Лекция №1. Тақырыбы: Кіріспе. Нанотехнологияның даму тарихы Жоспар



бет1/12
Дата19.11.2023
өлшемі246.81 Kb.
#483721
түріЛекция
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Нанотехнология бойынша дәріс тезистері


4. ДӘРІСТЕР ТЕЗИСТЕРІ



Апта №

Дәріс атауы және тезистері

Сағат көлемі


Лекция №1.
Тақырыбы: Кіріспе. Нанотехнологияның даму тарихы
Жоспар:

  • «Нано» өлшем бірлігі неге сәйкес келеді.

  • Нанотехнологияның басым бағыттары.

  • Негізгі ғылыми терминдер мен анықтамалар.

Тіршілікпен қоғам пайда болғаннан бастап, адамзат өзінің өмірін жақсартуға, жеделдетуге тырысты. Алғашқы қауымдық құрылыс кезінде олар түрлі еңбек құралдарды пайдалана білді, уақыт өте келе адамзатқа пайдасы келетін жан-жануарларды қолға үйретті. Жылдар өтті, заман өзгеріп отырды, үздіксіз дамып отырды, заманға қарай адамдардың қажеттіліктері де өзгеріп отырды Қазіргі таңда біздің көпшілігіміз күнделікті өмірімізді ғылыми жетістіктерсіз, техникасыз медицинасыз елестете алмаймыз. Электрониканың дамуы қазіргі адамзаттың өмірін өзгертіп жіберді. Электрониканың дамуы осы адамның жаңа материалды, яғни кремнийді игеруінен басталды. Адам жаңа материалдарды алу және өңдеу барысында жаңа технологияларды ойлап тапты. «Технология» сөзі грек тілінен шыққан, «techne»-сөзі өнер, шеберлік, және «logos»-ғылым деген мағынаны білдіреді. Материалдарды және өнімдерді өңдеу барысында адам әр түрлі геометриялық өлшемдерді меңгереді. Оптикалық микроскопты жасау барысында адам өзіне микроәлем обьектілерін ашты. Микроскопиялық обьектілер деп 1-100мкм диапозонында жатқан өлшемді айтады. «Микро» сөзі миллионнан бір бөлшек деген мағынаны береді. 1 мкм = 10-6 немесе 0,0001см. Биологиялық тор, қанның эритроциті және т.б. заттар микроәлемнің технологиясы. Электрондық микросхема, гендік модификация бұл микроәлем технологиясының мысалдары болып табылады. 1 ден 100нм аралығындағы өлшемді нанометрлік обьект деп атайды. Нано сөзі (грек тілінен nannos – ергежейлі, қортық) миллиардтан бір дегенді білдіреді.

2




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет