Курбанбеков бакытжан алимханович


Қopғaуғa ұcынылaтын қaғидaлap



Pdf көрінісі
бет7/40
Дата16.11.2022
өлшемі3.46 Mb.
#465003
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   40
sajt-kurbanbekov-dissertacija-2021-30.04.2021-sajt

Қopғaуғa ұcынылaтын қaғидaлap: 
1. «Мектеп экспериментінің техникасы» курсы арқылы болашақ физика 
мұғалімдерінің тәжірибелік дайындығын жетілдірудің теориялық негіздері 
оның психологиялық және педагогикалық әдебиеттердегі зерттелуіне 
байланысты ғылыми зерттеу бағыттары жүйелік, іс-әрекеттік, құзыреттілік
тұлғалық-бағдарланған тұғырлар арқылы іске асырылды. Біздің зерттеуімізде
болашақ физика мұғалімдерінің тәжірибелік дайындығы деп, оның арнаулы 
құрал-жабдықтардың көмегімен физикалық құбылысты немесе заңдылықты 
демонстрациялап көрсету және пайдаланудың нәтижесінде физикалық 
ұғымдарды түсіндіру, ғылыми көзқарасының қалыптасуы, тұлғалық және 
когнитивтік, әдіснамалық түсінігін, заманауи, физика-техникалық білімдері 
мен біліктілігін, ақпараттық технологиялық, өлшеу икемділіктері мен 
дағдыларының, кәсіби құзыреттілігінің қалыптасу жолдарын түсінеміз.
2. «Мектеп экспериментінің техникасы» курсы арқылы болашақ физика 
мұғалімдерінің тәжірибелік дайындығын жетілдірудің мазмұны Мемлекеттік 
білім беру стандарты және кәсіби білім беру бағдарламаларын толықтыратын 
білім ретінде қарастырылады және тәжірибелік дайындық бойынша білімнің, 
іскерліктердің, жеке тұлғалық және кәсіби сапалардың үйлесімді бірлігі арқылы 
іске асырылады.


11 
3. «Мектеп экспериментінің техникасы» курсы арқылы болашақ физика 
мұғалімдерінің тәжірибелік дайындығын жетілдірудің жаңа құрылымдық-
мазмұндық моделі мотивациялық, мазмұндық, іс-әрекеттік құраушылардан 
тұрады. Тәжірибелік дайындыққа мотивацияның болуымен, тәжірибелік 
дайындық бойынша жүйелі білімдер мен түсініктерінің кеңеюімен, оны кәсіби 
іс-әрекетте тиімді іске асыра алуымен ӛлшенеді. Осы ӛлшемдерге сәйкес 
кӛрсеткіштер жоғары, орта, тӛмен деңгейлерді белгілейді. 
4. Болашақ физика мұғалімдерінің тәжірибелік дайындығын «Мектеп 
экспериментінің техникасы» курсы арқылы жетілдіру нақты шарттар арқылы 
(мазмұндық, ұйымдастырушылық, әдістемелік) жүзеге асырылады: мазмұндық 
– тұжырымдама негізінде жасалған бағдарламалар, оқу құралдар жасаумен 
айқындалады; ұйымдастырушылық – оқу-тәрбие үдерісінде түрлі әдістемелік 
жұмыс формаларын, әдіс-тәсілдерді, жолдарды пайдаланумен анықталады;
әдістемелік – тәжірибелік тұрғыда негізделген жұмыстармен анықталады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   40




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет