Курманбеков Айдархан Кенесбаевич, Ұлықбек атындағы жалпы орта мектебінің тарих пәні мұғалімі



Дата09.06.2016
өлшемі40.2 Kb.
#123763
Курманбеков Айдархан Кенесбаевич,

Ұлықбек атындағы жалпы орта мектебінің тарих пәні мұғалімі

ОҚО, Түркістан қаласы

Тақырыбы: Кенесары көтерілісінің жеңілу себептері


Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Ресей империясының ХІХ ғасырдың алғашқы жартысындағы отарлық саясатына қарсы Кенесары көтерілісінің мән-мағынасын жете түсіндіру.


Дамытушылық: Көтерілістің себептерін, қозғаушы күштерін, мақсатын түсіндіру, салыстыра білу, өз пікірін дәлелдермен тұжырымдай білу дағдысын дамыту, дивергентті ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушылардың Отанын, халқын сүюге, тілін, туған жерін,
Сабақтың типі: СТО технологиясына негізделген алған білімді толықтыру сабағы.
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, салыстырмалы сараптау, талдау.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, карта, оқулықтар, бүктемелер.т.б.

Сабақтың барысы:



  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Үй тапсырмасын сұрау. Кенесары хандығы.

А) Хан сайлануы.

Б) хандықтағы өзгерістер

Г) басқару жүйесі
3-4 оқушыдан үй тапсырмасы бойынша сөйлету.
Мотивация (Ой қозғау).

Оқушыларға проблемалық сұрақ қойылады.

А) ұлт-азаттық көтеріліс

Б) Кенесары кім?

Г) Көтерілісті «шоқтығы биік көтеріліс» деп атауға бола ма?
Көтерілістің мақсаты:

-Қазақ елінің патшалы Ресейдің құрамына қосылып үлгермеген өңірлерінің дербестігін сақтау.

-Қазақ жерлерін бекіністер мен округтік билеу арқылы отарлауды тоқтату.

-Қоқандықтардың тепкісіндегі қазақтарды азат ету.


Көтерілістің себептері:

Азаттық үшін күрескен әкесі, ағалары, туыстарының ерлікпен қаза болуы, қоқандықтардан қазақтарды азат ету, Ресейдің озбырлығын тежеу.

Көтерілістің қозғаушы күші:

Қазақ шаруалары, би, сұлтан, старшындар да қатысты.


Көтерілістің сипаты:

Ұлт-азаттық және отаршылдық езгіге қарсы.


Көтерілістің барысы қалай болды?

1837 ж. Қараша - Кенесары Перопавл қаласынан шыққан Ақтау бекінісі казактарының тобына тұңғыш рет шабуыл жасап, патша үкіметіне ашық қарсылық білдірді.

1838ж. 26 мамыр- Кенесары сарбаздары Ақмола бекінісіне шабуыл жасап, өртеп жіберді.

1841.ж. тамыз – Кенесары хандық билікті иеленіп, феодалдық мемлекет құрды.

1841ж.- Кенесары қолы Ташкентке аттанып, бірақ жұқпалы аурудың таралуынан жорық тоқтатылды.

Патша үкіметі кқтеріліске қарсы шаралар ұйымдастыра бастады.

- 1842 жыл- Орынбор генерал- губернаторы Обручев әскері жіберілді.

- 1842 жыл- Сібірден Сотников әскері жіберілді.

- 1843 жыл- І Николай старшина Лебедевтің 300 казактан тұратын тобын жіберуге келісім берді.

-1847 ж. Сәуір- Кенесары 10 мың әскермен қырғыз жеріне басып кірді.

-1847 жыл- Майтөбе шайқасында Кенесары 32 сұлтанмен қаза тапты.
3.Жаңа сабақ.

Жеңілу себептері:



  • Қазақ халқының рулық- патриархалдық жіктелуі.

  • Ресей билеушілерінен жеңілдіктер алған ақсүйектердің бір бөлігінің көтерілісті қолдамауы.

  • Руаралық қайшылықтар.

  • Кенесарының өзін қолдамаған ауылдарға озбырлық көрсетуі.

  • Бұхар, Қоқан феодалдарымен соғысып

  • күшін сарқыған Кенесары тобының Ресейге қарсы біріге алмауы.

Тарихи маңызы:

- Үш жүзді қамтыған тұңғыш ірі көтеріліс.

- ХІХ ғасырдың І жартысындағы Ресейге қарсы азаттық күрестердің құрамдас бөлігі.

- Патша үкіметінің Орта Азияны отарлауын кешеуілдетті.


Өткен сабақтармен байланыстыру мақсатында «Сандар сөйлейді»

тапсырмасы беріледі.





    1. 1783-1797, 1836-1838, 1855-1858.

Көтерілістер

ұқсастығы

ерекшелігі

К.Қасымұлы көтерілісі





Исатай мен Махамбет көтерілісі







С.Датұлы көтерілісі






Хронологиялық кесте жасау. (дәптермен жұмыс)




  1. жыл қараша;

  2. жылдың көктемі,

  3. ж. мамыр;

1838 ж. жазы мен күзі;

1841ж. тамыз;

1842 ж.

1843 ж. маусым;



1843 ж. тамыз;

1843 ж. тамыз айының 17-сі;

1844 ж. шілденің 20-21 і;

1844 ж. аяғы;

1845 ж. сәуірі;

1845 ж. жазы;

1845 ж. қазан мен қараша;

1847 ж.


Кенесары хан көтерілісіне байланысты видио үзінді көру.

4.Сабақтың бекіту.

Оқушылардан Кенесары жайындағы жазылған әдебиеттерден қосымша мәліметтер сұрау.

Мұғалімнің қорытынды сөзі: М. Жұмабаевтың бір шумақ өлеңін талдау.

Арқада Көкшетауға жер жетпейді.

Басқа жер көңілді ондай етпейді,

Ту тіккен Абылай ата кең даламда,

Қазақта хан Кенеме ер жетпейді.

5. бағалау .

6.Үйге тапсырма. Кенесары хан жайлы қосымша мәліметтер жинап, эссе немесе реферат жазу.



Тел: +7 705 844 14 10

Эл.почта: AydarhanK@mail.ru

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет