Күркелі ауылдық округі әкімі Төлеутаев Дюсенбек Байронұлының ауыл тұрғындарымен есептік кездесудегі баяндамасының тезистері
Құрметті ауылтұрғындары !
2013 жыл Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстан -2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты атты Жолдауымен басталды. Елбасы 2050 жылға дейін мемлекетіміздің дамуына жаңа міндеттер қойып, тапсырмалар берді. Осы тапсырмалардың бірі ол мемлекеттік қызметті түбегейлі реформалау. Тапсырмалардың ішінде ол жергілікті әкімдер сайлау және барлық деңгейдегі әкімдердің халыққа есеп беру кездесулерін өткізу.
Округіміздің мекемелерінде Елбасының Жолдау толығымен талқыланып, жұртшылық бірауыздан қолданды. аясында еліміздегі атқарылған игі істер аз емес. Округіміз бойынша біраз жұмыстар атқарылды. Ауылдық округімізде 1 орта және 2 бастауыш мектеп, пошта байланысы, жедел жәрдем автокөлігімен жабдықталған 3 дәрігерлік пункті, 1 мәдениет үйі, 4 кітапхана және телефон байланысы ауыл тұрғындарына қызмет көрсетуде.
Өткен жылдармен салыстырғанда округтің экономикалық жағдайы оның мал шаруашылығы біршама өсүі байқалады, атап айтсақ;
-
Ірі қара - 6671; оның ішінде аналық сиыр – 2160 бас,
-
асыл тұқымды сиыр – 53 ,бұқа - 5 бас
-
Жылқы - 1523
-
Қой – 10790, ешкі - 4307
-
Құс - 1244
Мал шаруашылығы басты бағыт болғандықтан малдың басын асылтұқымдандыру мақсатында округ бойынша біршама шаруа қожалықтары «Сыбаға», бағдарламасымен несие алуда, бес ШҚ 30 млн. теңге көлемінде субсидиялар алуды. ШҚ «Анет» 57 бас асылтұқымды ірі қара малды Солтүстік Қазақстан облысынана әкелді. «Жайлау» бағдарламасымен ШҚ «Қаржас–Бақ–Бек– Ер» 100 бас қой алды.
«Жұмыспен қамту - 2020» Бағдарламасының 3 бағыты аясында экономикалық деңгейі төмен елді мекендерден 2 отбасы Баянауыл селосына көшірілді. «Жұмыспен қамту – 2020» жол картасының 2 бағыты бойынша екі ШҚ несие алып 4 адамды жұмыспен қамтып отыр.
Жыл бойы Қазақстан Республикасы Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарын, облыс, ауданның өкілетті басқару органдарының шешімдерін орындау жөнінде және жергілікті басқару органдарының шешімдерін орындау жөнінде жұмыстар үйымдастырылып, үнемі назарда ұсталады.
Инфроқұрылым саласы
Ауылдық округі әкімшілігі ғимаратының жылу жүйесіне ағымдағы жөндеу жұмыстары жасалып жылу қазандығы ауыстырылды. Жалпы жұмсалған қаржы 1740000 теңге.
Әлеуметтік сала
Округіміздің әлеуметтік – экономикалық негізгі қадамдары.
Жұмыссыздықты төмендету, денсаулық сақтау, білім беру мен елді мекендерді көріктендіру, тазалық жұмыстары және халықтың жағдайын жақсарту, қоғамның тұрақтылығы мен бірігуін одан әрі дамыту.
Қойтас ауылына биылғы жылы 3 жұмыс орны ашылып 3 отбасы жұмыспен қамтылды.
Білім беру саласы
Бірінші кезекте өскелең ұрпаққа сапалы, әлемдік стандарттардың деңгейінде білім беру, бұл ретте бүгінгі мамандардың біліктілігін арттыру керек. Осыған сәйкес еліміз әлемнің 50 дамыған елдерінің қатарына кіру үшін келешек ұрпақтың білімін арттыру мақсатында он екі жылдық білімге көшуге дайындық жасау.
Денсаулық сақтау саласы
Елімізге дені сау ұлт керек.
2013 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасын дамыту, бірден бес жасқа дейінгі балаларды, сондай-ақ диспансерлік есептегі балалар мен жасөспірімдерді, жүкті әйелдерді дәрі-дәрмекпен тегін қамтамасыз ету.
Денсаулық сақтау жүйесін ілгерілетумен бірге, салауатты тұрмыс салтын насихаттауды күшейту арқылы дене шынықтыру мәдениеті мен спортты, профилактикалық қызмет жүйесін дамыту.
Жылмажыл ауыл тұрғындарына ФлюКар жылжымалы денсаулық тексеру пунктері келеді.
Мәдениет ж/е спорт саласы.
Ауылымыздың мәдениет үйі және кітапханалар салауатты өмір салтын насихаттау жұмыстарын жүргізуде, кітапханаға түскен жаңа кітаптарға шолу өткізіп, кітап қорын көбейтуде.
Биылғы жылы мәдениет үйіне жылу қазандығы орнатылып жылу деңгейі жақсарылды. Еліміздің атаулы мерекелеріне қарсы үнемі іс шаралар өткізуде оның ішінде ҰОС ардагерлеріне, тыл, еңбек ардагерлерін құрметтеу. Бүгінгі күні округіміздің мәдениет ошақтары халықтың игілігіне сапалы қызмет көрсетуде.
Жыл бойы облыс, аудан, ауылдық округтер көлемінде өтіп жатқан спорт шараларына қатысуын ұйымдастыруда. Спортшылармен денешынықтыру пәнінің мұғалімдері арнайы жаттықтыру сабақтарын өткізіп, спорттық сайыстарға қатысып, жүлделі орындарға йе болған спортшыларды марапаттауын үйымдастыру.
Алдағы істелетін жұмыстар:
-
Мемлекетік қызметкерлердің Ар-намыс кодексін ұстану.
-
Әр отбасының бір мүшесін жұмыспен қамтуға жағдай қарастыру;
-
Шағын ауылдардың санитарлық тазалығына, ескі құлап жатқан үй мен ғимараттардың орнын тазалау, қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне ерекше көңіл бөлу.
-
Ауылдық округте ұялы телефон жүйесін орнату және интернет желісіне қосылу.
-
ҰОС ардагерлеріне әлеуметтік көмек көрсету және жалғыз басты зейнеткерлерге қамқорлық жасау. Жетім, жартылай жетім, көп балалы, әлеуметтік тұрмыс деңгейі төмен отбасыларына әлеуметтік жәрдемақылар, балаларға арналған жәрдемақылар тағайындау және көмек ретінде балаларының бюджет арқылы жоғары оқу орындарына түсуіне жеңілдіктер жасау;
-
Ауыл жастарының спортпен шұғылданып, мәдени салауатты өмір сүруіне ықпал жасап әрі қарай дамуына қажетті жағдай туғызу;
-
Бос тұрған ғимаратқа кіші спорт зал,кітапхана,жастар демалыс орнын ашу.
Достарыңызбен бөлісу: |