Лекция 10 Цементті бетон. Материалдары. Конструкциялары



Pdf көрінісі
бет1/4
Дата03.03.2022
өлшемі260.92 Kb.
#455942
  1   2   3   4
лекция 10 Цементті бетон. Материалдары. Конструкциялары



Дәріс № 12 
Цементті бетонды жамылғы төсемелері 
 
 
ТЕРМИНДЕР 
Бетондар – 
неорганикалық (органикалық емес) тұтқырғыштардың, судың, 
толықтырғыштардың және арнайы қоспалардың нығыздалған араласпаларының қатаю 
нәтижесінде алынатын жасанды құрылыс материалы.
Аталған қоспа қатайғанға дейін 
бетон қоспасы деп аталады. 
Цементті бетонды жабындары мен негіздері – бетон қоспаларынан салынған жол 
жамылғысының қабаттары. 
Цемент - сумен, тұздың сулы ерітінділерімен және басқа да сұйықтармен әсерлескен 
кезде пластикалық массаға айналатын, уақыт өткеннен кейін қатаятын және тас түріндегі 
қатты затқа айналатын жасанды ұнтақты тұтқырғыш материалдардың үлкен тобының 
жиынтық атауы. 
Бетон қоспасының толтырғыштары: 
- ірі – қиыршықтас; 
- ұсақ – құм. 
Бетон қоспасына қосылатын қосымшалар – қоспаның қасиетін реттейтін және 
жақсартатын, қоспаны дайындауға цемент және энергия шығындарын төмендететін 
органикалық емес және органикалық заттар немесе олардың қоспалыры. 
Деформациялық тігістер – температура өзгеруінен және бетон отыруынан болатын 
бетон тақталарының мүмкін болатын ұзаруына (қысқаруына) арналған, арнайы 
материалдармен толтырылған бетон қабатында жасалған кесіктер. 
. 
1. Минералды тұтқырғыштар қолдану арқылы төсеме салу ерекшеліктері 
Цементті бетонды төсемелердің тұрақты көліктік-эксплуатациялық көрсеткіштері 
және ұзақ жұмыс жасау мерзімі басқа төсеме түрлеріне қарағанда артықшылық көрсетеді. 
Цементті бетонды төсемелерде жоғарғы тарату қабілеттілігі және автомобильдерден 
келетін жүктемелер әсерінен мәні аз тік серпімді жылжулық болады. Уатылу нәтижесінде 
тозудың мәні аз, ілініс коэффициенті төсеме ылғалдылығынан байланыссыз жоғары. 
Цементті бетонды төсемелердің беріктілік және майысу көрсеткіштері 
сипаттамалары температура, ылғалдылық және жүктеу жылдамдығының өзгеруіне 
байланысты нақты бақыланып отырған диапазонда өзгермейді. 
Цементті бетонды төсемелер бетінің жарық болуы, оларды жарықтандыруға кететін 
энергияны 20%-ға төмендетеді. Мұндай төсемелерде автомобильдер асфальт бетонды 
төсемелерге қарағанда 5 – 10%-ға аз жанар май шығындайды. Битумға қарағанда 
минералды тұтқырғыштар (портландцемент) дайындауға шикізаттар қоры көп. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет