«Көшпелілер мемлекеттілігі: пайда болуы мен дамуы»

бет1/7
Дата23.02.2016
өлшемі0.53 Mb.
#5008
  1   2   3   4   5   6   7

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

3 деңгейлі СМЖ құжаты

ПОӘК

ПОӘК

042-18-18.1.33/03-2013

«Көшпелілер мемлекеттілігі: пайда болуы мен дамуы» пәнінің

оқу- әдістемелік кешені

№1 басылым

18.09.2013

«Көшпелілер мемлекеттілігі:

пайда болуы мен дамуы»
ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІНІҢ

ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛЫ

«5В020300»- Тарих мамандығына арналған

СЕМЕЙ -2013

1 ҚҰРАСТЫРЫЛДЫ

5В020300 «тарих» мамандығы үшін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік стандарты арнайы пәннің типтік бағдарламасының негізінде жасалған. Құрастырушы Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің «Қазақстан тарихы» кафедрасының аға оқытушысы П.Санкайбаева

«__03__» __09__ 2013 ж.

2 ҚАРАЛДЫ

    1. Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің

« Қазақстан тарихы» кафедрасының отырысында қаралды

Хаттама №_1__ « 03_»_09_ 2013 жыл

Кафедра меңгерушісі ____________ Н.Мухаметжанова

2.2 ГЗФ оқу-әдістемелік бюросының отырысында талқыланды

Хаттама №_1__ «_05_»__09_ 2013 жыл
ОӘБ төрағасы_________ Ш.Кеңесбаева

3 БЕКІТІЛДІ

3.1 Университеттің оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында мақұлданды және баспаға ұсынылды

Хаттама №_1___ «_18_»__09__2013 жыл
ОӘК төрағасы_________ Г.Искакова

4 АЛҒАШ ЕНГІЗІЛДІ (немесе № 4 «_13» 09. 2012_ ж. баспа ОРНЫНА)

Мазмұны
1 Глоссарий

2 Дәрістер

3 Практикалық сабақтар

4 Студенттердің өздік жұмысы

1 Глоссарий
1.1. Аридтік аймақ- ауа райы құрғақ аймақ.

1.2. Гоминид- адамның арға ата-бабалары.

1.3. Плиоцен- өтпелі кезең.

1.4. Палеолит- ерте тас дәуірі

1.5. Мезолит- орта тас дәуірі.

1.6. Неолит- жаңа тас дәуірі.

1.7. Матриархат- аналық рулық қауым.

1.8. Патриархат – аталық рулық қауым.

1.9. Тұрақ-ежелгі адамдар мекені.

1.10. Археология- (архео-көне, ежелгі;логос-оқимын) .

1.11. Этнография-(этнос-халық, логос- оқимын)

1.12. миф-аңыз,ертегі.

1.13. Методология- зерттеу әдістерінің жиынтығы.

1.14. Шежіре- төтенше маңызды жазба дерек.

1.15. Руналық- ежелгі түркі жазуы.

1.16. Шаньюй- ғұндар көсемі, ханы.

1.17. Он оқ будун- 10 тайпа одағы.

1.18. Түркі- «төркін», «әскери ақсүйек».

1.19. Этногенез- халықтың шығу тегі.

1.20. Қаған- ең жоғарғы әскери лауазым, хан, тек.

1.21. Эфталиттер- ақ ғұндар.

1.22. Половецтер- қыпшақ тайпалары.

1.23. Протогород- үлкен, қала тектес қоныстар.

1.24. «Шад» - түмен (10 000 адам) басы.

1.25. Вассал- біреуге бағынышты, тәуелді.

1.26. Моңғол империясы- Шыңғыс хан және мұрагерлері құрған мемлекет.

1.27. Тархан- ақсүйектерге берілетін әскери лауазым.

1.28. Ұлыс бектері- тарханнан төмендеу билік иесі.

1.29. Қараша бектер- қара сүйектен шыққан билеуші.

1.30. «Яссы» (Жасақ)-заңдар жинағы.

1.31. Тамға-ерекшелік белгісі, таңба.

1.32. Құл- ешқандай құқы жоқ, басыбайлы адам.

1.33. Кесене-архитектуралық құрылыс, мазар.

1.34. «Диуани хикмет» (Даналық кітабы) – Қожа Ахмет Яссауидың кітабы.

1.35. Тарихнама- шежіре, ауызша және жазбаша естелік.

1.36. Әз, Әз Жәнібек, Әз Тәуке- әділ билік жүргізген ел басыларына айтылатын билік сөзі.

1.37. «Қасым ханның қасқа жолы» - Қасым хан кезіндегі мемлекеттік құқықтың негізін реформалау үлгісі.

1.38. «Жеті Жарғы»- Әз Тәукенің билік және заң қағидалары.

1.39. «Қазақтардың алтын ғасыры»- Тәуке хан билік құрған жылдар.

1.40. «Жоңғар» - батыс-моңғол тайпалары, «сол қол » деген ұғымды білдіреді.

1.41. «Ойрат» - төрт тайпа одағы деген ұғым.

1.42. «Қоңтайшы»- Жоңғар билеушісі.

1.43. «Ақтабан шұбырынды»- 1723 немесе Жоңғар шапшылығының нәтижесінде қазақтардың босуы.

1.44. Торғауыттар- еділ бойы қалмақтары.

1.45. Бодандық- өз еркімен бағыну, бой ұсыну.

1.46. Рухани мәдениет- адамның ақыл-ойының, санасының өсуі.

1.47. Материалдық мәдениет- заттай мәдениет.

1.48. Елші-бір елдің өкілі, дипломат.

1.49. Төре, қожа- жоғарғы діни қабаттың өкілдері.

1.50. төлеңгіт- төрелерге қызмет етуші әлеуметтік топ.

1.51. Сұлтан- ақсүйек, Шыңғыс хан ұрпағы.

1.52. рулық одақ- «Ата балалары» , біріккен тарихи топ.

1.53. Тайпа- біріккен бірнеше рулық одақ.

1.54. шариғат- мұсылмандардың діни заң-қағидалары.

1.55. Жырау- философиялық толғау- өлең шығаратын халық әдебиет өкілі.

1.56. Би- шешен, халық мойындаған ру-жүз, мемлекет қайраткері.

1.57. Отар- бір елді екінші бір үлкен елдің күшпен немесе саяси әдіспен жаулап алуы.

1.58. Зекет, харадж- алым-салық түрлері.

1.59. Ұлт-азаттық қозғалысы- белгілі бір ұлтты, халықты азат ету жолындағы күрес.

1.60. Блокада- әскери қысым, қоршау.

1.61. Уақытша ереже- 1867-1868 жылдардағы реформа.

1.62. Облыс- 5-8 уезден тұрды (19-ғасыр)

1.63. Уезд- 5-8 болыстан тұрды (19-ғасыр)

1.64. болыс- 8-15 ауылдан тұрды (19-ғасыр)

1.65. адай көтерілісі- 1870 жылы Кіші жүз қазақтарының қозғалысы.

1.66. «алаш» партиясы- 1917 ж жілдеде Орынборда құрылды.

1.67. I. Дүниежүзілк соғыс- 1914-1918ж соғыс.

1.68. Азамат соғысы- 1918-1920 ж соғыс.

1.69. Автономия- жеке билеу құқығы бар мемлекет.

1.70. Федерация- бір мүдделі бірнеше мемлекеттер одағы.

1.71. Қазақ АКСР- Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасы.

1.72. Индустрияландыру- ауыр өнеркәсіп саласын дамыту.

1.73. Күштеп ұжымдастыру- 1929 ж басталған саяси-экономикалық науқан.

1.74. «Кіші Қазан» идеясы- Ф. Голощекиннің Қазақстанда Кеңес өкіметін орнату саясаты.

1.75. Репрессия- жазықсыз жазалау, қудалау шаралары.

1.76. Ұлы Отан соғысы- 1941-1945 ж арасындағы соғыс.

1.77. тың игеру- жоспарсыз егіс көлемін ұлғайту (1954)

1.76. АЛЖИР, КарЛАГ, ГУЛАГ- жазалау орындарының қысқарған атауы.

1.77. «Жылымық жылдар»- 1953-1964 жылдар аралығындағы Н.С. Хрущевтік кезең.

1.78. Тоқырау жылдары- 1970-1980жж. саяси-экономикалық, әлеуметтік дағдарыс.

1.79. Қайта құру – 1985ж. КСРО басшысы М.Горбагевтың саясаты.

1.80. Желтоқсан оқиғасы - 1986ж. жастар, студенттер қозғалысы.

1.81. Егемендік туралы декларация – 1990ж. 25- қазандағы Қазақ КСР-нің тәуелсіздігі туралы құжат.

1.82. Мемлекеттік рәміздер – ту, елтаңба, әнұран.

1.83. Конституция – Ата заң, мемлекеттің негізгі заңы.

1.84. Парламент – Заңдар шығарушы өкімет органы.

1.85. Сенат- Жоғарғы палата.

1.86. Мәжіліс – Төменгі палата.

1.87. Үкімет – Министрлер кабинеті.

1.88. «Қазақстан-2030» - Қазақстан Республикасының 2030жылға дейінгі даму бағдарламасы.

1.89. Президент – Қазақстан Республикасы Конституциясы бойынша ең жоғарғы мемлекеттік лауазым.

1.90. Жолдау – Қазақстан Республикасы президетінің жыл сайынгы

халыққа беретін қортынды есебі, құжат.

2 Дәрістер

Дәріс 1.Кіріспе. Көшпелілер мемлекеттілігі туралы түсінік
1. Көшпелілер мемлекеттілігі,пайда болуы.

2. Көшпелілер мемлекеттілігі дамуы туралы түсінік.

Карпат пен Хинган тауларының аралығындағы Еуразиялық құрылықта, 40-50 ендікте созылып жатқан ұлы даланы мекендеген әлемдік өркениетті дамытуға өзіндік сүбелі үлесін қосқан түркі тілдес халықтардың қашаннан бір тармағы болып келетін, тармағы болғанда "қазақ түрік емес, қазаксыз түрік түрік емес" деген мәтелге өзек болған түрік тектес халыктардың ең іргелісі казак халқы болып саналады. Оның тарихы да, тағдыры да осы ұлы даламен тығыз байланысты: сабақтас, салалас, аралас, ортақ. Сондықтан да қазак халкының тарихын алып даладан бөле-жара қарай алмаймыз. Сайып келгенде, егер осы үлы даланы айдынды асқар теңіз ретінде көз алдымызға елестететін болсақ, теңіздің қайнар бастауы, оныңың деңгей дәрежесінің негізі осы даланы жайлағап түрік тектес халықтар, оның ішінде қазақ халқы екенін ұмытпауымыз керек.

Қазір халқымыздың тарихын жастардың зердесіне құйып, оларды осы тарихтың тағылымымен таныстырудың, әсіресе жоғары, орта оқу орындарында оқып жүрген студенттердің тарихи санасын бүгінгі талаптар тұрғысынан қалыптастырудың маңызы зор. Жастар халқымыздың келешегі, заманымыздың болашағы. Бүгінгі қоғамда атқарылып жатқан әлеуметтік-экономикалық игі істердің бәрі солар үшін, солардың берекелі бақыты үшін істелуде. Жастар жаман болмасын, ел азбасын, халық тозбасын дейтін болсақ, бүгінгі жоғары оқу орындары шаңырағының астында жүрген қыз-жігіттердің зердесін тарихи түрғыдан ұштау керек. Бұл тек ұстаздар үшін ғана емес, сонымен бірге бүкіл зиялы қауымның алдында түрған міндеттердің келелісі, адамгершілік парыздың өрелісі болып табылады.

Солай бола тұрса да, жоғары және орта арнаулы оқу орындарында Қазақстан тарихы бойынша оны қазақ жастарының ана тілінде оқып үйренуіне мүмкіндік беретін оқулықтар жетіспейді. Көмекіш оқу кұралдары да жеткіліксіз болып жатыр. Осындай зәрулікке байланысты жастардың тарихты оқып-үйренуіне септігін тигізе ме деген үмітпен жұртшылықтың назарына осы еңбекті ұсынып отырмыз. Оқулықтың тақырыптары қазақ халқы тарихының белгілі кезеңдеріне байланыстырып алынды. Оларды жазған, баяндаған, мазмұнын ашқан кезде Қазақстан тарихы бойынша бұрын-соңды жарық көрген еңбектер кеңінен пайдаланылды. Сонымен бірге Қазақстан тарихындағы көптеген маңызды оқиғаларға соңғы кезде беріліп жатқан тың бағалар мен жалтақсыз айтылып жатқан сындар, жаңадан қалыптасып жатқан көзқарастар жан-жақты ескерілді.

Өз – өзін бақылауға алынған сұрақтар:

  1. Көшпелілер мемлекеттілігінің пайда болуынының маңызы.

  2. Көшпелілер мемлекеттілігі пайда болуына негіхгі себептерді ата.

Ұсынылған әдебиеттер:

  1. Гумилев Л. Көне түріктер. А.,1994.

  2. Әбілғазы Б.Түрік шежіресі. 1992.

  3. Кадырбаев Казахстан в эпоху Чингиз хана и его премников ХІІ-ХІҮ вв А.,1992.

  4. Масанов Н. Кочевая цивилизация казахов. М.,1995.

5. Махаева А. Көне түріктердің рухани мәдениеті. А., 2002.
Дәріс 2.Қазақстан территориясындағы ертедегі мемлекеттер.

Сақтардың тарихы

  1. Ең алғаш пайда болған тайпалар

  2. Сақтардың шаруашылығы

Б.з.б. бір мың жылдықта Қазақстан жерінде тұрған ежелгі тайпалар темірден заттар жасауды игеріп, қуатты тайпа одақтар құрған. Қолына көп мал жинаған ірі бай отбасылары қонысын әрдайым ауыстырып, өзен бойларына ғана емес, сонымен қатар дала және шөлейт жерлерді, Тянь-Шаньның биік таулы бөліктерін бірте-бірте игере бастаған. Жұрт темірді пайдасына жаратып, атқа ауыздық салуды үйренген, сөйтіп, атты алысқа қатынайтын аса маңызды көлікке айналдырған ірі бай-феодалдар қоғамдағы ықпалды күшке айнала берді. Олар көшіп-қонуға қолайлы жеңіл киіз үйді тұрмысқа жайлы түрақты түрғын үйге айналдырған. Алыстан көздеп ататын садақ, ұшы үш қырлы жебе, ақинақ /қысқа семсер/ қорғанудың және шабуылдың сенімді құралы болды. Мал және жайылым үшін талас-тартыстардан, соғыстардан әскер басшылары байыды. Әскер басшыларының және батырлардың рөлі артып, соғыссыз уақытта олар малдарын көбейтіп, байып, халықты биледі. Бұл кезде ел басқару жұмыстарын тежеп отыратын ақсақалдардың кеңесі болған. Тонаушылық соғыстардың жиіленуі бірнеше тайпалардың бірігуін қажет етті. Сөйтіп, тайпалық одақтар құрылды. Оларды көсемдер басқарды.

Біздің заманымыздан бұрынғы V ғасырдың 40-шы жылдар аяғында грек тарихшысы Геродоттың "Тарих" деп аталатын еңбегінде және басқада қол жазбаларда біздің заманымыздан бұрынғы I мың жылдың орта шенінде Орта Азия мен Қазақстан жерінде сақ деп аталатын бірнеше тайпалардың қуатты жауынгер одағы болғаны айтылады. Персия патшасы I Дарийдің Накширустамдағы /Персополға жақын/ тас жазуларында сақ тайпалары үш топқа: сақ-хаумаваргаларға / хаома сусынын дайындайтын сақтар/, сақ-тиграхаудаларға /төбесі шошақ бас киімдері бар сақтар/, сақ-парадарайандарға /теңіздің арғы бетіндегі сақтар/ бөлінеді делінген. Бірінші топтағы сақтар Ферғана жерін мекендесе, екіншілері Сырдарияның орта аймағы және Жетісу жерін жайлап, үшіншілері - еуропалық скифтер немесе Арал теңізі және Сырдарияның арғы бетінде орналасқан.

Геродоттың айтуынша: Сақтар скиф тайпалары, бастарына тік тұратын төбесі шошақ тығыз киізден істелінген бөрік және шалбар киген. Олар садақ, қысқа семсер және айбалтамен қаруланған. Тамаша атқыш жауынгерлер болған.

Сақ әулетінің іргесін қалаушы Алып Ер Тоңға /Афраси-аб/ болған деген деректер бар. Археологиялық қазбаларға қарағанда, сақ тайпалары темірден зат жасай білсе де, мыс пен қоланы пайдалануды артық көрген. Оларда жабайы аңдардың суреттері салынған қоладан құйылған үлкен тай қазандар болған. Сақтардың аңдарды өрнектеумен дүние жүзіне әйгілі болған даналық өнері жалпы адамзаттың даму процесіне елеулі әсерін тигізді.

Сақ тайпаларында көпке дейін матриархаттық ел билеу тәртібі сақталып, әйелдер ерекше жағдайда болған. Мәселен, олардың кесемдерінің бірі - тамаша сұлу, әрі жігерлі, елге әйгілі патша ханум Зарине ел билеп, қалаларды салуға және әскери жорықтарға өзі қатысқан.

Персия мемлекетінің патшасы Кир - Мидия патшасы Крезбен б.з.б. 558-529 жж. соғысқан кезде - сақтармен одақ жасасып, олардан әжептеуір көмек алған. Кейін Кир сақтар мен массагеттерді өзіне бағындыруды ұйғарады. Сөйтіп, Мидия патшалығын жеңгеннен кейін, Кирдің әскерлері сақ-тардың жеріне басып кіреді. Сақтар парсылардың басқыншылық әрекетіне қарсы қайсарлықпен қарсылық көрсетеді. Кирдің әскерлері өздерінің жеңісін тойлап жатқан кезде, сақтардың жауынгерлері тұтқиылдан лап қойып, парсыларды қырып салады. Осы шайқаста олар Кирдің өзін де өлтіреді. Осыған байланысты Геродот жазбаларында мынадай аңыз бар: парсыларды жеңгеннен кейін сақтардың әйел патшасы Томирис: "Сен канға құмартып едің, енді шөлің қансын" деп үлкен торсыққа толтырып қан құйғызып, оған Кирдің басын салдырады.

Кирдің Орта Азиядағы басқыншылык жорықтарын I Дарий б.з.б. 521-486 жылдары жалғастырады. Жеке-жеке отырған сақ тайпаларын бір-бірлеп бағындырған ол аз уақыт болса да, оларды басып алды. Сақ тайпаларының біраз бөлігі оларға салық төледі және парсы патшасына жасаққа жігіттер беріп тұрды. Тіпті сақтардың біразы парсы патшасының "өлмейтін он мың" деп аталатын ұланының кұрамына кіріп қызмет етті. Б.з.б. VI ғасырдың аяғы V ғасырдың басында /500-449 жж./ ежелгі Шығыстағы грек-парсы соғысында сақ тайпалары парсылар жағында болды. Мәселен, б.з.б. 490 жылғы грек-парсы әскерлерінің Марафон жеріндегі болған соғыста сақтар парсылар жағында болып, гректерге қарсы соғысты.

Сақтардың шаруашылығы мен қоғамы Б.з.б. бір мың жылдықта Қазақстан жерінде тұрған ежелгі тайпалар темірден заттар жасауды игеріп, қуатты тайпа одақтар құрған. Қолына көп мал жинаған ірі бай отбасылары қонысын әрдайым ауыстырып, өзен бойларына ғана емес, сонымен қатар дала және шөлейт жерлерді, Тянь-Шаньның биік таулы бөліктерін бірте-бірте игере бастаған. Жұрт темірді пайдасына жаратып, атқа ауыздық салуды үйренген, сөйтіп, атты алысқа қатынайтын аса маңызды көлікке айналдырған ірі бай-феодалдар қоғамдағы ықпалды күшке айнала берді. Олар көшіп-қонуға қолайлы жеңіл киіз үйді тұрмысқа жайлы түрақты түрғын үйге айналдырған. Алыстан көздеп ататын садақ, ұшы үш қырлы жебе, ақинақ /қысқа семсер/ қорғанудың және шабуылдың сенімді құралы болды. Мал және жайылым үшін талас-тартыстардан, соғыстардан әскер басшылары байыды. Әскер басшыларының және батырлардың рөлі артып, соғыссыз уақытта олар малдарын көбейтіп, байып, халықты биледі. Бұл кезде ел басқару жұмыстарын тежеп отыратын ақсақалдардың кеңесі болған. Тонаушылық соғыстардың жиіленуі бірнеше тайпалардың бірігуін қажет етті. Сөйтіп, тайпалық одақтар құрылды. Оларды көсемдер басқарды.

Біздің заманымыздан бұрынғы V ғасырдың 40-шы жылдар аяғында грек тарихшысы Геродоттың "Тарих" деп аталатын еңбегінде және басқада қол жазбаларда біздің заманымыздан бұрынғы I мың жылдың орта шенінде Орта Азия мен Қазақстан жерінде сақ деп аталатын бірнеше тайпалардың қуатты жауынгер одағы болғаны айтылады. Персия патшасы I Дарийдің Накширустамдағы /Персополға жақын/ тас жазуларында сақ тайпалары үш топқа: сақ-хаумаваргаларға / хаома сусынын дайындайтын сақтар/, сақ-тиграхаудаларға /төбесі шошақ бас киімдері бар сақтар/, сақ-парадарайандарға /теңіздің арғы бетіндегі сақтар/ бөлінеді делінген. Бірінші топтағы сақтар Ферғана жерін мекендесе, екіншілері Сырдарияның орта аймағы және Жетісу жерін жайлап, үшіншілері - еуропалық скифтер немесе Арал теңізі және Сырдарияның арғы бетінде орналасқан.

Геродоттың айтуынша: Сақтар скиф тайпалары, бастарына тік тұратын төбесі шошақ тығыз киізден істелінген бөрік және шалбар киген. Олар садақ, қысқа семсер және айбалтамен қаруланған. Тамаша атқыш жауынгерлер болған.

Сақ әулетінің іргесін қалаушы Алып Ер Тоңға /Афраси-аб/ болған деген деректер бар. Археологиялық қазбаларға қарағанда, сақ тайпалары темірден зат жасай білсе де, мыс пен қоланы пайдалануды артық көрген. Оларда жабайы аңдардың суреттері салынған қоладан құйылған үлкен тай қазандар болған. Сақтардың аңдарды өрнектеумен дүние жүзіне әйгілі болған даналық өнері жалпы адамзаттың даму процесіне елеулі әсерін тигізді.

Сақ тайпаларында көпке дейін матриархаттық ел билеу тәртібі сақталып, әйелдер ерекше жағдайда болған. Мәселен, олардың кесемдерінің бірі - тамаша сұлу, әрі жігерлі, елге әйгілі патша ханум Зарине ел билеп, қалаларды салуға және әскери жорықтарға өзі қатысқан.

Персия мемлекетінің патшасы Кир - Мидия патшасы Крезбен б.з.б. 558-529 жж. соғысқан кезде - сақтармен одақ жасасып, олардан әжептеуір көмек алған. Кейін Кир сақтар мен массагеттерді өзіне бағындыруды ұйғарады. Сөйтіп, Мидия патшалығын жеңгеннен кейін, Кирдің әскерлері сақ-тардың жеріне басып кіреді. Сақтар парсылардың басқыншылық әрекетіне қарсы қайсарлықпен қарсылық көрсетеді. Кирдің әскерлері өздерінің жеңісін тойлап жатқан кезде, сақтардың жауынгерлері тұтқиылдан лап қойып, парсыларды қырып салады. Осы шайқаста олар Кирдің өзін де өлтіреді. Осыған байланысты Геродот жазбаларында мынадай аңыз бар: парсыларды жеңгеннен кейін сақтардың әйел патшасы Томирис: "Сен канға құмартып едің, енді шөлің қансын" деп үлкен торсыққа толтырып қан құйғызып, оған Кирдің басын салдырады.

Кирдің Орта Азиядағы басқыншылык жорықтарын I Дарий б.з.б. 521-486 жылдары жалғастырады. Жеке-жеке отырған сақ тайпаларын бір-бірлеп бағындырған ол аз уақыт болса да, оларды басып алды. Сақ тайпаларының біраз бөлігі оларға салық төледі және парсы патшасына жасаққа жігіттер беріп тұрды. Тіпті сақтардың біразы парсы патшасының "өлмейтін он мың" деп аталатын ұланының кұрамына кіріп қызмет етті. Б.з.б. VI ғасырдың аяғы V ғасырдың басында /500-449 жж./ ежелгі Шығыстағы грек-парсы соғысында сақ тайпалары парсылар жағында болды. Мәселен, б.з.б. 490 жылғы грек-парсы әскерлерінің Марафон жеріндегі болған соғыста сақтар парсылар жағында болып, гректерге қарсы соғысты.

Б.з.б. IV ғасырдың 30-шы жылдарында македониялық гректер Александр Македонский басшылығымен соңғы Ахеменид, III Дарий Кодоманның әскерлерін талқандап, Орта Азияға баса көктеп кірді. Олар Маракандты /Самарқандты/ алып, Сырдарияға бет алды. Сырдария бойына бекініп алу үшін кішігірім "Александр Крайный" немесе "Шеткі Александр" деген қала салдырды.

Өз – өзін бақылауға алынған сұрақтар:

  1. Сақтардың пайда болуынының маңызы.

  2. Сақ тайпаларының ерекшеліктері

Ұсынылған әдебиеттер:

  1. Гумилев Л. Көне түріктер. А.,1994.

  2. Әбілғазы Б.Түрік шежіресі. 1992.

  3. Кадырбаев Казахстан в эпоху Чингиз хана и его премников ХІІ-ХІҮ вв А.,1992.

  4. Масанов Н. Кочевая цивилизация казахов. М.,1995.

5. Махаева А. Көне түріктердің рухани мәдениеті.

А., 2002.

Дәріс 3.Үйсіндер мемлекетінің пайда болуы

  1. Үйсіндер мемлекетінің пайда болуы.

  2. Үйсіндер қоғамының дамуы.

Б.з.д. І мыңжылдықтың ортасында Алтай, Оңтүстік Сібір мен Шығыс Қазақстан территориясында «ғұн» деген атпен белгілі тайпа одағы қалыптаса бастады. Б.з.б. I мың жылдықтың екінші жартысынан бастап Бай-калдан Оңтүстікке қарай және Ордосқа дейін созылып жа-тқан дала және шөлейт аудандарда қарабайыр мал шаруашылығымен шұғылданған, этникалық жағынан әр түрлі тай-палар көшіп жүрді. Солардың басты бір тобы б.з.б. ІУ-ІІІ ғасырларда Солтүстік Қытайдың шекарасына дейінгі жерді мекендеген тайпалық екі одақ Сюнну және Дунху бірлестіктері еді. Қытай тілінде сюнну деген атау солтүсті-кдегілер деген мағынаны білдіреді.

Қытай деректеріне сүйенер болсақ Қазақстан территориясының Оңтүстік бөлігін Үйсіндер мекендеген деген деректер кездеседі.Олар Шу мен Талас өзендері бойында және Қаратаудың шығыс беткейлеріне дейін созылып мекендеген.Шығысында Тян-Шань тауларының шығыс бөлігін , солтүстігінде Балқаш көлінен Ыстықкөлдің оңтүстік жағалауына дейін жеткен. Біздің заманымыздың бастапқы кезінде үйсіндер 650 мыңға жете қабыл болған.Жерге таластар жиі болғандықтан оларда тұрақты әскерлері болған.

Негізгі шаруашылықтары мал шаруашылығы болған.Олар жылқы, ешкі, қой асыраған.Сонымен қатар егіншіліктің болғандығы да дәлелденіп отыр.Үйсіндер қолөнермен айналысқан.Қыш ыдыстар жасау кеңінен таралған. Темір, мыс және басқа да металдарды өндіру кеңінен қанат жайған.

2.3.Қытай жазбаларында Қаңлы елі жайында көп мәліметтер кездестіре аламыз.Қаңлылардың тайпалық одағы Сырдария өзенінің орта ағысы тұсын мекендеген.Негізгі шаруашылығы мал шаруашылығы болған. Біздің заманымызға аяқ басқан кезеңде Қаңлы елі күшті бірлестікке айналған.Ташкенттен Ферғанаға дейінгі және Қаратаудан Таласқа дейін созылып жатқан жерлерде қаңлылар мекендеген еді.

Сюннулар хунну немесе ғүндар деп аталады, әсіресе, б.з.б. III ғасырда мейлінше күшейді. Тайпалардың бүл то-бының аты қайдан шыққаны белгісіз. "Ғүн" деген атаудың өзі кейінірек сюнну (хунну) деген аттан шыққан деп бол-жам жасалынды. Ғүндар туралы тарихи деректер көрнекті Қытай тілінің мамандары Н. Я. Бичурин мен Н. Кюнердің еңбектерінде берілген. Ал олардың тарихын жазуда үлкен еңбек сіңірген ғалымдар А. Н. Бернштам, Л. Н. Гумилев, Н. И. Конрад. Ал Қазақстан ғалымдарының арасында ғүндардың тарихымен К. М. Байпақов және т. б. айналы-сып жүр.

Үйсіндер қоғамының дамуы

Тарихи деректерге қарағанда, ғүндар 24 руға бөлінген, оларды ру басылары, ақсақалдар басқарған. Рулық қүры-лыстың ақсақалдар кеңесі және халық жиналысы сияқты институттары жүмыс істегең. Олар жылына үш рет-бірінші, бесінші және тоғызыншы айларда өткізіліп, онда ру басылары мемлекеттік істерді талқылап, ат жарысы мен түйелердің жарысын қызықтаған.

Ғұн тайпаларының патриархаттық-рулық қүрылысы негізінде жаңа қоғамдық қатынастар, теңсіздік, таптарға бөліну қалыптасты. Қабірлерден шыққан заттар ғұн қоғамын-дағы мүлік теңсіздік жайын айқын сипаттайды. Обаларды қазған кезде табылған бүйымдар, қымбат маталар ғүн қоғамы үстем топтарында жиналған байлықты дәлелдейді. Қытай саяхатшысы Сыма Цянь қалдырған жазбаларда ғүн-дарда малға әулеттік және жеке меншіктік болғаны айтыла-ды. Ғүн тайпалары үжым болып көшіп жүрген және әрқай-ысының өзіне бөлініп берілген жер учаскелері болған.

Ғұндарда соғыс тұтқындарынан және бағынышты ай-мақтардың халқынан құралған құлдар болған. Олар үй қызыметшілері, бақташылар, қолөнершілер және жер жыр-тушылар ретінде пайдаланылған.

Елді шаныой басқарды, оның қолында шексіз дерлік билік болды. Шаныойдан кейін түмен басылар деп аталатын бекзадалар түрды. Олар шаныойдің үлдары, інілері не-месе жақын туысқандары болатын. Барлығы 24 түмен басы және олардың әр қайсысының көшіп жүретін өз жерлері болған. Түменбасылар өз иеліктерінде мыңба-сылар, жүзбасыларды тағайындап отырды. Ғұн қоғамында лауазымдар мен жоғарғы шендер мұраға қалдырылған. Ғұн шаньюйі елсе оның орнына інісі не үлкен баласы билікті өз қолдарына алатын болған.

Ғүндардың өмірінде мал шаруашылығы басты рөль атқарды. Олар үй жануарларынан жылқы, ірі қара, қой-ешкі өсірді, кейбіреулері түйе, есек үстаған. Негізінен көшпелі мал шаруашылығы үстемдік еткен. Шөптің қалың, судың мол болуына қарай бір жерден екінші жерге көшіп жүрген. Үй малдарының етімен тамақтанып, терісінен киім, аяқ киім тіккен, жүн мен аң терісін жамылған. Ғұндар отырықшылық пен егіншілікті кәсіп еткен. Жазба деректер бойынша олар тары өсіруді жақсы меңгерген. Өйткені тары ерте пісетін дақылдардың бірі және ол суаруды қажет етпейді. Ғұндардың егіншілікпен айналысқанын олардың қалдырып кеткен темір орақ, шойын түреидер, қол диірмендер, тас үккіштер т. б. қүрал-саймандар айғақтайды. Сондай-ақ, ғүндардың үй-жайларынаи астық сақтайтын үралар, еден, қабырғалар сылағынан, ішкі кірпіштердің арасынан сабан-ның қалдықтары кездескен.

Ғұндардың қоғамдық құрылымы ұлыстық жүйеге қарады.Сонымен бірге рулық институттар да көрініс береді.

Өз – өзін бақылауға алынған сұрақтар:

  1. Үйсіндердің пайда болуынының маңызы.

  2. Үйсін тайпаларының ерекшеліктері

Ұсынылған әдебиеттер:

  1. Гумилев Л. Көне түріктер. А.,1994.

  2. Әбілғазы Б.Түрік шежіресі. 1992.

  3. Кадырбаев Казахстан в эпоху Чингиз хана и его премников ХІІ-ХІҮ вв А.,1992.

  4. Масанов Н. Кочевая цивилизация казахов. М.,1995.

  1. Махаева А. Көне түріктердің рухани мәдениеті. А., 2002.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7

©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет