Лекция : 30 сағат обсөЖ: 30 сағат Барлық сағат саны: 90 сағат Аралық бақылау саны: 2 (60 балл)


ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ПРОБЛЕМАЛАРЫ



бет7/9
Дата24.02.2016
өлшемі1.52 Mb.
#12827
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ПРОБЛЕМАЛАРЫ

  (2 сағат)


Жоспары:


  1. Каспий теңізінің экологиялық проблемалары

  2. Арал маңының экологиядық проблемалары

  3. Балқаш көлі мен оның маңының экологиялық проблемалары

 Пайдаланған әдебиеттер:




  1. Бейсенова Ә. С. Шілдебаева Ж. Б. Сауытбаева Г. З. «Экология».

  2. Оспанова Г. С. Бозшатаева Г. Т. «Экология»

  3. Ж. Ж. Жатқанбаев «Экология негіздері».

  4. Журнал «Денсаулық»

  5. Қазақ ұлттық энсеклопедия. 1-том.

  6. Журнал «Денсаулық».


Лекцияның мәтіні.
Адамның шаруашылық әрекеті — табиғатқа елеулі түрде ықпал ететін факторлардың бірі. Өзінің жасампаз еңбегі арқылы адам қоршаған ортаға бейімделумен қатар, оны өзгертті.

Табиғаттың барлық құрамдас бөліктері бір-бірімен тығыз байланысты екендігін ескерсек, бір бөліктің өзгеруі екіншісінің өзгеруін тудыратыны түсінікті болады. Сондықтан адам өзінің әрекетінің зардаптары қандай болатынын алдын ала біліп, ескеруі қажет.

Адамның табиғат кешендеріне кері ықпалы ғылым мен техника дамуының тікелей нәтижесі болып табылмайды. Мысалы, минералдық тыңайтқыштарды жауын-шашын мөлшері мен топырақ ылғалдылығын ескерместен топыраққа шашу жер бетінен бұл заттардың шайылуына, осылайша өзендер мен көлдердің ластануына әкеп соғады. Мұның барлығы сіңірілген еңбек пен жұмсалған шикізатты зая кетірумен қатар, қоршаған ортаның жай-күйін нашарлатады.

Бөгендердің құрылысын салуда жергілікті табиғи ерекшеліктерін ескермей, немқұрайды қарау аумақтың батпақтануына, топырақ, өсімдік жамылғысының, сондай-ақ жергілікті микроклиматтың өзгеруіне әкеп соғады.

Табиғатты тиімді пайдалану, қорғау мен көркейту мәселелері кешенді түрде қарастырылуы қажет. Республикада шешімі күттірмейтін көптеген проблемалар бар.

Каспий теңізінің экологиялық проблемалары. Шөл зонасындағы географиялық орнына байланысты Каспий теңізінің шаруашылық маңызы зор. Теңізде балықтың 75 түрі бар, олардың 43-і бекіре тұқымдасына жататын бағалы балық түрлері.

Қазіргі кезде Каспий теңізінің деңгейі Дүниежүзілік мұхиттан 26,98 м төмен орналасқан. XX ғасырда теңіз деңгейі бірнеше рет тербеліске ұшырады. 30-жылдардан бастап, теңіздегі су деңгейі біртіндеп төмендей бастады, сол себепті оның ауданы да айтарлықтай қысқарды. Бірақ 1978 жылдан бастап Каспийдің деңгейі күрт жоғарылай бастады (2 м-ден астам көтерілді).

Соңғы жылдары Каспий теңізі аумағы еліміздің мұнай және газ өндіретін аса маңызды ауданына айналды. Су деңгейінің көтерілуіне байланысты бұл аумақ экологиялық апат ауданыңа айналды. Еділде бөгендердің көптеп салынуы, Мұнай кәсіпшіліктерінің дамуы теңіздің экологиялық жағдайын нашарлатады.

Табиғат ресурстарын игеру көп жағдайда табиғат компоненттерінің кері өзгерістеріне себепші "болады. Бұл процесстерге әсер ететін факторлар мынадай:

1) Батыс Қазақстан аумағында Капустин Яр және Азғыр ядролық сынақ алаңдарының орналасуы экологиялық жағдайды күрт нашарлатып жіберді, бұл тұрғын халық арасында аурулар санының артуына себепші болды;

2) теңіздегі су деңгейінің көтерілуі;

3) мұнай мен газ кен орындарын игеру тіршілік дүниесінің мекен ортасының өзгеруіне, бекіре тұқымдас балықтар мен уылдырық шашатын балық түрлерінің санының азаюына әкеп соқты;

4) ауыл шаруашылықты алқаптарға аңызақтардың әсері (жел эрозиясы).



Арал маңының экологиядық проблемалары. Бұл проблемалардың пайда болуы адамның шаруашылық әрекетімен тікелей байланысты. Ғасырлар бойы Аралға құйған Әмудария және Сырдария сияқты ірі өзендердің суы жайылымдарды суландыруға, егістік алқаптарды суаруға барынша көп пайдаланылғандықтан, теңізге жетпей қалды. Теңіз суының көп мөлшерде булануы оның деңгейінің төмендеуіне алып келді. Арал теңізі Үлкен және Кші теңіздерге бөлініп кетті. Ғылыми деректер бойынша, кеуіп қалған теңіз табанынан бір жылдың ішінде атмосфераға 250 млн тоннадай улы тұзды шаң көтеріледі. Теңіздің кері шегінуіне байланысты 800 га орман жойылып кетті, оның орнында тіршіліксіз тұзды шөл қалды. Теңіз деңгейінің төмендеуіне байланысты табиғаты айрықша Барсакелмес қорығында экологиялық тепе-теңдік бұзылды. Бұл жағдай осы аймақтың тұрғын халқының денсаулығына да кері әсерін тигізуде. Бір табиғат компонентінің өзгеруі табиғат кешенінің басқа да құрамдас бөліктерінің өзгерістеріне себепші болуда. Арал маңының табиғат кешені толығымен өзгеріп, бұл аудан экологиялық апат аймағына айналды.

Балқаш көлі мен оның маңының экологиялық проблемалары. Балқаш көлі алабында да күрделі экологиялық жағдай қалыптасты. 1970 жылы Балқашқа құятын Іле өзенінде Қапшағай бөгені мен СЭС-ның салынуы Іле-Балқаш су-шаруашылық кешенінің дамуындағы бетбұрыс кезең болды. Іле өзенінің гидрологиялық режимі ғана емес, жалпы Іле-Балқаш алабындағы экологиялық жағдай өзгерді. Қапшағай су жүйесін жоспарлау барысында Іле аймағының табиғат кешенінің жағдайы ескерілмеді. Соның нәтижесінде су басқан аумақтағы сутышқан, балық және ауыл шаруашылығына елеулі зиян келтірілді.

Ақдала алабын суландыру мен оны күріш егістіктеріне пайдалану жобасы іске аспай қалды. Іле өзені сағасының тартылуы Балқаш көлінің табиғатына да зиянды әсерін тигізді. Суармалы егіншілк алқаптарының ұлғайтылуы, Төменгі Іле көмір кен орындарының игеріле бастауы да көл үшін қауіпті болып табылады. Ғылыми болжамдар бойынша, XXI ғасырда көлдің батыс бөлігінің түгелдей кеуіп қалуы, ал шығысының тұзды шалшыққа айналуы мүмкін. Бұл Балқаш маңының табиғи ландшафтысы мен оның экологиялық жағдайының түбегейлі өзгеруіне, оның тіршіліксіз шөлге айналуына әкеп соғады. Көл деңгейінің төмендеуі судың шамадан тыс минералдануына себепші болады. Бұл, бір жағынан күріш алқаптарынан келетін, құрамында әртүрлі тұздар мол болатын қалдық сулармен байланысты болады.

Балқаш алабындағы өзгерістер Балқаш маңындағы климат жағдайларына да тұтас әсер етуде. Ғалымдардың болжамы бойынша, Балқаштағы су деңгейінің төмендеуі . Батыс Сібір мен Қазақстандағы географиялық зоналардың шекараларын өзгертуі де мүмкін.

Ірі қалалар мен өнеркәсіп орталықтарында қоршаған ортаның ластануы. Ауаға келіп түсетін улы заттардың - ауыр металдар, шаң-тозаң, күкірт тотығы, көмірқышқал газ жөне т.б. - шоғырлану мөлшері кейде шектеулі көрсеткіштен он есе асып түседі. Әсіресе, Тараз, Теміртау, Алматы, Шымкент, Балқаш, Риддер, Өскемен қалаларында күрделі жағдай қалыптасқан. Бұл қалаларда ауадағы зиянды заттардың мөлшері жылдық нормадан 5-10 есе артық.

Байқоңыр ғарыш айлағы маңында ғарыш кемелері мен Жердің жасанды серіктерін ұшырған кезеңде ауаның ластануы байқалады. Пайдалы қазбалар өндірілетін аудандарда да ауаның ластану дәрежесі жоғары.

Өнеркәсіпті аудандарда ауаның ластануымен қатар, су көздерінің ластануы да байқалады. Мәселен, Сырдария суының 35-40%-ын кәсіпорындардың қалдық сулары құрайды. Өзен суында іш сүзегін, сары ауру мен сүзек ауруларын тудыратын қоздырғыштар мен өте қауіпті гексахлоран - ДДТ кездеседі.

Жерлерді игеру қарқынының артуына байланысты химиялық ластану көлемі де артуда. Өсімдік жамылғысын зиянкестерден қорғайтын химиялық заттар, дефолианттар, пестицидтер, тыңайтқыштар өте көп мөлшерде пайдаланылса, қоршаған ортаны ғана емес, азық-түлікті де ластайды.



Семей ядролық полигоны экологиялық апат аймағына айналды. Мұнда 1948-1964 жылдары ядролық сынақтар жер бетінде жүргізілсе, 1964-1989 жылдары жер астында жүргізілген. Ядролық қаруды сынақтан өткізу бұл өңірдің табиғи ортасына және тұрғын халқының денсаулығына кері әсерін тигізді.

Республикада қоршаған ортаны қорғау мақсатында жүзеге асырылып жатқан шаралар жоспарлы түрде жүргізілуде. Бұл шаралар қатарына жер қойнауын тиімді пайдалану: минералды шикізат түрлерін кешенді пайдалану, игерілген аумақтарды өңдеу мен көгалдандыру да жатады.



Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрлігі

Сырдария” университеті




“Гуманитарлық білім” факультеті

“География және қоғамдық пәндер кафедрасы ”
“ТМД және Қазақстанның қазіргі экологиялық мәселелері ” пәні бойынша

050116 “География” мамандығының студенттері үшін


Оқытушының басшылығымен студенттердің өзіндік жұмысы және орындау кестесі




(ОБСӨЖ)

Кредит №1

Жетісай – 2008 ж.


VII. ОбсӨж САБАҚТАРЫНЫҢ ЖОСПАРЫ ЖӘНЕ ОРЫНДАУ КЕСТЕСІ




Обсөждың тақырыбы, мазмұны

Сағат саны

Бақылау түрі


Әдебиеттер

Орындау мерзімі

1.

Кіріспе.

1. ТМД және Қазақстандағы қазіргі экологиялық мәселелері пәнінің мақсат міндеті.

2. Экология ғылымының қалыптасу кезеңдері мен құрылымы.

3. Ғылыми техникалық прогрестің қоршаған ортаға әсері.



2

Ауызша сауалнама.

Консультация



1,2,3,4

1 апта

2.

Әлемдік қазіргі Кезеңдегі экологиялық мәселелер.

1. Биоcфера тұтастығы заңының тұрақтылығының сақталуы.

2. Ғылыми-техникалық революция кезеңіндегі экологиялық дағдарыстар.


1

Тест

1,3,6,8

2 апта

3.

Әлемдік қазіргі кезеңдегі экологиялық мәселелер

1. Ғылыми техникалық прогресс

2. Тіршілік ортасының тұрақтылығы.

3. Адам мен табиғат арасындағы үйлесімділік



1

Глоссарий

5,8,9,10,15

2 апта

4.

Соғыс әрекетінің қоршаған ортаның экологиялық жағдайына ықпалы.

1. Соғыстың табиғатқа келтірілген зияндары ормандардағы өрт,

орманды шабу.

2. Химиялық, атомдық қаруларды шығару.



1

Үй жұмысы

1,2,10,15,16

3 апта

5.

Соғыс әрекетінің қоршаған ортаға экологиялық жағдайына ықпалы.

1. Жер қыртысының экологиясы.

2. Ауыл шаруашлығында пайдалы жердің экологиясы.


1

Колоквиум

1,5,9,10,15

3 апта

6.

Соғыс әрекетінің қоршаған ортаға экологиялық жағдайына ықпалы

1. Ауыр металдармен ластану.

2. Қоршаған ортаның радиациялық ластануы.

3. Радиоактивтік ластану.



1

Картамен жұмыс

1,2,3,4,5,6

4 апта

7.

Экологиялық апат зоналары

1. Қазақстанның экологиялық апат аймақтары.

2. Қазақстан полигондары.


1

Тест

2,4,6,7,8,9

4 апта

8.

Экологиялық апат зоналары

1. Табиғат жағдайлары.

2. Экологиялық апаттарға жалпы сипаттама.


1

Глоссарий

10,11,12,13,14

5 апта

9.

Халықтың денсаулығы және табиғи ортаның экологиялық сапасы.

1. Адамның іс-әрекетінің қоршаған ортаға тигізетін әсері.

2. Қоршаған ортаны ластайтын заттар.


2

Үй жұмысы

Картамен жұмыс



5,6,8,9,10

5 апта

6 апта


10

Халықтың денсаулығы және табиғи ортаның экологиялық сапасы.

1. Биологиялық ластану.

2. Азық түліктердің ластануы.


1

Консультация

5,6,9,10,11,12,13,14

6 апта

11

Ауа бассейнінің экологиялық жағдайы

1. Өндіріс экологиясы.

2. Өнеркәсіптерден қандай зиянды заттар шығарылады.


1

Колоквиум

10,11,12,13,14,15,16

7 апта

12.

Ауа бассейнінің экологиялық жағдайы

1. Атмосфераның ластану индексі.

2. Атмосфераның қабаттары және қызметі.


2

Картамен жұмыс

Колоквиум



1,2,3,4

7 апта

8 апта


13

Топырақ ресурстары мен олардың экологиялыө жағдайы

1. Тундра зонасының топырақ экологиясы.

2. Орманды дала зонасының экологиясы.


2

Глоссарий

Реферат


1,3,6,8

8 апта

9 атпа


14

Топырақ ресурстары мен олардың экологиялыө жағдайы

1. Топырақтың ауыр металдарымен ластануы.

2. Жайылымдардың экологиялық жағдайы.


2

Картамен жұмыс

Үй жұмысы



5,8,9,10,15

9 апта

10 атпа


15

Cу ресурстары және олардың экологиялық жағдайы.

1. Қазақстанның су ресурстарының сипаттамасы.

2. Суға деген сұраныс оның өнеркәсіпте ауыл шаруашылығында және тұрмыста артық пайдалану тенденциясы.


2

Колоквиум

Глоссарий



1,2,10,15,16

10 апта

11 апта


16

Cу ресурстары және олардың экологиялық жағдайы.

1. Қазақстан өзендерінің ластану мәселелері.

2. Су ресурстарының ластануына қарсы қабылданған шаралар.


1

Реферат

1,5,9,10,15

11 апта

17

Өсімдіктер әлемінің экологиясы.

1. Орман байлығын қорғау жолдары, қылқан жапырақты, ар алас, сексеуіл ормандары.

2. Антропогендік факторлардың әсерінен олардың жағдайының нашарлауы.


1

Үй жұмысы

1,2,3,4,5,6

12 апта

18

Өсімдіктер әлемінің экологиясы.

1. Орман өрттерінің зардаптары.

2. Сирек және дәрілік өсімдіктер және оларды қорғау.


1

Колоквиум

2,4,6,7,8,9

12 апта

19

Жануарлар әлемінің экологиялық жағдайы.

1. Қазақстанның жануарлар әлемін қорғауға қатысты қабылданған шаралар.

2. Мемлекеттік актілер сирек жануарларды қорғаутуралы заңдар мен қаулылар.


1

Картамен жұмыс

10,11,12,13,14

13 апта

20

Экологиялық мәселелерді ұйымдастыру.

1. Мемлекеттік экологиялық саясатын анықтайтын ең басты міндет экологиялық мәселелерді шешу.

2. Эколог мамандарды дайындаудағы міндеттер.


1

Глоссарий

5,6,8,9,10

13 апта

21

Экологиялық мәселелерді ұйымдастыру.

1. Қазақстан республикасы табиғат ресурс тар және қоршаған ортаны қорғау министірлігі, оның негізгі міндеттері.

2. Өнер кәсіппен ауыл шаруашылығын экологияландыру.


2

Тест

Тест


1,2,3,4

14 апта

22

Табиғи бірлестіктермен агро бірлестіктерінің қазіргі экологиялық жағдайлары.

1. Табиғи бірлестіктер

2. Биоценоз бен агроценоздың құрылымы.


2

Колоквиум

10,11, 12,14

15 апта



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет