалық, iздестiру және тәжiрибелiк-конструкторлық немесе ғылыми-техникалық жұмыстарға шығыстардың сомасы көрсетіледі;

7) 110.01.032 жолында шегерімге жатқызылуға тиіс әлеуметтік төлемдерге шығыстардың сомасы көрсетіледі;

8) 110.01.033 жолында 110.05.015С, 110.05.019 және
110.05.020 (110.05.015С + 110.05.019 + 110.05.020) жолдарының сомасымен айқындалатын сома көшіріледі;

9) 110.01.034 жолында теріс бағамдық айырма сомасы немесе шегерімге жатқызылуға тиіс теріс бағамдық айырманың оң бағамдық айырмадан асып кетуі көрсетіледі. Салық режимі салық салу мақсатында бағамдық айырманы ескеруді көздемейтін салық төлеушілер бұл жолды толтырмайды;

10) 110.01.035 жолында жер қойнауын пайдалануға келісімшартта көзделген салық режиміне сәйкес есептелген шектерде бюджетке төленген салықтардың сомасы көрсетіледі;

11) 110.01.036 жолында шегерімге жатқызылатын айыппұлдардың, өсімпұлдардың, тұрақсыздық айыптарының сомасы көрсетіледі;

12) 110.01.037 жолында 110.01.037А – 110.01.037І (110.01.037А бастап + 110.01.037I бойынша) жолдарының сомасын қосумен айқындалатын тіркелген активтер бойынша амортизациялық аударымдардың, жөндеуге шығыстар мен басқа да шегерімдердің жалпы сомасы көрсетіледі;

13) 110.01.037А жолында 110.06.004F және 110.06.008С (110.06.004F + 110.06.008С) жолдарында көрсетілген сома көшіріледі;

14) 110.01.037В жолға 110.06.005F жолында көрсетілген сома көшіріледі;

15) 110.01.037С жолға 110.07.001В жолында көрсетілген сома көшіріледі;

16) 110.01.037D жолға (110.06.004J + 110.06.005H) жолдарында көрсетілген сомалар көшіріледі;

17) 110.01.037Е жолында 110.06.004I және 110.06.005G жолдарында көрсетілген сомалар көшіріледі;

18) 110.01.037F жолында инвестициялық салық преференциялары бойынша шегерімдерге жатқызылатын негізгі құралдардың құны көрсетіледі;

19) 110.01.037G жолында 110.06.004G және 110.06.007I (110.06.004G + 110.06.007I) жолдарында көрсетілген сома көшіріледі;

20) 110.01.037Н жолында 110.06.008D жолында көрсетілген сома көшіріледі;

21) 110.01.037І жолында 110.06.009С жолында көрсетілген сома көшіріледі;

22) 110.01.038 жолында шегерімге жатқызылатын сома көрсетіледі. Осы жолға 110.01.038В жолында көрсетілген сома көшіріледі. Егер осы жолды салық төлеуші толтырмаған жағдайда, 110.01.038А жолында көрсетілген сома көшіріледі;

23) 110.01.038А жолында 110.01.026 бастап 110.01.037 дейінгі


(110.01.026 бастап + 110.01.037 бойынша) жолдарының қосындысымен айқындалатын шегерімдердің жалпы сомасы көрсетіледі;

24) 110.01.038В жолын Қазақстан Республикасының шегінен тыс тұрақты мекемелері бар резидендтер толтырады. Аталған жол бойынша сома 110.01.038А және 110.13.002 (110.01.038А + 110.03.002) жолдары сомаларының айырмасы ретінде айқындалады.

27. «Трансферттік баға белгілеу туралы Заңға сәйкес табыстар мен шегерімдерді түзету» деген бөлімде:

1) 110.01.039 жолында Трансферттік баға белгілеу туралы Заңға сәйкес жүргізілетін табыстарды түзетудің сомасы көрсетіледі;

2) 110.01.040 жолында Трансферттік баға белгілеу туралы Заңға сәйкес жүргізілетін шегерімдерді түзетудің сомасы көрсетіледі.

28. «Салық салынатын табыстың есебі» деген бөлімде:

1) 110.01.041 жолында 110.01.025, 110.01.038 және 110.01.040 жолдарының айырмасы және 110.01.039 жолы қосымша ретінде айқындалатын салық салынатын табыстың (залалдың) сомасы көрсетіледі (110.01.025 – 110.01.038 + 110.01.039 - 110.01.040);

2) 110.01.042 жолында 110.08001 жолында көрсетілген сома көшіріледі;

3) 110.01.043 жолында 110.01.041А және 110.01.043В (110.01.043А + 110.01.043В) жолдарын қосумен айқындалатын халықаралық шарттарға сәйкес салық салудан босатылуға жататын салық салынатын табыстың (залалдың) сомасы көрсетіледі;

4) 110.01.043 А жолында қосарланған салықты болдырмау туралы халықаралық шарттарға сәйкес салық салудан босатылуға жататын салық салынатын табыстың сомасы көрсетіледі;

5) 110.01.043В жолында өзге де халықаралық шарттарға сәйкес салық салудан босатылуға жататын салық салынатын табыстың сомасы көрсетіледі;

6) 110.01.044 жолында 110.01.041, 110.01.042 және 110.01.043 (110.01.041 + 110.01.042 – 110.01.043) жолдары сомаларының айырмасы ретінде айқындалатын салық салынатын табыстың (залалдың) жиынтық сомасы көрсетіледі;

7) 110.01.045 жолында, 110.01.044 жолында залал шеккен кезде, Салық кодексінің 124-бабы 1-тармағының үшінші бөлігіне сәйкес көшіруге жатпайтын, Салық кодексінің 110-бабы 2-тармағына сәйкес салық төлеуші алған залал сомасы көрсетіледі. Бұл ретте, егер 110.01.037С жолы бойынша сома 110.01.041 жолының сомасынан астам немесе тең болса, онда 110.01.045 жолында 110.01.041 жолында көрсетілген сома көрсетіледі. Егер 110.01.037С жолы бойынша сома 110.01.041 жолы бойынша сомадан аз болса, 110.01.045 жолында 110.01.037 С жолының сомасы көшіріледі;

8) 110.01.046 жолында кәсіпкерлік қызметінде пайдаланылатын


ғимараттарды, құрылыстар мен құрылымдарды сату кезінде алынған залал сомасынан қалыптасқан және көшіруге жатпайтын залал сомасына азайтылған есепті салық кезеңінің нәтижелері бойынша алынған залал сомасы ретінде айқындалған көшіруге жататын залал сомасы көрсетіледі;

9) 110.01.047 жолында 110.01.048А, 110.01.048В, 110.01.048С, 110.01.048D (%) жолдары бойынша оны шығыстар сомасына түзету жасаған кездегі салық салынатын табыстан шекті пайыз көрсетіледі.

Салық кодексінің 122-бабына сәйкес осы жолда жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа қол қойылған (жасалған) күнге қолданыста болған салық заңнамасына байланысты 2% немесе 3% көрсетілуге тиіс;

10) 110.01.048 жолында 110.01.044 х 110.01.047 және (110.01.048Е бастап 110.01.048F дейінгі сома) – 110.01.048G) шегінде (110.01.048А бастап 110.01.048D дейінгі сома) Салық кодексінің 122-бабына сәйкес салық салынатын табыстан (табысқа) алынып тастайтын (енгізілетін) шығыстардың (табыстардың) жалпы сомасы көрсетіледі;

11) 110.01.048 А жолында Салық кодексінің 122-бабы 1-тармағы
1) тармақшасына
сәйкес әлеуметтік сала объектілерін ұстауға арналған нақты шеккен шығыстар сомасы көрсетіледі;

12) 110.01.048 В жолында салық кезеңі ішінде салық төлеуші коммерциялық емес ұйымдарға өтеусiз негізде берілген мүліктердің сомасы көрсетіледі;

13) 110.01.048 С жолында салық кезеңі ішінде салық төлеуші көрсеткен демеушілік көмектің сомасы көрсетіледі;

14) 110.01.048 D жолында Салық кодексінің 122-бабы 1-тармағының


3) тармақшасына
сәйкес айқындалатын, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке тұлғаларға берілетін атаулы әлеуметтік көмектің сомасы көрсетіледі;

15) 110.01.048 Е жолын мүгедектердің еңбегін пайдаланатын салық төлеушілер толтырады. Бұл жолда Салық кодексінің 122-бабы 2-тармағына сәйкес жүргізілген шығыстар сомасы көрсетіледі;

16) 110.01.048 F жолында Салық кодексінің 122-бабы 3-тармағына сәйкес негізгі қаражаттардың қаржы лизингі бойынша алынған сыйақы сомасы көрсетіледі;

17) 110.01.048 G жолында Салық кодексінің 122-бабы 5-тармағына сәйкес пайдаланудың үш жылдық кезеңінің аяқталуына дейін тіркелген активтерді сату кезінде Салық кодексінің 110-бабы 2-тармағына сәйкес бұрын шегерімге жатқызылған амортизациялық аударымдар сомасы көрсетіледі. Бұл жолда пайдаланудың үш жылдық кезеңінің аяқталуына дейін технологиялық жабдықтарды сату кезінде аталған жабдықтардың шегерімге жатқызылған сомасы көрсетіледі.

Егер 110.01.048А – 110.01.048D жолдарында көрсетілген шығыстардың нақты сомасы салық салынатын табыстың үш (екі) пайызынан кемінің сомасын құраса (110.01.044), онда салық салынатын табыстан алып тастауға жүргізілген шығыстардың нақты сомасы жатады. Егер сома салық салынатын табыстың үш (екі) пайызынан астамын құраған жағдайда, онда салық салынатын табыстың үш (екі) пайызы мөлшерінде айқындалған сома алып тастауға жатады;

18) 110.01.049 жолында алдыңғы салық кезеңдерінен көшірілген залал сомасы көрсетіледі;

19) 110.01.050 жолында 110.01.044, 110.01.048 және
110.01.049 жолдарының айырмасы ретінде айқындалатын шеккен залалдар мен түзетулерді ескеріп салық салынатын табыс көрсетіледі. Егер 110.01.046 жолда көрсетілген сома бұрынғы екі жолдың айырмасынан үлкен болса, онда осы жолдың шамасы теріс болады.

29. «Салық міндеттемелерінің есебі» деген бөлімде:

1) 110.01.051 жолында корпоративтік табыс салығының ставкасы көрсетіледі;

2) 110.01.052 жолында Қазақстан Республикасынан тысқары жерде төленген және Қазақстан Республикасында корпоративтік табыс салығын төлеу кезінде есепке алынатын Қазақстан Республикасынан тысқары жердегі көздерден алған табыс бойынша табыс салығының сомасы көрсетіледі;

3) 110.01.053 жолында есепті салық кезеңі үшін шетел салығын есепке жатқызу ескерілген корпоративтік табыс салығының сомасы көрсетіледі.

110.01.050 мен 110.01.051 жолдарының туындысының 110.01.052 жолынан айырмасы (110.01.050х110.01.051 - 110.01.052) ретінде айқындалады;

4) 110.01.054 жолында тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Республикасындағы қызметінен түскен резидент емес заңды тұлғаның таза табысы көрсетіледі;

5) 110.01.055 жолында таза табысқа корпоративтік табыс салығының сомасы көрсетіледі:

110.01.055 І жолында 110.01.054 жолдан 15% ставка бойынша есептелген таза табысқа корпоративтік табыс салығының сомасы көрсетіледі;

110.01.055 ІІ жолында 110.01.054 халықаралық шартта көзделген ставка бойынша есептелген таза табысқа корпоративтік табыс салығының сомасы көрсетіледі. Егер салық төлеуші таза табысқа корпоративтік табыс салығына қатысты халықаралық шарт ережесін қолданса, таза табысқа корпоративтік табыс салығының ставкасы көрсетіледі;

110.01.055 ІІІ жолы егер 110.02.055 ІІ жолы толтырылған жағдайда толтырылады. Бұл жолға осы Қағидалардың 57-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы аталған халықаралық шарт жасасқан елдің коды көрсетіледі;

110.01.055 ІV жолы егер 110.01.055 ІІ жолы толтырылған жағдайда толтырылады. Бұл жолға аталған халықаралық шарттың атауы көрсетіледі;

6) 110.01.056 жолында есептелген корпоративтік табыс салығының жиынтық сомасы көрсетіледі. (110.01.053 + 110.01.055 I немесе
110.01.055II) жолдарының сомасы ретінде айқындалады.

 

4. Келісімшарттан тыс қызмет бойынша корпоративтік табыс салығын есептеу бойынша салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы – 110.02-нысанын жасау



 

30. Бұл нысан жер қойнауын пайдаланушының Салық кодексінің


310-бабы ережелерін ескере отырып, келісімшарттан тыс қызмет бойынша корпоративтік табыс салығы бойынша салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы ақпаратты көрсетуіне арналған.

31. «Жылдық жиынтық табыс» деген бөлімде:

1) 110.02.001 жолында Салық кодексінің 86-бабына сәйкес өткізуден түскен табыс көрсетіледі;

2) 110.02.002 жолында Салық кодексінің 87-бабына сәйкес құн өсімінен түсетін табыс көрсетіледі;

3) 110.02.003 жолында алдыңғы салық кезеңінен көшірілген залалдар ескеріле отырып, туынды қаржы құралдар, оның ішінде своп бойынша табыс көрсетіледі;

4) 110.02.004 жолында Салық кодексінің 88-бабына сәйкес міндеттемелерді есептен шығарудан табыс көрсетіледі;

5) 110.02.005 жолында Салық кодексінің 89-бабына сәйкес күмәнді міндеттемелер бойынша табыс көрсетіледі;

6) 110.02.006 жолында Салық кодексінің 91-бабына сәйкес талап ету құқығын беруден түскен табыс көрсетіледі;

7) 110.02.007 жолында Салық кодексінің 92-бабына сәйкес айқындалатын тіркелген активтерді шығарудан түскен табыс көрсетіледі;

8) 110.02.008 жолында Салық кодексінің 85-бабы 1-тармағының


14) тармақшасына
сәйкес жылдық жиынтық табысқа енгізілетін егер бұрын шегерімге жатқызылмаса, бұрын негізсіз бюджеттен қайтарылған айыппұлдардан басқа, сот таңылған немесе борышты деп танылған айыппұлдар, өсімпұлдар және санкциялардың басқа да түрлері көрсетіледі;

9) 110.02.009 жолында Салық кодексінің 85-бабы 1-тармағының


18) және 20) тармақшаларына
сәйкес жылдық жиынтық табысқа енгізілетін депозит, борышты бағалы қағаз, вексель, исламдық жалға беру сертификаты бойынша сыйақылардың жалпы сомасы, Салық кодексінің 85-бабы
1-тармағының 17) тармақшасына
сәйкес жылдық жиынтық табысқа енгізілетін дивидендтер көрсетіледі;

10) 110.02.010 жолында Салық кодексінің 85-бабы 1-тармағының


19) тармақшасына
сәйкес жылдық жиынтық табысқа енгізілетін қаржы есептілігінің халықаралық стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржы есептілігі туралы заңнаманың талаптарына сәйкес айқындалған оң бағамдық айырма сомасының теріс бағамдық айырма сомасынан асып кетуі көрсетіледі;

11) 110.02.011 жолында ислам банкінде орналастырылған инвестициялық депозит бойынша Салық кодексінің 85-бабы 1-тармағының 22-1) тармақшасына сәйкес айқындалатын табыс көрсетіледі;

12) 110.02.012 жолында Салық кодексіне сәйкес жылдық жиынтық табысқа қосылатын салық төлеушінің басқа да табысы көрсетіледі:

13) 110.02.013 жолында 110.02.001-ден 110.02.012-ге дейінгі жолдардың айырмашылығы ретінде айқындалатын жылдық жиынтық табыстың жалпы сомасы көрсетіледі;

14) 110.02.014 жолында Салық кодексінің 99-бабына немесе Енгізу туралы Заңның 3-1-бабына сәйкес жылдық жиынтық табысты түзетудің жалпы сомасы көрсетіледі;

15) 110.02.015 жолында тауарлық-материалдық запастарды бағалаудың өзге әдісіне көшу кезінде қалыптасқан оң немесе теріс айырма көрсетіледі;

16) 110.02.016 жолында 110.02.013 пен 110.02.014 жолдары сомасының айырмасы ретінде айқындалған, 110.02.015 жолына ұлғайтылған (егер бұл жолдың мәні оң болған жағдайда) немесе 110.02.015 жолына (110.02.013 – 110.02.014 + немесе 110.02.015) кемітілген (егер бұл жолдың мәні теріс болған жағдайда) түзету ескеріле отырып, жылдық жиынтық табыс көрсетіледі.

32. «Шегерімдер» деген бөлімде:

1) 110.02.017 жолында Салық кодексінің 100-бабы 1-тармағына сәйкес және 110.02.017 I алу 110.02.017 II қосу 110.02.017 III қосу 110.02.017 IV қосу 110.02.017 V алу 110.02.017 VI алу 110.02.017 VII алу 110.02.017 VIII алу 110.02.017 IX (110.02.017 I – 110.02.017 II + 110.02.017 III + 110.02.017 IV + 110.02.017 V – 110.02.017 VI – 110.02.017 VII – 110.02.017 VIII – 110.02.017 IX) ретінде айқындалатын шегерімге жатқызылатын сатылған (пайдаланған) тауарлардың, сатып алынған және өтеусіз алынған жұмыстар, қызмет көрсетулердің құны көрсетіледі:

110.02.017 I жолында салық кезеңінің басына тауарлардың, шикізаттардың, материалдардың (соның ішінде сатып алынатын жартылай фабрикаттар мен жинақталатын бұйымдар, конструкциялар мен бөлшектер, отын, қосалқы бөлшектер және тағы басқалары) (бұдан әрі – ТМҚ) өзіндік құны көрсетіледі. Бастапқы декларацияда көрсетілген жол салық кезеңінің басына бухгалтерлік теңгерім бойынша айқындалған деректерге сәйкес толтырылады. Өзінің бастапқы декларациясын беретін салық төлеушіде салық кезеңінің басында ТМҚ болмауы мүмкін;

110.02.017 IІ жолында салық кезеңінің соңына бухгалтерлік теңгерім деректеріне сәйкес толтырылады. Бұл ретте, көрсетілген жолда оны сатудан алынған табыстар салық кезеңінде салық салу мақсатында танылған, жылдың соңында ТМҚ қалдықтарында есепке алынатын және жолдағы (мысалы, FAS-порт шарттарындағы тауарларды сату) тауардың құны көрсетілмейді. Салық кезеңінің ішінде салық төлеуші берген тарату декларациясында 110.02.017 II жолы тиісті салық кезеңінің соңына бухгалтерлік есеп деректерінің негізінде толтырылады;

110.02.017 III жолында салық төлеуші салық кезеңінің барысында сатып алған, оның ішінде тегін алған ТМҚ, тарапты ұйымдар, дара кәсіпкерлер, жеке нотариустар, адвокаттар орындаған жұмыстар мен көрсеткен қызметтердің құны көрсетіледі. Осы жолда келтірілген деректер декларацияның 110.02.018 жолынан бастап 110.02.0318 жолына дейінгі жолдар бойынша шегерімге жатқызылатын шығыстарды қамтымауы тиіс. 110.02.017 III А жолдан бастап 110.02.017 III H жолға дейінгі жолдардың (110.02.017 III А бастап + 110.02.017 III H бойынша сома) сомалары ретінде айқындалады:

110.02.017 III А жолында салық төлеушінің есепті салық кезеңде сатып алған, өтеусіз алған ТМҚ құны көрсетіледі;

110.02.017 IІІ B жолында қаржылық қызмет көрсетулердің құны көрсетіледі;

110.02.017 IІІ C жолында жарнамалық қызмет көрсетулердің құны көрсетіледі;

110.02.017 IІІ D жолында консультациялық қызмет көрсетулердің құны көрсетіледі;

110.02.017 IІІ Е жолында маркетингтік қызмет көрсетулердің құны көрсетіледі;

110.02.017 IІІ F жолында дизайнерлік қызмет көрсетулердің құны көрсетіледі;

110.02.017 IІІ G жолында инжинирингтік қызмет көрсетулердің құны көрсетіледі;

110.02.017 IІІ Н жолында өзге де жұмыстар мен қызмет көрсетулерді сатып алуға шығыстар көрсетіледі;

110.02.017 IV жолында:

110.02.023 жолы бойынша көрсетілетін және Салық кодексінің 155-бабы 3-тармағының 4) тармақшасында беліленген тәуліктік мөлшерінің асып кетуін білдіретін;

тіркелген активтердің, преференциялар объектілерінің бастапқы құнына енетін;

Салық кодексінің 122-бабы 3-тармағына сәйкес кейінгі шығыстар ретінде танылатын:

Салық кодексінің 87-бабына сәйкес амортизацияға жатпайтын активтердің бастапқы құнына енетін қызметкерлердің есептелген табыстары бойынша шығыстарды қоспағанда, Салық кодексінің 110-бабына сәйкес шегерімге жатқызылатын қызметкерлердің есептелген табыстары мен жеке тұлғаларға өзге де төлемдер бойынша шығыстар көрсетіледі;

110.02.017 V жолында өткен салық кезеңдерінде алдағы кезеңдер шығыстары ретінде танылатын және есепті салық кезеңінде шегерімдерге жатқызылатын жұмыстар мен қызметтердің құны, ТМҚ өзіндік құны көрсетіледі;

110.02.017 VI жолында кейінгі шығыстар болып танылған, салық есебі Салық кодексінің 122-бабына сәйкес жүргізілетін жұмыстар мен қызметтердің нақты құны, ТМҚ өзіндік құны көрсетіледі;

110.02.017 VII жолында жұмыстар мен қызметтердің құны, амортизацияға жатпайтын преференциялар объектілері мен активтердің бастапқы құнына енетін, ТМҚ өзіндік құны көрсетіледі;

110.02.017 VIII жолында 110.02.017 VI жолы бойынша көрсетілетін құнды қоспағанда, Салық кодексінің 115-бабы негізінде шегерімдерге жатқызылмайтын, жұмыстар мен қызметтердің нақты құны, ТМҚ өзіндік құны көрсетіледі;

110.02.017 IX жолында алдағы кезеңдердің шығыстары ретінде танылатын және кейінгі салық кезеңдерінде шегерімдерге жатқызылуы тиіс жұмыстар мен қызметтердің нақты құны, ТМҚ өзіндік құны көрсетіледі;

2) 110.02.018 жолында Салық кодексінің 100-бабы 6-тармағына сәйкес шегерімге жатқызылатын айыппұлдардың, өсімпұлдардың, тұрақсыздық айыптарының жалпы сомасы көрсетіледі;

3) 110.02.019 жолында барабар әдістің қолданылуына байланысты есепке жатқызуға жатпайтын және Салық кодексінің 100-бабы 12-тармағына сәйкес шегерімге жатқызылатын қосылған құн салығы көрсетіледі;

4) 110.02.020 жолында 2009 жылдың 1 қаңтарына қалыптасқан және Салық кодексінің 100-бабы 13-тармағына сәйкес шегерімге жатқызылатын есептелген қосылған құн салығының сомасынан есепке жатқызылған қосылған құн салығы сомасының артуы көрсетіледі;

5) 110.02.021 жолында Салық кодексінің 100-бабы 14-1-тармағына сәйкес шегерімге жатқызылатын салық төлеушінің Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына есептелген әлеуметтік аударымдар бойынша шығыстар сомасы көрсетіледі;

6) 110.02.022 жолында Салық кодексінің 103-бабына, Енгізу туралы Заңның 14-бабына сәйкес шегерімге жатқызылатын сыйақылардың жалпы сомасы көрсетіледі;

7) 110.02.023 жолында Салық кодексінің 101-бабына сәйкес шегерімге жатқызылатын қызметтік іссапарлар кезіндегі өтемақы сомалары көрсетіледі;

8) 110.02.024 жолында Салық кодексінің 104-бабына сәйкес шегерімге жатқызылатын төленген күмәнді міндеттемелер, оның ішінде Салық кодексінің 104-бабы екінші бөліміне сәйкес шегерімге жатқызылатын Салық кодексінің 88-бабына сәйкес бұрын табыс деп танылған төленген міндеттемелердің сомасы көрсетіледі;

9) 110.02.025 жолында Салық кодексінің 105-бабына сәйкес шегерімге жатқызылатын күмәнді талаптар көрсетіледі;

10) 110.02.026 жолында жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақыларды қоспағанда, Салық кодексінің 109-бабы 1-тармағына сәйкес шегерімге жатқызылатын сақтандыру шарттары бойынша төленуі тиіс немесе төленген сақтандыру сыйлықақылары көрсетіледі;

11) 110.02.027 жолында Салық кодексінің 113-бабына сәйкес шегерімге жатқызылатын оң бағамдық айырма сомасынан теріс бағамдық айырма сомасының артуы көрсетіледі;

12) 110.02.028 жолында Салық кодексінің 114-бабына сәйкес шегерімге жатқызылатын салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер көрсетіледі;

13) 110.02.029 жолында Салық кодексінің 116 – 122-баптарына сәйкес жүргізілетін тіркелген активтер бойынша шегерімдер көрсетіледі.

110.02.029 І жолында Салық кодексінің 117-бабы 10-тармағына және 120-бабы 2-1-тармағына сәйкес салық есебі жүргізілетін «Инвестициялар туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 қаңтардағы Заңына (бұдан әрі – Инвестициялар туралы Заң) сәйкес 2009 жылдың 1 қаңтарына дейін жасалған корпоративтік табыс салығын төлеуден босату ұсынылған келісімшарт бойынша инвестициялық жоба шеңберінде 2009 жылдың
1 қаңтарына дейін және (немесе) кейін пайдалануға енгізілген тіркелген активтер бойынша шегерімдер анықтама ретінде көрсетіледі;

14) 110.02.030 жолында Салық кодексінің 123 – 125-баптарына, сондай-ақ Енгізу туралы Заңның 15-бабына сәйкес инвестициялық салық преференциялары бойынша шегерімдер көрсетіледі;

15) 110.02.031 жолында Салық кодексіне сәйкес шегерімге жатқызылатын өзге де шығыстар көрсетіледі.

110.02.031 жолына оның ішінде Салық кодексiнiң 107, 111 және 112-баптарына сәйкес шегерімге жатқызылатын кең таралған пайдалы қазбаларды, жерасты суларын, емдiк балшықты өндіру жөніндегі келiсiмшарттар шеңберiнде, сондай-ақ барлауға және (немесе) өндіруге байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға кеткен шығындар қосылады.

Бұл жол өзіне 110.02.031 I жолын да қамтиды, онда резидент емес заңды тұлға басқарушылық және жалпы әкімшілік шығыстары көрсетiледi;

16) 110.02.032 жолында шегерімге жатқызылуы тиіс сома көрсетіледі;



110.02.032 I жолында шегерімге жатқызылуы тиіс шығыстардың жалпы сомасы көрсетіледі. 110.02.017 – 110.02.031 бойынша (110.02.017 бастап + 110.02.031 бойынша сома) жолдары сомасының айырмасы ретінде айқындалады;

110.02.032 ІІ жолында бір мезгілде 130.00-нысаны бойынша корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны табыс ететін коммерциялық емес ұйымдардың Салық кодексінің 134-бабына сәйкес шегерімге жатқызылатын шығыстарының сомасы көрсетіледі. Бұл жолға 130.00.029 жолы ауыстырылады;



110.02.032 ІІІ жолында Қазақстан Республикасының шегінен тыс тұрақты мекеме(лері)сі бар резиденттер шегерімге жатқызуы тиіс шығыстар сомасы көрсетіледі.

33. «Табыстар мен шегерімдерді түзету» деген бөлімде:

1) 110.02.033 жолында Салық кодексінің 131, 132-баптарына сәйкес жүргізілетін табыстар мен шегерімдерді түзетулердің жалпы сомасы көрсетіледі. 110.02.033 І және 110.02.033 ІІ жолдары
(110.02.033 I – 110.02.033 II) сомасының айырмасы ретінде айқындалады;

110.02.033 І жолында Салық кодексінің 131, 132-баптарына сәйкес жүргізілетін табыстарды түзетулердің сомасы көрсетіледі;

110.02.033 ІІ жолында Салық кодексінің 131, 132-баптарына сәйкес жүргізілетін шегерімдерді түзетулердің сомасы көрсетіледі.

34. «Трансферттік баға белгілеу туралы Заңға сәйкес табыстар мен шегерімдерді түзету» деген бөлімде:

1) 110.02.034 жолында Трансферттік баға белгілеу туралы Заңға сәйкес жүргізілетін табыстарды түзетулердің сомасы көрсетіледі;

2) 110.02.035 жолында Трансферттік баға белгілеу туралы Заңға сәйкес жүргізілетін шегерімдерді түзетулердің сомасы көрсетіледі.

35. «Салық салынатын табыс есебі» деген бөлімде:

1) 110.02.036 жолында салық салынатын табыс (залал) көрсетіледі. 110.02.033 және 110.02.034 (110.02.016 – 110.02.032 + 110.02.033 + 110.02.034 - 110.02.035) жолдарына ұлғайтылған 110.02.016, 110.02.032 және 110.02.035 жолдарының айырмасы ретінде айқындалады;

2) 110.02.037 жолында резидент салық төлеуші Қазақстан Республикасынан тыс көздерден алған табыстар сомасы көрсетіледі.
110.01.037 жолы анықтамалық сипатта болады. Бұл жол өзіне 110.02.037 І жолын да қамтиды:

110.02.037 І жолында Салық кодексінің 224-бабына сәйкес айқындалатын салық салуда жеңілдігі бар елде алған табыс көрсетіледі;

110.01.037 I жолдың мәні салық салынатын табыстың есептеуiне қосылады;

3) 110.02.038 жолында Салық кодексінің 2-бабы 5-тармағына,


212, 213-баптарына сәйкес халықаралық шарттарға сәйкес салық салудан босатылуы тиіс табыс сомасы көрсетіледі;

4) 110.02.039 жолында халықаралық салық салу ерекшелігі ескеріле отырып, салық салынатын табыс (залал) сомасы көрсетіледі. 110.02.059 жолы алына отырып, 110.02.036 және 110.02.037 I жолдарының сомасы ретінде айқындалады (110.02.036 + 110.02.037 I – 110.02.038);

5) 110.02.040 жолында Салық кодексінің 137-бабы 1-тармағына сәйкес көшірілуі тиіс залал көрсетіледі;

6) 110.02.041 жолында Салық кодексінің 133-бабы және Енгізу туралы Заңның 3-2-бабына сәйкес салық салу табысын кеміту сомасы көрсетіледі. 110.02.041 А және 110.02.041 В (110.02.041 А + 110.02.041 В) жолдарының сомасы ретінде айқындалады;

110.02.041 А жолында Салық кодексінің 133-бабы 1-тармағына сәйкес салық төлеуші салық салу табысын кемітуге құқылы шығыстар көрсетіледі;

110.02.041 В жолында Салық кодексінің 133-бабы және Енгізу туралы Заңның 3-2-бабына сәйкес салық төлеуші салық салу табысын кемітуге құқылы табыстар көрсетіледі;

7) 110.02.042 жолында Салық кодексінің 133-бабына, сондай-ақ Енгізу туралы Заңның 3-2-тармағына сәйкес жүргізілетін азайту ескерілген салық салынатын табыс көрсетіледі. 110.02.039 және 110.02.041 жолдарының айырмасы ретінде айқындалады (110.02.039–110.02.041). Егер 110.02.041 жолы 110.02.039 жолынан артық болса, 110.02.042 жолда нөл көрсетіледі (110.02.039 – 110.02.041);

8) 110.02.043 жолында Салық кодексінің 137-бабы 1-тармағына және Енгізу туралы Заңның 15-1-бабына сәйкес алдыңғы салық кезеңдерінен көшірілген залалдар көрсетіледі;

9) 110.02.044 жолында көшірілген залалдар қосылған салық салынатын табыс көрсетіледі. Егер 110.02.042 жолында оң мән көрсетілген жағдайда толтырылады. 110.02.042 және 110.02.043 жолдары сомасының айырмасы ретінде айқындалады. Егер 110.02.043 жолы 110.02.042 жолынан артық болса, 110.02.059 жолында нөл көрсетіледі (110.02.042 – 110.02.043).

36. «Салық міндеттемесінің есебі» деген бөлімде:

1) 110.02.045 жолында Енгізу туралы Заңның 4-бабына сәйкес немесе Салық кодексінің 147-бабы 2-тармағына сәйкес корпоративтік табыс салығының ставкасы пайыздарда көрсетіледі;

2) 110.02.046 жолында Салық кодексінің 223-бабына сәйкес Қазақстан Республикасында корпоративтік табыс салығын төлеу кезінде ескерілетін Қазақстан Республикасынан тыс төленген табысқа салықтардың немесе резидент салық төлеуші Қазақстан Республикасының шегінен тыс көздерден алған табыстарға соған ұқсас табыс салығының түрлерінің сомасы көрсетіледі;

3) 110.02.047 жолында шетел салығын есепке жатқызу ескерілген корпоративтік табыс салығының сомасы көрсетіледі. 110.02.044 және 110.02.045 жолдарының және 110.02.046 (110.02.044 х 110.02.045 – 110.02.046) жолының туындысы ретінде айқындалады;

4) 110.02.048 жолында Салық кодексінің 139-бабы 2-тармағына сәйкес бюджетке төленуі тиіс корпоративтік табыс салығының сомасына кемітілетін салық кезеңінде ұтыс түріндегі табыстан төлем көзінен ұсталған корпоративтік табыс салығының сомасы көрсетіледі;

5) 110.02.049 I жолында алдыңғы салық кезеңдерінде сыйақы түріндегі табыстан төлем көзінен ұсталған және Салық кодексінің 139-бабы 3-тармағына сәйкес көшірілген корпоративтік табыс салығының сомасы көрсетіледі;

110.02.049 II жолында Салық кодексінің 139-бабы 2-тармағына сәйкес бюджетке төленуі тиіс корпоративтік табыс салығының сомасына кемітілетін салық кезеңінде сыйақы түріндегі табыстан төлем көзінен ұсталған корпоративтік табыс салығының сомасы көрсетіледі;

6) 110.02.050 жолында Салық кодексінің 200-бабына сәйкес төлем көзінен есептелген корпоративтік табыс салығының сомасы көрсетіледі;

7) 110.02.051 жолында 110.02.051 I және 110.02.051 II және 110.02.051 III және 110.02.051 IV және 110.02.051 V (110.02.051 I – 110.02.051 II – 110.02.051 III – 110.02.051 IV – 110.02.051 V) жолдарының айырмасы ретінде айқындалатын, салық кезеңі үшін есептелген корпоративтік табыс салығының сомасы көрсетіледі;

110.02.051 І жолында Салық кодексінің 139-бабына сәйкес салық кезеңі үшін есептелген корпоративтік табыс салығының сомасы көрсетіледі 110.02.047, 110.02.048, 110.02.049 I, 110.02.049 II, 110.02.050 жолдарының айырмасы ретінде айқындалады. Егер айырма нөлде кем болса, онда 110.02.051 I жолында нөл көрсетіледі (110.02.047 – 110.02.048 – 110.02.049 I – 110.02.049 II – 110.02.050);

110.02.051 ІІ жолында Салық кодексінің 451-бабына сәйкес салық кезеңі үшін есептелген корпоративтік табыс салығының сомасы көрсетіледі. Салық кодексінің 448-452-баптарында көзделген арнаулы салық режимі шеңберінде қызметін жүзеге асыратын салық төлеушілер толтырады.


110.02.051 I (110.02.051 I х 70%) жолынан 70 пайызы ретінде айқындалады;

110.02.051 ІІІ жолында инвестициялар бойынша уәкілетті органмен жасасқан келісімшартқа сәйкес стандартты салық жеңілдіктерін қолдануға байланысты кемітілген корпоративтік табыс салығының сомасы көрсетіледі;

110.02.051 ІV жолында Инвестициялар туралы Заңға сәйкес салық төлеуші инвестициялар бойынша мемлекеттік уәкілетті органмен 2009 жылдың 1 қаңтарына дейін жасасқан келісімшарт негізінде есептелген корпоративтік табыс салығына кемітуге құқығы бар сома көрсетіледі;

110.02.051 V жолында 110.02.051 I (110.02.051 I х 100%) жолынан


100 % ретінде айқындалатын, Салық кодексінің 151-бабына сәйкес кемітілген корпоративтік табыс салығының сомасы көрсетіледі;

8) 110.01.052 жолында Салық кодексінің 199-бабы 1-тармағына сәйкес тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Республикасындағы қызметінен түскен резидент емес заңды тұлғаның таза табысы көрсетіледі. 110.02.044 және 110.02.051 (110.02.044 – 110.02.051) жолдарының айырмасы ретінде айқындалады;

9) 110.02.053 жолында таза табысқа корпоративтік табыс салығының сомасы көрсетіледі:

110.02.053 І жолында Салық кодексінің 199-бабы 1-тармағына сәйкес 110.02.052 (110.02.052 х 15%) жолының 15 % ретінде айқындалатын


15 пайыз ставкасы бойынша есептелген таза табысқа корпоративтік табыс салығының сомасы көрсетіледі;

110.02.053 ІІ жолында Салық кодексінің 212-бабына сәйкес халықаралық шартта көзделген ставка бойынша есептелген таза табысқа корпоративтік табыс салығының сомасы көрсетіледі. Егер салық төлеуші таза табысқа корпоративтік табыс салығына қатысты халықаралық шарт ережесін қолданса, таза табысқа корпоративтік табыс салығының ставкасы көрсетіледі;

110.02.053 ІІІ жолы 110.02.053 ІІ жолы толтырылған жағдайда толтырылады. Бұл жолға осы Қағидалардың 57-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы аталған халықаралық шарт жасасқан елдің коды көрсетіледі;

110.02.053 ІV жолы 110.02.053 ІІ жолы толтырылған жағдайда толтырылады. Бұл жолға аталған халықаралық шарттың атауы көрсетіледі;

110.02.054 жолында есептелген корпоративтік табыс салығының жиынтық сомасы көрсетіледі. (110.02.051 + 110.02.053 I немесе 110.02.053II) ретінде айқындалады.
5. Басқару және жалпы әкімшілік шығыстар – 110.03-нысанын жасау

 

37. Осы нысан қолданылатын салық режиміне және жер қойнауын пайдалануға келісімшарттың ережелеріне сәйкес шегерімдерге жатқызылатын басқару және жалпы әкімшілік шығыстарының сомасын айқындауға арналған және Қазақстан Республикасымен жасалған кіріске немесе мүлікке (капиталға) салық салудан жалтарудың алдын-алу және қосарланған салық салуды болдырмау туралы халықаралық шарт ережелерін (бұдан әрі – халықаралық шарт) қолдануға құқығы бар тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Республикасындағы қызметін жүзеге асыратын резидент емес толтырады.



38. «Салық төлеуші туралы жалпы ақпарат» деген бөлімде салық төлеуші мынадай деректерді көрсетеді:

1) Салық кодексінің 196 немесе 197-баптарына сәйкес көрсетілген шығыстарды шегерімге жатқызудың қолданылатын әдісі;

2) Салық кодексінің 196-бабына сәйкес барабар бөлу әдісін қолдану кезінде есептік көрсеткішті есептеуде қолданылатын тәсіл;

3) Халықаралық шартты жасасқан елдің коды. Осы Қағидалардың


305-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы қолданылатын халықаралық шарт жасасқан елдің коды көрсетіледі;

4) резиденттік елдегі резидент емес салық төлеушінің салық кезеңі (көрсетілген салық кезеңінің басталу және аяқталу күні белгіленеді);

5) ССКТК – резиденттік елдегі салық төлеушінің салық кезеңіндегі түзету коэффицинеті (түзету коэффициенті қолданылған жағдайда оның мөлшері белгіленеді);

6) ТМСКТК – тұрақты мекемесі арқылы қызметінен Қазақстан Республикасындағы салық кезеңінің түзету коэффициенті (түзету коэффициенті қолданылған жағдайда оның мөлшері белгіленеді).

Түзету коэффициентін (коэффициенттерін) қолданбау жағдайларында тиісті торкөз (торкөздер) толтырылмайды.

Түзету коэффициенті салық төлеушінің Қазақстан Республикасындағы қызметінің көрсеткіштерін салыстыру мақсатында бөлудің барабар әдісін қолдану кезінде және Қазақстан Республикасындағы және салық төлеушінің резиденттік елдегі салық кезеңдерінің сәйкессіздіктері кезінде қолданылады.

39. ССКТК Салық кодексінің 196-бабы ережелеріне сәйкес Қазақстан Республикасында шегеруге жататын резидент еместің басқару және жалпы әкімшілік шығыстарының сомасын есептеу үшін салық төлеушінің резиденттік елдегі және Қазақстан Республикасындағы салық кезеңдерінің ұзақтығын сәйкестендіру мақсатында енгізіледі. ССКТК базалық салық кезеңінің шеңберіне енетін салық төлеушінің резиденттік елдегі тиісті салық кезеңіне сәйкес келетін айлар санын салық төлеушінің резиденттік елдегі салық кезеңі айларының жалпы санына арақатынасы ретінде айқындалады. Базалық салық кезеңі ретінде Қазақстан Республикасындағы есепті салық кезеңі алынады.

1-мысал.


Салық төлеуші Қазақстан Республикасында шегеруге жататын басқару және жалпы әкімшілік шығыстар сомаларын есептеу кезінде бөлудің барабар бөлу әдісін қолданады. Есептік көрсеткіш бірінші тәсіл бойынша есептеледі.

Салық төлеушінің резиденттік елдегі салық кезеңі 2000 жылғы


1 қыркүйектен 2001 жылғы 31 желтоқсанға дейін 15 айдан тұрады. Базалық салық кезеңі ретінде 2001 жылғы 1 қаңтардан 31 желтоқсанға дейінгі
12 айдан тұратын салық төлеушінің Қазақстан Республикасындағы салық кезеңі қолданылады. Базалық салық кезеңі шеңберіне (2001 жылғы қаңтар – 2001 жылғы желтоқсан) салық төлеушінің резиденттік елдегі 2001 жылғы қаңтардан желтоқсанға дейінгі салық кезеңі енгізіледі, бұл жағдайда ССКТК 12/15-ті құрайды.

40. ТМСКТК Салық кодексінің 196-бабы ережелеріне сәйкес салық төлеушінің Қазақстан Республикасындағы және резиденттік елдегі салық кезеңдерінің басталу-аяқталу мерзімдерін көрсетілген салық кезеңдерінің ұзақтығы бірдей болған жағдайда есептік көрсеткішін есептеу үшін сәйкестендіру мақсатында енгізіледі. ТМСКТК базалық салық кезеңінің шеңберіне енетін Қазақстан Республикасындағы айлар санының салық төлеушінің Қазақстан Республикасындағы салық кезеңі айларының жалпы санының қатынасы ретінде айқындалады.

Базалық салық кезеңі ретінде салық төлеушінің резиденттік елдегі салық кезеңі алынады.

2-мысал.


Салық төлеуші Қазақстан Республикасында шегеруге жататын басқару және жалпы әкімшілік шығыстар сомаларын есептеу кезінде барабар бөлу әдісін қолданады. Есептік көрсеткіш бірінші тәсіл бойынша есептеледі.

Салық төлеушінің резиденттік елдегі салық кезеңі 2000 жылғы


1 қыркүйектен 2001 жылғы 31 тамызға дейін 12 айдан тұрады. Қазақстан Республикасындағы салық кезеңі 2001 жылғы 1 қаңтардан 31 желтоқсанға дейін 12 айдан тұрады.

Базалық салық кезеңі ретінде салық төлеушінің резиденттік елдегі салық кезеңі алынады.

Базалық салық кезеңі шеңберіне (2000 жылғы қыркүйек – 2001 жылғы тамыз) Қазақстан Республикасындағы екі салық кезеңі: 2000 жылғы қыркүйек –желтоқсан және 2001 жылғы қаңтар – тамыз, тиісінше, ТМСКТК1–4/12; ТМСКТК2 – 8/12 енеді.

41. «Шығыстар» деген бөлімде:

1) 110.10.001 жолы резидент еместің басқару және жалпы әкімшілік шығыстарының сомасын көрсетуге арналған;

2) 110.10.002 жолы барабар бөлу әдісін қолданғанда пайдаланылатын есептік көрсеткішті көрсетуге арналған;

3) 110.10.003 жолы резидент еместің Қазақстан Республикасындағы көздерден табыс алу мақсатында шеккен, Қазақстан Республикасында шегеруге жататын басқару және жалпы әкімшілік шығыстарының сомасын көрсетуге арналған.

Барабар бөлу әдісін қолданғанда 110.10.003А жолының шамасы 110.10.001А және 110.10.002А жолдарының туындысы ретінде айқындалады.

Шығыстарды шегерулерге тікелей (тура) жатқызу әдісін қолданған кезде 110.03.003В жолда резидент еместің Қазақстан Республикасындағы көздерден табыс алу мақсатында тікелей шеккен және Салық кодексінің 197-бабына сәйкес құжаттармен расталған басқару және жалпы әкімшілік шығыстарының сомасы көрсетіледі. 110.03.003В жолында көрсетілген шығыстар сомасы осындай шығыстарды бухгалтерлік есепте бөлек есептеу жүргізу негізінде айқындалады. Бұл ретте резидент еместің есеп саясаты қоса тіркеледі.

110.03.003 жолының шамасы 110.04.006 жолына көшіріледі.


6. Сатылған тауарлар (жұмыстар, қызметтер) бойынша




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет