Îльга Õабижановна Àéìаганбåòова


Тұлғаны топпен бағалау әдісі



Pdf көрінісі
бет7/97
Дата09.10.2023
өлшемі4.35 Mb.
#480176
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   97
Психология негіздері

Тұлғаны топпен бағалау әдісі – адам мінездемесін топ мүшелерінің 
өзара бағалауы арқылы алу. Бұл әдіс топтағы адамдардың өзара таныстығы 
мен бірлікті іс-әрекеті және қатынасы нәтижесінде топтың әрбір мүшесі 
жөнінде қалыптасқан топтық санаға негізделген.
Қандай да психологиялық проблеманы зерттеуде сол мәселеге 
сәйкес зерттеу тәсілдері мен ережелері, яғни нақты зерттеу әдістері 
қолданылады. Олар: болжам ұсыну, эксперименталдық тәсіл мен 
соған сай материал, сыналушылардың бастапқы бақылау және экс-
перименттік топтарын айыру, эксперимент серияларын анықтау,
эксперименталды материалдарды статистикалық және теориялық
өңдеуден өткізу және т.б.


8
3. Психологияның қоғамдық және гуманитар
ғылымдар жүйесіндегі орны
XIX ғасырда позитивизм бағытындағы философияның негізін қалаған 
О. Конттың (798-857) ғылымдарды топтастыру жүйесі кең қолданымда 
болды. Дегенмен осы жүйеде психологияға орын табылмады. Ғалым 
пайымдауынша, психология әлі (үш кезең заңына орай) метафизикалық 
сатыда, ғылым ретінде пісіп жетілмеген. XIX ғасырдың бірінші жартысы 
үшін мұндай тұжырым, әрине, әділ болатын.
Ол заманнан бері ұланғайыр өзгерістер болды: психология дербес 
ғылымға айналды, адамзатқа қажет табыстарымен көзге еленді. Екі 
ортада ғылымдарды жүйесімен топтастырудың талай амалдары талдау, 
талқыдан өтті. Солар арасында аса танымал болғаны орыс философы және 
ғылымтанушысы Е.М. Кедров (903-985) ұсынған топтастыру амалы 
еді. Кедров пікірінше, ғылымдарды бір беткей түзулік (линейный метод) 
сипатымен топтастыруға болмайды. Ол барша ғылымдарды үш топқа:
жаратылыстануәлеуметтік және философиялық – бөлуді ұсынады 
да, олардың бастарын бір түзу бойында емес, үшбұрыш шыңдарына 
орналастыра қосады. Сонда, үшбұрыштың жоғары шыңында жаратылыс-
тану қылымдары, төменгі сол жақта – әлеуметтану, ал төменгі оң тарапта 
– философиялық пәндер жайғасады. Психология осы ғылымдардың 
бәрімен бірдей тығыз байланыста, сондықтан ол үшбұрыштың ішінен кең 
орынға ие болады. Себебі адам ойы, ойлауы (психологияның маңызды 
бөлімдерінің бірі) тек психология тұрғысынан зерттеліп қалмастан, 
олармен философия да, логика да айналысады. Психология, сонымен, 
барша ғылыми білімдермен өзара байланысқа келеді.
Психологияның аса маңызды мәселелерінің қандайы болмасын, басқа 
ғылымдармен байланыспай шешілуі мүмкін емес. Психиканың пайда 
болуы мен дамуын зерттеу үшін биология, генетика, антропология
білімдері мен әдістерін қолдану қажет; психофизиологиялық проблема-
ларды шешу үшін нейрофизиология, нейроанатомия, нейрохимия, меди-
цина әдістерін тартуды талап етеді; психикаға орай биологиялық және 
әлеуметтік жағдаяттар байланысы проблемасы әлеуметтік, биологиялық, 
психологиялық білімдердің басын қоспай мүлде шешілмейді. Осылайша, 
психологияның басқа ғылымдармен, ғылым салаларымен ара қатынас 
түрлерін шексіз жалғастыра беруге болады. Өз кезегінде, психологиялық 


9
зерттеулер нәтижесінде алынған деректер психологиямен сыбайлас 
пәндер үшін өте қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   97




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет