Курсымыздың тақырыбы «Экологиялық білім беру салауатты өмір дағдыларын қалыптастырудың шарты» Мақсаты менің ойымша



Дата01.07.2016
өлшемі88.26 Kb.
#171203
түріСабақ
ОТЧЕТ

Мен, Тотыбекова Акмарал Кызылбайқызы 7.09 – 21.09 2007 ж. аралығында Алматы қаласында өткен білім беру жүйесінің басшы және ғылыми – педагогикалық кадрлары біліктігін арттыратын репспубликалық институтта өз білімімді көтердім



Курсымыздың тақырыбы « Экологиялық білім беру салауатты өмір дағдыларын қалыптастырудың шарты»

Мақсаты менің ойымша «Қазақстан–2030» мемлекеттік даму бағдарламасының ұзақ мерзімді стратегиясының негізгі бағыттарының бірі «Азаматтардың денсаулығын, білімін және ырысын жақсарту». Оның мақсаты: салауатты өмір салтына ынталандыру, ана мен баланы қорғау, нашақорлықпен және есірткі саудасымен күресу, темекі мен ішімдік тұтынудың алдын алу, тағамның сапасын жақсарту, қоршаған ортаның және экологияның тазалығын сақтау.
Сабақ кестесi бойынша 72 сағат лекция және практика түрiнде өттi


Р / с



ТАҚЫРЫБЫ

Сағат саны

лектор

1

ҚР 12- жылдық бiлiм беру жүйесiнiң тұжырымдамасы. Нәтижеге жетуге бағытталған бiлiм беру үрдiсi

16




2

Халықтың салауатты өмiр салтын қалыптастырудағы мемелекеттiк саясат. Бiлiм беру жүйесiндегi профилактикалық бағдарламалардың тиiмдiлiгi

14




3

Балалар мен жасөспiрiмдердiң девиантты мiнез – құлықтарының психиәлеументтiк негiздерi

16




4

Денсаулық пен қоршаған ортаның байланысы. Экологиялық мәдениет пен генетикалық сауаттылықты қалыптастыру

14




5

Ланкестiкпен күресу дағдыларын қалыптастыру

12







Барлығы

72




Курсты бiлiктi мамандар оқыды. 12- жылдық бiлiм беру жүйесiнiң тұжырымдамасын толығымен баяндап, түсiндiрiп бердi. Құзыреттiлiктен – оқытудың күтiлетiн нәтиже – дәрiсiнде Құзыреттiлiк танымдылық, пәндiк, практикалық, тұлғалық, тәжiрибенiң күрделi пайымдамасы. Бұл курста жақсы әсер алғаным болашақта жаңа технологияның дамуының әсерiнен, оқушыларға сабақты интерактивтi тақта арқылы оқыту үрдiсi өте тиiмдi деп санаймын. Өйткенi, бiздiң заманымыздың ағымымен байланысты оқушыларды сабаққа деген қызығушылығын арттыру, бiлiм деңгейлерiн жетiлдiре бiлу, жаңа технологияны пайдалана бiлу бiз үшiн өте қажеттi. Осы курста сонымен қатар салауатты өмiру сүрудiң қалыптастыру шарты ретiнде дәрiстер оқылды. Қызықты материалдар болды. Соның iшiнен алып қарайтын болсақ
Мынандай курстық бағдарлама бойынша жүргізді:

  1. ҚР 12 жылдық білім беру жүйесінің тұжырымдамасы. Нәтиже жетуге

бағытталған білім беру үрдісі






  1. Халықтың салауатты өмiр салтын қалыптастырудағы мемелекеттiк саясат. Бiлiм беру жүйесiндегi профилактикалық бағдарламалардың тиiмдiлiгi

Салауатты өмір салтын және сәбилердің, жасөспірімдердің, жастардың өмір дағдыларын қалыптастыруда білім беру жүйесінің рөлі айрықша. Салауатты өмір салтының негізін, оның нормалары мен ережелерін сақтаудың мұқтаждарын жасау үшін мектепке дейінгі және мектептегі тәрбиелеу мен оқыту кезеңдерінде жүргізу керек. Осы кезеңде жеке тұлғаның әдептілік, адамгершілік, рухани, адалдық қасиеттері мен гигиеналық дағдылары қалыптасады.


  1. Балалар мен жасөспiрiмдердiң девиантты мiнез – құлықтарының психиәлеументтiк негiздерi

Балалардың денсаулығы жөніндегі ресми статистикалық мәліметтер бойынша соңғы бес жылда оқушылардың науқастануы 22%-ға өскендігі үрей тудырады. Оның ішінде анемия – 2,5 есе, тыныс алу мүшелерінің шамалдануы – 1,5 есе, асқорытудың бұзылуы – 1,4 есе, жүйке жүйесінің патологиясы – 1,5 есе, жарақаттану, улану, кездейсоқ жағдайлар – 1,2 есе артқан.

Қазақстан Республикасының Президенті «Денсаулық жылы» деп жариялаған 2002 жылда жалпы білім беретін мектептерден тексерілген 12-18 жастағы 1млн 700 мың оқушының 44,6%-ында әртүрлі патологиясы бар екендігі белгілі болды. Бірінші орында асқорыту мүшелерінің патологиясы – әрбір алтыншы оқушыда кездеседі. Онан ары қарай тыныс алу мүшелері, жүйке жүйесі және сүйек-бұлшық-ет жүйесінің аурулары орын алады.

Жасөспірімдер мен жас балалардың арасында психикалық және мінез-құлық ауытқулары өршіп келеді. Бүгінгі таңдағы осындай патологиясы бар науқастардың әрбір төртіншісі – сәби. Бұл патологияның өсімі ересектерге қарағанда жасөспірімдерде екі есе артық.

Республикалық психиатриялық, психологиялық және нашақорлық ғылыми-зерттеу орталығының 2007 жылғы мәліметтері бойынша Қазақстанда психикалық және мінез-құлық ауытқуларының 322 671 жағдаяты кездескен. Оның ішінде 240729–ересектерде, 23 487–жасөспірімдерде, 58455–жас балаларда болған. Әрбір сегізінші жасөспірім психикасы мен жүйке жүйесінің патологиясына шалдыққан. Психикалық мінез-құлық ауытқушылығына байланысты ауру түрлері психикалық белсенді заттар – есірткі мен ішімдікті пайдалану нәтижесінен көбейіп келе жатқанын атап көрсетуге тура келеді. Соңғы жылдың өзінде мұндай 8000 жағдаят тіркелген. Және 15 жасқа дейінгі жеткіншектер арасында 22%-ға, 14-18 жастағы жасөспірімдерде 32,7%-ға артқан. Соңғы жылдары Қазақстандағы демографиялық көрсеткіштер төмендеді, бала туу мен халықтың табиғи өсімі азайды, өлім мен аурушаңдық артты.



4. Денсаулық пен қоршаған ортаның байланысы. Экологиялық мәдениет пен генетикалық сауаттылықты қалыптастыру

Бүкіл әлемдік денсаулық сақтау ұйымының анықтауы бойынша денсаулықты нығайту – бұл тәндік, зерделік және әлеуметтік жағдайды жақсарту арқылы жаңғырту процестерін жүзеге асыру. Ол бірінші кезекте өмір салтына, қоректенуге, генетикалық тұқымқуалауға, сондай-ақ денсаулықты нығайту сақшыларының қызметіне тікелей тәуелді.

Диспансерлік есепте әртүрлі аурулармен 2 млн-нан астам адам тіркелген. Олардың ішінде репродуктивтік жүйесінің патологиясы да соңғы орында емес. Дүние жүзі бойынша жыл сайын 15-18 жастағы жасөспірім қыздар бала туады, 4 млн-дайы жасанды түсік тастайды, 100 млн-ға жуығы жыныстық аурулар жұқтырады.

ҚР статистикалық агенттігінің мәліметі бойынша Қазақстанда 2007 жылы 127150 жасанды түсік тіркелген. Оның 5,6%-ы 17 жастағы жасөспірім қыздарда жасалған. 12-17 жастағы аналар саны жыл сайын артып келеді, әлбетте олардың көпшілігі жасанды түсік тастайды. Сол сияқты, жас аналардың нәрестелерін перзентханаларда қалдырып кету жағдаяттары да жиілеп келеді. Қазақстандағы жетімдер үйінде 112000-нан астам «тастанды» балалар тәрбиеленуде. Қазақстандағы іскер әйелдер ассоциациясының есебі бойынша 20-30 жастағы аналармен салыстырғанда, кәмелетке толмаған аналардан туған сәбилердің өлімі 35%-ға жоғары. Ал, жас аналардың өлімі, «ересектер» деңгейінен 34%-ға артық.

Жасөспірімдер гинекологтарының пікірінше, жасөспірім қыздарға дәрігерлердің, педагогтардың және әрине, ата-ананың ерекше назары қажет. Олар физиологиялық жағынан да, моральдық жағынан да ана болуға дайын емес.

Репродуктивті денсаулықты сақтау жасөспірім ағзасының құрылыс ерекшеліктері, оның өзгерістері туралы ақпараттандыру арқылы, сондай-ақ оны сақтау тұрғысында, отбасын құруға дайындықтың алдын алу шаралары арқылы жүргізіледі. Әрбір адам мұндай ақпарат алуға құқылы, мемлекетіміздің ұлттық саясаты да осында.

Қазақстан Республикасының Конституциясында: «Неке және отбасы, ата-ана болу мен балалық шақ мемлекеттің қорғауында» деп көрсетілген. Сондықтан, сексуальдық және репродуктивті денсаулыққа жету үшін барынша жан-жақты қамтылған көзқарастар қарастырылып, бүкіл ғұмыр бойғы денсаулыққа қатысты қажеттілік пен мұқтаждықтар ескерілуі тиіс. Жастар үшін ең бірінші қажеттілік – білім. Жасөспірімдердің 36%-ы сексуальдық өмір туралы ақпаратты эротикалық фильмдерден алса, 45%-ы – достарынан, 10%-ы – ата-анасынан, 3%-ы ғана кәсіби мамандардан алады. Қыздар арасынан жеке басының мәселелерімен мамандарға жүгініп келетіндері 8% ғана.

АҚТҚ/ЖҚТБ қазіргі кездегі бүкіл әлемді алаңдатып отырған дерт. Аурудың таралуы ғана емес, оның салдары да қауіпті. АҚТҚ жұқпасы әлеуметтік жағдайы төмен халықтарда ғана емес, білімді азаматтар арасында да таралып келеді. Ол экономиканың да еселеп құлдырауына ықпалын тигізеді: дені сау азаматтардың азаюы салдарынан өнімділік төмендейді; ауру жұқтырғандар мен науқастарды емдеу мен асырау, ғылыми зерттеу-диагностикалық орталықтар ашу т.б. үшін қаржы жұмсалады, көптеген материалдық шығынды қажет етеді.

Бұл індет әсіресе жастар арасында жиі таралатыны ерекше алаңдатады. Жас балалар үшін де қауіп-қатер аз емес. Қазірдің өзінде әлемде миллиондаған балалар АҚТҚ жұқтырған. Африка құрлығының бірқатар елдерінде 15-49 жастағы азаматтардың 39%-ы осы дертке шалдыққан. Қазақстанда 01.04.2007 жылдың дейін 7906 АҚТҚ дертін жұқтырған, оның 498 ЖҚТБ-мен ауырған деп тіркелген. Дертті жұқтырғандардың 57%-ы 15-29 жастағылар. 01.04.2007 дейін дерт жұқтырған 728 жасөспірім тіркелген. Осыдан жасөспірімдер арасында алдын алу шараларын жүргізу қажеттігі туады. Олай болса, бұл індет туралы базалық білім беретін мамандар әрі сауатты, әрі балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеуге дайындалған, оқыған, тәжірибелі азаматтар болуы тиіс. Себебі, бұл індеттің таралуы жастар мен жасөспірімдер арасында жиі кездесетін өрескіл мінез-құлықтың салдары болып табылады. Бұл көбінесе оларға ақпараттың, мінез-құлықтың қауіпсіз дағдыларының тапшылығынан болады. Беріліп отырған бағдарлама мен оның бөлімдерінің мақсаты - балалар мен жасөспірімдерді өз білімдерін сабақтастыра білуге, мінез-құлық іс-әрекеттері мен қауіп-қатер арасындағы байланысты ұғынуға үйрету.

Елдегі экологиялық жағдаяттың нашарлауы да алаңдаушылық туғызады. Экологиялық мәселелер адамзат үшін маңыздылығымен-ақ елеусіз алдыңғы шепке шықты. Осы мәселелерге оқушылардың назарын аудару, қоршаған ортаға сауатты қарым-қатынас дағдыларын үйрету, оны жақсарту жолында аз да болса әрекет жасауға дағдыландыру – оқыту жүйесіндегі кезекті міндеттердің бірі.

Адамдарда кездесетін кейбір патологиялық аурулардың таралуына, экологиялық факторлар тобының әсеріне бақылау жүргізгенде бірқатар мәселелер нақтыланған. Мысалы, жүйке, қан айналыс жүйесінің, асқорыту мүшелерінің патологиясына ішетін су сапасының төмендігі, атмосфераның ауыр металдар мен мұнай өнімдері буымен ластануы едәуір әсер ететіні анықталды. Қатерлі ісік ауруларының 75-80%-ы химиялық заттардың (асбест, полициклді көмірсулар, ауыр металдар) әсерінен пайда болады. Аяқ-қолдарының дамуы тежелген, мүшелері жетілмеген сәбилердің туылуы, өлі туу мен төтеннен іш тастаудың жиілігі ластанған ауадағы кейбір заттар мен дәрілік препараттарға да байланысты. Олай болса, халықтың денсаулығына экологиялық қауіп-қатерді азайту үшін қоршаған ортаны тазарту бағытындағы нақты істерге шындап кірісу қажет.

Қасақана және кездейсоқ жарақаттану да жиі кездесетін және көптеген елдерде тоқтамай келе жатқан жағдай. Көпшілік жағдайда жарақаттану түрлі аурулардың кең таралуына, ауыртпалығының артуына себепші болатындықтан, денсаулық сақшылары бұл мәселеге алаңдаушылық білдіреді. Ресми мәліметтер бойынша Қазақстандағы өлімге себепші болу тұрғысынан жарақаттану екінші орында. Ал, балалар өліміне себепші ретінде бірінші орында. Республикада жыл сайын 14 жасқа дейінгі 130-140 мың бала жарақат алады. Балалардың жарақаттануына тұрмыстағы, ауладағы, көлік жолдарындағы, мектеп ішіндегі, спорттық т.б. жағдаяттар себепші болады. Балалардың жарақаттануы – қоғам мен білім беру жүйесінің біріккен күші арқылы ғана тойтарыс беруге болатын қоғамдық денсаулық сақтау саласының негізгі мәселесі.

Балаларды өзін-өзі қорғауға ғана емес, зардап шеккендерге көмек көрсетуге де ғылыми тұрғыда тиімді, өзара байланысты, психологиялық сауатты дәрежеде оқытып үйрету қажет. Бағдарламаның бұл бөлімінде қауіп-қатер және онан қалай қорғану, жою жолдары туралы беріледі. Туындаған мәселелерді олардың дұрыс қабылдауына, өмірде кездесетін қауіп-қатер деңгейін азайту мүмкіндігін қарастыруға, сезімталдыққа тәрбиеленуі қажет. Бұл бөлімді балалар жас кезінен бастап жүйелі түрде үздіксіз оқығанда ғана нәтижелі болады.

Аталған мәселелер білім беру жүйесінің барлық әрекеттерін ақпараттандыруды күшейтуге, өз мінез-құлқы мен денсаулығына жауаптылыққа, айналасындағыларға құрметпен және қамқорлықпен қарауға, дұрыс шешім қабылдай білуге тәрбиелеуге жұмылдыруын қажет етеді.

Салауатты өмір салтын және сәбилердің, жасөспірімдердің, жастардың өмір дағдыларын қалыптастыруда білім беру жүйесінің рөлі айрықша. Салауатты өмір салтының негізін, оның нормалары мен ережелерін сақтаудың мұқтаждарын жасау үшін мектепке дейінгі және мектептегі тәрбиелеу мен оқыту кезеңдерінде жүргізу керек. Осы кезеңде жеке тұлғаның әдептілік, адамгершілік, рухани, адалдық қасиеттері мен гигиеналық дағдылары қалыптасады.

ҚР Үкіметінің 1999 ж. 30 маусымдағы №905 қаулысында («Салауатты өмір салтының комплексті бағдарламасы») төмендегі қажеттіліктер қаралған:



  • оқушылардың салауатты өмір салтын қалыптастырудағы білім беру саласының рөлін күшейту;

  • білім беру жүйесінің базистік оқу жоспарына валеология пәнін ендіру.

Мектеп оқушыларының салауатты өмір салтын қалыптастырудан алған білімдері ҚР-ның болашақ азаматтарының денсаулығын сақтауына сенімді тірек болары сөзсіз. Осы тұрғыдан «Денсаулық және өмірлік дағдылар» бағдарламасы бойынша оқыту мен тәрбиелеудің әлеуметтік маңызы бар, оқушылардың салауатты өмір салтын қалыптастыруда белсенді стратегияны қажет етеді және «Қазақстан–2030» стратегиясымен үндестік табады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет