Лак және бояу жасау өндірісінің өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары 1 тарау. Жалпы талаптар


- параграф. Бақылау, басқару, байланыс және жарықтандыру жүйелерін монтаждау, реттеу және жөндеу



бет4/4
Дата13.06.2016
өлшемі0.63 Mb.
#131183
1   2   3   4

9 - параграф. Бақылау, басқару, байланыс және жарықтандыру жүйелерін монтаждау, реттеу және жөндеу
284. Бақылау және басқару, байланыс және жарықтандыру жүйелерін орналастыру қызмет көрсетуге ыңғайлы және қауіпсіз орындарда жүргізіледі. Бұл орындарда діріл, технологиялық өнімдермен ластану, механикалық және басқа да нақытылыққа, сенімділікке және жүйенің жылдам әрекетіне әсер ететін зиянды әрекеттер болдырылмайды.

Бұнымен қатар жүйе мен оның элементтерін жабдықтар мен құбыр өткізгіштерді қайтадан герметизациялаусыз қайтадан монтаждау құралдары мен шаралары көзделеді.

285. Технологиялық процессті бақылау және басқару схемаларына қатысатын бекіту реттегіш арматура, атқару механизмдері жөндеуден кейін және орнына орнатудан бұрын жылдам әрекет етуіне, сенімділігіне және жабылу беріктілігіне акті ресімдеумен кезеңді сынаудан өтеді. Сынаудың кезеңділігі бекітілген технологиялық регламентпен регламенттеледі.

286. Бақылау және басқару, байланыс және жарықтандыру жүйелерін монтаждау, ретке келтіру, жөндеу, реттеу және сынау жұмыстары ұшқын шығаруды болдырмайды. Мұндай жұмыстарды жарылыс қауіпті аумақтарда жүргізуге жұмыстарды ұйымдастыру мен жүргізу қауіпсіздігін қамтамасыз ететін наряд – рұқсат ресімделеді, шаралар өңделеді.

Газдану шартында монтаждау, ретке келтіру және жөндеу жұмыстарын жүргізуге рұқсат берілмейді.

287. Бақылау және басқару, байланыс және жарықтандыру жүйелерін жөндеу, ретке келтіру немесе тексеруге түсіру кезінде түсірілген құралдарды барлық өлшемдері бойынша сәйкесіне жедел алмастыру жүргізіледі.

288. Жарылыстан қорғалған электр жабдықты жөндеу технологиялық регламентке сәйкес жүзеге асырылады.

289. Автоматты өрт сөндіру тек жобаға сәйкес көзделеді.

290. Электр өрт дабылдамасы барлық өндірістік үй-жайларда көзделеді.

7 - тарау. Электр қауіпсіздік
291. Электр қондырғылар құрылғысы, монтаждау, қызмет көрсету және жөндеу, электр қондырғылар құрылғысына, техникалық пайдалануға және электр қондырғыларды тұтынушылар пайдаланған кездегі техникалық қауіпсіздікке қойылатын талаптарға сәйкес болады.

292. Пайдаланудың және технологиялық процесстің ерекшеліктерінің нақты жағдайларына байланысты технологиялық жарылыс қауіпті электр қабылдағыштар электрмен жабдықтау сенімділігін қамтамасыз ету бойынша электр қабылдағыштың І немесе ІІ санатына жатады.

293. Тұтынушылар жұмысының сенімділігі:

қоректендіру көзінің сенімділігімен (бұдан әрі – ҚК);

электрмен жабдықтау схемасының сенімділігімен (схеманың жекелеген элементтерінің сенімділігі артуымен және олардың санының азаюымен);

электрмен жабдықтау жүйесі мен технологиялық жүйе элементтерін резервте сақтаумен (секцияланумен, ҚК санның артуымен, үздіксіз қоректену агрегаттарын пайдаланумен және басқалар);

электр қорғаныс және бұғаттауды пайдаланумен, кернеудің қысқа мерзімге төмендеу немесе қоректену үзілісі жағдайында І санатты электр қабылдағыштың ажыратылуын болдырмайтын құрылғымен, бұл ретте электрмен жабдықтау жүйесінде автоматиканы пайдаланумен;

өзінен өзі іске қосылу немесе жекелеген электр қабылдағыштарды қайтадан іске қосу құрылғыларымен, кернеуді отырғызу немесе қоректенуді қысқа мерзімге тоқтату кезінде, егер өзінен өзі іске қосылуға немесе қайтадан іске қосуға жабдық конструкциясымен және технологиясымен рұқсат берілсе, өндірістің авариялық тоқтауына соқтыратын электрмен жабдықтаудағы үзіліс;

электр қондырғыларға қызмет көрсету мен жөндеу жүйесін жетілдірумен;

қызмет көрсету персоналының сапалы дайындығымен қамтамасыз етіледі.

294. Өзара байланысты технологиялық объектілерді электрмен қамтамасыз ету қоректендіру көзінің бір тобынан көзделеді (негізгі және резервті).

Әр түрлі көздерден электрмен қоректендіру кезінде технологиялық жүйенің өзара байланысты объектілерінің үзіліссіз жұмысын немесе көздердің бірі қатардан шыққан кезде оны қауіпсіз жағдайға ауыстыруды қамтамасыз ететін шаралар мен құралдар көзделеді.

295. Трансформаторлы станцияның (бұдан әрі – ТС) және басқа электр қондырғылардың жарылыс қауіпті өндіріс электр тұтынушыларымен байланысты тарату пунктері немесе құрылғылары үй-жайы (бұдан әрі – ТП, ТҚ) жеке тұрған ғимараттарда орналастырылады.

296. ТП, ТҚ, ТС жарылыс қауіпті аумақтарға бір, екі немесе үш қабырғамен қиыса орналасады.

Олардың В-I сыныпты жарылыс қауіпті аумаққа қиысуына рұқсат берілмейді.

297. Жарылыс қауіпті аумаққа бір немесе одан көп қабырғамен қиысатын ТП, ТҚ, ТС келесі талаптарды қанағаттандырады:

ТҚ, ТС және АП жеке жарылыс қауіпті аумаққа тәуелсіз бұндай электр щиттерде кепілді ауа алмасуын қамтамасыз ететін сору-тарту желдету жүйесі болады;

желдету жүйесі . ТП, ТҚ, ТС желдеткіш саңылауы арқылы жарылыс қауіпті қоспалар түспейтіндей орындалады.

298. Аумақ және қондырғы бойынша кабельдерді төсеуді эстакадада, галлереяда және кабель конструкцияларында ашық орындау ұсынылады.

Кабельдерді құммен төселген каналдарда және траншеяларда төсеуге рұқсат беріледі. Кабельді эстакадалар мен галереялар өздері жеке де сол сияқты технологиялық эстакадамен жалпы құрылыс конструкцияларында да болуы мүмкін. Кабельді құрылыстарды технологиялық эстакадаларда орналастыру құбыр өткізгіштерді монтаждау мен қайта монтаждауды қамтамасыз етуді есепке алумен орындалады.

Технологиялық қондырғылар мен өндірістер аумағы бойынша төселетін кабельдердің жанудың таралуын болдырмайтын оқшаулауы және материалдан жасалған қабықшасы болады. Кабельдерді төсеу тәсілін таңдау кезінде төсем аумағында кабель кабығы мен оқшаулауға өнімдер буының зиянды әсері болмауы есепке алынады. Полиэтилен оқшаулаулы және қабықты өткізгіштер мен кабельдерді пайдалануға рұқсат берілмейді.

299. Сыртқы технологиялық қондырғыларды электрмен жарықтандырудың операторлықтан қашықтан және қызмет көрсету аумағы бойынша жергілікті іске қосуы болады.

300. Газдануы мүмкін қысылған жағдайларда жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде, сонымен қатар технологиялық аппарат ішінде жарықтандыру тасымалданатын жарылыстан қорғалған осы ортаға сәйкес орындауда аккумулятор шамдары көмегімен қамтамасыз етіледі.

301. Авариялық аялдама жүзеге асырылатын жұмыс орындарын авариялы жарықтандырудың егер осы өндірістің электр қабылдағыштары электрмен жабдықталу сенімділігі бойынша санаттарға жататын болса, тәуелсіз үшінші көзден қоректенуі болады.

302. Биік колонналарда, аппараттарда және басқа технологиялық жабдықтарда жарылыс қауіпсіз орындауда отты бөгейтін қондырғылар көзделеді.

303. Технологиялық қондырғылар дәнекерлеу электр жабдығын іске қосу үшін стационарлы желімен жабдықталады.

304. Дәнекерлеу аппараттарын қосу үшін коммутациялық қораптар (шкафтар) пайдаланылады.

305. Дәнекерлеу аппараттарын іске қосу желісі жұмыс істемейтін қалыпта тоқсыздандырылады.

Бұл желілерге жұмыс өндірісіне наряд-рұқсатсыз кернеу беру мүмкіндігін болдырмайтын шаралар көзделеді.

306. Электр дәнекерлеу жұмыстарын жүргізу тәртібі технологиялық регламентке сәйкес болады.

307. Жылжымалы және тасымалданатын электр жабдығын іске қосуға арналған құрылғы жарылыс қауіпті аумақтан тыс орналастырылады. Мұндай электр жабдықтың жарылыс қауіптілік деңгейі жарылыс қауіпті аумақ сыныбына сәйкес болады.

8 - тарау. Жылыту және желдету
308. Үй-жайдың ауа алмасуы, сонымен қатар авариялы бөлінетін зиянды затты толық жою есебімен анықталады.

309. Желдету жүйесі жұмысының тиімділігіне пайдалану, қызмет көрсету, жөндеу, ретке келтіру және аспаптық бақылау жүргізу тәртібі технологиялық регламентпен анықталады.

310. Желдеткіштің сору жүйесі үшін ауа жинағыш құрылғысы желдету жүйесіне өндіріс жұмысының барлық тәртібінде жарылыс қауіпті булар мен газдардың түсуі болмайтын орындардан көзделеді.

311. Жалпы алмасу және авариялық сору желдеткіші жүйесінен ауа лақтырылуының құрылғысы тиімді ыдырауды қамтамасыз етеді және лақтыру аумағында жарылыстың болу мүмкіндігін және аумақта, сонымен қатар тұтанудың стационарлы көздерінде жарылыс қауіпті қоспалардың пайда болуын болдырмайды.

312. Технологиялық процесі жылытумен ілесетін немесе қысым астында жүргізілетін лак және бояу жасау өндірісі үшін авариялы желдету көзделеді.

313. Авариялы желдету жүйесі үй-жайда орнатылған жарылысқа дейінгі шоғырлану дабылдамасы іске қосылған кезде автоматты іске қосылады.

314. Желдету жүйесінде бір үй-жайдан екіншісіне ауа өткізгіштер арқылы жарылыс өрт қауіпті булар мен газдардың түсуін болдырмайтын шаралар мен құралдар көзделеді (сонымен қатар желдету камерасы деңгейінде ағынды желдету жүйесінің ауа өткізгіштерінде кері клапанды орнату).

315. Желдету жабдығын, ауа өткізгішті, сору желдету жүйесі үшін элементтерді орындау (шиберлер, жапқыштар, клапандар) механикалық немесе электр текті тұтану көзінің пайда болуын болдырмайды.

316. Желдету жүйесінің ауа өткізгіштері, оларды бір-бірімен және желдеткішпен қосатын орындар герметизацияланады және жарылыс қауіпті ауа мен газы бар ауаның сору желдеткіші жүйесіне түсуін болдырмайды.

317. Ауа өткізгіштер мен жабдықтардың (желдеткіштердің) ішкі беттерінде сұйық немесе қатты жарылыс өрт қауіпті өнімдердің (конденсация, тұндыру) пайда болуы мүмкін сору желдету жүйелері үшін жүйені бұл өнімдерден кезеңді тазалау, қажеттілігі болғанда өрт сөндірудің стационарлы жүйесімен жарықтандыру көзделеді. Тазалау бойынша жұмысты орындаудың кезеңділігі мен тәртібі технологиялық регламентпен анықталады.

318. Барлық металл ауа өткізгіштер және желдеткіш жүйесінің жабдықтары (ағынды және сору) статикалық электрден қорғауға қойылатын талаптарға сәйкес жерге тоғытылады.

319. Лак және бояу жасау материалдарына арналған қоймалық жылытылмайтын үй-жайларда сақталатын лак және бояу материалдарының санына тәуелсіз сағатына кем дегенде бір рет ауа алмасуды қамтамасыз ететін ыдыста табиғи сору желдеткіші (дефлектормен) қамтамасыз етіледі.

320. Жарылыс өрт қауіпті технологиялық процесі бар үй-жайларда сору желдеткішімен бірлескен ауалық жылыту көзделеді. Үй-жайды сулы немесе булы жылытуды пайдалануға, айналыстағы заттар сумен жарылыс қауіпті өнім тудырмайтын шарт кезінде рұқсат беріледі.

Жылыту жүйесін қыздыру бетінің Цельсий бойынша барынша жоғары температура үлкендігі айналыстағы кез келген заттың өзінен өзі тұтану температурасы үлкендігінің 80 % аспайды.

321. Жылыту жүйесінің құрылғысы (сулы, булы), пайдаланылатын элементтер мен арматура, оларды электр үй-жаймен және БӨАжА үй-жайы үстінен төсеу кезінде орналасуы бұл үй-жайларға бұл жүйелерді пайдалану мен қызмет көрсетудің барлық тәртібінде ылғалдың түсуін болдырмайды;

322. Жылу тасымалдағыш енгізу түйіні:

ағынды желдету жүйесі үй-жайында (желдеткіш камерасында);

баспалдақ торы немесе жарылыс өрт қауіпсіз өндірістік үй-жайдан бөлек кіретін жері бар жеке үй-жайда;

сулы немесе сулы жылыту пайдалану рұқсат берілетін өндірістік үй-жайда орналасады.

323. Сору желдеткіші, қызмет көрсету үй-жайлары жүйелерін басқару батырмалары үй-жайдан тыс кіретін есік алдында орналастырылады.

324. Электр щит үй-жайлары сору-айдау желдеткіштерімен қамтамасыз етіледі (табиғи, механикалық немесе аралас).

325. Басқару үй-жайлары мен өндірістік үй-жайларда сору желдеткішінің ақаусыз жұмысы туралы дабылдама қарастырылады.



9 - тарау. Су құбыры және канализация
326. Жалпы зауыттық тазалау құрылыстарынан лақтырылатын ағын құрамы жобамен, технологиялық регламентпен реттеледі.

327. Әрбір технологиялық регламент бойынша канализацияға жіберілетін өндіріс ағының құрамы, температурасы және мөлшері анықталады. Әр түрлі объекттерден ағынды кетіруді ұйымдастыру канализацияда шөгінді мен бітелудің пайда болуын, ал араласқан жағдайда жарылыс қауіпті өнім мен қатты бөліктердің пайда болу мүмкіндігін болдырмайды.

328. Газ қауіптіге жататын су құбыры мен канализация жүйелерінде қызмет көрсету, жөндеу және басқа жұмыстар наряд-рұқсат бойынша жүргізіледі.

329. Технологиялық объектілердің канализация жүйесі өндірістің регламенттелген жұмыс тәртібі кезінде де, сол секілді авариялық лақтыру жағдайында да пайда болған химиялық ластанған технологиялық ағызылатын және басқа ағындарды тазалау мен жоюды қамтамасыз етеді.

Бұл ағындардың канализацияның магистральды желісіне алдын ала тазартылусыз, тек магистральды желі осындай ағындарды қабылдауға арналған жағдайларды қоспағанда, лақтырылуына жол берілмейді.

330. Ағындарды тазалау мен жарылыс өрт қауіпті өнімдерді жою шаралары канализация жүйесінде жарылыс қауіпті ортаның пайда болу мүмкіндігін болдырмайды.

331. Технологиялық объектілер үшін жергілікті тазалау құрылыстары көзделеді.

332. Лақтырылу ағынының кірер және шығар жерінде жергілікті тазалау құрылыстары жарылыс қауіпті өнімнің болуын бақылау құралдарымен және шоғырланудың рұқсат берілген мәннен артуы туралы дабылдамамен жабдықталады.

Бұл ретте жарылыс өрт қауіпті заттардың канализацияға дүркін лақтырылуы кезінде тазалау құрылыстарының автоматты бақылау жүйесі мен дабылдамасы болады. Қалған жағдайларда бақылау тәсілдері, оның кезеңділігі өндірістің нақты шарттарын есепке алумен, бұл бақылаудың тиімділігін қамтамасыз етумен таңдалады және жобамен, технологиялық регламентпен реттеледі.

333. Құдықтарды канализация желілерінде жарылыс қауіпті өнімі бар сыртқы қондырғы жабдықтарының қоршауы шегінде технологиялық құбыр өткізгіштер астындағы эстакадада орналастыруға рұқсат берілмейді.

334. Технологиялық объектілердің сумен жабдықтауы әрбір нақты жағдайда технологиялық процесстің ерекшелігін және авария мен жарылыс өрт қауіпті өнімдердің қоршаған ортаға лақтырылуын болдырмауын есепке алумен көзделеді.

335. Технологиялық жүйелерді сумен жабдықтау су айналысының жабық жүйесін пайдаланумен көзделеді. Су айналысы жүйесін электрмен жабдықтау сенімділктің І санаты бойынша қамтамасыз етіледі.

336. Технологиялық объектілердің айналымды сумен жабдықтау жүйесі үшін суға жарылыс өрт қауіпті булар мен газдардың түсу мүмкіндігінде олардың технологиялық аппараттардан (коллектордан) шығуында болуын бақылау құралдары, су айналысының осындай жүйесін пайдалану кезінде қауіпсіздік шаралары қарастырылады.

Қалған объектілер үшін бұл шаралар мен құралдарды пайдалану қажеттілігі нақты шарттарды есепке алумен жобамен анықталады.



10 - тарау. Персоналды жарақаттанудан қорғау
337. Өтетін жерлер, алаңдар, баспалдақтар, ашық құдықтар, шұңқырлар, өтетін көпірлердің биіктігі 1 м кем емес қоршауы болады. Қайта жабулардағы монтажды саңылаулардың төменгі жағы бойынша 0,14 м кем емес тегіс қоршалған қоршауы болады.

338. Еден немесе қызмет көрсету алаң деңгейінен 2 м төмен биіктікте орналасқан машиналар мен аппараттардың барлық қозғалатын және айналатын бөліктерінің (иіндер, жалғастырғыштар, берілістер және басқа) тегіс немесе торлы қоршаулары болады.

Барабандар, ленталы транспортерлердің жетекті және тарту құрылғылары олардың орналасу биіктігіне тәуелсіз қоршалады.

339. Қайта жабындардағы немесе диірмен үстіндегі алаңда шарлы диірмен және люк қақпақтарының қоршауының диірменнің жұмыс істеп тұрған кезінде ашылуын немесе түсірілуін болдырмайтын бұғаттауы болады.

340. Қызмет көрсету жабдығының 1,8 м артық биіктікте орналасқан кезінде оған сүйеніші және қоршалған алаңы бар, 45 °С еңісті стационарлы баспалдақтар орнатылады. Баспалдақ ені 0,7 м кем емес, саты қадамы 0,25 м, саты ені 0,12 м кем емес.

3 м артық емес биіктіктегі сирек қызмет көрсетілетін жабдыққа жетімді болу үшін 60 ° еңісті баспалдақ құрылғысы, ал жекелеген жағдайларда басқышты қолдануға рұқсат беріледі.

341. Шикізаттың қатты түрлерін аппаратқа тиеуге арналған тиеу жабдықтарының (бункерлер, воронкалар және т.б.) тиеу уақытын қоспағанда үнемі жабық қақпақтары болады.

11 - тарау. Технологиялық жабдықтар мен құбыр өткізгіштерді жөндеу және қызмет көрсету
342. Техникалық қызмет көрсету жабдықтың жөндеу аралығында, сонымен қатар өндірісті тоқтатуды қажет етпейтін ақауларды жөндеу кезінде жұмысқа қабілеттілігін қамтамасыз ету бойынша жұмыстар кешенін көздейді және технологиялық регламентке сәйкес қызмет көрсету және техникалық персоналмен жүзеге асырылады.

5,0 МПа және одан артық жұмыс қысымына есептелген суды суытуға арналған ішкі иректүтігі бар жоғары қайнаулы жылу тасымалдағыштарды жылыту (бұдан әрі - ЖҚЖТ) немесе электр индукциялы жылыту аппараттарында иректүтікті герметикалыққа тексеру жылына кемінде екі рет сондай-ақ орташа және күрделі жөндеу кезінде жүргізіледі.

343. Қолданыстағы өндіріс шартында жабдықтың жекелеген түрлеріне жөндеу жүргізу технологиялық регламентке сәйкес жүзеге асырылады.

344. Жабдықты жөндеуге дайындауды технлогиялық персонал жүзеге асырады және жөндеу жұмыстары жетекшісіне наряд - рұқсат ресімдеумен тапсырылады.

345. Жабдықты жөндеуге беру тәртібі технологиялық регламентке сәйкес жүзеге асырылады.

346. Жөндеуде қолданылатын барлық материал талап етілетін сапаны растайтын кіру тексерісіне тартылады.

347. Жабдықты жөндеуге дайындаумен және жөндеу жүргізумен байланысты газ қауіпті жұмыстар наряд-рұқсат бойынша жүргізіледі.

348. Ашық от пайдаланылатын жөндеу жұмыстары қолданыстағы нормативтік құжаттарға сәйкес жүргізіледі.

349. Жабдықты жөндеу процесінде бақылау түрлері, аралық және жеке сынаулар жүргізіледі. Бақылау және сынау нәтижелері кейбір технологиялық регламенттерде, атқару құжаттарында көрсетіледі.

Жабдыққа жеке сынаудың (сыннан өткізу) оң нәтижелері кезінде жабдықтың әр бірі бойынша жөндеу сапасын бағалау және оны пайдалануға қабылдау жүргізіледі.

350. Жөндеу аяқталған объект (блок, қондырғы) комиссия актісі бойынша тапсырылады және пайдалануға технологиялық жүйенің жинақталуын, бұқтырманы түсіруін, жүйені герметикалыққа тексергеннен, дабылдама және басқару жүйелерінің жұмысқа қабілеттілігін, блок аралық сөндіру (ажырату) құрылғыларының іске қосылу уақыты мен тиімділігін, жалынды жайылтпау құралдарының және сақтандыру құрылғыларының болуы мен ақаусыз жағдайын, орнатылған электр жабдықтың электр қондырғы құрылғыларына, ақаусыз жағдайының белгіленген талаптарына сәйкестігін және желдету жүйесі жұмысының талап етілетін тиімділігін тексергеннен кейін рұқсат беріледі; орындалған жөндеу құжаттарының толықтығы мен сапасы, технологиялық регламентке, технологиялық схемаға енгізілген қажетті өзгерістер мен толықтырулар, объект аумағы мен жұмыс орындарының жағдайы тексеріледі.

Объектіні пайдалануға іске қосуға рұқсат беретін жөндеуден тапсыру туралы актіні ұйымның техникалық жетекшісі бекітеді.



Қолданылған қысқартулар
АТЖ – аварияны тарату жоспары;

ЖТС – жылдам тұтанатын сұйық;

ЖС – жанатын сұйық;

ЖТОЖТ – жоғары температуралы органикалық жылу тасымалдағыш;

БӨА - бақылау өлшеу аспаптары;

ҚҮП – құрғақ үгітілген пасталар;

БӨАжА – бақылау -өлшеу аспаптары және автоматика;

БӨА – бақылау - өлшеу аспаптары;

РАІҚ – резервті авариялы іске қосу;

АҚҚ – аварияға қарсы қорғаныс;

АӨЖ – ақпаратты өлшеу жүйесі;

ҚК – қорек көзі;

ТП – тарату пункттері;

ТҚ – тарату құрылғысы;

ТС – трансформаторлы станция;

ЖҚЖТ – жоғары қайнаулы жылу тасымалдағыш.



_____________________



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет