Курстық ЖҰмыс тақырыбы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРУЛЫ КҮШТЕРІНІҢ ӘСКЕРИ ЖАРҒЫСЫ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК



бет3/7
Дата07.03.2024
өлшемі49.12 Kb.
#494645
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
АӘТД мұғалімі пән сабақтарын ұйымдастыруға дайындығы

3. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРУЛЫ КҮШТЕРІНІҢ ӘСКЕРИ ЖАРҒЫСЫ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК.
3.1 Әскери ұжым өмірі мен қызметіндегі жарғылардың мәні.

ҚРҚК –нің әскери қызметшісі қызметтік іс - әрекетінде ҚР Конституциясын, заңдарын, әскери жарғылардың талаптарын басшылыққа алуы және саяси мақсаттарды көздейтін қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктердің қызметіне қатысы болмауы тиіс.


Әскери қызметшілердің жалпы міндеттері мыналар:

  • ҚР Конституциясын, заңдарын қатаң сақтауға және әскери жарғылардың талаптарын орындауға;

  • әскери антқа адал болуға, өз халқына жанқиярлықпен қызмет етуге, ҚР-ын ерлікпен, қырағылықпен, қасық қаны қалғанша аянбай қорғауға, әскери борышын адал орындауға, әскери қызметтің қиындықтарын табандылықпен өткеруге;

  • өз Отанының патриоты болуға, түрлі ұлттардың әскери қызметшілерінің арасындағы достықты нығайтуға;

  • адал, тәртіпті, ержүрек болуға, әскери борышын орындау кезінде байыпты бастама жасауға;

  • командирлер мен бастықтарға сөзсіз бағынуға және оларды ұрыста қорғауға, әскери бөлімнің жауынгерлік туын сақтауға;

  • әскери кәсіптік біліктілікті ұдайы меңгеруге, өзінің машықтануы мен әскери шеберлігін жетілдіруге;

  • өзіне сеніп берілген қару мен әскери техниканы білуге және оларды ұдайы әзірлікте ұстауға, әскери мүлікті және басқа да материалдық құндылықтарды сақтауға;

  • әскери бауырластықты бағалауға, жолдастарын қауіптен құтқаруға көмектесуге, оларға сөзімен де, ісімен де көмектесуге, әрқайсысының ар-намысы мен абыройын құрметтеуге, өзіне және басқа да әскери қызметшілерге қатысты тұрпайылық пен қорлауға жол бермеуге, оларды лайықсыз іс – қылықтардан тежеуге;

  • әскери әдептілік, мінез – құлық пен әскери сәлемдесу қағидаларын сақтауға, әрдайым және барлық жерде өз қадір – қасиеті мен абыройын биік тұтуға, нысанды киімін таза, ұқыпты киюге;

  • қырағы болуға, әскери және мемлекеттік құпияны қатаң сақтуға

  • міндетті.

ҚР ҚК –нің әскери қызметшілерінің әскери атақтарының тізбесі:





Құрамы

Әскери атақтар

Әскерлік

Кемелік

Жауынгер мен
матростар

Қатардағы жауынгер
Ефрейтор

Матрос
Аға матрос

Сержанттар
(старшиналар)

Кіші сержант
Сержант
Аға сержант
Үшінші сыныпты сержант
Екінші сыныпты сержант
Бірінші сыныпты сержант
Штаб - сержант
Шебер - сержант

Екінші сатылы старшина
Бірінші сатылы старшина
Бас старшина
Үшінші сыныпты старшина

Екінші сыныпты старшина


Бірінші сыныпты старшина


Штаб – старшина


Шебер - старшина

Кіші
офицерлер

Лейтенант
Аға лейтенант
Капитан

Лейтенант
Аға лейтенант
Капитан - лейтенант

Аға
офицерлер

Майор
Подполковник
Полковник

Үшінші дәрежелі капитан
Екінші дәрежелі капитан
Бірінші дәрежелі капитан

Жоғары

офицерлер



Генерал – майор
Генерал – лейтенант
Генерал – полковник
Армия генералы

Контр адмирал
Вице адмирал
Адмирал

Медициналық немесе әділет, әскери – есептік мамандықтары бар офицерлердің әскери атақтарына тиісінше «медицина қызметінің», «әділет» деген сөздер қосылып айтылады.


Қосалқы құрамға шыққан әскери шенділерге «қосалқы құрамдағы», демалыстағыларға «демалыстағы» қосылып айтылады.
Әскери шендердің атауларының шығу тарихы:
Солдат – ежелгі римдіктер бұл сөзді soldo –тиын, жалақы- деген сөзден шығарған. Мүмкін ,бұл қарулы күштерді ұстау мемлекеттік биліктің ісі және едәуір қаржы жұмсауды талап етеді дегенді білдірер. Ресейде бұл сөз ХVІІ ғасырда тарады. І Петрдің Жарғысында ( 1716 ж) былай деген: «Солдат деген қарапайым ұғым, әскердегі бар адамды- ең жоғарғы генералдан бастап, ең төменгі салт атты немесе жаяу мушкетерге дейін –қамтиды...»
Мұндай анықтама қарулы күштердің жеке құрамын тағайындаудағы бірлікті білдіреді. Кеңес армиясында «солдат» қатарына қатардағы жауынгерлер мен ефрейторлар жатқызылатын.Қазір де солай.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет