Вернадскийдің тірі тіршілік туралы ғылыми ойының түп арқауы тірі
тіршілік дегеніміз ол өзара материальды жəне энергетикалық, тығыз
байланысқан,
аса қуатты, бағытты геологиялық күшпен үйлескен биосфера
қызметі. Биосферада тірі тіршілік өкілдері бірқалыпты таралмаған. Тіршілік
ең мол көлемде құрлықтың топырақ бетіне жақын ауданында, оның ішінде
тропикалық ормандарда, гидросферада – ең мол биомасса қалыптасады, ал
оның негізін құраушы: өсімдіктер, гетеротрофты организмдер.
Биомассаның 90 пайызы (барлық тірі заттардың) негізінен: О
2
20-21%,
көміртегінен, азоттан 79,2% (1 пайыз оргонмен қоса) жəне сутегінен
құралады. Құрлықтағы биомассаның 97-98 пайызын өсімдіктер
қауымдастығы түзеді. Биосферадағы тіршілік
өкілдерінен қалыптасқан
биомасса мөлшері (кептірілген зат есебінде) 1,8- 2,5x10
18
г, бұл жалпы
биосфера массасының шамалы ғана бөлігі (барлығы 3x10
25
г) Əйтседе
Вернадский осы мөлшердегі тірі тіршілік биомассасының планетарлық
дамудың ең қуатты геохимиялық, энергетикалық күші деп санайды.
Организмдегі
биохимиялық
белсенділікті
анықтайтын,
олкүн
сəулесінің фотосинезге сіңірілетің қуаты (көк-жасыл өсімдіктер мен кейбір
микроорганизмдер). Биосферадағы органикалық заттардың қоры, тағамға
қолдану арқылы организм қуат алады (тіршілік қуаты), демек өмір тіршілігі
жалғасады. Фотосинтез атқарушы жасыл өсімдіктер əлемі осыдан 2 млрд
жыл бұрын атмосфераға бос О
2
-сіз жинақталды,
атмосфераның жоғарғы
деңгейінде озонды қалқан қалыптасты, бұл «қалқан» өз кезегінде тірі
организмдерді аса қауіпті космостық сəуледен сақтандырушы қасиетке ие.
Өсімдіктердің фотосинтезі мен тынысалу барысында атмосферадағы қазіргі
кездегі газдық құрамы қалыптасты. Алғашқы оттегісіз ауадағы бос оттегінің
пайда
болуы
биосфера
эволюциясының
шешуші
кезеңі
болды.
Организмдердің қорегі, тынысалуы, көбеюі, одан əрі олардың жинақталуы
жəне органикалық заттарға ыдырауы өмірдегі зат-энергия айналымын
қамтамасыз етеді. Міне, осыған орай жекелеген химиялық элементтердің
атомдарының миграциясы (көшіп, босқынды) жүреді, биогендік (C, H, O, N,
P, S, Fe, Mg, Mo, Mn, Cu, Zn, Ca, Na, K жəне басқалары). Міне, бұл
элементтер биохимиялық цикл барысында организм
денесінен бірнеше рет
айналым (цикл) жасауына тура келді. Мысалы, атмосфераға барлық оттегі
(O
2
) тірі организмдер арқылы 2000 жылда қайта оралды; CO
2
көмірқышқыл
газы 200 (300), ал биосферадағы барлық су (H
2
O) 2 млн жылда оралады. Əр
организм өз тіршілік ерекшелігіне қарай əртүрлі элементтерді жинақтайды:
темірлі бактериялар – Ғе, қарапайым кокколитофаридтар, фораминифералар,
көптеген моллюскалар, ащы ішек құрттары – Са; хвощтарда, диатомды
балдырларда, радиолярий – кремний; губки – йод; жүгеріде – алтын (Au),
асцидий – ванадий. Өсімдіктердегі көміртегінің, азоттың мөлшері оның жер
қыртысындағы мөлшерінен 200 жəне 30 есе артық. Тірі организмдердің
тіршілігінің нəтижесінде планетада топырақ жəне органо - минералды отын
қалыптасты.
Демек, тірі организмдердің біріккен тіршілігі жер шарындағы
тіршілікті, неорганикалық əлемнің реттілігін сақтайды.
Бұл құбылыс
Вернадский бойынша биосфера жоғарғы, ұйымдасқан бірлігі, салыстырмалы
гомеостазы ( гомео сондай ұқсас, біркелкі, гр. statis – қозғалыссыз жағдайын
(қалпын сақтау). Бұл екінші жағынан биосфера организмдердің заталмасу
барысында энергияны сыртқы ортаға жинақтау мен тасымалдауды
қамтамасыз етеді.
Вернадский көрсеткендей адам іс - əрекетінің биохимиялық құрылыстардан,
кейбір организмдердің белсенділігінен (биогеохимиялық) артып кетті.
Табиғи байлықтарды (қолдану) пайдалану, оның табиғи заңдылықтарының
механизмін есепке алмай жүргілізді.
Адам қоғамының шаруашылық əрекетінің барысында (биосферадан)
оның құрамды бөліктерін, табиғи заңдылықты өрескел бұза өзгертті.
Мысалы, БАМ: а) құрылысы тайганың ағашын ойсырата кесуі; ə) қара
топырақты аймақтың (Ресей) батпағын құрғату (ондағы кішігірім өзен,
жылға, бұлақ суларының
тартылуына себеп болды; б) Қазақстандағы тың
жерлерді (целина) меңгеру барысындағы ондағы топырақты боран, бұдан да
басқа ірі қалалар су қоймаларын (Қапшағай), кен-қоймаларын ашық тəсілмен
алу (Соколов – Сарыбай, Екібастұз, Арал мен Балқаш). Əлемдік кеңістіктегі
мұнай мен газ өндірудегі технологиядан ауытқулар барлығы биосфераның
құрамдық компаненттерінің табиғи тепе-теңдігін бұзады. Биосфераға мұндай
орасан антропогендік іс-əрекеттірдің салдарынан табиғатта адамның кері
əсері болмаған жер қалмады (су айдыны, құрлық, тауда, мұхит, теңіз
тереңдіктерінде, ауада, жəне т.б.). Нəтижесінде биосфераның гомеостаздық
қалпын сақтау жылдан – жылға қиындыққа соғуда. Міне, сондықтан да
биосфераны табиғи бірлік экологиялық жүйе ретінде зерттеу, оның
динамикасын (реттілігін) сақтау, заңдылықтарын анықтау, қазіргі таңдағы ең
маңызды ғылыми практикалық мəні бар мəселе болып отыр.
Бұл бағытта
өзінің ғылыми үлесін қажетті ғылыми бағыттар беру экология мен
биогеоценология, яғни сыртқы орта мен организм бірлігін зерттеулер
нəтижесі беру керек.
1944 жылы Вернадский биосфераны ноосфераға жалғастыра тізбектей
зерттеуді ұсынды. Міне, бұл адамның космос кеңістігіне шығумен ұласты
(Гагарин, Т.Аубакиров, Т.Мусабаев).
Ноосфера (гр. noos - ақыл-ой, парасат; sphaira - шар) биосфераның
адамның ақыл – ойының парасатты іс-əрекеті шешуші мəн алған жағдайда.
Носфераны (парасат, ақыл-ой сферасы) алғашқы рет Э.Леруа, П.Тейяромде,
Шарден (1927) сияқты ғалымдар енгізген. Өткен ғасырдың 30-40 жылдары
Вернадский
жалғастырды.
Биосфераның
қоғаммен
тіл
табысқан,
биосфераның эволюциялық жаңа кезеңі. Вернадский ақыл,
парасатқа сай
биосфераны қайта құру (өзгерту) дəуірі. Ноосфераны жəне биосфераның
бірлігін біріктіру басқару түрі оның сипаты табиғи заңдылықпен адам
қоғамының ақыл – парасатының социальды-экономикалық заңдылықтың
өзара қарым-қатынасының үйлесуі. Мысалы, Индия, Монголия, Австрия
бірлестіктері.