Лекция: 15 сағ СӨЖ: 15 сағ обсөЖ: 15 сағ Барлық сағат саны: 45 сағ Аралық бақылаулар саны: 2 (40 балл)


Кәсіби этиканың түсінігі және оның заты



бет3/7
Дата13.06.2016
өлшемі0.52 Mb.
#133945
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7

2. Кәсіби этиканың түсінігі және оның заты.

№4 Лекция


Лекцияның тақырыбы: Заңгердің кәсіби этикасының заты, міндеті, ерекшелігі.

(1 сағат)
Лекцияның жоспары: 1. Кәсіби этиканың міндеттері.

2 . Құқық қорғау органдары қызметкерінің кәсіптік қызметінің категориялары




Пайдаланылған әдебиеттер:


  1. Ғабитов Т.Х., Жатқанбаев Е “Бизнес этикасы” Анкара Иепо 1997

  2. Профессиональная этика сатрудников провоохранительных орга-нов М Шитимеч. 1998

  3. Ғабитов Т.Х. ”Этика негіздері” А.А. 1997ж

  4. Р.М. Рақымбеков, А.Т. Габитова “Заңгер этикасы” электрондық Из.за “Юридическая литература”.

  5. А.Т. Құлсариева “Этика” оқу құралы А.А-2003ж

1. Кәсіби этиканың міндеттері.

Адамгершілік тәрбиесі- бұл тәрбиеленушінің қоғамдық мораль талаптарына сай санасына, сезіміне, әдет қылығына, мақсат бағытына жүйелі түрде ықпал ету. Адамгершілік тәрбиесінің негізгі міндеттері: 1)ізгілік сана қалыптастыру;2) инабаттылық сезімдер тәрбиелеу және дамыту;3) адамгершілік әдет-қылықтың ептіліктері мен дағдыларын қылыптастыру.

Адамгершілік тәрбиесінің құрамы: адам және қоғам байланысын қалыптастыру, өз қылығының қоғаммен сәйкес болуы қажеттігін сезіндіру; адамгершілік білімді адамгершілік нанымға ауыстыру; тұрақты адамгершілік сезімдер мен сапалар орнық-тыру; адамның басқалармен қатынасындағы жоғары мәдениет пен адамгершілік әдеттерді бекіту.

Қазіргі мектепте адамгершілік тәрбиесінің мазмұны жалпы адам құндылығын жоғарылату қажеттігінен көптеген өзгерістерге бет бұрды. Осыдан әрбір оқушыға төмендегі проблемалардың маңыздылығын түсіндіру лазым: 1) адамға енң қымбат - өмір; 2) балалар- өмір жалғасы; 3) тәртіптілікпен байланысқан еркіндік; 4) отансүйгіштік (патриотизм); 5) ұлтжандылық; 6) интернационализм; 7) борыш , ар, намыс, ождан, тәртіп сақтау, кішіпейілдік және т.б.

Қазіргі тәрбие жүйесіндегі ең маңызды да көкейкесті проблемалар- бұл оқушылардың жыныстық тәрбиесі және еңбекке қатынасы.

ТІ-нің этикалық бағыттағы құрылымына педагог адам моралі туралы мәліметтер ендіреді. Мораль- адам санасының формасы және адамзат мәдениетінің бөлігі. Мораль принциптерін, нормасымен мәнін түсінуден тәрбиеленушілер өздерінің және басқа адамдардың қылықтарын дұрыс бағалауға үйренеді. Адамгершілік жағынан тұрақталған тұлға моральдық нормаларды білу, түсіну наным-сенімдер бекуін өзінше қамтамасыз ете алмайды, тек-олардың қалыптасуына қажетті алғышарттар ғана болып есептеледі.

Адамгершілік білімдер баланың өмір тәжірибесіне өтіп, ой толғасына еніп, тәрбиеленушілердің өзіндік талқы сарабына түскен болса ғана адамгершілік нанымдар дәрежесіне көтеріледі.

Этикалық ТІ –нің ең басты мақсаты- адамгершілік мінез- құлықтарды қалыптастыру, ТІ күнделікті өмір жағдайындағы адамгершілік іс- әрекет бірлігінен құралады. Өз қылықтарымен адам айналамен байланысып, ондағы жағдайлармен қарым- қатынас бейнелейді. Адамгершілік әдет- қылық тудыру үшін соған сәйкес жағдай жасау керек. Жоғары адамгершілік іс- әрекет қажеттігін қалыптастыру – этикалы ТІ-нің маңызды бөлігі.

Адамгершілікті қажеттіктің көмегімен ізгілік мораль негізі- еркін таңдау мүмкіндігі туады. Адамның еркін таңдау мүмкіндігін дамытудан этикалы ТІ функциясы орындалады. Әдет- қылықтар жүйесі адамгершілік әдеттерді қалыптастырады.Әдеттерден адамгершілік қылықтарды қалау тұрақты қажеттілікке айналады. Әдеттер қарапайым (қарым- қатынас ережесі, жүрәп – тұру мәдениеті, тәртіп) және күрделі болады (еңбекке дайындық және оны қажетсіну).

ТІ-ні орындау мақсатында мектеп тәжірибесінде тексерілген келесі ережелерді негізге алған жөн:

1. Адамгершілік тәрбие процесі адам үшін “күреске” айналмауы тиіс. Тәрбие “күрес” есмес, күнделікті күрделі жұмыстан тұратын ұзақ маңдай тер ісі.

2. Тұлғаның ізгілікті қасиеттері өмір қажетінсіз қалыптаспайды.

3. Тұлғаны жақсылық жасауға ынталандыратын жағдайлар туындату қажет.

4. Бірнеше әдетті қатар бір мезетте дамытуға болмайды, оқушының жаңа нормалар мен ережелерді қабылдауға дайындығын ескерген жөн: жаман қылықтары болса, одан арылуы тиіс, олардың жақсы не келеңсіз екенін түсіндіру қажет.

5. Жоғары адамгершілік қасиет қарапайым , жай нәрселерге негізделеді.

6. Ұжымдық, азаматтық тәртіпті түсіну сияқты адамгершілік қасиеттерді тәрбиелеу үшін арнайы әдеттерді ұғыну керек: басқаларға қамқорлық, адамды түсіну, өзінің эгоистік сезімін тежеу, ұжым талабын орындау, қауым алдындағы міндеттер, өз ісі мен сөзіне жауап беру т.б.

7. Мораль арқылы жаман әдеттерді айыра білу: өте қатты сөйлеу, басқалар сөзін бөлу және тыңдамау, тырнақ тістелеу, қол сілтеу т.б.

Арнайы мысалдар арқылы жастарға бір қарағанда еленбес әдеттердің салдарынан болашақ өз өміріне келетін зиянды түсіндіре әрі нақты көрсете білу керек.
2 . Құқық қорғау органдары қызметкерінің кәсіптік қызметінің категориялары.

Құқық қорғау органдары қызметінің негізгі мәні олардың атауынан айқын көрінеді: бұл мемлекеттің маңызы конституциялық міндеті - адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды және сақтауды жүзеге асыру. Олардың басқа да қалған функциялары – қоғамдық тәртіпті сақтау, меншікті қорғау, қылмыстылықпен күрес, қоғамға қарсы бағытталған құбылыстардың алдын алу және т.б- осы маңызды міндеттің элементтері. Құқық қорғау органдарының өзіде мемлекеттің элементі, оның негізгі құрылымдарының бірі белгілі бір қоғамның қалыпты өмір сүруін ұйымдастыратын, әлеуметтік нормалар мен қатынастардың жүйесі ретінде құқықтың кепілі қызметін атқаратын билік құрылымы- болып табылады.

Құқық қорғау органдары өз қызметін жүзеге асыруда мынадай негізгі әдістерді қолданады: құқық бұзушылықтардың алдын алу (яғни, азаматтармен тәрбие жұмыстарын жүргізу) және ерекше жағдайларда тікелей зорлау нысанын иеленетін мәжбүрлеу санкцияларын қолдану. Жоғарыда келтірілген анықтамадан көрініп тұрғандай , “биліктік күш” түсінігі (яғни, мәжбүрлеуге, зорлауға негізделген әрекет) құқық қорғау органдары қызметінің негізгі сипаттамасы болып табылады.

Бұл мәселеден мынадай сұрақ туындайды: мәжбүрлеу, тікелей зорлық адамгершілік сипатта бола алама? Олардың қазіргі кездегі қоғамға қажет екеніне ешбір күмән жоқ; даулар оның қолдану саласына, зорлықтың дәрежесіне қатысты ғана туындауда. Ал, зорлықтың моральдағы мәселесіне келетін болсақ, бұл мәселенің позитивтік және негативтік шешімі ұзақ уақыт бойы тіпті, қазіргі күннің өзінде де ғалымдарды екі бағытқа бөлген: моралистік және реалистік. Бірінші бағыт барлық адамдарға мектеп қабырғасынан белгілі. Біз Лев Толстойдың шығармашылығынан “зұлымдыққа зорлықпен қарсы тұрмау” концепциясымен таныстық ( дінге сенушілер бұнымен одан да ертерек танысады, себебі, ол Исаның өсиетеріне айтылған). Бұл концепция гуманизм қағидасына негізделген пацифистік және басқа да қозғалыс-тардың негізінде жатыр. Осыған ұқсас көзқарастарды қазіргі кездегі көптеген ғалымдар да білдіруде. Олардың қатарынан XX ғасырдың ірі философы, әлеуметттанушысы және тарихшысы Макс Веберді атауға болады. Ол “моральдық тұрғыдан мәжбүрлеу әрқашан кері бағаланған, тіпті, ол саясатты жүзеге асырудың жалғыз құралы болаған күннің өзінде де ” деп тұжырымдайды.

Реалистік бағыт құқық пен моральдың белгілі бір әлеуметтік топтар мен класстардың ортақ мүддесін көрсету мен білдіруіндегі біртұтастығын негізге алады. Олар осы екі нысанда нормативтік, реттеушілік бағыт кеңінен таралған. Бұл бағыт мәжбүрлеумен зорлықты кез келген әлеуметтік өмір сүрудің қажетті құрамдас бөлігі ретінде қабылдайды.

Құқық қорғау органдарының қызметі туралы нақты білмейтін тұлғалар бұл жұмыстың адамгерщілік мазмұны туралы ойланбайды да. Қарапайым, бұл қызметке қатысы жоқ адамның көзқарасы бойынша бұл құрылымдар тек қорқыту және зорлау құралдарын ғана қолданады. Және олардың ойынша, бұл саладағы талаптар- осы құралдарды қолдану қабілетіне қойылатын талаптар. Олар құқық қорғау органдары қызметкерлерінің жұмысында төмендегідей адамгершілік қасиеттердің ерекше роль атқаратынын білмейді де: адалдық, адамдарға деген махаббат, әділеттілік, батылдық, қоғам алдындағы өз әрекеттері үшін жоғары жауаптылық және т.б. Қызметкерде аталған қасиеттердің болуы оның кәсібилігінің міндетті өлшемі болып табылады.

Адам күнделікті нан үшін, материалдық игіліктер үшін ғана өмір сүрмеуі керек. Ол үшін, ең алдымен, шындық пен бостандық,арұят пен қадір қасиет, адамгершілікпен гуманизм жоғары тұруы тиіс. Сол себепті де, жеке тұлғаның жоғары моральдық қасиеттері ретінде қарастырылатын адам мінезінің түрлері құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қызметтік іс-әрекеттерінің ажырамас бөлігі, олардың кәсіби шеберлігінің, адамгершілік, және мәдени даму деңгейінің көрсеткіші болып табылады.

Кез келген қоғамда өмір сүріп, еңбек ету - бұл өз мақсаттарына жетуге ұмтылған қазіргі күнгі адамдардың қызметі ғана емес. Бүкіл әлемде мемлекеттік қызметтің кәсіпкерлікке қарағанда пайдасы азырақ екендігі белгілі. Алайда, қоғамның саған билікті бергенін сезіну мемлекеттік қызметтің кейбір артықщылықтары белгілі бір материалдық шығындардың орнын толтырады.

Егер азаматтар заңды әділетсіз, адамгершілік пен адалдыққа қарсы деп тапса, онда оны орындау қарама қайшы, яғни, қоғамды тұрақсыздандыратын нәтижеге алып келеді.

Сонымен құқық қорғау органдары қызметкерлері тұрақты түрде қоғам мен өзінің қызметтік құрылымының адамгершілік тұрғыдан бір - біріне әсер ету саласында қызмет атқарады. Бір жағынан, ол қоғамның адамгершілік тәрбиешілік әсерін секзінеді, екінші жағынан, ол өзі азаматтарға тәрбиелік әсер етеді: егер оның заң талаптарын орындауы әлеуметтік әділеттілік ісіне қызмет етсе және оны адамдар терең адамгершілік сипатта деп сезінсе, оның тәрбиелік әсері оң сипатта болады; ал егер азаматтар бұл әрекеттерді әділетсіз және адамгершілікке қарсы деп қабылдаса - кері әсері тиеді.

Міне құқық қорғау органдарындағы тәрбие қызметі осындай негіздерге сүйенген. Оның көптеген аспектілері бар, бірақ адамгершілік сипаттағы тәрбиелеу- органдардың және бөлімдердің басшыларының , тәрбиелеу және кадрлық аппарат қызметкерлерінің, қызметтік ұжымдардың тәрбиелік қызметінің аңызды нысаны болып табылады.

№5 Лекция


Лекцияның тақырыбы: Құқық органдары қызметкерінің кәсіптік қызметі-нің категориялары.

(1 сағат)
Лекцияның жоспары: 1. Кәсіби борыш

2 . Кәсіби әділдік

3. Кәсіби ар-намыс
Пайдаланылған әдебиеттер:


  1. Ғабитов Т.Х., Жатқанбаев Е “Бизнес этикасы” Анкара Иепо 1997

  2. Профессиональная этика сатрудников провоохранительных орга-нов М Шитимеч. 1998

  3. Ғабитов Т.Х. ”Этика негіздері” А.А. 1997ж

  4. Р.М. Рақымбеков, А.Т. Габитова “Заңгер этикасы” электрондық Из.за “Юридическая литература”.

  5. А.Т. Құлсариева “Этика” оқу құралы А.А-2003ж


1. Кәсіби борыш

Борыш категориясы – этикадағы маңызды категориялардың бірі. Ал кәсіби этикадағы оның алатын орны тіпті ерекше. Мораль саласын жеткілікті негізбен міндеттіліктер саласы деп те атайды: қайырымды бол, адал бол, әділ бол, бол! Борышта басқа категорияларға қарағанда міндетті себепті таң әлде қайда жоғары дамыған. Ол тек идеяға нақты анықтама беріп қоймайды, сонымен қатар, талап етеді, оның жүзеге асуын қалайды. Борышты адам болу – оның мәнін, талаптарын білу ғана емес, осы талаптарды тәжірибеде сақтау да.

Көптеген ғуламалар борыш сезімін жоғары бағалаған. И. Кант жазғандай, борыш – адамды өзінен өзін жоғары қоятан ұмылық а. Блок та оған қосылғандай. “ Борышынды ұмытпа, ал – бұл әлемдегі жалғыз әуен. Борышсыз өмір де, құштарлық та жоқ” деген. Борыш категориясы кең қолдауды тапқан сала болып ежелден бері әскери және құқық қорғау қызметтері саналады. Осы салаларда шынайы да, жалған да борыш адамдарға әсер етуші негізгі күиі ретінде қолданылып келген және әлі де қолданылуда. Сол себепті де, мансапқорлық мақсаттарға жетуде осы категорияны пайдалану жиі кездесін жатады. Мұндай борыш шынайы ма, жалған ба – оны анықтау өте қиын.

Құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің кәсіби борышы қоғамдық борыштың құрамдас бөлігі бола тура, өзінің объективтік және субъективтік көрінісі бойынша адамгершілік сипатқа ие. Борыштың объективтік мазмұнының моральдік құндылығы оның ең жоғары және әділ міндетті шешуге бағытталуымен тығыз байланысты. Бұл міндет – тұлғаның (міндеттері) құқықтары мен бостандықтарын қорғау, өз мемлекетінің қауін сіздігін қамтама сөз ету, құқықтық тәртіпті нығайту. Алайла әскери борыштың шынайы мүмкіндіктері субъективтік адамгершілік қатынаспен толықтырылғанда ғана айқын көренеді. Себебі, адам қоғамдық міндеттерді өзінің жеке міндеттеріндей қабылдан, сезінгенде ғана, өз қызметіне бар жан тәнімен берілгенде ған борыш туралы сөз қозғауға болады.

Құқық қорғау органдары қызметкерінің борышы – тұлғаны, қоғамды және мемлекетті қорғамдық объективтік қажеттіктерінен туындайтын, мемлекеттік құқықтық талаптармен және адамгершілік ішкі сезімдермен танықтырылатын ерекше міндет.

Негізгі тілек пен борыштың сәйкес келуі адамгершілік үшін ерекше бір мәселе. Борыш пен тіліктің объективтік талаптарының сәйкес келуін түрлі ғалымдар түрліше түсіндіреді. Кейбір ғалымдардың ойынша, міндетті нәрсе мен қалаулы нәрсенің арасында ешқандай қарамақай шылықтар жоқ. Алайда, кез келген адам эмпирикалық жол арқылы басқаша қорытындығы келе алады. Әрине, қоғамдық міндеттілікті өзіндік талап ретінде түсіну міндеттілік пен қалаушылықтың арасын біршама қысқартады. Мұндай жақын дастыққа жоқ, алмайды және міндеттілік пен қалаушылықтың арасындағы белгілі бір қарамақайшылықтарды жас алмайды. Сонымен қатар, борыш пен

Тілекті бірен бірі жоққа шығаратын талпынас, оларды мәңгілік қарамақайшылық ретінде қарастыратын көзқараста дұрыс емес. Ақиқат осы екі көзқарастың ортасында деген дұрыс балар борыш пен тілек – бірін – бірі жаймайтын қарамақайшылықтар. Олар бір – біріне жақындасуы немесе бір – бірінен алшақтады мүмкін, бірақ іс жүзінде бірін – бірі ешқашан жойманды. Бұл жерде ерекше атап өтенгін бір жайт – ақыралғында борыш белгілі бір тілекке жетуге негіз табылады, ал тілекті дұрыс тұсіну борышты нәтижелі орындауға алып келеді. Борып сезімі жоғары тура алады және өзін борыштық талаптарына бағындыра алады. Осылай, міндеттілік белгілі бір дәрежеде тілекке айналып, сыртқы талпыныстан тұлғаның талпыныстары, құштарлықтары арасындағы, борыш пен өзін өзі сақтан қалу сезімінің арасындағы қарамақайшылықтар тапсырылған істің жүзіге оспай қалуы мен қатар құқық қорғау органдарының қызметкері үшін өте ауырсалдарға ауыр салдарға, тіпті өлімге де алып келуі мүмкін. Қызметтік борышты орындауға, тансырылған істің әділдігіне бір сәт болса да күмәндану тұлғаның өмірін мүлделі басқа бағытқа бұрын жіберді мүмкін.

Адамгершілік іс жүзінде адамдар арасындағы барлық қарымқатынастарды, олардың мемлекет пен қоғамға қатынасын қамтиды, адамның қүнделікті өміріне мемлекет пен қоғамның қойған талаптарын адамгершілік одан әрі нақтыландыра оның ішкі сеніміне айналып, сезімдерін басқарады, оның үйреннікті әдетіне ауысады. Қоғамдық мораль қоғамдық және мемлекеттік құрылымның одан әрі бекітілуіне жәрдемдеседі, белсенді тұлғаны қалыптастырады. Тұлғаның даму дерісінде оған моральдік бағалаушылық және нормативтік жақтары әсер етеді. Моральдіқ бағалаушылық жағы жақсылық пен әділікке негізделсе, нормативтік жағы борышқа бағытталған. Борыш - бұл моральдық нормалардың барлық жиынтығын адамдардың іс жүзіндегі әрекетімен байланыстыратын өзен. Бұл өзекке бір тұтас болып негізгі мен туынды, бағалаушылықпен нормативтік, жетістіктермен арман тілектер жинақталған. Мұнда теория тәжірибеге, жақсылық пен әділік идеялары мықты материалдық күшке, моральдық қағидалар мен нормалар шынайы әрекеттерге айналады. Борыш арқылы моральдық белсенді табиғатты тікелей көрініс табады. Ол идеялар мен мақсаттарға нақты сипат берумен қатар оларға жетуге итереді. Сол себепті де, қоғамдық борышты қолданыстағы сана деп атауға болады. Ол, ең алдымен, адамның адамгершілігіне сипаттама бере алады, себебі, адамның әрекеттері арқылы оның адамгершілік қасиеттері мен кемшіліктеріне баға беруге болады.

Қоғамдық борышқа деген қатынас тек тұлға туралы ғана емес, сонымен қатар, ұжым туралы, қоғамның рухани күштері туралы мәліметтер бере алады. Құқық қорғау органдарында борышқа олардың қызметін тікелей реттеуші құрал ретінде негізгі мән беріледі.

Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің жүріс турасының механизмі, олардың ұжымдағы адамгершілік қатынастардың мәні үш маңызды факторға негізделеді:



  • Қызметкердің ұйымнан, мемлекеттен және қоғамнан тәуелділігі, абырой сезімінен көрініс табатын оның қоғамдық қолдауға мүделілігі.

  • объективтік анықталған мүмкіндіктер түрінің шегінде қызметкердің белгілі бір жүріс тұрыс түрін таңдау мүмкіндігінен көрініс табатын тәуелсіздігі, бостандығы.

  • өз әрекеттерінің “еркіндігінің” нәтижелері мен салдары үшін қызметкерлердің жауапкершілігі, яғни, әрбір жекелеген қызмет кердің ұжым мен қоғам қалыптастырған адамгершілік нормаларын шегінде өзінің моральдық таңдауына жауап беру міндеті.

Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің адамгершілік борышының объективтік және субъективтік жақтары болады. Объективтік жақ мемлекет пен қоғамның қауіпсіздіген қорғау, оның азаматтарының құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету қажеттігімен аңықталады. Субъективтік жақ мемлекеттің құқық қорғау органдарының алдына қойған төмендегідей нақты міндеттерімен анықталады; құқытың тәртіпті нығайту, мемлекет пен қоғамның қауіпсіздіген, оның азаматтарының құқықтары мен бостандықтарын қорғауға байланысты өзіне жүктелген міндеттерді орындаудағы қызметкерлердің борыш талаптарын, жалпы істігі өз орны мен ролін түсінугі, өзінің борышқа деген ішікі сезімін аңықтаудан, өзіне өзі жоғары талаптар қас білудегі қабілеті мен дайындағы.

Құқық қорғау органдарынң кейбір мақсат міндеттері еректі және мақсатқа жетелеуші қызметке айналады, себебі оларды қызметкерлер әділ әрі ақиқаттты ретінде қабылдайды. Ішкі қозғаушы себеп құқық қорғау органдарының әрбір қызметкерінің адамгершілік күштерінің қайнар көзі ретінде екен кетеді.

Екерін өтетін бір жайт, қоғамдық борыштың талаптары қоғамның барлық мүшелері үшін бірдей. Алайда құқық қорғау органдары қызметіның еңбегі ерекше. Олардың борышына қойылған талаптардың олардың қызметтерімен байланыстыруға болады. Мұндай қызмет жоғары жауапкершілікті, ұйымдастырушылықты және адамгершілік, физикалық күштерін барынша пайдалануді талап етеді.

Құқық қоғау органдары қызметін ұйымдастырудың ерекшелігіне қарай олардығы адамгершілік қатынастар азаматтық өмірдің басқа салаларына қарағанда құқықтық нормалар мен әлде қайда жан – жақты реттелген. Сол себепті де, борыштілек емес, ол ең алдымен, мемлекет пен қоғамның талабы және бұл талаптың орындалуы сипатқа ие. Борыштық адамгершілік мазмұны заң күшіне ие құқытық талаптар мен бекітілді. Борыштық адамгершілік сүімі арқылы көптеген жоғары қасиеттер ашылады. Олар саналы ынта, қайрат абырой, қоғамдық міндеттерге деген белсенді қатынас.

Кәсіби борышты тікелей көрсетін және бекітетін қатынастардың барлығы адамгершілік және құқықтық беделге ие. Моральдіқ нормаларды бузу көп жаздайларда заң нормаларын бузуды да білдіреді. Антта, жарғыларда, құсқауларда көрініс табатын рәсімделген борыш талаптарында моралдық бағалау мен құқықтық норма бірдей орын ойған. Кәсіби борыш саласында моральдық күші жоқ заңда талаптар болмайтына есікілді құқықтық белсенділігі жоқ адамгершілік нормалары да болмайды.

Алайда құқ. қорә. Органдарының қызметік реттейтін құқықтық актілерде қоғамдық (актілердің) талаптардың бұл екі түрінің өзара әсері әлдеқайда тыуғыз, әрі тереңірек. Құқықтық және адамгершілік нормалар ұйымдастырушылық, нақтылық пен тәртіптің жоғары деңгейік қам – з етеді. Кәсіби борыш белсенді күшке ие, ол қызметкерлердің істері мен ойларын жұмысты нақты және мерзімде орындауға, барлық күшін қойылған мақсаттарға жетуге бағытталатын ұмтылыспен толықтырады.

Кәсіби борышта құқықтық және адамгершілік талаптарды нақты бөліп қарастыруға болмайды. Борыштық құқықтық жағының ерекше қасиеті болып қатысты болса да, жоғарғы бауылаудан болуы, әкімшілік санкцияны қолдану мүмкіндігі және ережеледі орындамаудағы жазалаудың орын алуы табылады. Ал моралдық нормалар ішкі сенімнің, ар – намыстық негізінде және қозғалық қөзқарас күшінің әсер етуімен жүзеге асыралады. Осы жерде борыштың екі жағы біртұтас сипатқа ие болады.

Яғни кәсіби борыш құқықтық және адамгершілік (талаптарды) жақтардың бір тұтастығын білдіреді, себебі, моральдық талаптар мемлекет еркімен сәйкес келеді. Құқықтық санкция мен моралдіқ итермелегіш күш құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің санасы мен еркіне әсер етуде түрліше сипатқа ие, алайда, моральдық турғыдан дайындағы бар қызметкер өз әрекеттерін адамгершілік қағидаларға сәйкес қатар түрде жүзеге асыру үшін уақыт қажет. Құқықтық санкция бірден әсер етеді және жекелеген қызметкерлерге мемлекеттік мәжбүрмуды қолдану мен сипатталады. Адамгершілік талаптар адамның әрекеттерінің барлық түрлеріне таралады. Олар қызметкерлердің қатынастарындағы өзгерістерді бағалау мен көрініс табу жағынан белсенді сипатқа ие.

Адамгершілік борыштың маңызды құрамдас бөлігі болып өзіндік тәртіп табылады. Егер жеке сеніммен, арналыспен сәйкес келмесе, құқықтық әсер ету күші де, ұжымның әсері де жедел қызметтік іс - әрекеттерде қызметкердің моральдық нормаларды сақтап, өз мінезінің беріктігін көрсетуінің кепілі бола алмайды. Ең алдымен, адамның борышқа деген адамгершілік қатынасының жоғары дәрежесі қажет, борышты орындау арожданның талабына сәйкес болуы тиіс және кәсіби борыштың басты көрінісі ретіндегі тәртіп өзіндік тәртіпке айналуы тиіс. Себебі, өзіндік тәртіп дегеніміз кәсіби борыштың талапиарын орындау қажеттігін түсіну, өз әрекеттерін кәсіби борыш талаптарына келістіруге дайындық, ішкі моделік. Анттық, жарғылардың, өз басшыларының талаптарын орындаудағы ішкі дайындық, оны қажеттік ретінде түсіну – жауапкершіліктің ең жоғарт көрсеткіні, кәсіби борышты мәжбүрлеу арқылы емес, өз арожданына қарай, ерікті орындау дайындығы. Борыш пен жеке моральдық сезімдер арасында, борыш пен арождан арасында оқтайлы қатынастарды орнықтару борыштың талабы ретіндегі қоғамдық тәртіптің өзіндік тәртіп деңгейіне көтерілуіне алып келеді. Борыш адамгершілік қажеттіке айналады. Сол себепті де, өзіндік тәртіп дегеніміз борыш пен арожданның жақындасуы негізінде жүзеге асырылатын, жоғары адамгершілік сипатқа ие мінез – құлық қалпы.

Алайда, кәсіби борыштың қоғамдық қажеттігін түсіну, суіну - өзіндік тәртіптің бір жағы ғана. Оның екінші жағы болып алдағы қойылған міндеттерді орындау шегіндегі жүріс жұрысты таңдау бостандығы, ерік бостандығы табылады. Орындаушылық қасиет ынтамен, өз дербес шешілік үшін жауапкершілікті мойына алуға дайындықпен толықтырылғанда ғана қызмет үшін маңызды сипатты иеленеді. Ынтаның болмауы орындаушылықтың адамгершілік құндылығын жоғалтады, ал орындаушылықсыз ынта – тәуекел ретінде көрсетуге тырысатынкелешілік. Саналы тәуекел жалпы мүдделерден, борышқа деген адалдықтан туындайды.

Ерекше атап өтетін бір мәселе, құқық қорғау қызметінде адамгершілік қатынастарды қалыптастырудың тәжірибедегі міндеті қызметкерлер қызметінің моральдық талаптары мәселесін шешуді қажет етеді. Кәсіби борышты орындауды моралдық бағалау талабын анықтау қызметкер мен ұжымның жүріс тұрысыныңсебептерін зерттеуді талап етеді. Кәсіби борыштың адамгершілік өлшемі болып сөздер емес, мемлекет пен қоғамға, қызметкерлердің бір – біріне деген қатынасынын туындайтын істер табылады, қызметкерлердің жоғары моральдық патриоттық және кәсіби қасиеттерін көп жағдайда олардың кәсіби және қоғамдық қызметке белсенді араласуы кезінде қалыптасатыны белгілі.

Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің кәсіби борышын орындаудың адамгершіік талабы түсінігіне оның тәжірбиелік нәтижелерімен қостар жүріс тұрыс себептері де кіреді. Жекелеген түрде қызметтің объктивтік салдары (оның нәтижелері) да, субъективтік себептер (жүріс тұрыс себебі( де кәсіби борышты орындаудың адамгершілік құндылығы туралы жауап бере алмайды. Оны жүзеге асыру үшін қызметкерлердің алдына қойған міндетін орындаудағы тауапкершілгінің деңгейн, тұлғаның мәселелерді шешу мүмкіндігін және өз әрекеттерінің салдарын есепке алу деңгейін анықтаудың маңызды зор.

Сонымен қатар, қызметкерлердің нақты әрекетін адамгершілік тұрғыдан бағалау оның бұрынғы қызметін есепке алуға негіз бола алады.

Кәсіби қызметтің моральдық талабы қызметкерлердің адамгершілік күш қайратын борынша дамытуға бағытталады және кәсіби борыштың субъективтік жағын тереңдетуге негізделеді.

Кәсіби этиканың маңызды категорияларының қатарына абырой - бұл өз борышын жан тәнімен орындаудың жоғары әлеуметтік қүндылығын (қажеттігін және маңыздылығын) құқық қорғау органдары қызметкерлерінің өздерінің түсінуі және оның қоғамдық көзқараспен танылуы. Абырой сезімі – бұл құқық қорғау орғандары қызметкерлерінің істері мен әрекеттерінің құатты қозғағыш күші.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет