«Кристалл Менеджмент» жшс учаскесі аумағындағы (А блогы) зерттеу жұмыстары жобасының №2 – толықтыруына арналған Қоршаған ортаға тигізетін әсерін алдын ала бағалау бойынша қоғамдық тыңдау хаттамасы



Дата17.06.2016
өлшемі68.5 Kb.
#143343
«Кристалл Менеджмент» ЖШС учаскесі аумағындағы (А блогы) зерттеу жұмыстары жобасының №2 – толықтыруына арналған Қоршаған ортаға тигізетін әсерін алдын ала бағалау бойынша қоғамдық тыңдау

ХАТТАМАСЫ

Жезқазған қ. 4 қыркүйек 2015ж.


Қоғамдық тыңдауды «Кристалл Менеджмент» ЖШС мен «SED» ЖШС ұйымдастырған.
Қоғамдық тыңдау туралы ақпарат жұртшылыққа:

  1. «SED» ЖШС компаниясының www.sed.kz. сайтына ҚОӘАБ есебін орналастыру.

  2. «Криминальные новости» газетінің 2015 ж. 14 тамыздағы санына хабарландыру беру арқылы жеткізілді.


Қатысқандар:

Әкімшілік, мемлекеттік және бақылаушы органдардың, өнеркәсіптік және ғылыми-зерттеу ұйымдарының, оқу орындарының өкілдері, сонымен қатар еңбек ардагерлері мен Қарағанды облысының бейресми қоғамдық ұйымдарының өкілдері.


Қоғамдық тыңдаудың күн тәртібі:

  1. Қоғамдық тыңдаудың ашылуы.

  2. Қоғамдық тыңдаудың төрағасы мен хатшысын сайлау.

  3. Күн тәртібін және қоғамдық тыңдаудың уақыт тәртібін бекіту.

  4. Баяндама: «Кристалл Менеджмент» ЖШС-нің 2016-2018 жж. мақсаттары, міндеттері және даму жоспарлары туралы» (баяндамашы Т.Айтчеков – «Кристалл менеджмент» ЖШС-нің өкілі).

  5. Баяндама: «Кристалл Менеджмент» ЖШС-нің әкімшілік түрде Қарағанды облысы, Ұлытау ауданына тиесілі аумағындағы Зерттеу жұмыстары жобасына №2-толықтыру» (баяндамашы А.А. Абатов - «SED» ЖШС директорының орынбасары).

  6. Баяндама: «№2-толықтыруда жоспарланған «Кристалл Менеджмент» ЖШС-нің әкімшілік түрде Қарағанды облысы, Ұлытау ауданына тиесілі аумағындағы зерттеу жұмыстарының әсерін алдын ала бағалау нәтижелері» (баяндамашы А. Авдеев -«SED» ЖШС-нің аға менеджері).

  7. Баяндамашылардың сұрақтарға жауап беруі.

  8. Тыңдауға қатысушылардың сөз сөйлеуі (талқылау).

  9. Шешім қабылдау және Қоғамдық тыңдау Хаттамасына қол қою.

  10. Қоғамдық тыңдаудың жабылуы.


Қоғамдық тыңдауды В.А. Ким («Сурнин» ЖК өкілі) ашты, ол өз сөзінде облыстың кен орындарын Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласы заңнамасының барлық талаптарын сақтай отырып игерудің, өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз етудің, аймақтың инфрақұрылымын және экономикалық және әлеуметтік жағдайларын жақсартудың аса маңыздылығын ерекше айтып өтті.
Төраға ретінде – В.А. Ким («Сурнин» ЖК өкілі) сайланды.

Тыңдаудың хатшысы ретінде - («SED» ЖШС-нің менеджері Р.Е. Садуақасов) сайланды.
Қоғамдық тыңдау бағдарламасына сәйкес мына баяндамалар тыңдалды:


  1. «Кристалл Менеджмент» ЖШС-нің өкілі Т. Айтчеков «Кристалл Менеджмент» ЖШС-нің 2016-2018 жж. мақсаттары, міндеттері және даму жоспарлары туралы және «Кристалл Менеджмент» ЖШС-нің 2016 ж. арналған табиғатты қорғау шараларының жоспары».

  2. «SED» ЖШС директорының орынбасары А.А.Абатов «Кристалл Менеджмент» ЖШС-нің әкімшілік тұрғыда Қарағанды облысы, Ұлытау ауданына тиесілі аумағындағы Зерттеу жұмыстары жобасына №2-толықтыру».

  3. «SED» ЖШС-нің аға менеджері А. Авдеев «№2-толықтыруда жоспарланған «Кристалл Менеджмент» ЖШС-нің әкімшілік тұрғыда Қарағанды облысы, Ұлытау ауданына тиесілі аумағындағы зерттеу жұмыстарының әсерін алдын ала бағалау нәтижелері».


«Кристалл Менеджмент» ЖШС-нің 2016-2018 жж. мақсаттары, міндеттері және даму жоспарлары туралы және «Кристалл Менеджмент» ЖШС-нің 2016 ж. арналған табиғатты қорғау шараларының жоспары» баяндамасы.

Баяндамада «Кристалл Менеджмент» ЖШС аумағындағы зерттеу жұмыстарының 2014 ж. бері жүргізіліп келетіндігі айтылды. 2016-2018 жж. жоспарланған зерттеу жұмыстары алдыңғы жұмыстардың жалғасы болып табылады. «Кристалл Менеджмент» ЖШС-нің әлеуметтік міндеттемелеріне сипаттама берілді.

Баяндаманың келесі жартысында «Кристалл Менеджмент» ЖШС-нің 2016 ж. атқарылатын табиғатты қорғау шаралары келтірілген. Қоршаған ортаны қорғауға және оның сапасын жақсартуға бағытталған технологиялық, техникалық, ұйымдастыру, әлеуметтік және экономикалық шаралар кешені көрсетілген.

«Кристалл Менеджмент» ЖШС-нің әкімшілік тұрғыда Қарағанды облысы, Ұлытау ауданына тиесілі аумағындағы Зерттеу жұмыстары жобасына №2-толықтыру» баяндамасы.

Осы «... №2-толықтыруда» 2016-18 жж. Қарағанды облысы, Ұлытау ауданы аумағында сейсмикалық барлау жұмыстарын ( 2Д ОТНӘ) және электрлік барлау жұмыстарын (МТЗ әдісімен), сәйкесінше 784 пог.км және 264 пог.км көлемде жүргізу көзделеді. Электрлік барлау жұмыстарын әр пішінге арналған сейсмикалық барлау жұмыстарымен кешенді түрде жүргізу жоспарланған.

2Д ОТНӘ сейсмикалық барлау жұмыстарының контурын тиімді орналастыруға Черкитау опырық-синклиналін және Мыңбұлақ аңғарын зерттеу қажеттігі негіз болады.
«№2-толықтыруда жоспарланған «Кристалл Менеджмент» ЖШС-нің аумағындағы зерттеу жұмыстарының әсерін алдын ала бағалау нәтижелері» баяндамасы.
Баяндама жобаны іске асырудың қоршаған орта құраушыларына тигізетін әсерін алдын ала бағалауға арналған. Баяндамада әсерді алдын ала бағалаудың қабылданған әдістемесі келтірілген, геологиялық барлау жұмыстары (сейсмикалық барлау жұмыстары, ұңғымалардың құрылысы) кезеңдерінің штаттық режимдегі қоршаған ортаға тигізетін әсерінің негізгі факторлары сипатталған. Жоспарланған жұмыстардың әлеуметтік-экономикалық ортаға тигізетін әсерінің бағалауы берілген. Геофизикалық жұмыстар мен ұңғымаларды бұрғылау кезіндегі ықтимал апаттық оқиғалардың тізімі берілді, апаттық оқиғалардың экологиялық қаупін бағалау берілген. Жоба шешімдерін іске асыру кезіндегі табиғатты қорғау шараларының тізімі келтірілді. Баяндамада жобаланған жұмыстардың елді-мекендерден қашықта, тұрғындар аз орналасқан жерлерде жүргізілетіндігі айтылып өтті. Барлық табиғатты қорғау шараларын орындаған кезде жоспарланған жұмыстардың қоршаған орта құраушыларына әсер ету деңгейінің төменгі-орташа мәнде болатындығы ерекше атап көрсетілді. Сол кезде әлеуметтік орта үшін теріс факторларға қарағанда, оң факторлар (жаңа жұмыс орындарының құрылуы, аудан мен облыс экономикасына инвестиция, әлеуметтік жер қойнауын пайдаланушы бағдарламасы және т.с.с.).
БАЯНДАМАШЫЛАРҒА СҰРАҚТАР
Сұрақ: (Е.К. Түсіпбеков – Ұлытау ауданы Жер қатынастары бөлімінің басшысы).

Неліктен қоғамдық тыңдауды өткізу орны ретінде Жезқазған таңдалған?



Жауап: Заңнамаға сәйкес, тыңдауды өткізу орнын жұмыстар жүргізілетін аумақтағы әкімшілік орган анықтайды.

Сұрақ: Ұлытау ауданы бөлігінің Қызылорда облысына ұзақ мерзімді пайдалануға берілгендігі туралы обалық құжатта көрсетілген бе?

Жауап: Жобалық құжатта бұл факті келісімшарт аумағының әкімшілік жағдайын тарауында көрсетілген.

Сұрақ: Қызылорда облысына ұзақ мерзімді пайдалануға берілген Ұлытау ауданының аумағындағы кен орындары келісімшарт аумағының құрамына кіре ме?

Жауап: Берілген кен орындарының аумақтары келісімшарт аумағының құрамынан шығарылған.

Сұрақ: Ұлытау ауданының ұрғындарына дала жұмыстарының басталатындығы туралы хабар беріле ме?

Жауап: Дала жұмыстары басталар алдында жер қатынастары бөлімінен жер қойнауын пайдалануға рұқсат алынады.
СӨЗ СӨЙЛЕГЕНДЕР

1. Төраға. Ол «Кристалл Менеджмент» ЖШС-нің, жұмыс учаскелерінің елді мекендерден қашықтығына қарамастан, ҚР заңнамасына сәйкес, осыған дейін де бірнеше рет қоғамдық тыңдаулар өткізіп, тұрғындарды өздерінің қызметтері мен болашаққа жоспарларымен хабардар еткендіктерін айтып өтті. Барлау жұмыстарын жүргізу – бұл өңдеу Қазақстанның ғана емес, Қарағанды облысы тұрғындарының экономикалық жағдайын жақсартуға да мүмкіндік беретін, мұнай немесе газ кен орындарын табу қадамдары.

«Кристалл Менеджмент» ЖШС-не мұнай мен газ іздеуде табыс тілейік.
Қоғамдық тыңдау қорытындылары бойынша келесі ШЕШІМДЕР бір ауыздан қабылданды:
1) Ұсынылған баяндамаларды назарда ұстау.

2) «Кристалл Менеджмент» ЖШС-нің 2016-2018 жж. Ұлытау ауданының аумағында 2Д сейсмикалық барлау жұмыстары мен электрлік барлау жұмыстарын жүргізу бойынша ниетін мақұлдау.



Төраға: В.А. Ким
Хатшы Р. Е.Садуақасов



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет