Курсы және оқу семестрі: II курс, III семестр



бет3/4
Дата30.06.2016
өлшемі0.65 Mb.
#168123
1   2   3   4

Ситуациялық есеп

Туберкулезбен ауыратын 40 жастағы науқас ентігуге, оң жақ қабырға астының ауырсынуына, субфебрильді қызбаға шағымданды. Бұл шағымдар төрт апта бұрын пайда болып, өрши түскен. Тексеру нәтижесінде: беті бозарған және ісінген, ортопноэ(науқас алдына қарай еңкейіп отырады), перкуссияда: жүректің салыстырмалы тұйықтық шекарасы солға және 2см оңға қарай ұлғайған, ЖСЖ100, АҚ 90\60мм с.б.; аускультацияда: жүрек тондары тұйық, өкпенің базалды бөліктерінде майда көпіршікті сырылдар естіледі, тыныс жиілігі минутына 26; мойын веналары ісінген, бауыр қабырға доғасы астынан 3см шығып тұр, пальпация кезінде ауырсынады, аяқтары ісінген . көкірек қуысы мүшелерінің рентгенографиясында: жүректің шар тәрізді көлеңкесі анықталды.

Сұрақтар:


  1. Науқаста жүрек жетіспеушілігі бар ма?

  2. Жүрек патологиясының формасын анықтау үшін қандай қосымша тексеру әдістерін қолдануға болады?

  3. Жүрек жетіспеушілігінің формасы жөнінде қорытынды жасаңыздар.


Әдістемелік өңдеу № 2

1.Тақырыбы: Артериялық гипертензиялар.

Тыныс алу жүйе ауруларының жалпы этиологиясы мен патогенезі.



2.Мақсаты: сыртқы тыныс бұзылыстарына байланысты жағдайларға п патофизиологиялық талдау жүргізуді үйрету.

3.Оқыту мақсаты

  • Артериилық гипертензияның жалпы этиологиясы мен патогенезін оқыту;

  • Тыныс алу жүйесінің жалпы этиологиясы мен патогенезін оқыту;

  • Тыныс алудың орталық реттелуінің бұзылыстарын, түрлерін, даму механизмдерін оқыту;

  • Тыныс жетіспеушілігі және оның типтерін анықтау.

4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Артериялық гипертензияны тудыратын этиологиялық ықпалдар.

  2. Қан тамыр арнасының патологиясы.

  3. Артериялық гипертензия: түрлері, пайда боллу себептері және даму механизмдері.

  4. Біріншілік (эссенциалдық) артериялық гипертензия (гипертониялық ауру): этиологиясы, патогенезі және патоморфологиясы.

  5. Екіншілік (симптоматикалық) гипертензия туралы түсінік(бүйректік, эндокриндік, нейрогендік және т.б.).

  6. Артериялық гипотензия: түрлері, пайда болу себептері және даму механизмдері.

  7. Сыртқы тыныс жетіліксіздігін тудыратын негізгі этиологиялық ықпалдар.

  8. Альвеолалық гиповентиляция.

  9. Альвеолалық гипервентиляция.

  10. Өкпенің диффузиондық қабілетінің бұзылысы.

  11. Өкпе перфузиясының бұзылуы.

  12. Тыныс алу мүшелерінің ауруларына жалпы сипаттама: бронхиттер, пневмониялар, бронхоэктазиялық ауру, бронхтық демікпе, өкпе эмфиземасы, пневмосклероз.

5.Білім берудің және оқытудың әдістері: тақырып бойынша практикалық жұмысты орындау, зерттеу нәтижелерін талдау.

Тәжірибелік жұмыс

Мақсаты: жоғарғы тыныс жолдарының рецепторларын тітіркендіру кезіндегі тыныс алу өзгерістерін зерттеу.

Егеуқұйрықтың құрсақ қуысына 16,8ммоль\кг уреиан енгізеді(100г дене салмағына 1,5мл 10%ерітінді). Жансызданған егеуқұйрықты препараттайтын үстелге шалқасынан жатқызады. Серфин және Энгельман тартпасының көмегімен кимограф лентасына көкірек қуысының тыныс алу экскурсиясын тіркейді. Тыныс алуды тіркеуді жалғастыра отырып, жануардың тұмсығына нашатыр спирті тамызылған мақтаны жақындатады. Тыныс қалпына кеген соң, мұрын жолына 2-3 тамшы 1-2%(33ммоль\л) кокаин, дикаин немесе 5%(0,18ммоль\л) новокаин ерітіндісін енгізу арқылы жоғарға тыныс алу мүшелерінің шырышты қабатын жансыздандырады. 5-10минут өткен соң, тыныс алу өзгерістерін реттей отырып, аммиак ерітіндісіне батырылған мақтаны егеуқұйрықтың тұмсығына қайтадан жақындатады. Жоғарғы тыныс алу жолдарының шырышты қабатынын жансыздандырғанға дейінгі және кейінгі аммиакқа деген реакциясын салыстырады.

Келесі сұрақтарға жауап беру арқылы қорытынды жасайды:



  1. Жоғарғы тыныс алу жолдарының рецепторларын қатты тітіркендірген кезде байқалатын тыныстың рефлекторлық өзгерістерінің патофизиологиялық маңызы қандай?

  2. Тыныс алудың аталған өзгерістерінің даму механизмдері қандай? Адамда осы механизм бойынша дамитын тыныс алу бұзылыстарына мысал келтіріңіз.

6.Әдебиеттер: №1 қосымша ақпаратты қараңыз.

7.Бақылау.

Тесттер

1.Сыртқы тыныстың жеткiлiксiздiгi кезiнде қанда ... байқалады.

|рО2 төмендеуi және рСО2 жоғарылауы+

|рО2 және рСО2 жоғарылауы

|рО2 жоғарылады және рСО2-төмендеуi

|рО2 және рСО2-төмендеуi

|рО2 жоғарылады және рСО2 қалыпты деңгейде болуы

2.Тыныс жеткiлiксiздiгiнiң обструктивтi түрi ... кезінде пайда болады.

|бронзспазм+

|пневмония

|қабырғалардың сынуы

|тыныс орталығының салдануы

|пневмосклероз

3.Тыныс жеткiлiксiздiгiнiң рестриктивтi түрi ... салдарынан дамиды.

|өкпенi алып тастау+

|тыныс жолдарының бiтелуi

|бронхтың тегiс бұлшық еттерiнiң жиырылуы

|тыныс жолдарының iсiнуi

|тыныс жолдары қысылуы

4.Алқыну ... сипатталады.

|ауа жетіспеу сезімімен+

|жиі беткілікті тыныс алумен

|сирек терең тыныс алумен

|сирек беткілікті тыныс алумен

|жиі терең тыныс алумен

5.Гиперпноэ – бұл ... тыныс.

|жиi терең+

|стенотикалық

|сирек

|жиi үстiртiн



|терең сирек

6.Брадипноэ – бұл ... тыныс.

|сирек+

|жиi терең



|жиi үстiртiн

|үзілісті

|стенотикалық

7.Тахипноэ – бұл ... тыныс.

|жиi үстiртiн+

|жиi терең

|ырғақсыз

|терең сирек

|сирек үстiртiн

8.Үзiлiстiк тыныс ... сипатталады.

|тыныс кезеңдерiнiң апноэмен ауысып отыруымен+

|демдi iшке тарту мен шығарудың ара қатынасы өзгерген тыныспен

|жиi тыныспен

|тереңдiгi өзгерiп отыратын тыныспен

|тыныстың тоқтауымен

9.Биот тынысы – бұл ... .

|жиiлiгi және тереңдiгi бiрдей қозғалыстардың апноэмен ауысып отыруы+

|тереңдiгi бiртiндеп ұлғайып, соңынан бiртiндеп азаятын тыныстық қозғалыстардың апноэмен ауысып отыруы

|терең, сирек тыныстық қозғалыстар

|терең, жиi тыныстық қозғалыстар

|бiртiндеп жойылатын тыныстық қозғалыстар

10.Чейн-Стокс тынысы – бұл ... .

|тереңдiгi бiртiндеп ұлғайып, соңынан бiртiндеп азаятын тыныстық қозғалыстардың апноэмен ауысып отыруы+

|жиiлiгi және тереңдiгi бiрдей қозғалыстардың апноэмен ауысып отыруы

|терең, сирек тыныстық қозғалыстар

|терең, жиi тыныстық қозғалыстар

|бiртiндеп жойылатын тыныстық қозғалыстар
Әдістемелік өңдеу № 3


  1. Тақырыбы: Тыныс алу жетіспеушілігі. Анемия және эритроцитоздар.

  2. Мақсаты: сыртқы тыныс алудың бұзылысына байланысты жағдайларға патофизиологиялық талдау жүргізуді үйрету. Анемияларға патофизиологиялық талдау жасауды үйрету.

3. Оқыту мақсаты

  • Эритроциттердің сандық және сапалық құрамының өзгерістерін оқыту;

  • Перифериялық(шеткі) қандағы гемоглобин мен эритроциттердің саны арқылы анемия мен эритрцитозды анықтау;

  • Тыныс алу жүйесі бұзылыстарының жалпы этиологиясы мен патогенезі;

  • Тыныс жетіспеушілігін және оның түрлерін анықтау.

4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Тыныс жетіспеушілігі , оның түрлері және патогенезінің маңызды звенолары.

  2. Тыныс жетіспеушілігі : компенсация механизмдері.

  3. Жөтел және ентігу: себептері мен даму механизмдері.

  4. Тыныс алудың патологиялық типтері.

  5. Эритроциттердің патологиялық формалары.

  6. Эритроцитоз, түрлері.

  7. Эритроцитопения, анемия, анықтамасы және түрлері.

  8. Қан кету нәтижесінде болатын анемиялар(постгемаррагиялық анемия).

  9. Гемолиздік анемиялар.

  10. Темір жетіспеушілік анемия.

  11. В12-жетіспеушілік анемия. Пернициоздық анемиялар.

  12. Гипо- және апластикалық анемиялар.

5.Білім берудің және оқытудың әдістері: тақырып бойынша практикалық жұмысты орындау, зерттеу нәтижелерін талдау.

6.Әдебиет: №1 қосымша ақпаратты қараңыз.

7.Бақылау.

Ситуациялық тапсырма

24 жастағы науқас клиникаға физикалық жүктеме кезінде пайда болатын ентігуге, жүрек соғысының күшеюіне және жүрек тұсының сыздап ауырсынуына шағымданып келді. Ентігу кезінде аз мөлшерде, қан аралас шырышты қақырық бөлінеді. Науқастың шағымдары мен зерттеу нәтижелерінің негізінде, митральді стеноз салдарынан өкпелік қан айналым бұзылысы дамыған деген болжам пайда болды. Тыныс жиілігі минутына 20 рет.

Спирометрия көрсеткіштері: ЖЕЛ(ӨӨС)81%,ОЕЛ 76%, МОД 13%, ФЖЕЛ1\ЖЕЛ80%.

Сұрақтар:



  1. Осы науқаста өкпелік перфузия бұзылысының қандай типтері дамуы мүмкін?

  2. Науқастағы ЖЕЛ мен ОЕЛ төмендеуінің механизмдерін түсіндіріңіз?

  3. Осы науқаста альвеолалық вентиляция бұзылысының обструктивті типі бар ма?

1.Алқыну ... сипатталады.

ауа жетіспеу сезімімен

жиі беткілікті тыныс алумен

сирек терең тыныс алумен

сирек беткілікті тыныс алумен

жиі терең тыныс алумен

2.Гиперпноэ – бұл ... тыныс.

|жиi терең

|стенотикалық

|сирек


|жиi үстiртiн

|терең сирек

3.Брадипноэ – бұл ... тыныс.

|сирек


|жиi терең

|жиi үстiртiн

|үзілісті

|стенотикалық

4.Тахипноэ – бұл ... тыныс.

|жиi үстiртiн

|жиi терең

|ырғақсыз

|терең сирек

|сирек үстiртiн

5.Үзiлiстiк тыныс ... сипатталады.

|тыныс кезеңдерiнiң апноэмен ауысып отыруымен

|демдi iшке тарту мен шығарудың ара қатынасы өзгерген тыныспен

|жиi тыныспен

|тереңдiгi өзгерiп отыратын тыныспен

|тыныстың тоқтауымен

6.Биот тынысы – бұл ... .

|жиiлiгi және тереңдiгi бiрдей қозғалыстардың апноэмен ауысып отыруы

|тереңдiгi бiртiндеп ұлғайып, соңынан бiртiндеп азаятын тыныстық қозғалыстардың апноэмен ауысып отыруы

|терең, сирек тыныстық қозғалыстар

|терең, жиi тыныстық қозғалыстар

|бiртiндеп жойылатын тыныстық қозғалыстар

7..Чейн-Стокс тынысы – бұл ... .

|тереңдiгi бiртiндеп ұлғайып, соңынан бiртiндеп азаятын тыныстық қозғалыстардың апноэмен ауысып отыруы

|жиiлiгi және тереңдiгi бiрдей қозғалыстардың апноэмен ауысып отыруы

|терең, сирек тыныстық қозғалыстар

|терең, жиi тыныстық қозғалыстар

|бiртiндеп жойылатын тыныстық қозғалыстар

8.Гемолиздiк анемия үшiн ... тән болып табылады.

|эритроциттердiң өмiр ұзақтығының қысқаруы

|қызыл сүйек кемiгiнде май дамуы

|мегалобластық қан түзу

|организмде бездер тапшылығы

|эритроциттердiң осмостық резистенттiлiгiнiң жоғарылауы

9.Темiр тапшылықты анемия ... сипатталады.

|гипохромиямен

|мегалобласттық қан түзумен

|ретикулоцитозбен

|гемосидерозбен

|гипербилирубинемиямен

10.Мегалобластық қан түзу түрi ... анемия үшін тән.

12-тапшылықты

|аплазиялық

|темiр тапшылықты

|постгеморрагиялық

|гемолиздік

11.Панцитопения – бұл ... шеткi қанда санының азаюы.

|эритроциттердiң, лейкоциттердiң және тромбоциттердiң

|лейкоциттердiң

|тромбоциттердiң

|эритроциттердiң

|лейкоциттердiң және тромбоциттердiң


Әдістемелік өңдеу № 4

  1. Тақырыбы: Ақ қан патофизиологиясы. Лейкоздар.

  2. Мақсаты: лейкопоэз бұзылысына байланысты жағдайларға патофизиологиялық талдау жүргізуді үйрету.

  3. Оқыту мақсаты

  • Лейкоциттердің сандық және сапалық құрамының өзгерістерін оқыту;

  • Лейкоциттік формуланы бағалау;

  1. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Ақ қан патологиясы: лейкоцитоз және лейкопения, олардың түрлері, себептері, даму механизмдері .

  2. Лейкоцитоз және лейкопения кезіндегі лейкоциттік формула өзгерістері.

  3. Лейкоздар. Лейкоздың ісіктік үрдіс ретіндегі сипаттамасы.

  4. Жедел және созылмалы лейкоздардың негізгі формаларының гематологиялық , патофизиологиялық көріністері, олардың асқынулары мен салдары.

  5. Лейкемиялық реакциялар: олардың себептері, түрлері және лейкоздардан айырмашылығы.

  1. Білім берудің және оқытудың әдістері: тақырып бойынша практикалық жұмысты орындау, зерттеу нәтижелерін талдау.



Тәжірибелік жұмыс

Мақсаты: лейкоциттік формуланы есептеу техникасын негіздеу.

Лейкоциттік формуланы есептеу техникасы және алынған нәтижелерді талдау.

Лейкоциттік формуланы анықтау үшін жағындыны иммерсионды объективпен қарап, 200 лейкоцитті табады(студенттер үшін 100), лейкоциттерді санау олардың жіктелуіне сәкес топтары бойынша жүргізіледі. Жағындыда лейкоциттердің біртегіс орналаспауына байланысты, жағындыны арнайы жылжыта отырып, лейкоциттерді іздейді, бұл санау нәтижесінің дұрыс болуына жәрдемдеседі.

Жағындыны жылжытудың екі негізгі әдісі бар. Бірінші әдісінде жағындыны көлденеңінен бір ұзын жиегінен екінші ұзын жиегіне дейін қарап шығады. Бұл қарау әдісі ойша бөлінген үш аймақ бойымен жүргізіледі: бастапқы, ортаңғы және соңғы. Аталған аймақтардың әр қайсысы жағындының бүкіл ауданының 1\3 бөлігін құрайды, осыған сәйкес әр аймақтан барлық саналуы керек жасушалардың 1\3бөлігін табу керек ,мысалы:33, 33, 34 лейкоцит (немесе 200 жасуша санағанда - 67,67, 66 лейкоциттен).

Екінші әдіс бойынша лейкоциттерді санау жағындының ортасынан ойша тік және көлденең түзулер жүргізіп, төртке бөліп қарайды. Осы бөлінген әрбәр аймақтан сәйкесінше ,барлық жасушалардың 1\4 бөлігін , яғни 25 немесе 50 лейкоциттен табу керек. Бұл жағдайда лейкоциттерді іздеу зигзаг тәрізді сызық бойымен, яғни жағындының ұзын жиегінен бастап, шеткі аумақтарын қамти отырып, ортаңғы аумақтарына дейін жүргізіледі. Лейкоциттік формуланы санаған кезде , лейкоциттердің морфологиялық ауытқуларын, жетілмеген немесе өзгеше жасушалардың пайда болуын және шеткі қанның басқа да ерекшеліктерін атап өтеді.

Санау нәтижесін жазк: 1 әдіс: 11-пернелік механикалық есептегіш құралдың көмегімен жүргізіледі. 2 әдіс : а) вертикал бойынша лейкоциттердің атының бірінші әріптерін интервалды сақтай отырып жазып шығады; б) микроскопта көрінген әр бір лейкоцитті сәйкес әріпке қарсы, квадраттың бұрышында орналасқан нүктелермен белгілеп, содан кейін оларды сызықпен қосады және екі диагональ жүргізеді. Сонымен, әр бір осындай фигура саналған 10лейкоцитке сәйкес 10 элементтен тұрады. Бұл олардың қажетті суммарлық санын анықтауды жеңілдетеді.

Алынған нәтижелерді талдау



  1. Мұғалім алдын ала хабарлаған 1мкл зерттелетін қан құрамындағы , әртүрлі лейкоциттердің пайыздық санымен есептеп табылған лейкоциттердің жалпы санын пайдалана отырып, оларды абсолютті цифрлерге айналдыру, яғни лейкоциттік профильді есептеу.

  2. Лейкоциттердің жалпы саны және олардың түрлерінің пайыздық құрамы арқылы лейкоцитоздың типін анықтайды.

  3. Лейкоциттердің жеке түрлерінің пайыздық және абсолюттік сандары арқылы қалыптан салыстырмалы және абсолютті ауытқуын анықтайды.

  4. Нейтрофилдердің ядролық ығысуының индексін есептеу.

  5. Солға қарай ядролық ығысу байқалса, оның сипатын анықтайды.

  6. Лейкоциттердің жалпы саны және лейкоциттік формула арқылы лейкограмманың патологиялық типін анықтайды.

  1. Әдебиет: №1 қосымша ақпаратты қараңыз.

  2. Бақылау.


Ситуациялық есеп

42 жастағы науқас емханаға мына шағымдармен келді: бас ауру, ұйқының бұзылуы, жалпы әлсіздік, тез шаршағыштық және менстуациядан бөлек қайталамалы жатырдан қан кету. Қан кетулер жарты жыл бұрын басталған. Емханада тапсырылған қан талдауы: гемоглобин 95г\л, эритроциттер 3,3x1012\л, ретикулоциттер 8,5%. Сарысулық темірдің мөлшері қалыпты деңгейде. Науқас отбасы жағдайына байланысты әрі қарай тексеруден өтпеген және ем қабылдамаған. Қан кету жалғаса берген, науқастың жағдайы нашарлағаны сонша, тағы жарты жылдан соң науқас әйел гинекологиялық клиникаға жатқызылып, ол жерде «жатыр миомасы» деген диагноз қойылады. Клиникаға түскен кездегі қан талдауы: Hb 45г\л, эритроциттер 2,2х1012\л, қан жағындысында гипохромия және эритроциттердің анизоцитозы(микроциттер басым), ретикулоциттер0,05%. Сарысулық темір деңгейі қалыптыдан төмен.

Сұрақтар:


  1. Ауру басталған соң жарты жылдан кейінгі және бір жылдан кейінгі науқастың қанының көрінісін бағалаңыздар(әр қан талдауындағы түстік көрсеткішті есептеңіздер).

  2. Екі талдаудың нәтижелерін салыстырыңыздар. Науқастың емханадағы қан талдауы мен клиникаға түскен кездегі қан талдауының қандай сандық және сапалық белгілерін айыруға болады? Екінші қан талдауының біріншіден сапалық ерекшеленуінің себебі неде? Осы қандағы анықталған өзгерістердің болжамдық маңызы қандай?

  3. Емханалық және клиникалық бақылау кезінде науқастың қан жүйесіндегі патологиясының типтік формасын жеке жеке сипаттаңыз.

  4. Науқасқа емдік жоспар құрған кезде патологияның бұл формасына қандай емдік принциптерді қолданған жөн?


Тесттер

1.Лейкопения түсiнiгiне қандағы лейкоциттердің мөлшерi ... тең.

|3 х 109/л+

|5 х 109

|8 х 109

|80 х 109

|100 х 109

2.Лейкопения ... кезінде дамуы мүмкін.

|сәулелiк ауру+

|iшек құрттары

|аллергия

|ашулану


|лейкемиялық серпілістер

3.Агранулоцитоз – бұл қанда … .

|нейтрофилдер мен эозинофилдер санының күрт төмендеуi+

|лимфоциттер мен моноциттер санының жоғарылауы

|агранулоциттерінің санының көбеюі

|көп сегменттi ядролы нейтрофилдер санының жоғарылауы

|ретикулоциттер санының күрт төмендеуi

4.Лейкопения ... әкелуі мүмкін.

|организм төзiмдiлiгi төмендеуiне+

|қан ұюының төмендеуiне

|организм сенсибилизациясының дамуына

|лейкоз дамуына

|ретикулоцитозға

5.Эозинофилдi лейкоцитоз ... кезінде байқалады.

|аллергия+

|iрiңдi қабыну

|миокард инфаркты

|жедел постгеморрагиялық анемия

|вирустық инфекция

6.Қан түзу тiндерiнiң диффузды зақымдануымен сипатталатын қан жүйесiнiң өспелік ауруы ... деп аталады.

|лейкоз+

|лейкемиялық реакция

|гематосаркома

|агранулоцитоз

|пернициозды анемия

7.... лейкоздар дамуының негiзiнде жатады.

|Гемопоэздiк жасушалардың бақыланбайтын пролиферациясы+

|Организмнiң антибластомдық төзiмдiлiгiнiң жоғары белсендiлiгi

|Саралануға және пiсiп жетiлуге клеткалардың жоғары қабiлеттiлiгi

|Жасушаларда митоздың төмен белсендiлiгi

|Протоонкогендердiң және трансформалаған онкогендердiң төмен белсендiлiгi

8.Лейкемиялық «үңгір» – бұл лейкоциттердің ... .

|бластық және жетілген формаларының болуы, аралық формаларының болмауы+

|формулада миелобластар санының жоғарылауы

|формулада базофилдер мен эозинофилдердің болмауы

|жетілген формаларының көбеюі

|лейкоциттердің бластық формаларының болмауы

9.Қанда бласттық жасушаларының көп болуы ... тән.

|жедел лейкозға+

|созылмалы лейкозға

|лейкоцитозға

|лейкопенияға

|лейкемоидты реакцияға

10.Лейкоздағы геморрагиялық синдром ... сипатталады.

|тромбоцитопениямен+

|эритроцитопениямен

|эритроциттердiң гемолизiмен

|лейкопениямен

|антитромбиннің жеткiлiксiздiгiмен

Әдістемелік өңдеу№ 5


  1. Тақырыбы: Геморрагиялық синдром. Тромбогеморрагиялық синдром. ДҚТҚҰ-синдромы.

  2. Мақсаты: гемостаз жүйесінің бұзылысына байланысты жағдайларға патофизиологиялық талдау жүргізуді үйрету.

  3. Оқыту мақсаты

  • Гемостаз жүйесі бұзылыстары кезіндегі өзгерістерді оқыту;

  • Қанның ұю жүйесін бағалау.

  1. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Гемостаз жүйесінің бұзылуы , этиологиясы мен патогенезі..

  2. Гемаррагиялық және тромбтық синдромдардың этиологиясы мен патогенезі.

  3. Тромбогемаррагиялық синдромның жалпы сипаттамасы , этиологиясы, патогенезі, сатылары және салдары.

  4. Тамыр ішілік қан ұю синдромының(ТІҚҰ синдромы) жалпы сипаттамасы, этиологиясы, патогенезі, сатылары мен салдары.




  1. Білім берудің және оқытудың әдістері: тақырып бойынша практикалық жұмысты орындау, зерттеу нәтижелерін талдау.

  2. Әдебиет: №1 қосымша ақпаратты қараңыз.

  3. Бақылау.


Тесттер

1.Лейкоздағы геморрагиялық синдром ... сипатталады.

|тромбоцитопениямен+

|эритроцитопениямен

|эритроциттердiң гемолизiмен

|лейкопениямен

|антитромбиннің жеткiлiксiздiгiмен

2..... антикоагулянттарға жатады.

|Антитромбин ІІІ+

|Протромбин

|Тромбоксан А2

|Фибриноген

|Протромбиназа

3.Тромб түзiлуiне жәрдемдесетiн факторларға ... жатады.

|қан тамырларының кемiрiнiң зақымдануы+

|қан ағымының жылдамдығының үлкеюі

|қанның ұюының төмендеуі

|тромбоцитопения

|қан ұюға қарсы жүйенiң белсендiленуi
Кредит №3

Әдістемелік өңдеу № 1

1.Тақырыбы: Асқорыту патологиясы.

2.Мақсаты: ас қорытудың бұзылысына байланысты жағдайларға патофизиологиялық талдау жүргізуді үйрету.

3.Оқыту мақсаты


  • Ас қорыту бұзылыстарының этиологиясы мен патогенезін оқыту;

  • Өңеш патологиясының негізгі формаларын оқыту;

  • Ішек патологиясының негізгі формаларын оқыту.

4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Ас қорыту бұзылыстарының негізгі себептері мен механизмдері: тәбеттің бұзылуы, шайнаудың, сілекей бөлінудің, жұтынудың бұзылуы, кекіру, қыжыл, көңіл айну, құсу, іш өту, желдену.

  2. Өңеш патологиясы жайлы жалпы сипаттама: эзофагит, өңеш қалтасы, гастроэзофагалдық рефлюкс, кардиоспазм.

  3. Асқазан ішек жолдары ауруларының негізгі этиологиялық және патогенетикалық факторлары: гастрит, асқазанның ойық жара ауруы.

  4. Асқазанның , аш ішек және тоқ ішектің секреторлық, моторикалық, эвакуаторлық қызметтерінің бұзылыстары.

  5. Асқазанның, ішектің , он екі елі ішектің перистальтикасының бұзылуы, энтериттер, колиттер.

  6. Асқазанның моторикалық қызметінің бұзылуы.

  7. Мальабсорбция, дисбактериоз, ішектік аутоинтоксикация синдромдары туралы түсінік.

  8. Аппендицит, перитонит, ішек өтімсіздігі туралы жалпы сипаттама.

5.Білім берудің және оқытудың әдістері: тақырып бойынша практикалық жұмысты орындау, зерттеу нәтижелерін талдау.

Тәжірибелік жұмыс

Мақсаты: құрбақаға өттің жалпы улы әсерін анықтау.

Тәжірибе алдында құрбақаның жалпы жағдайын бағалап алу керек: қимыл қозғалыс белсенділігін, арқасымен жатқызғанда аунау жылдамдығын, ауыртқыш тітіркендіргіштерге жауабын(шымшу). Жұлындық лимфа қапшығына 2-3мл өтті шприцпен жібереді және әр 3-4 минут сайын бақаның жалпы жағдайының өзгерістерін бақылап тұрады.

Келесі сұрақтарға жауап беру арқылы қорытынды жасайды:



  1. Өтті енгізген соң құрбақада байқалатын қимылдық және сезімталдық бұзылыстарының патофизиологиялық маңызы қандай?

  2. Байқалған өзгерістердің механизмдері қандай?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет