Л. Я. Гуревич Халықаралық Бизнес академиясының жоғары оқудан кейінгі ғылыми- методологиялық орталығының директоры, т.ғ. д., социология ғылымының профессоры


  Акционерлерді дауыс беру қорытындылары бойынша хабардар ету



Pdf көрінісі
бет64/193
Дата05.10.2022
өлшемі2.37 Mb.
#462018
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   193
Корпоративті-басқару-Қазақстандық-мазмұн-под-редакцией-С.Филина-книга

14. 
Акционерлерді дауыс беру қорытындылары бойынша хабардар ету. 
Акционерлердің жалпы жиналысында дауыс берудің қорытындылары не 
сырттай дауыс берудің нәтижелері өздерін бұқаралық ақпарат құралдарында 
жариялау арқылы не әр акционерге акционерлердің жалпы жиналысы жабылған 
күннен кейінгі он күн ішінде жазбаша хабарлама жіберу арқылы акционерлердің 
назарына жеткізіледі. Акционерлерді дауыс берудің қорытындылары туралы 
хабардар ету тәртібі қоғамның жарғысымен белгіленеді. 
15. 
Шешімдердің күшіне енуі, шешімдерді орындау ісі акционерлердің 
Жалпы жиналысының шешіміне сәйкес сонымен бекітілген мерзімдерде 
жүргізіледі. Алайда, кейбір жағдайларда өзге мерзімдер белгіленеді, мысалы, 
Қазақстан Республикасының 2004 жылдың 7 шілдесіндегі № 576-II 
«
Инвестициялық қорлар туралы» заңына сәйкес, 13-бап, «Акционерлік 
инвестициялық 
қор 
акционерлерінің 
жалпы 
жиналысының 
соның 
акционерлерінің қор акцияларын сатып алу туралы өтінімдерін ұсынуын 
тудыратын шешімдері жалпы жиналыс өткізілген күннен бастап отыз 
күнтізбелік күн ішінде күшіне енеді».
Акционерлердің жалпы жиналысы өз жұмысында үзіліс жасау туралы және 
жұмыс мерзімін ұзарту, сонымен бірге акционерлердің жалпы жиналысы күн 
тәртібінің жекелеген мәселелерін қарау уақытын келесі күнге ауыстыру туралы 
шешім қабылдауға құқылы.
Өздеріне негізделумен акционерлердің жаңа құқықтары мен/не міндеттері 
туындап отыратын жалпы жиналыстың ерекше шешімдері де болады, мысалы 
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдаржы реттеу мен 
қадағалау агенттігінің 2006 жылдың 12 тамызындағы № 151 «Акционерлік қоғам 
акционерлерінің құнды қағаздарды басымдылықпен сатып алу құқығын жүзеге 
асыру ережелерін бекіту туралы» қаулысында көрсетілгендей: қоғамның жалпы 
жиналысы акцияларды жарияланған акциялары саны шегінде жайғастыру (сату) 
туралы шешім қабылдаған жағдайда сол жалпы жиналыста акционерлер 
жайғастырылып отырған акцияларды басымдылықпен сату құқығынан жазбаша 
бас тарту құжатын ұсына алады». 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   193




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет